Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың дамытушылығы

Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар,
гейзерлер.
Сабақтың мақсаты:
«Жанартау», «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жанартау үрдісінің
жер қойнауынан магманың шығуы мен байланыстылылығын және жанартау
әрекетінің литосфераға, гидросфераға және атмосфераның қалыптасуына әсері
туралы білім беру. Жанартаудың табиғи апат екені жайында экологиялық білім
беру.
Сабақтың дамытушылығы:
Оқушылардың ойлау қабілетіне, жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру,
білімін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
Оқушылардың өздігінен білім ізденуге, әрекеттерін тудыру және ойлау,
сөйлеу, қабылдауға байланыстыра отырып адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, жанартаудың құрылысы, компьютер,
графопроектор, слайд арқылы жасалған суреттер.
Сабақтың пән аралық байланысы: Әдебиет, тарих, бейнелеу.
Сабақтың әдісі:
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау.
§20. Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.

1) Ой шақыру стратегиясы.
Оқушыларға 2 минут уақыт беріледі. Дәптерлеріне өздері білетін
сөздіктер жазады.
2) Топтастыру стратегиясы.
Сыныпты топқа бөлу мақсатында Эпицентр, ошақ, сейсмограф парақшаларын
тарқатамын. Сыныптағы оқушылар өздеріне берілген парақшалардағы аттар
бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ өздерінің ішінен топ басшыларын
сайлайды.
3) Қызығушылықты ояту.
а) Топ басшыларына берілген қалалардың координаталарын анықтау
тапсырмасы беріледі.
1.Рим 420 с.е.120 ш.б.
2.Токио 360 с.е. 1390 ш.б
3.Анкара 400 с.е. 340 ш.б.
ә) Әр топтан бір оқушыдан шығып топтың атын қорғау жұмысы жүргізіледі.
4) Зерделеу стратегиясы.
Көрсетілген суреттердегі сұрақтарға жауап беру.
1.Жер шарының ішкі құрылысын ата?
2.Мантияның қалыңдығы қаншаға жуық?
3.Ядро неден тұрады?
4.Жер қыртысын түзетін тау жыныстарын ата?
5.Жердің сілкіну күші немен өлшенеді?
6.Жер шарында қандай жер сілкіну белдеулері бар?

5) Еске түсіру стратегиясы.
Бұл тапсырмада көрсетілген жылдарда болған оқиғаларды анықтап,
картадан көрсетеді. Табиғи апат жайында атап өтеді.
1. 1908 жылы-
2. 1911 жылы-
3. 1923 жылы-
4. 1948 жылы-
5. 1988 жылы-
6. 1991 жылы-
7. 1999 жылы-

ІІІ Жаңа сабақ: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
6) Ой толғаныс стратегиясы.
а) «Жанартау», «гейзер» деген сөздерден кейін оқушылардың ойын тыңдау.
ә) Оқушылардың толғанысын ояту мақсатында «Жанартау», «гейзерлер»
суреттерін көрсету. Суреттен кейін оқушылардың ойын тыңдау.

7) Мағынаны тану стратегиясы.
а) «Жанартау, гейзерлердің» суреттері арқылы құрылысын таныстыру.

ә) Жанартау, гейзерлер туралы жазылған мәліметтерді, таратып 5 минут
оқуға беру.
8) Еркін жазу стратегиясы.
Өздері тыңдаған, көрген және айтқан мәліметтерден
кейінгі ойларын дәптерге жазу.
1-2 оқушының жазғанын оқыту.
9) Қорытындылау стратегиясы.
Мұғалімнің жаңа сабақты қорытындылау түсіндірмесі. Жанартауды не
үшін зерттеу қажет екендігі жайында түсіндіру. Жанартаулардан келетін
табиғи апаттар жайында мәлімет беру. Картадан жанартауды белгілеудің
шартымен таныстырып, жанартауларды көрсетеді.
Үйге: §21
Кракатау, Ключи шоқысы жанартауларының координаталарын анықтау.
Бағалау.
Жауап берген оқушыларға таратылған парақшалар арқылы бағалау. Жалпы
парақшаларды санау арқылы топтардың орнын анықтау.
Сабақты бекіту.
1) Сөздікпен жұмыс жасау. Грекше кратер- тостаған. Исландша гейзер- лақ
ете түсу.
2) Кескін картаға жанартауларды белгілеу екендігін түсіндіріп өту.
Мысалы: Котопахи, Ключи шоқысы, Кракатау, Везувий, Климанджаро, т.б.

Ұқсас жұмыстар
Форма макеті терезесі
Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.(КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Қасиеттер терезесі
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау жайлы
Ақан сері. Жаңа сабақты түсіндіру
LEGO(R) Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу 2 бөлім. II. Сабақтың мақсаты
Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақ жоспары
Өткен сабақты сұрау
Пәндер