Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы :Ұлы сөзді тыңдаймыз , жол тәртібін сақтаймыз!

Сабақтың мақсаты :1.Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға,
білуге жол ережесін
үйрету.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол
ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне
арналған кітаптар7
Сабақтың мақсаты: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : " Ұлы сөзді тыңдаймыз , жол тәртібін сақтаймыз ! " атты тәрбие
сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба ,
ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол
бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп
бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін
салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина
дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал
кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын " Жолда жүру ережесі " мұқият
тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті
оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді " Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз ! " атты
тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .
Тақтада
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап
аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен,
Автобус
Ысқырығы күзеткен.
Милиционер
3. Көліктің қаншасын жанынан өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. Жол

4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. Бағдаршам.

Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның
сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
- Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына
бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да ,
үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер
де бұлжытпай орындауы керек.
-

- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік .
Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
1. Жиек жол деген не ?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
2. Жаяуға қай жермен жүруге болмайды ?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Жаяу адамдардың міндеттері туралы не білесіңдер ?
1. Жаяу тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен , ал олар болмаса , жол
жиегімен немесе велосипед жолымен жүруге тиіс.
Елді - мекеннен тыс жерлерде жолдың шетімен немесе жиегімен
жүріп келе жатқан көліктің жүрісіне қарама - қарсы жүру керек.
2. Жолдан өтіп бара жатқан жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап
қалмауы тиіс . Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа , ал көшенің
ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.
3. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда
жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы тиіс.
4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда ,жаяу адамдар үстіне
жарық қайтарғыш тағып алу керек.

Жолаушылардың міндеттері туралы не білесіңдер ?
1. Көліктерді тек қана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тротуарда немесе жол
жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.
2. Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.
3. Жүк көліктердің кузовында тұруға , борт қырына отыруына тыйым
салынады.

3.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады ?
Тақтада
Қызыл - Тоқта !
Сары - Сақтан !
Жасыл - Жол ашық!
1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
2- оқушы : Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
3 - оқушы : Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп
тұрады.

Мұғалім : Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады ?

1 -оқушы : Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе ақ жолақтары
бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл сигналы жанған
кезде өтуге болады.

Мұғалім : - Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
2-оқушы : Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі
сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз
саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол
орында күте тұрамыз.
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
Инспектор :
Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға ,
Көрдіңдер ғой ұмытқанды ережені далаңдап.
Ал, канеки , үйренейік біз де жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер , жатқа білер бар кімің ?
Кім айтар жол белгісі неше топтан тұрады ?
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.
Сахнаға шығу
Бағдаршам :
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып - қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі :
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.
Міндеттеу белгісі :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі :
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім : Біз ауылда тұрғандықтан , ауыл арасында да белгілер болады.
Жалпы жол беттері өздерінің атқаратын қызметіне қарай 7 топқа бөлінеді
.
Тақтада
1. Ақпараттық - көрсеткіштік белгілер.
2. Ескерту белгілер
3. Тыйым салатын белгілер
4. Сервис белгілері
5. Алдын ала қиылатын белгілері
6. Басымдылық белгілері
7. Жол таңбалары
Қорытындылау :

Ұқсас жұмыстар
Өмірді сақтайтын бағдаршам
Сапта жүру тәртібің, жолы болсын әркімнің
Жолда жүру ережесін, Есте сақта қалайда
Жолда жүру ережесін сақтаймыз. мектеп алды даярлық тобы
Жол және мен
Барлығын анықтап тұрады жолыңда
Жолда жүру ережесін білесің бе? 8-сынып
Қызыл, сары , жасыл шам Көшеде тұр бағдаршам
Жол тәртібін жадыңда ұста
Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру
Пәндер