Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мультфильмдер еліне саяхат

Бримбетова
Мадина

Тыныштықбайқызы

Физика және математика

пәні мұғалімі

Өзекті мәселе:
Ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың
ой-өрістерін дамыту,пәнге қызығушылығын
арттыру.

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу
Мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптың есептерін шығара білу. Жай бөлшектер және
оларға қосу амалын қолдану ,жай бөлшектерді қысқарту, негізгі қасиетін
пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Біліктерін логикалық оймен іске
асыра білу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту,
математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне
сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Мультфильмдер еліне саяхат
Сабақтың әдісі: топпен және жеке жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет
Көрнекілігі: кесте, кеспе қағаз, слайд, тест тапсырмалары, математикалық
диктант
Білімге жетелейтін үш жол бар:
Еліктеу жолы-ең жеңіл жол,
Ойлау жолы-ең игі жол,
Тәжірибе жолы-ең қиын, ащы жол. (Конфуций)
Ұранымыз: «Ойлан,ізден, шарықта».
Барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың
мақсатын айту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.( Үй тапсырмасын тексеретін екі оқушы тексеріп
шығады.)
-Балалар, біз бүгін дәстүрлі емес, саяхат сабақ өткіземіз. Сендер
барлығың да мультфильм көргенді ұнатасыңдар ма?
-Олай болса ,біз бүгін «Мультфильмдер еліне» саяхат жасаймыз. Мультфильм
кейіпкерлерімен бірге олардың тапсырмаларын орындаймыз.Түрлі мәліметтер
аламыз.
1. «Спандж Боб» тапсырмасы «Домино» ойынын ойнайық.
Әр оқушыға «Домино» таратылып беріледі. Кім бірінші болады?

2. «Арыстан патша» тапсырмасы.
Жай бөлшектерді қосу арқылы қосындыға сәйкес суреттерді қою керек.сонда
жолбарыс суреті шығады7

3. «Микки маус» елінің тапсырмасы .

Бізге көмектесіңдер.Қай жәндіктің мұрты ұзын? Теңдеуді шешсеңдер қай
жәндіктің мұрты аяғынан ұзын екенін білесіңдер .

Оқулықтағы №616 есеп
4. « Корпорация монстров» .Құбыжықтар тапсырмасы .
Жай бөлшектерді салыстыру арқылы қайсы аңның салмағы үлкен екенін білуге
болады. (ауызша)
5. «Пинокио балақайға көмек» . Математикалық диктант (егер қате орындасақ
балақайдың мұрны ұзарып өсе береді)

6. «Джамбо» елінде . Джамбомен бірге тест орындайық. Сәйкестік тест.

8. Үйге тапсырма:№ 618, 620 есептер
9.Оқушыларды бағалау.

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

-----------------------


Ұқсас жұмыстар
Оқушылар саны
Топтың мүшесі
Солтүстік Мұзды мұхит
Ертегіні көрсету
Балаларға өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерінің суретін салғызу
Жай бөлшектерді қосу және азайту жайлы ақпарат
Екінші бекет Дауыссыз дыбыстар бекеті
Білімді тиянақтау. 2-сынып
Кім ойшыл
Кім тапқыр
Пәндер