Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Зергерлік бұйым дүкені аялдамасы

Сабақтың эпиграфы: Елдің жайын ел баққан,
Ерлер білер
деген сөз.
Зердің жайын зер
соққан,
Зергер білер
деген сөз

Жамбыл.

Сабақтың тақырыбы: Зергерлік өнер

Сабақтың мақсаты: Өзге тілді ұлт өкілдеріне жаңа тақырыпты меңгерте
отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру

Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: Зергерлік өнердің қыр-сырын оқушыларға меңгерту, көсемше
тақырыбын қайталау.
2. Дамытушылық: оқушылардың таным белсенділігін арттыра отырып,
шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: алған білім негізінде қазақ халқының салт - дәстүрі, әдет-
ғұрыптары негізінде ұлттық тәрбиені құрметтеуге, ойлау қабілетін дамыта
компьютерлік біліктілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-
жауап, эвристикалық
Сабақтың техникалық құрал-жабдығы:
мультимедиялық проектор, компьютер, үнтаспа, интерактивті
тақта.
Пән аралық байланыс: тарих, этнография, музыка,

Күтілетін нәтиже:
1. Зергерлік өнердің тарихымен танысу.
2. Әшекей бұйымдардың негізгі түрлерін ажырата білу.
3. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты
орындай білу.
4. Тәрбиелік мәнін ұғыну.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Үй тапсырмасын тексеру:
«Тапқыр болаң тауып көр»
1. Ә.Қастеев кім?
а) ғалым
ә) ақын
б) суретші
2. Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан?
а) Астанада
ә) Қызылордада
б) Алматыда

3. Қолмен түрлі бұйымдар жасайтын өнер түрі қалай аталады?
а) қолөнер
ә) ғылым
б) сәулет өнері
4.Ағаштан бұйым жасайтын адамды қалай атайды?
а) ұста
ә) шебер
б) ісмер
5. Қандай адам ұлттық киімдерді тігумен айналысады?
а) зергер
ә) ұста
б) ісмер
Жаңа сабақ .
1. Зергерлер еліне саяхат.
Мәтінмен жұмыс:
Қазақ даласында көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер
алғашқы темір дәуірінде пайда болған.
«Зергер» парсы тілінен ауысқан «Зәргәр» сөзі. Парсы тілінде
алтыннан, күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді.
Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің
сүйікті адамына айналған.
Көптеген археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер
Қазақстан жерінде ерекше шеберлікпен жасалған бұйымдарды бізге жеткізді.
Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған
алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас – 1 қорымынан б.з. 2-5 ғ. Жарқырауық тас
орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды әшекейлеуде де қазіргі
заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған. Ежелгі
сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктерде, білезіктерде,
алқаларда шолпыларда «мүйіз» оюының түрлері, арқардың басы кездескен.
Зергерлер негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие
болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағынан емес,
сондай-ақ діни- идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік
маңыздылықтарын да ескеріп отырған.
Негізгі материал ретінде тіл-көзден, пәле-жаладан сақтайтын
тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күмісті пайдаланған.
Бірақ алтынның қасиеті басқа металдарға қарағанда ерекше деп есептелген.
Сәндік бұйымдардың көбіне металдан жасалуы да осыған байланысты болған.
Анасын, әйелін, қызын ардақтаған қазақ халқы олардың ішкі жан
дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу
болғанын қалаған.
Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық (агат), теңбіл
тас (сланец), перуза (бирюза), маржан (коралл), лағыл (рубин), янтарь
сияқты асыл тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған
«шебердің қолын» соған қарап таныған.
Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге
дейін сақталып отыр. Інжу көзге түсетін катарактыны, янтарь зоб ауруын
емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды,
перуза бақыт әкеледі дейді. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақық тас
қай кезде де үлкен сұранысқа ие.
Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі алты түрге бөлінеді:

Мойынға және кеудеге

2. Жаңа сөздермен жұмыс (Сөздер мен сөз тіркестерін аудару)
Зергерлік өнер –
Археологиялық қазбалар –
Этнографиялық зерттеулер –
Қорымынан –
Ерекше шеберлікпен –
Тіл-көзден –
Пәле-жаладан –
Сәндік бұйымдар –
Сыртқы келбеті –
Әшекей бұйымдар –
Ажырамас бөлік -

3. «Жедел жауап аялдамасы»
1. Қазақ даласында зергерлік өнер алғаш қай дәуірде пайда болған?
2. Қарғалы қазынасынан қандай әшекейлік бұйымдар табылған?
3. Ақтас қорымынан қандай бұйымдар табылған?
4. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктердің,
білезіктердің, алқалардың, шолпылардың ерекшелігі қандай?
5. Зергерлер әшекей бұйымдарды жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?
6. Негізгі материал ретінде қандай металл түрлері пайдаланылған?
7. Неліктен әшекей бұйымдар көбінесе алтыннан жасаған?
8. Зергерлер қандай асыл тастарды шебер пайдаланған?
9. Асыл тастардың адам ағзасына немесе өміріне тигізер пайдасы бар ма?

«Зергерлік бұйым дүкені» аялдамасы
Зергерлік бұйым дүкенінен өзіңе ұнаған әшекей сатып алу үшін орындалатын
тапсырма:
I деңгейдің тапсырмасы

1. Көсемшенің жұрнағын жалға.
Зергерлік әшекей бұйымдар киім-кешек мәдениетіндегі ажырамас
бөлік бол(ып) табылады.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз-келіншектердің ажарын ашып, сұлу
етіп көрсететін зергерлік, әсемдік бұйымдар жаса(й) ды.

2. Көсемше қосымшаларының дұрыс жалғануын белгіле.

|жұрнақтар |айт |көр |сөйле |кеңес |ойна |жаса |
|- а | | | | | | |
|- е | | | | | | |
|- й | | | | | | |
|- іп | | | | | | |
|-ып | | | | | | |
|-ғалы | | | | | | |
|-гелі | | | | | | |
|-қалы | | | | | | |
|-келі | | | | | | |

3. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Керекті сөздер:
бұйымдарды, үкілі сәукеле, білезік, белдік,шолпы, бас киім,
Бөкей ордасында, 2000 сомға, тіршіліктің күші, шашбау;

Қымбат әшекей ... – сырға мен жүзік, сақина мен білезік, алқа,
диадема мен шолпыларды қалай тағудың өзіндік қатаң қағидалары болған.
Қазақ аруларының басына ... ... киіп, құлағына алтын сырға
тағып, білегіне ... киюі, беліне ... буынып, шашына ... қадауы олардың
парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын куәлайды.
Әйел киімінің басты элементінің бірі - ... . Аса көркем
әшекейленген қымбат сәукелелер кездескен бір түрінің құны ... күміс ақшамен
1000 сомға бағаланса, Семей төңірегінде ... жеткен көрінеді.
Қазақ халқы әйел шашының ұшында ... бар деп есептеген.
Сондықтан шашты қимай, бұрым етіп өріп, шолпы немесе ... байланған.
«Шәкірттер елі » аялдамасы
II деңгейдің тапсырмасы
1. Сөйлемдегі сөздерді бос орынға дұрыс орналастыр.

Шолпы таққан бойжеткендер денені тік ұстауы керек.
Бойжеткендер шолпы таққан ұстауы денені тік керек.

Тиындар кісі алдынан өткенде сылдырласа, ол үлкен әдепсіздік деп
есептелген.
Кісі алдынан өткенде сылдырласа тиындар, деп есептелген ол
үлкен әдепсіздік.

Әр шебер өз өнерін балаларына ғана үйретіп отырған.
Өз өнерін балаларына ғана әр шебер үйретіп отырған.

Ұста - зергерлердің жұмыс істейтін орны ертеректе дүкен деп
аталған.
Жұмыс істейтін орыны ұста-зергерлердің дүкен деп аталған
ертеректе.

2. Диалогтағы бос орындарға көсемшенің жұрнағын жалға және өз бетіңше
жалғастыр.
- Ажар, мен бүгін сән үйіне бар ... (а) жатырмын.
- Сен менімен бар ... (а) сың ба?
- Бүгін сән үйінде атақты модельер Ақкенже Девятко өз өнерін көрсет ...
(іп) жатыр.
- Қуана бар ...(а) мын.
-Кездескенше!
3. «Мені жалғастыр» ойыны
Мақал - мәтелдерді жалғастыру.
1 . Алтын кемер ... (белге сән)
Ақылды жігіт .... (елге сән)
2. Алтын балдақ .. (қол сәні)
Әшекей кесте ... (тон сәні)
3. Атадан көріп ... (оқ жонар),
Анадан көріп ... ( тон пішер)
4. Шебердің қолы ... (ортақ)
Шешеннің сөзі ... (ортақ)

III деңгей
Шығармашылық деңгей
Шеберлер елі.
Үш деңгейдің тапсырмасын қатесіз орындаған оқушы ғана
«зергер- шебер» деген ұлы атаққа ие болады.

1. Әр мәтін бойынша тиісті суретті қой
Шашбау немесе шолпы - өрілген бұрымның
ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар , кейде
маржан қадалған бауы бар сәндік бұйым.
Есте сақта!
Бұрымның өсуіне өз ықпалын тигізеді,әрі массаж жасайды. Ауыр
шолпы таққан адамның басы ауырмайды. Ерте замандарда шашбау шаш арасындағы
жын-шайтанды қашырады деп сенген.

«Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірілетіп шығасың күнде қырға»
Сырға - әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді, бұйым.
Есте сақта!
Бұрын ер баласы тұрмай жүрген немесе баланы өте кеш көрген ата-
аналар ырым етіп қартайғанда көрген осы ұлымыз тұрсын, тіл-көзден, әртүрлі
жаман күштерден аман болсын деген мақсатпен ұл емес қыз деп құлағына сырға
тағып қоятын болған.

Өңіржиек – көйлектің сыртынан омырауға тағылатын өте қымбат
бағалы, сәндік әшекей бұйым. Зергерлер оны үзбелеп, салпыншақтар тағып,
асыл тастардан көз орнатып жасайды.
Есте сақта!
Өңіржиек пошымы мен түзілісінің мағынасы ұрпақтың өсіп
өркендеуі, оны жалғастырушы әйел адамның рөлі, әртүрлі қауіп-қатерден
сақтану деген мағынаны білдіреді.

Көктем келген кезде жер-дүние құлпырып, өзгеше бір түрге
енетіні белгілі. Көктеммен бірге қыз-келіншектер де әсем киім киіп, әдемі
әшекей бұйымдарды тағуды армандайды.

Сән үлгісінің шебері өз туындылары арқылы Батыс Қазақстан өңірін бүкіл
әлемге таныстырған Ақкенже Девятконың тапсырмасы:

1. Биылғы «Көктем -2010» сән үлгісіне ұсынар әшекей бұйымыңыз.
( себебін түсіндіру )

Сабақты бекіту:
«Біліміңді байқап көр»
1. Көсемшенің жұрнақтары:
а) –шы,-ші
ә)-ып,-іп,-п
б)-ған,-ген
2. Шолпының қыз бала тәрбиесінде маңызы бар ма?
а) Бар
ә) Жоқ
б) Білмеймін
3. Ұста- зергерлердің жұмыс істейтін орны қалай деп аталған?
а) Аула
ә) Дүкен
б) Шарбақ
4. Аса қадірлі жүзіктерге кімнің есімі жазылған?
а) Билердің
ә) Мұхаммед пайғамбардың
б) Өз есімі
5. Қыз баланың құлағына тағатын әшекей бұйым.
а) Шолпы
ә) Белбеу
б) Сырға
6. Көйлектің сыртынан омырауға тағатын әшекей бұйым
а) Түйреуіш
ә) Өңіржиек
б) Жүзік
Сабақты бағалау.
Өзін-өзі бағалау кестесі

|Р/с |Не білемін? |өте жақсы |жақсы |орташа |нашар |
| 1.|Мен зергерлік өнердің |+ |+ | | |
| |тарихын білемін. | | | | |
| 2.|Сөйлемнен көсемшені таба |+ |+ | | |
| |білемін. | | | | |
| 3.|Әшекей бұйымдардың |+ | | | |
| |түрлерін ажырата білемін | | | | |
| |. | | | | |
| 4.|Асыл тастардың адам | |+ | | |
| |ағзасы үшін пайдасын | | | | |
| |білемін. | | | | |

Сабақ барысында озық білім үлгісін көрсетіп, шығармашылық
шыңын бағындырған оқушыларға әшекей бұйым үлгісіндегі «Мақтау қағазын»
тапсыру
Үй тапсырмасы:
Әр оқушы өз қалауы бойынша төменде ұсынылған тақырыптар негізінде
тебіреніс немесе эссе жазу.

1. Әшекей бұйымдардың біздің өмірімізден алар орны қандай?.
2. «Егер мен зергер болсам ... »
-----------------------
Зергерлік бұйым түрлері

Қолға тағатын

Аяққа тағатын

Белге тағатын

Шашқа тағылатын

Мойынға және кеудеге тағатын

Иыққа тағатын

Белге тағатын

Ұқсас жұмыстар
Зергерлік өнер
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Зергерлік бұйым жасау
Зергерлік бұйымдар
8-сынып зергерлік
Зергерлік бұйым түрлері
Су моншақпен бұйым жасау технологиясы
«меруерт» алқа тұмаршасын – бисермен тоқу
Қазақ халқының ұлттық сырт киімдерін ата
Құрастыру реті
Пәндер