Жол журу ережесін білмей тұрып

Мақсаты: 1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;

  1. жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
  2. оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері

жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі "Жол тәртібін жадыңда ұста" жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол журу ережесін білмей тұрып.

жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп -

Ол ортақ

Үлкен кіші баршамызға!

жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады гой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Жиынымыз басталсын сәлемменен.

жүргізуші: Бүгін бізге қонаққа жол полициясынан ағай келіп отыр, сөз кезегін берейік.

жүргізуші: Бүгін сіз бізге жолда жүру ережесі жайында көп мағлұмат бердіңіз. Сізге көп рахмет айтамыз!

жүргізуші: Енді сөз кезегін оқушыларға берейік

I топ. "Бағдаршам"

Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.

II топ. "Жол белгілері"

Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!

III топ. "Жүргізуші"

Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!

IV топ. "Қиылыстар"

Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен. Хор: "Бағдаршам".

I топ. "Бағдаршам"

(Бағдаршамның шығу тарихы жәйлы баяндайды. )

1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сакталмаған.

2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

3-оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

4-оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

5-оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

ІІ топ. "Жол белгілері"

1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір.

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең.

Тартар жолың бұлыңғыр.

2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3-оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

4-оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, өауіпті.

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

5-оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын, Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

III топ. "Жүргізуші"

1-оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.

2-оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.

3-оқушы: Есігінен артқы Көлікке сен мінгін. Дәл осы бір сәттен Құлағыңды тіккін.

4-оқушы: Кезекте сен әлгі Артқы есіктен кіргін. Енді есіктен алғы Түсеріңді білгің.

IV топ. "Қиылыстар" 1-оқушы: Жолдар қиылысында Қалтарысып қысылма. Көлденеңнен жол болса, Кібіртіктеп тоспа оны.

2-оқушы: Бос болмаса алайда Сақтық жаса абайла. Қалмас үшін соқтығып, Ол өткенше тос тұрып.

3-оқушы: Ирек-ирек көшелер. Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе


Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру
Жолың болсын, балақай!
Абай бол, жас дос
Жол тәртібін жадыңда ұста, жас ұрпақ !
Жол және біз
Сапта жүру тәртібің, жолы болсын әркімнің
Жол тәртібін жадыңда ұста туралы
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік
Жол және мен
Абайла, бағдаршам!
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz