Саптық алаң

«Бекітемін»
Мектеп директоры
- Сабақтың тақырыбы: Бір орында бұрылу, саптық тұрыс, бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір қатарға сап құру
- Сабақтың мақсаты:Оқушыларды орнында тұрғандағы бұрылыстар тәсіліне, саптық және жорықтық адыммен қозғалысқа, қозғалыс кезінде бұрылыс жасауға үйрету.
- Уақыты:45 минут.
- Өткізілетін орны:Саптық алаң.
- Өткізілетін күні:
- Көрнекілік құралдар:Саптық стенд, АӘД оқулығы.
- Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут.
- саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
- саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?
б) Негізгі бөлім - 25 мин.
ОРНЫНДА ТҰРҒАНДАҒЫ БҰРЫЛЫСТАР.
Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», !Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бұрылу - сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:
- бірінші тәсіл- дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
- екінші тәсіл- қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.
- Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және
керісінше қайта сап құру.
Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) - саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама - қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке командирден солға қарай сапқа тұрады.
Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.
Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.
Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері беріледі.
«Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады.
«Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады.
Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі, «Тіктел!» пәрмені беріледі.
Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: «Солға (оңға) - түзел!».
Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын - ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге - санал!» пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап әскери қызметші кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.
Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретімен санал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Санақ бітті!» деп баяндайды.
Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.
Содан соң «Бөлімше, екі қатарға - сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бір адым жасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.
Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін, «Бөлімше, бір қатарға - сапқа тұр!» пәрмені беріледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz