Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ойша жазу диктанты
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті
Диктанттар жинағы
(1-4 сыныптарға арналған)
Жаңақала, 2013 жыл
Бастауыш кластарға арналған диктанттар жинағы Жаңақала аудандық білім беру
бөлімінің оқу әдістемелік кеңесінде қаралып, аудан мектептеріне тарату
мақұлданды.
«10» қыркүйек 2013 жыл, хаттама №1
Жинақта 2-4 сынып оқушыларының жазу дағдыларын тиісті талапқа сай
қалыптасуын жетілдіру мақсатында арналған қазақ тілі пәнінен диктантар
терілген. Бұл әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал
ретінде ұсынылады.
Құрастырған: Мукашева Эльмира Жеңісқызы
Рецезенттер:Д.А.Сатыбалдиева, А.Т. Сарсенгалиева-аудандық білім беру
бөлімінің әдістемелік кабинет жанындағы шығармашылық топ мүшелері.
Мазмұны
1. Пікірлер
2. Алғы сөз
3. Диктанттар түрлері
4. Диктанттар
5. Күтілетін нәтиже
6. Пайдаланылған әдебиеттер
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі
«Диктант – оқушының жазбаша сауаттылығын айқындайтын тексеру құралы»
Жаңақала – 2013 жыл
№3 орта жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мукашева Эльмира Жеңісқызы құрастырған диктанттар жинағы жөнінде
Пікір
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Мукашева Эльмира Жеңісқызының құрастырған диктанттар жинағы
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, жас ұстаздарға есте сақтарлықтай
кеңестерімен толықтырылып жасалған.
Жинақта диктант түрлері әр сыныпқа сай сөз сандары, бағалау
нормалары анық көрсетілген. Әр сыныпқа берілген грамматикалық тапсырмалары
бағдарламаға сай жасалған.
Мукашева Эльмира Жеңісқызы құрастырған диктанттар жинағы бастауыш
сынып мұғалімдеріне, әсіресе жас ұстаздарға үлкен көмегін тигізеді деп
есептеймін.
№3 орта жалпы білім беретін
қазақ мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
жоғарғы санатты ұстаз Закарина Рима
Әмірханқызы
АЛҒЫ СӨЗ
Оқушылардың жазбаша сауатын жетілдіретін жұмыстардың бірі – диктант.
Жазба жұмыстарға, оның ішінде диктант жұмысына бірінші сыныптан бастап
ерекше қөңіл берген жөн.
Диктанттың буын, терме, сөөзік, көру, қатеден сақтандыру және бақылау
сияқты түрлеріне оқушыларды бірінші сыныптан бастап үйрете беру керек.
Диктант – орфографиялық, пунктуациялық дағдыны тексеру құралы.
Диктант түрлері мұғалімнің алдына қойған мақсатына орай таңдалып
алынады. Оқушының сауатты жазу, шығармашыл ойлау, көркем жазу, өтілген
ережені меңгеруі жазылған тапсырмадан көрініп тұрары анық. Бұл болашақта
жекелеген оқушылармен жұмысты қалай жүргізу керек екенін анықтауға
көмектеседі.
Бастауыш буыннан ортаңғы буынға өткен оқушы келесі сатыға қиындықсыз
өтсін десек, сауатты оқушы дайындауға диктант жұмыстарын тиімді қолданайық.
ДИКТАНТТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Диктант – жазу жұмысының бір түрі. Диктанттың түрлері үйрету
мақсатына сәйкес әр түрлі болады.
1. Сөздік диктант – сөзден және сөз тіркестерінен тұрады. Өтілген ережеге
сәйкес беріледі. Сөздік диктанты сабақтың бір бөлігі ретінде үнемі
жүргізіледі. Оған 5-6 минут жеткілікті.
2. Таңдамалы диктант - өтілген ережені ойында қалдыру үшін беріледі. Мұнда
оқушылар мұғалім оқыған тексттен ережелерге сәйкес сөздерді немесе сөз
тіркестерін теріп жазады.
3. Көру диктанты – тақтаға жазылған диктантты оқушылар өздері оқиды.
Анықтап қарап, ережелерге сай келетін сөздерді байқайды. Мұғалім өзі оқып
береді. Текст жабылады. Оқушылар жазып болған соң текст ашылады. Оқушылар
өз жазғандарын текстпен салыстырып тексереді. Көру диктанты ережеге
бағынбайтын сөздерді оқытқанда көп көмегін тигізеді.
4. Ойша жазу диктанты. Оқушылар мазмұнды тексті оқып, жаттап, ережеге
байланысты сөздерді ұғынған соң, есінде қалғанын ойша жазады. Оқушылар
болғаннан кейін, дәптерге жазғандарын тақтадағы текст бойынша тексереді.
5. Сақтандыру диктанты. Бұл ережелерді есте сақтау, ережені қайталау
мақсатында жүргізіледі. Мұғалім текстті оқиды. Тақтаға шыққан оқушылар
ережеге сәйкес келетін сөздерін түсіндіріп, тақтаға жазады. Оның бәрі
жазып, астын сызады. Мұндай диктанттар қиын ережелерді өткеннен кейін
жазылады. Осы ережеге сай сөздердің дұрыс жазылуын алдын ала ескертіп
отырады.
6. Түсіндірмелі диктант. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жетелейді. Бұл
диктант оқушылар тақырыпты жақсы түсінген соң жүргізіледі. Мұғалім текстті
оқиды. Оқушылар қайталап дәптерлеріне жазады. Оқушы керек сөзді
түсіндіреді. Бұл диктант арқылы көп оқушылардың тақырыпты түсінген,
түсінбегені анықталады. Оқушылар орфографиялық және грамматикалық талдау
жасауға үйренеді. Соңында текст тексеріледі.
7. Көшіріп жазу диктанты. Оқушыларды қате жібермеуге, сөйлемді және оның
бөліктерін толық көруге жетелейді. Алдымен оқушылар тексті тақтадан оқиды,
өтілген ережелерге байланысты сөздерге түсінік береді, онан кейін тексті
көшіріп жазады. Соңынан оқушылар тексеріп шығады. Мұндай диктантты
өткізгенде оқушылардың сөзбен емес, толық сөйлемді көшіріп жазуын да
қадағалап отыру керек.
8. Шығармашылық диктант. Бұл үйретуші, түсіндірмелі, сақтандыру мақсатында
жүргізілуі мүмкін. Оның басқалардың өзгешелігі – оқушылар сөз тіркестерін
қолдана отырып текст құрайды. Мұндай жұмыстар оқушыларды өз бетімен жұмыс
істеуге, ойын, сөз байлығын дамытуға және өткен материалды қайталауға
жетелеп отырады. Шығармашылық диктант бірте-бірте күрделенуі керек. Алдымен
сөздерден сөйлем құрауға не сөйлемді бастауға немесе аяқтауға сөздер
берілуі мүмкін. Немесе тірек сөздерін беріп, белгілі бір сюжетке сөйлем
құратуға болады. Алғашқы сөйлемдер ұжымдық түрде талқылануы мүмкін.
9.Еркін диктант. Оның ерекшелігі бір ойды білдіретін бірнеше сөйлемдерді
ойында қалдырады. Мұнда оқушылар сөйлемдегі ойды беретін кейбір сөздерді,
сөйлемдерді басқа сөздермен бере алады. Бірақ өтілген тақырыптқа сай
келетін сөздер болуы керек. Диктанттың тексті оңай, мазмұны ойда қалатыны
болуы шарт. Бұл диктантты өткізудің әдістемесі басқалардан өзгеше. Мұғалім
тексті толық оқып шығады. Онан кейін мазмұны аяқталған бөлімінідегі басты
ойды бөле оқиды және тексттің мазмұнын ауызша әңгімелеп тағы да тексті
бөліммен оқып береді. Оқушы тексті ойында қалғаны бойынша жазады (3-5
сөйлем). Мұғалім бұл жолы оқушының мазмұнын дұрыс, текстегі басты ойды бере
білгенін қадағалайды. Диктанттың бұл түрі оқушыларды сауатты жазуға
грамматикалық формаларды дұрыс қолдануға және оның жазу тілінің дамуына
әсер етеді.
10.Бақылау диктанты. Бір үлкен орфографиялық тақырыпты өткен соң жазылады.
Тексте өткен ережеге байланысты мәтіндер беріледі, бір немесе үш
грамматикалық тапсырма беруге болады.
Қорытынды бақылау жазба жұмыстары тоқсанның бірінші күні, мейрамнан
кейінге және дүйсенбі күні жазылмайды.
Диктант жұмысындағы сөздер саны
|Сынып |1 сынып |2 сынып |3 сынып |4 сынып |
|І тоқсан | |20-25 |35-45 |60-65 |
|ІІ тоқсан | |25-30 |45-50 |65-70 |
|ІІІ тоқсан | |30-35 |50-55 |70-75 |
|ІҮ тоқсан |20-25 |35-40 |55-60 |75-85 |
Бағалау критерийлері.
«5» - қатесі жоқ жұмыс үшін;
«4» - 1, 2 қате жіберген жұмыс үшін;
«3» - 3, 5 қате жіберген жұмыс үшін;
«2» - 5, одан да көп қате жіберген жұмыс үшін;
Тапсырманы орындауға байланысты қойылатын бағалар:
«5» - қатесіз, толық орындалған тапсырма үшін;
«4» - 1 қатесі бар толық орындалмағаны үшін;
«3» - тапсырма толық орындалмағаны үшін;
«2» - тапсырманы мүлде орындамағаны үшін.
1-сынып.
Әріп, буын, сөз және сөйлем диктанттары.
І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер.
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.
(10 сөз)
Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Мүйiз, май, Сәуле, бас, қағаз, белдік, жүгері, дәрі, отыр, жаз.

Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл.
(12 сөз)
Тапсырма: дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
Жарқанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, нәресте,
оймақ, піл, қол, тарақ, түйе, тау, үтік, сөз, сынып, қалам, тақта.
(20 сөз)

Жолбарыс, балық, домбыра, терезе, ат, айна, дәрiгер, әже, көкек,
дұрыс. (10 сөз)
Тапсырма: сөздерді буынға бөліңдер (сөздерді тақтаға жазып, оның схемасын
сыздыру).
Алмұрт, шелек, піл, айран, сағат, бор, торғай, күн, май, сүзбе.

Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, нан, ине, теңге, ою, ас, су,
ақ, көк.
(15 сөз)

Шаңғы, әріп, бұзау, қызыл, қара, сынып, шам, кесе, іні, көше, бала,
есеп, еңбек, сары, бет.

Бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, қазақша, орысша, орын, ойна, демал.

Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап,
торғай, қыз, мектеп, күз.
(15 сөз)
Тапсырма: не? – деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Қасық, түлкі, тауық, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара,
сызғыш, доп, дүкенші, ұя, мұғалім, тарақ, ою, көрпе, балмұздақ.
(20 сөз)
Тапсырма: кім? – деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Ерлан жақсы окушы. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның сыныбы таза.
Оқушылар қазақ тілін біледі.
(14 сөз)
Тапсырма: қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Түлкi– сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi. Түлкi қызыл түстi болады. Оның
терiсi бағалы. Менiң ойыншық түлкiм бар.
(18 сөз)

Ертіс
Ертіс- өзеннiң аты .Ертiс терең, әдемi өзен. Ертісте кеме
жүредi.Өзеннiң суы өте суық. Мен Ертісті көрдiм.
(17 сөз)

Астана – бас қала; Абай даңғылы; Пушкин көшесі; Тобыл өзені; Қазақ
тілі - газеті; Алматы қаласы; Қостанай облысы.
(16 сөз)
Тапсырма: бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
Алтынсарин мұражайы; Қостанай қаласы; Әулиекөл ауданы; халық әртісі –
Роза Рымбаева; Ақылбек Шаяхметов – ақын; «Балдырған» журналы.

Қостанай.
Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен.
Мектеп Байтұрсынов көшесінде.

Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай
ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын.
(18 сөз)
Тапсырма: не істеді? – деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын
сызыңдар.
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы.
Балалар көктем айларын жаксы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.
(21 сөз)

Мектеп
Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта
оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.

Менің әжем.
Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең
үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.

Қайрат.
Қайрат – оқушы. Ол жаксы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза
киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.
(19 сөз)
Тапсырма: Қайрат сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Саулық пен сымбат.
Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің
ағам – спортсмен. Ол ауырмайды.
(14 сөз)
Тапсырма: сымбатты сөзін буынға бөліңдер.
Денсаулық күні.
Бүгін мектепте – денсаулық күні. Барлық оқушылар мектеп алаңында. Ауа
райы он бес градус жылы. Мен де достарыммен бірге қатысамын.
(19 сөз)
Тапсырма дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
Бүгін сөзін буынға бөліңдер.
2-сынып
Сөздік диктанты
Сөздерді алфавит ретімен жаз.
Көл, тау, өзен, бұлт, жаңбыр, қар, шық, дауыл, мұхит, ана,
бүркіт, гүл, зымыран, вагон, езу, ине, лашын, нан, раушан, йогурт, хат.
(21сөз)
Сөздерді буынға бөліп жаз.
Көлік, қауын, сыйлық, сурет, парта, жолбарыс, қарақат, дәрігер,
уылдырық, көгершін, ағаш, асқабақ, шырша, бидай, қоян.
(15 сөз)
Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.
Қария, аспан, құрт, бес, еден, қарлығаш, адам, ит, мата, әтеш,
телефон, комбайн, қарлығаш, дос, ағаш, сусын, үкі, уақыт, жаз, апта.
(20 сөз)
1.Тыныш, дұрыс, сәлем, сынып, iш, қара, тоқта, пiс, тiс, же, анар,
бағдаршам, жүзiм, алға, оңға.
(15 сөз)
Тапсырма.
Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп жазыңдар.
Салқын, дәмдi, қызыл, тәттi, сөздiк, әже, қарбыз, сары, ұшты, күз,
қыс, жылы, қазақ, солға.
Тапсырма.
Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп жазыңдар.
(15 сөз)
Оңға, дейiн, керек, сана, сөз, көл, әкел, ұл, әрiп, қорап, қанша,
үлкен, орташа, шеше, жаттығу.
(15 сөз)
Тапсырма.
Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп жазыңдар.
Шығармашылық диктант
Жауды, ұзарып, аппақ, ойнады, соқты, қар, суық, балалар, боран,
жылы киінді, күн, шанамен, қысқарды.
Тапсырма.
1.Бұл сөздер жылдың қай мезгіліне айтылады?
2.Осы сөздерді пайдаланып «Қыс» деген тақырыпта шағын шығарма
жазыңдар.
Бақылау диктанты.
Қыста.
Қыс келді. Түн ұзара бастады. Қар қалың жауды. Аяз қатты болды. Өзен
суы мұз болып қатты. Балалар қардан ақққала жасап ойнады.
(21 сөз)
Тапсырма.
1. Соңғы сөйлемдегі дауыссыз дыбыс әріптердің астын сызыңдар.
2.Буынға бөлінбейтін сөздерді теріп жаз.
Мақта.
Мақта-өте құнды өсімдік. Ол жылы жақта өседі. Мақтаны бұрын қолмен
теретін. Қазір комбайнмен тереді. Жиналған мақта фабрикаға жіберіледі.
Фабрикада мақтаны тазалайды. Одан жіп иіреді. Сол жіптен мата тоқиды.
Мақтаның ұрығынан май шығады.
(34 сөз)
Тапсырма.
1.Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.
2.Мәтінде қанша сөйлем бар?
Жатқа жазу.
Ақ таяғын таянған,
Таңмен бірге оянған,
Аяз ата келіп тұр.
Ақ күміске оранған.
Тапсырма.
1.Жуан сөздердің астын сыз.
2.Тасымалданбайтын сөздердің астын сыз.
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Тапсырма.
1. Жіңішке сөздердің астын сыз.
2. Соңғы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Көшіріп жазу диктанты.
Мәтіндегі сөйлемдердің жігін ажыратып, тыныс белгісін қойыңдар.
Отан.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы Отанымыздың жері кең елі
бай ол байлықтың бәрі халық игілігіне жұмсалады халқымыз өз Отанын нығайта
беру үшін аянбай еңбек етеді еңбек абырой әпереді.
(27 сөз)
Тапсырма.
1. Сөйлемді бас әріптен бастап жазыңдар.
2.Сөйлемнің соңына тыныс белгісін қой.
3.Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жазыңдар.
Шығармашылық диктант
Жауды, ұзарып, аппақ, ойнады, соқты, қар, суық, балалар, боран, жылы
киінді, күн, шанамен, қысқарды.

