Бұрышты өлшеу

Сабақ тақырыбы: Бұрышты сатылай кешенд3 талдау.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылар бұрыштың түрлерімен танысу, градустық өлшемдерін ажырата білу, транспортирді пайдаланып бұрыштарды салуға дағдыландыру.
  2. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
  3. Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация) .

Пәнаралық байланыс: информатика, математика,

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СКТ

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

2. Үй жұмысын тексеру.

І. Зерделік тапсырма: (Сұрақ - жауап)

Өткен тақырып бойынша сұрақтар.

ІІ. Жаңа ақпарат: (Бұрыштың түрлерін сатылай кешенді талдау аркылы түсіндіру)

Бұрыштардың түрлері тақырыбына есептер шығару.

ІІІ. Сергіту сәті

ІV. Бекіту сұрақтары

V . Үйге тапсырма беру

V І. Оқушыларды бағалау

ІІ. Жаңа ақпарат: (Бұрыштың түрлерін сатылай кешенді талдау аркылы түсіндіру)

Бұрыштың түрлерін сатылай кешенді талдау

1. Анықтама. Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады. Бұрышты құрайтын сәулелер бұрыштың қабырғалары деп, ал сәулелер шығатын нүктені бұрыштың төбесі деп атайды.

2. Тану.

2. 1 Салынуы.

Жазықтықта О нүктесін белгілеп, осы О нүктесінен шығатын ОА және ОВ сәулелерін жүргізсек,

АОВ бұрышы салынады.

2. 2Жазылуы . ∠ АОВ, ∠О, ∠(а, b) . Себебі, бұрыш үш нүктені: төбесі мен қабырғаларында жататын екі нүктені төбесіндегі әріп ортасында жататындай етіп, не оның төбесін көрсетіп, не оның қабырғаларын көрсетіп, латын әріптерімен белгіленеді. «Бұрыш» сөзі символымен ауыстырылады.

2. 3 Оқылуы. Бұрыштың төбесіндегі әріп ортасында оқылып, АОВ бұрышы немесе ВОА бұрышы деп оқылады. Мұндағы О нүктесі бұрыштың төбесі, ал ОА жәнеОВ бұрыштың қабырғалары. Ал бұрыштың төбесін көрсетіп бір О әріпімен белгілесек, О бұрышы деп оқылады.

2. 4 Мағынасы.

Бұрышты бір сәуленің өз ұшынан айналуынан шыққан фигура деуге болады. Сәуленің айналуды бастаған кездегі бастапқы орны бұрыштың бастапқы қабырғасы деп, айналу тоқтаған кездегі орны бұрыштың ақырғы қабырғасы деп аталады.

2. 5 Математикалық белгісі. \mathbf{\ \ \ }\angle \mathbf{\ \ \ }\angle

3. Маңызды түйіні.

а) Жазыңқы бұрыштың 1 180 \ \frac{1}{180} 1 180 \ \frac{1}{180} -іне тең бұрыш- бұрыштың өлшем бірлігі ретінде қабылданылған. Ол градус деп аталады. Мұндағы градус $"{^\circ}"$ $"{^\circ}"$ таңбасымен белгіленеді. Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз - берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін градустық шама (сан) . Бұрыш градуспен өлшенеді.

Толық бұрыштың 1 360 \frac{1}{360} 1 360 \frac{1}{360} үлесі бір градус 1 {^\circ} {^\circ} болады. Градустың 1 60 \frac{1}{60} 1 60 \frac{1}{60} үлесі бір минут 1 . '. . '. Минуттың 1 60 \frac{1}{60} 1 60 \frac{1}{60} үлесі бір секунд 1 '' '' . 1 {^\circ} {^\circ} =60′; 1 = 60 ' = 60'' = 60 ' = 60'' .

ә) Бұрышты өлшеу. Бұрышты транспортирмен өлшеу үшін: 1) транспортирдің центрін бұрыштың төбесіне дәл келтіру керек;

2) бұрыштың бір қабырғасы транспортир шкаласындағы санақ басы арқылы өтуі керек;

3) бұрыштың екінші қабырғасы өтетін шкаладағы штрих осы бұрыштың градустық өлшемін көрсетеді.

б) Бұрыштың биссектрисасы. Бұрыштың төбесінен шығатын және оны градустық өлшемдері тең екі бұрышқа бөлетін сәуле биссектриса деп аталады.

4. Салыстыру. Бір бұрышты екінші бұрыштың үстіне дәл беттесетіндей етіп салу мүмкін болса, онда бұл бұрыштар тең болады. Себебі, геометриялық фигуралар сияқты бұрыштар да беттестіру арқылы салыстырылады.

5. Түрге айыру . Градустық шамасына қарай:

1) 90 -қа тең бұрыш тік бұрыш.

2) 180⁰-қа тең бұрыш жазыңқы бұрыш.

3) 90⁰-тан кіші бұрыш сүйір бұрыш.

4) 90⁰-тан үлкен, бірақ 180⁰-тан кіші бұрыш доғал бұрыш.

6. Есеп түрлері

6. 1 Бұрыштардың түрлерін анықтаңдар:

24⁰; 172⁰; 90⁰; 17⁰; 45⁰; 270⁰; 30⁰; 89⁰; 179⁰; 180⁰; 181⁰; 360⁰.

6. 2 50 {^\circ} {^\circ} , 75 {^\circ} {^\circ} , 90 {^\circ} {^\circ} , 124 , 156 {^\circ}, 156{^\circ} , 156 {^\circ}, 156{^\circ} -қа тең бұрышты сызыңдар. Бұрыштардың әрқайсысының түрін анықтаңдар.

6. 3 Егер KLN бұрышы 70⁰-қа, ал NLM бұрышы 61⁰-қа тең болса, KLM бұрышын табыңдар.

6. 4 AOB бұрышы 56⁰-қа тең. OD биссектрисасы оны тең етіп екіге бөледі(сызып көрсет) . OC-DOB бұрышының биссектрисасы. COD бұрышының шамасын тап, ол AOB бұрышының қандай бөлігін құрайды?

6. 5 а) AB және CD қиылысқанда AOD бұрышы 160⁰-қа тең болды.

Қалған бұрыштарды табыңдар.

ә


Ұқсас жұмыстар
Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау
Көлемді өлшеу. тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. куб сантиметр
Аксонометриялық проекциялар саны
Сәуле және бұрыш. геометрия 7-сынып
Герон формуласын тригонометрия тәсілімендәлелдеу
Сыбайлас бұрыштардың қасиеттері
Сайыстың тақырыбы
Тригонометрияның өмірде қолданылуы
Математикалық лабиринт
Жас математик (7-8 сынып)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz