8-сыныптар арасындағы экологиялық-танымдық сайыс Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар

Іс-шара

Сыныбы: 8 сыныптар.

Күні: 16. 02. 2012 жыл

Тақырыбы: Жүзден -жүйрік, мыңнан-тұлпар.

Білімділік мақсаты: Өткен материалды естеріне түсіріп, карталарды пайдалана білуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, проблемалық сұрақтар қою арқылы экологиялық тәрбие беру, белсенділігін арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа, Отан, халқына, еліне деген сүйіспеншілікке баулу. Топпен жұмыс істеу дағдыларын молайту.

Іс-шара түрі: Сайыс.

Оқыту әдістері: Топпен жұмыс.

Оқу құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, тапсырма қағаздар, слайд, бейнекөрініс.

Іс-шара жоспары:

І кезең- ұйымдастыру кезеңі.

ІІ кезең - ойын кезеңі.

ІІІ кезең- қорытынды кезеңі.

Сайыс жоспары.

1. Таныстыру.

2. Ой қозғау.

3. Ой толғаныс.

4. Мен-саған, сен -маған.

5. Бұл не?

6. Әуенін тап

7. Ойлан да тап. .

8. Экологиялық аялдама.

Сайыс барасы:

Қайырлы күн, бүгінгі сайыстың құрметті қонақтары. «Жүзден- жүйрік, мыңнан-тұлпар» атты сегізінші сыныптар арасындағы сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі сайысты бағалайтын және сын беретін әділ-қазылар құрамымен таныстырайын:

  1. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі:-

2)

3)

Енді ойын шартымен таныстырып өтейін.

  1. Таныстыру.
  2. Ой қозғау.
  3. Ой толғаныс.
  4. Мен саған, сен маған.
  5. Бұл не?
  6. Әуенін тап.
  7. Ойлан да тап.
  8. Экологиялық аялдама.

Сайысымыздың бірінші кезеңі.

1. Таныстыру.

Әр топ төсбелгісін, газетін, ұранымен таныстырады.

Сайысымыздың екінші кезеңіне өтейік.

2. Ой қозғау.

Топтарға кезегімен сұрақтар оқимын.

  1. Қазақстанның жер көлемі қанша? (2724, 9 мың км2)
  2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? (тоғызыншы)
  3. Жер көлемі жағынан ТМД елдерінің ішінде-Қазақстан нешінші орынды? (екінші орында)
  4. Хан-Тәңірі шыңын ашқан саяхатшы-ғалым (Сименов-Тянь-Шанский) .
  5. Қырғыз халқының «Манас» эпосын алғаш рет қағазға түсірген саяхатшы-ғалым. (Шоқан Уәлиханов) .
  6. Қостанай облысынан шыққан атақты географ? (Шоқан Уалиханов)
  7. Қарақия ойысы қайда орналасқан? (Маңғыстау түбегінде)
  8. Қазақстан аумағы қандай климаттық белдеуде орналасқан? (Қоңыржай)
  9. Әмудария мен Сырдария өзендері аралығында жатқан шөл? (Қызылқұм) .

3. Сайысымыздың үшінші кезеңі «Ой толғаныс» деп

аталады. Бұл сайыста бейнекөрініс көрсетеледі, соған эссе

жазу.

4. Келесі кезең Мен-саған, сен-маған.

«Экология» сөзжұмбақтарын әр топ бір - біріне беріп шешеді.

5. Бұл не? Кезеңі.

Топқа жұмбақ сұрақтар беріледі. Жауабын айтып картадан көрсетеді.

  1. Тау солтүстігінен оңтүстікке қарай 200 км-ге созылып жатыр. Ең биік нүктесі 657 м көне тауының табиғи жалғасы болып келеді.
  2. Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігін алып жатыр. «аспанмен таласқан тау» деген мағына береді. Ендік бағытта созылып жатыр.
  3. Оңтүстік бөлігі ғана Қазақстан жерінде. Саз балшық, саздауыт, құм сияқты шөгінді жыныстардан түзілген. Оңтүстіктен солтүстігіне қарай еңіс болып келеді.

6. Әуенін тап кезеңі? Слайдта көрсетілген түсті таңдап, түс

артында келтірілген өлең шумақтарын әуенімен орындап

береді.

7. Ойланда тап. (слайд арқылы) . Сөйлемде қалып қойған

объектіні толтырып, картадан көрсету.

8. Экологиялық аялдама. Топ басшылар сайысы. Бейнекөріністер экологияға байланысты көрсетеледі. Экологиялық аймаққа сипаттама жасайды.

Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылардан жеңімпаз топты атауларын сұраймыз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар зияткерлік сайыс сабақ жоспары
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: пәнаралық қорытынды интеллектуалдық сайыс
8-сыныпқа арналған физика пәнінен сайыс сабақ жоспары Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Сабақ жоспары: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атты сыныптан тыс сайыс
Қызалы ауданы №249 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Сереева Рысты-Жанагүл ұйымдастырған 10-сыныптар арасындағы Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайысы
Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар: математикалық интеллектуалдық сайыс бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: балалардың тілдік құзыреттілігін дамытуға арналған сайыс жоспары
3-сынып оқушыларына арналған Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар зияткерлік сайыс бағдарламасы
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар эстафеталық ойынының оқу-тәрбиелік ұйымдастыру жоспары
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіндегі Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар танымдық ойыны: математика, физика және информатика пәндері бойынша сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz