Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бала құқығы

Іс-шараның тақырыбы: Бала құқығы

Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін
кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға
үйрету,құқықтық тәрбие беру.
Қатысатын сыныптар: 1-4
Көрнекіліктері: презентация, Конституция, Бала құқықтары туралы
конвенция,Бала құқығы туралы заң
Психологиялық дайындық:
Оқушылар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен

айтады:

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Іс-шараның барысы:
Жүргізуші мұғалім:
Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Сонымен қатар әр түрлі
мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады?
деген сұрақтар туындай бастады. Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға
бастады.
Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті
жарғысы». 1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды.
Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты
сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын
жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына,қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер
билеріміз.
Міне,балалар,адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның
өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар.
Слайдтар көрсете отырып, әңгімелеу
Назарбаев «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды
елдің туы,әнұраны,елтанбасы секілді қадірлеу,құрметтеу-біздің
парызымыз»деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып,жат
қылықтар,өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау,өзіне жүктелген міндетті
уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заның, халықты құрметтеуі деп
білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған
мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз.
Адам құқығын қорғайтын заңдардың бірі 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған
«Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»,сонымен қатар 1959 жылы
қабылданған «Бала құқығы Декларациясы»,міне осы декларациядан кейін 61 ел
қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды.
Қазірде бұған 191 мемлекет кірген.Конвенция деген-арнаулы мәселелер
жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда
«Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау,53-баптан
тұрады.Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз,еліміз,халқымыз
алдындағы парызымыз.Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі
біздің осы заң талаптарын,тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап
жататын секілді.
Конвенция-Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша
бала деп кімді санайды?
Балалар-бұл бесік арбадағы нәресте,бала бақшаға асыққан сәбилер,бастауыш,5-
7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп
атағаны үшін ренжиді.Олар- жеткіншектер,яғни өздерін ересек сезінеді.
16-17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз.
Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік:18 жасқа толмаған әрбір адамзат
иесін бала деп санау шартты мақсат.Яғни, 18 жасқа толмаған
жасөспірім,жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана
алады.
Конвенцияда балалардың қандай құқықтары анықталған.
Сұрақ. Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады және слайдтағы ақпаратпен толықтырылады.
-Мен мектепке баруға,оқуға,хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
-Мен қыста сырғанауға,ойнауға, сурет салуға,бестік баға алуға құқықтымын.
-Мен демалуға құқықтымын.
-Мен ауырып қалсам,дәрігер шақыруға,емханада жатып емделуге құқығым бар.
-Мен өз елімнің еркін азаматы болуға,мектепке баруға,өз ойымды ашық өз
тілімде айтуға құқығым бар.
-Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға,серуендеуге құқығым бар.
-Мен дүкенге баруға,ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
-Ойнауға,туыстарыма қыдыруға құқығым бар.
-мектепте тегін оқуға
-ойнауға
-демалуға
-театрға баруға
Бала құқықтары сурет түрінде слайдтарда көрсетіледі
«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?
-Менің өз кітабымды алып,оны оқуға құқығым бар.Маған ешкім тыйым сала
алмайды. Мен басқаларды ренжітпей.тек жақсылық істеуге құқықтымын.
-Ең бірінші мен өмір сүруге,оқуға,дем алуға,қыдыруға құқықтымын.
Жүргізуші мұғалім: - Сонымен қатар балалар сендердің армандауға құқықтарың
бар. Сол армандарыңда не бар екенін сендер сурет және шығарма түрінде
білдіруге дайындалыпсыңдар. Қане, тамашалайық!
Суреттер көрмесін ұйымдастыру, шығармаларды оқыту
Кітапханадағы жағдайларды талдау.Слайдпен жұмыс.
Ережелерді түсіндіру.
Қорытынды сонымен біз өз құқығымыз жөнінде бүгінгі іс-шарада бірақ нәрсе
ойымызға түйдік. Б.Момышұлы «Азамат жолы - ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің
ала жібін аттамай, өз құқығымызды да,өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз
елдің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қыз болып өсейік.

Ұқсас жұмыстар
Балалар құқығын қорғау күні
Бала құқықтары туралы конвенция
Бала құқығы туралы Конвенцияға түсінік беру
Құқық әлемінде
Тәрбие сабақтың тақырыбы
Бала құқығы туралы
Конституция-кемелдік кепілі
Мен және менің құқығым
Бала әрқашан бала
"Оқушының құқықтары мен міндеттері"
Пәндер