Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері
«Бекітемін»
_____________ ______________
мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Бөлімше ұйымдастыру,штаттық қарулану және ұрыстық
техника,бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаяу әскердің ұрыстық машинасындағы
мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуымен және штаттық қарулану мен ұрыс
техникасыме таныстыру.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
б) Негізгі бөлім – 22 минут.
Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.
Мотоатқыш бөлімше – ең төменгі тактикалық бөлімше. Ол жаяу әскердің
ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына кіреді.
Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің
құрамына кіретіндер:
- бөлімше командирі;
- көздеуші – оператор;
- механик – жүргізуші;
- пулеметші;
- гранататқыш;
- гранататқыштың көмекшісі;
- аға атқыш;
- атқыш.
ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке
құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ
зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті
снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте
жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және
қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына
қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.
Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы
гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.
Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және
техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын,
тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар
жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез
келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен
шабуылдай алады.
Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері.
Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге
байланысты бөлімшелер: жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі
мүмкін.
Жорық реті - бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Бұл кезде
машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің
артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің
реті – 1 немесе 2 лек, ал взводтың жорық реті – 3 немесе 2 лек бойынша
жасалады.
К- командир;
МВ- механик-жүргізуші;
НО-көздеушіоператор;
ПГ-көмекші гранататқыш;
П- пулеметші;
СГ- гранататқыш;
С- атқыш;
СС- аға атқыш.
Суретте жаяу ретте екі лек бойынша жылжыған мотоатқыштар бөлімшесінің
жорық реті.
Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің
белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс
алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас тереңдігінде
жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен
авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез
жазылуын, ұрыс барысында қозғалыстың жоғарғы екпініне қол жеткізуді және
бөгеттер мен қиратулардан тез кетуді қамтамасыз етуге тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті – лек
саналады.
Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің
сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш
пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады.
Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның
ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400м
қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен
қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін лектен
тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6–8м, яғни 50м-
ге дейін болады.
ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті – машиналар
арасындағы аралық 100м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш – зенитшілер
тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе
нысаналарына атыс жүргізеді. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400м-ге
дейін және тереңдік бойынша 300м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол
бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан
тұрады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод
командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие
болуы мүмкін.
Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды. Ол мотоатқыштар взводтарының
тірек пункттерінен және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс
бекінісінен тұрады.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын
атаңдар.
- жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы
айтыңдар.
- мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы
жайлы айтыңдар.
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ _____________

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz