Жанама меню

Сабақтың тақырыбы: Бумалармен және файлдармен орындалатын негізгі

операциялар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды бумалармен және файлдармен орындалатын көшіру, өшіру, атын өзгерту және орнын ауыстыру сияқты негізгі операциялармен таныстырып, сол операцияларды практика жүзінде орындауға үйрету.

Дамытушылық: дамыта оқыту негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендендіру.

Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік : компьютер, мультимедиялық проектор, үлестірмелі

карточкалар.

Сабақтың жүргізілу барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі /3 мин. /

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау / 15 мин. /

ІІІ. Тапсырмамен жұмыс жасау. /30 мин. /

ІV. Сабақты бекіту/5 мин. /

  1. Үйге тапсырма /2 мин. /
  2. Сабақты қортындылау. /5 мин. /

І. Ұйымдастыру бөлімі /3 мин. /

Кабинет даярлығы, тазалығы; оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу. Бүгінгі сабақтың жүргізілу барысымен таныстырып, оқушыларды сабаққа ынталандыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты қорытындылауға байланыты сұрақтар.

  1. Файлдық жүйені басқару деген нені білдіреді?
  2. Файлдық жүйені басқаруға мүмкіндік беретін объектілер қандай объектілер? Атап, қысқаша анықтамасын бер. Оларды іске қалай қосамыз? (Екі компьютерде бір оқушы «Мой компьютер», екіншісі «Проводник» бумаларлын ашады) . Бір көргенде айырмашылығы қандай?
  3. «Мой компьютер» терезесіне сипаттама беру, мұндағы объектілермен жұмыс істеу үшін терезенің қандай элементтерін пайдаланамыз?
  4. «Проводник» терезесіне сипаттама беру, мұндағы объектілермен жұмыс істеу үшін терезенің қандай элементтерін пайдаланамыз?

Сонымен, біз файлдық жүйені басқаруға мүмкіндік беретін объектілермен таныстық. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшеліктерін білдік.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - «Мой компьютер» немесе «Проводник», осы екі объектінің біреуінде файлдармен және папкалармен орындалатын негізгі операцияларды - оларды құру, көшіру, өшіру, өшірілген файлдарды қалпына келтіру, олардың орнын ауыстыру, аттарын өзгерту сияқты амалдарды орындауға үйрену.

Жаңа сабақты бастамас бұрын, қатаң түрде мынаны ескертемін! Бағдарламамен жұмас жасағанда өте абай болу керек: себебі егер ол жойылып кетсе немесе орны ауысып, аты өзгерсе, сіздер оны қайта құра алмайсыздар немесе ол бағдарлама жұмыс жасамай қалады. Сондықтан әбден үйреніп, дағдыланғанша, тек мұғалімнің нұсқауымен ғана жұмыс жасауға тиіссіздер.

Әр оқушының алдына лабораториялық-практикалық жұмыстың мазмұны таратылады. әдістемелік құрал - схемалардың көмегімен әрбір орындалатын операция қысқаша түсіндіріліп, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен алдарындағы жұмыс мазмұнына қарап отырып, тапсырманы орындайды.

Тапсырма мазмұны төмендегідей.

ІІІ. Тапсырмамен жұмыс жасау.

  1. Жаңа бума құру

1. 1. Жүйелік менюдің көмегімен:

  • Мой компьютернемесеПроводникбімасынан С: бумасын ашыңдар (С: бумасынан жаңа бума ашу керек) .
  • Файл→Создать→Папкакомандаларын орындаңдар.
  • Терезеде аты әлі жазылмаған жаңа бума пайда болады,Колледждеп жаңа ат енгізіңдер.
  • Enterпернесін басыңдар.
  • Колледжбумасын ашыңдар және оның ішіненГруппабумасын құрыңдар.
  • Группабумасын ашып, оның бос екеніне көз жеткізіңдер.
  • Ашылған терезелердің бәрін жабыңдар.

1. 2. Жанама менюдің көмегімен құру.

  • Тышқан көрсеткішін С: бумасы терезесінің бос аймағына әкеліп, жанама менюді шақырыңдар.
  • Создать→Папкакомандасын орындаңдар.

