Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ережені әрқашан

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік."

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын
қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды
сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі
суреттер,қатырма қағаздан бағдаршам макеті жол белгілері, транспорт
түрлері.Сынып бөлмесінің әр жеріне: «Жол тәртібін жадыңда ұста!» «Бәріміз
бағдаршамға бағынайық». «Көшеде сақ бол»-деген сөздер жазылған плакттар
ілінген.

Сабақтың барысы:
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.

- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі, қыркүйек айы.

- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?

Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі-қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде
жыпылықтап өшіп қалуда.

Жол жүруге қолайсыз.

- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе?

- Бағдаршам.

- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз
қажет?

- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.

І-бөлім. Сұрақтар:

1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?

2. Бағдаршамның неше түрі болады?

3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?

4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?

ІІ-бөлім: Теориалық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.

1-топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру
керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.

2-топ: Машина болып 1 топқа қарсы жүреді, 1 топ осы жағдайдан шығуй керек.

ІІІ-бөлім: «Үйренейік, білейік».

Әр топқа түрлі-түсті қалам мен парақ таратылып беріледі.
Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 4-дана
болу керек.

Мысалы:

а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.

ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер,өтуге болатын жер.

б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі,жол жұмыстары белгісі.

в) «Тайғақ жол» белгісі т.б.с.

Сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.

ІҮ-бөлім: Осыдан кейін балалар жол ережесіне, жол белгілеріне байланысты
жаттаған өлеңдерін айтып береді.

1-оқушы. Жолдан өтсең балам,

Жан-жағына қарап сақтан!

Жүргінші жолағымен жүрсен,

Сен боларсың аман!

2-оқушы: Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты
Тыйымшыл белгімін, ақ жолақты
Кіруге тыйым саламын
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге

3-оқушы: Қайда болса да,
Алда тұрып, жібермеймін бір адым.
Түсім- қызыл шеңбер,
Ішім аппақ қардай

Мен қозғалысқа тыйым салып тұрамын.

4-оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жол сілтер тілі бар,
«Бағдаршам» дегеннің,
Сырын жақсы біліп ал.
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !

5-оқушы: Жолда жүру әліппесін,
Білгенің жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.

6-оқушы: Көшеде біз сақ болайық,
Қайғырмасын ата-ана,
Жолда сен бол лайықты
Оқушылар атына.

Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтаңыздар.

Жұмбақтар шешу.

Әр топ бір-біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.

І-топ. Көзін ашып жұмады.

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

ІІ-топ. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)

І-топ. Арқаным тым ұзын.

Ала алмайсың бір үзім.(Жол)

ІІ-топ. Сөйлегенде білмейді

Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді.

(Бағдаршам)

Сәт, сапар.

Қорытынды: Келгенқонақтар оқушыларға баға беріп, жақсы қатысқан
үшінсыйлықтар береді.
-Енді, бәріміз бірге ән шырқап жіберейік:

Біз жеткіншек баламыз

Жол тәртібін сақатармыз

Көше-дала, қалада

Жан-жағына қарайла.

Ахау, балалар!

Жол тіртібін біліңдер

Ережені әрқашан

Қатаң сақтап жүріңдер.

Ұқсас жұмыстар
Ережені жаттау
Ертегілер еліне де - жол тәртібі қажет. 1-4 сынып
Нәтижелі өзгеріс жайлы ақпарат
Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру
Кір қуыршақты балаларға көрсету
Баланың тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы- отбасы атты ата-аналар оқуы
Ескерту белгі
Жолда жүру ережесін сақтаймыз. мектеп алды даярлық тобы
Жол тәртібін жадыңда ұста
Жол апатының алдын алу
Пәндер