2.Осы сөздерді пайдаланып «Қыс» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.
«Менің отбасым» деген тақырыпқа 3-4 сөйлем жазыңдар.
Таңдамалы диктант
Құрылысшы құс.
Африкада ғажайып ұя жасайтын құрылысшы құс бар. Олардың ұясының
сыртқы көрінісі шөмеле тәріздес келеді. Қалыңдығы – екі метр, кеңдігі бес
метр болады. Кірер аузында түтік тәрізді жіңішке коридоры бар. Ол
коридордар жылан балапандарға жете алмайды. Коридор іші тікенекпен
қоршалған.
(38 сөз)
Көру диктанты.
Мақал-мәтелдер.
Еріншектің ертеңі бітпейді.
Күшіңе сенбе, білімің мен ісіңе сен.
Досыңа ат берсең,
Ақырын жүр деме.
Тапсырма.
Үнді дауыссыз дыбыстардың әріптерін алфавит ретімен жазыңдар.
Ойша жазу диктанты.
Қар еріді, су ақты,
Қүндер туды шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты.
Тапсырма.
Негізгі түбір сөздерді тауып, астын сызыңдар.
Оқимыз да білеміз,
Көңілге әбден түйеміз.
Жерден байлық табамыз,
Көкке қанат жазамыз.
Тапсырма.
Соңғы екі жолдағы сөздерге жалғанған қосымшалардың астын сызыңдар.
Сақтандыру диктанты.
Қойдың пайдасы.
Қой – өте пайдалы мал. Қазір оның биязы жүнді түрі көп өсіріледі.
Жүнінен фабрикада түрлі маталар тоқылады. Терісінен былғары илейді. Одан
аяқ киім, тон тігіледі. Қой етінен көптеген тамақтар дайындалады.
Сүтінен ірімшік, май өндіреді.
(33 сөз)
Тапсырма.
Соңғы екі сөйлемдегі зат есімдердің астын сызып, жақша ішіне жазыңдар.
3-сынып
Бақылау диктанты.
Егінші құмырсқалар.
Құмырсқа егін егеді. Егінші құмырсқалар күн жылыда ағаш
жапырақтарын арнайы даярланған орынға тасып үйеді. Жас жапырақтар шіріндісі
қызады. Жылыжай пайда болады. Ол жылыжайға құмырсқалар бір ғана
саңырауқұлақ әкеліп көмеді. Оған өз денесінен бөлінетін арнайы сұйық
тамызады. Арада аз күндер өтісімен саңырауқұлақтар қаулап өсе бастайды.
(47 сөз)
Тапсырма.
1. Бірінші сөйлемнен зат есімдердің астын сызыңдар.
2.Құмырсқа сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Көбелек.
Жаз. Шабындықта түрлі гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге
қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Көк
көбелек көк гүлге қонды. Мұның мәні бар. Бір кезде қарлығаш ұшып келді. Ол
көбелектерді таба алмай қалды. Өйткені көбелектердің түсі гүлдердің түсімен
бірдей. Көбелектер өзін жаудан осылай қорғайды.
(50 сөз)
Тапсырма.
1.Сын есімдерді тауып, астын сызыңдар.
2.Шабындық сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Шығармашылық диктант.
Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз.
Тапсырма.
Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазыңдар.
–нші, -ншы жұрнақтары бар сан есімдерді қатыстырып, үш сөйлем
жазыңдар.
Түсіндірмелі диктант.
Пайдалы орамжапырақ.
Теңіз орамжапырағы теңіз түбінде өседі. Оның емдік қасиеті бар.
Теңіз орамжапырағымен түрлі ауруларды емдеуге болады. Одан дәмді тағам
жасайды. Орамжапырақтан салат жасайды. Оны етке де араластырады. Теңіз
орамжапырағынан тамақ істеу Жапонияда кең тараған.
(33 сөз)
Түсіндірмелі диктант.
Екі соқа.
Бір зауыттан екі соқа қатар істеліп шықты. Біреуі егіншінің қолына
түсті. Егінші онымен жер жыртты. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты.
Кейін екі соқа кездесті. Жұмыс істеген соқа күмістей жалтырап тұр. Ал
қимылсыз жатқан соқаны тот басып кеткен. Тот басқан соқа екінші соқадан
неге жалтырап кеткенін сұрады. Ол соқа еңбек әркімнің де шырайын
кіргізетінін айтты.
(57 сөз)
Тапсырма.
1.Сөйлемдерден не істеді? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
2.Зауыт , қимылсыз сөздерін буынға бөліп жазыңдар.
3.Жалтырап, кездесті сөздерін қалай тасымалдауға болатынын жазып