2. Файлды, буманы көшіру

2. 1. Жүйелік меню және жанама меню командаларының көмегімен:

  • Мои документыбумасын ашыңдар жәнеdoc1файлын белгілеңдер.
  • Жүйелік менюденПравка→Копироватьнемесе жанама менюденКопироватькомандасын орындаңдар.
  • Өздерің құрғанКолледжбумасының ішінде орналасқанГруппабумасын ашыңдар.
  • Осы бума терезесінің жүйелік менюіненПравка→Вставитьнемесе жанама менюденВставитькомандасын орындаңдар.
  • Жаңағы өздерің көшіргенdoc1файлының әртүрлі бумаларда екі көшірмесі бар екеніне көз жеткізіңдер.

2. 2. Тышқанның көмегімен тасу арқылы.

  • КолледжжәнеМои документыбумаларын ашып, экранда екеуі де бірдей көрінетіндей етіп орналастырыңдар.
  • Мои документыбумасынанdoc2файлын табыңдар жәнеCtrlпернесін басып тұрып, оныГруппабумасына көшіріңдер.
  • Бірінші тышқан батырмасын, сосынCtrlпернесін босатыңдар.

3. Файлдардың, бумалардың орындарын ауыстыру

3. 1. Жүйелік меню және жанама меню командаларының көмегімен:

  • Колледжбумасында орналасқанГруппабумасын ашыңдар.
  • Группабумасындағы өзіміз көшірген файлды белгілеңдер.
  • Жүйелік менюденПравка→Вырезатьнемесе жанама менюденВырезатькомандасын орындаңдар.
  • Қиып алынған объектіні орналастыру үшін,Колледжбумасына ауысыңдар.
  • Колледжбумасының терезесінде жүйелік менюіненПравка→Вставитьнемесе жанама менюденВставитькомандасын орындаңдар.
  • Группабумасындағыdoc2файлыныңКолледжбумасына орын ауыстырғанына көз жеткізіңдер.

Бумалардың орындарын ауыстыру осылай жүргізіледі.

3. 2. Тышқанның көмегімен тасу арқылы.

  • Колледжбумасын және оның ішінде орналасқанГруппабумасын ашып, экранда екеуі де бірдей көрінетіндей етіп орналастырыңдар.
  • Группабумасынанdoc2файлын табыңдар жәнеShiftпернесін басып тұрып, оныКолледжбумасына апарып орналастырыңдар.
  • Бірінші тышқан батырмасын, сосынShiftпернесін босатыңдар.
  • Группа бумасындағыdoc2файлының Колледж бумасына орын ауыстырғанына көз жеткізіңіздер.

4. Файлдың және буманың атын өзгерту

  • Колледжбумасындағыdoc2файлын белгілеңдер.
  • Жүйелік менюденФайл→Переименоватьнемесе жанама менюденПереименоватькомандасын орындаңдар.
  • Студент деп жаңа ат енгізіңдер.
  • Enterпернесін басыңдар немесе терезенің бос аймағында тышқан батырмасын басыңдар.

5. Файлдарды және бумаларды өшіру

  • Колледжбумасындағы өшірілуге тиістіСтудентфайлын белгілеңдер.
  • Жүйелік менюденПравка→Удалитьнемесе жанама менюденУдалитькомандасын орындаңдар.Deleteпернесін де басуға болады.
  • ФайлдыСебеткежөнелту жөніндегі сауалға тиісті жауап беріңдер.
  • СтудентфайлыныңКолледжбумасынан өшірілгеніне көз жеткізіңдер.
  1. Өшірілген объектілерді қайта қалпына келтіру және

біржолата жою

Себетті ашыңдар және Студент файлын тауып, белгілеңдер. Қажет болса, Файл Восстановить командасымен қайтарып алуға болады. Ал қажет болмаса, ФайлОчистить корзину немесе удалит командалары арқылы біржолата өшіруге болады.

Себет (Корзина) - біз өшірген объектілер бірден жойылмай, уақытша себетке барып түседі. Егер сіз байқаусызда өшірген объект болса, онда оны қайтарып алуға болады. Ал мүлдем қажет емес объектіні біржола жоюға болады.

ІV. Сабақты бекіту

1. Жаңа бума құру

2. Файлды, буманы көшіру

3. Файлдардың, бумалардың орындарын ауыстыру

4. Файлдың және буманың атын өзгерту


Ұқсас жұмыстар
Объекті белгіле
Информатикадан тест тапсрымалары
Операциялық жүйе
Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері.8 сынып
Windows терезесінің құрылымы
Сілтеуішпен жұмыс істеу
Салынған суреттерді форматтау
Информатика әлемі жайлы ақпарат
Сабақты қорытындылау. Сабақтың тақырыбы
Файлдармен бумалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz