Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ортақ элемент Сурет бояу құралдары

«Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:

«Paint графикалық редакторы» практикалық жұмыс

Сыныбы: 7 «Б»

Пән мұғалімі: Сраилова Г.Н.

2013-2014 оқу жылы

Бекітемін:
Мектеп директоры_________Г.Такимова
Күні: 21.01.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Paint графикалық редакторы» практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
1. Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау
туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін
дамытып, графикалық редакторда барлық сурет салу элементтерін пайдаланып,
өз бетімен сурет салудағы қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, құрал-саймандарды
пайдалана отырып, әр-түрлі суреттер мен бейнелерді тиянақты салуға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы, плакаттар, жұмбақтар, суреттер,
интерактивті тақта, слайд, т.б.
Сабақтың барысы:
I. Оқушыларды ұйымдастыру
• Оқушылармен амандасу.
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
• Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Жаңа сабақтың мақсатын қою
• Paint графикалық редакторының мүмкіншіліктерін және құрал- саймандарды
тиімді пайдаланып сурет салу.
• Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға,
үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету;
Үй тапсырмасын «ой шақыру» әдісі бойынша тексеріп, өткен сабақты еске
түсіру. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. (Сурет бөліктерін құрастыра отырып
бөлу)
I-топ: «Paint-тағы сурет салу құралдары»
II- топ: «Paint-тағы суретті бояу құралдары»
Үй тапсырмасын тексеру үшін, интерактивті тақтада көрсетілген Paint
редакторында жалпы 16 құрал бар, екі топқа 8 - құралдардан бөліп беріп,
міндеттерін сәйкестендіру.

I- топ

II- топ

Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс істеу.
Paint графикалық редактор растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған,
сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі.Сонымен бірге
бекітілген түстер саны қолданылады. Графикалық редактор графикалық
бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
«Ой шақыру» бағдарламасы бойынша оқушылардан үй тапсырмасын сұрап еске
түсіріп алған соң, екі топқа дайындап қойған тапсырмалар беріледі. Екі
ұяшықты екі топ таңдап, берілген тапсырмаларды әрбір топ мүшелері жеке жеке
өз компьютерлерінде орындайды.

Екі топта берілген тапсырманы орындап болған соң тапсырмалары мына
критерилер бойынша тексеріліп, бағаланады:
| Практикалық |Құралдарды |Құралдардың |Шапшаң-ды|Информатика- |Қорытын-д|
|жұмыс |тиімді |қызметтерін |лығы |лық тілді |ы |
| |пайдалана |білу | |сөйлей алуы | |
| |алу | | | | |
|Аты-жөні | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |

III. Жаңа материалды бекіту
Екі топ мүшелері Венн диаграммасы арқылы өз элменттерін және ортақ
элементтерді табады

Сурет салу құралдары:      Ортақ элемент              Сурет бояу құралдары:
Қарындаш                         файл                              
  Құю
Сызық                                   түзету                        
       Бүріккіш
Эллипс                                 сурет                        
         Кисть
Шеңбер                                   түр                          
         Бояу түрлері
Көпбұрыш
Төртбұрыш
Қисық сызық

Оны екі топ кезектесіп шешеді. Қайсы топтың оқушысы қалай жауап бергеніне
байланысты бағаланады.

Қорытынды:
Бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылардың жауап бергеніне байланысты,
тапсырманы орындағанына байланысты әрбір топтың оқушылары бағаланады және
екі топтың оқушылары өздерін бірін-бірі берілген тапсырмалар бойынша
сабақтың соңында бағалайды.

IV.Үйге тапсырма:
Өзіңе ұнайтын суретті дайындап алып келіңдер.
-----------------------

Ұқсас жұмыстар
Wordpad мәтіндік редакторының интерфейсі
Күзгі бояулар
Айдың суретін салыңдар
БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Сабақтың мақсаттары. Суретті бояу
Сабақтың барысы. Бейнелеу өнерінің түрлері
Векторлық графика
Бейне бөліктерін көшіру құралдары
Paint гафикалық редакторының құралдары
Эллипс сурет
Пәндер