көрсетіңдер.
Шығармашылық диктант.
Мәтінді өз ойыңмен аяқтап жаз.
Қар.
Боран таң ата толастады. Дәукен қарт ауланы басып қалған қарды күреп
жатыр екен.
4-сынып
Бақылау диктанты.
Пайдалы жануар.
Пайдалы жануарлар қатарына жарқанат, үкі, бақа, кірпі жатады.
Жарқанат бір түнде жүздеген қоңыздар мен инеліктерді жеп үлгереді. Ал олар
ағаштың жапырағын, өсімдіктердің тамырын бүлдіреді. Үкі бір түнде он-он бес
тышқан ұстап жейді. Тышқандар-егіннің бірінші жауы.
Бақа адамға зиянды маса, шіркей, қоңыз сияқты жәндіктерді жейді.
Ал кірпі тышқанмен, улы жыланмен қоректенеді. Жарқанатты, үкіні,
құрбақаны, көлбақаны және кірпіні қорғаңдар! Олар адамға өте көп пайда
келтіреді. Олар біздің досымыз.
(68сөз)
Тапсырма.
1.Көпше түрінде жазылған зат есімдердің астын сыз.
2.Тасымалданбайтын сөздерді көшіріп жаз.
Қызыл қасқыр.
Қызыл қасқыр-елімізде өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Басқа елдерде
оны жабайы қызыл ит деп атайды. Оның бойында сұр қасқырға, түлкіге тән
сипаттар болады. Қызыл қасқырдың тұрқы ұзын, құйрығы сабалақ. Ал құлағы
моқал, тұмсығы сүйір, жүні сарғылт болады. Қазақстанда қызыл қасқыр Жоңғар
Алатауының құз жартастарының арасынан кездеседі. Қызыл қасқырлар топ-
тобымен жүреді. Олар арқар, тауешкі, бұғы, қабан сияқты аңдарды аулап
қоректенеді. Қызыл қасқыр жылдам жүгіре алмайды. Бірақ ол өте төзімді, тез
шаршамайды. Аңшылар оларды жартасқа үйірімен қамап ұстайды.
(78 сөз)
Тапсырма:
1. Алғашқы екі сөйлемдегі сөз тіркестерін белгіле.
2. Сын есімдердің астын сыз.
3. Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
Санау.
Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын.
Кейiн он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшiн ұсақ тастар қолданылды.
Бiршама уақыт өттi. Адамдар тастарды жiптерге тiзiп қоятын. Кейiн жiптiң
орнына таяқша қолданылды. Бұл қазiргi есеп шоттың бiр түрi едi. Техника
өстi. Есептер қиындай түстi. Оларды шешу үшiн машина керек. Электронды
есептеу машиналар осылай шықты.
(55 сөз)
Тапсырма.
1.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
2.Электронды сөзін тасымалдап жаз.
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Біз елімізді әлі де көркейту үшін талмай еңбек етуіміз қажет. Барлығы
еңбекпен келетін дүние. Тәуелсіздікте сондай ауыр еңбектің нәтижесі.
Тәуелсіздіктің жолында қаза болған жандар еңбегі еш кетпек емес. Бүгінде
тәуелсіз ел атанып отырғанымызға жиырма жыл. Әрине, аз уақыт емес. Осынша
көп жылда біздің еліміз күннен-күнге гүлденіп, жаңару үстінде. Оның барлығы
батыр аға-апаларымыздың арқасында.
Ал, біз болашақ ұрпақ тәуелсіз елдің жас та, батыл да ұланымыз.
Қазақстан мәртебесін өсіретін де, көркейтетін де біз боламыз. Бұл біз үшін
үлкен мақтаныш.
(75 сөз)
Тапсырма.
1.Жай, құрмалас сөйлемдерді тап, сана.
2.Тәуелсіздік сөзін қосып үш сөйлем жаз.
Шығармашылық жұмыс.
Мына тақырыптардың біріне шығарма жаз.
Жері байдың, елі бай.
Табиғат – біздің байлығымыз.
Күтілетін нәтиже:
- Есте сақтау қабілеті дамиды.
- Сөздік қоры толығады.
- Сауатты, көркем жазу қалыптасады.
- Шығармашылықпен жұмыстанады.
- Өтілген материалды есте сақтап, қорытады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Балдырған» балалар журналы;
«Айгөлек» балалар журналы;
«Самал» газеті;
«Бастауыш білім» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы;
«Бастауыш сыныпта оқыту» » Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы;
«Бастауыш сынып әдістемесі» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық
журналы;
«Қазақ тілі»

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz