Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әріпі.
Сабақтың мақсаты : Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.
Балаларды Б дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына
назар аудару сөздік қорынына мән беріп, қиялын дамыту.
Ұқыптылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар : Интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер :Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын түрі; саяхат.
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Дөңгеленіп тұрып бәріміз бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік:
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық сыйлаймыз.
Ұйымдастыру.
-Балалар біз бүгін саяхатқа барамыз, немен барғымыз келеді? Қандай көлік түрлерін білесіңдер ? (машина, ұшақ, кеме)
-Ендеше мына тақтаға қарайықшы, не көріп тұрмыз? Балалар мына сандарды санайықшы
6
7
5
3 4
2 1
Балалар бұл не? (кеме)
Не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Суда жүзу үшін.
Ал кеме қайда жүреді?
Суда .
Оның жүргізушісі кім?
Ендеше ол сіздерге шақыру билетін берді. Осы кемемен аралдарға барып, сол аралмен танысамыз.
1- арал. Қайталау
Сиқырлы жазу
Жақсы музыка
М Ы С Ы Қ
(текшемен белгілеп)
Балалар мына тапсырмада жасырын сөз беріліпті. Осы сөзді тауып көрейік . Сіздер айтыңдаршы үйде біз қай жануарды ұстаймыз? Қандай түстерді көріп тұрмыз? (қызыл, көк) Оларды ажыратып беріңдерші?
Мысық сөзін буынға бөлейікші ? (2 буын) . Қай әріптен басталып жазылады? (М) Жақсы балалар енді екінші аралға барайық.
2- арал.
Балалар суда жақсы көрінетін мынау не? (балық)
Қараңдаршы ол қандай? (Сиқырлы, алтын)
Ендіше бүгін бізге қонаққа алтын балық келіпті.
Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс ? (Б) Айтып көрейікші (Б) . Дауысты ма, Әлде дауыссызба?
- Осы сөзді буынға бөліп көрейікші?
- 2 буын бар. Ендеше дауысты дыбыс нешеу ? (2)
Жақсы балалар екінші аралдан да өттік еді. Алтын балық маған тағы бір арал бар деп сыбырлайды, ол аралда да тапсырма бар екен.
3- арал.
«Мына сиқырлы қаламшамен сіздер б - әріпінен басталатын сөздер жазып беріңдерші» - дейді алтын балық.
Сиқырлы әріптер шашу : Б. А. Р. Л. Қ. О. Ы. А . Балық. Бор. Бала.
Талдап кету. Әр баланы сөйлету. Оқытып шығу.
- Өте жақсы балалар. 3- аралдың тапсырмасын жақсы орындадық . Алтын балық тағы ары қарай барайық деп тұр, ендеше алтын балықтың соңынан жүрейік.
4- арал. Сергіту сәті.
Балық, балық балықтар,
Қане қатар тұрыңдар.
Қанаттарыңды ашыңдар,
Бұлай -бұлай малтыңдар.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Орыңдарыңды табыңдар тез.
Өте жақсы, бұл тапсырманы өте жақсы орындадық.
Балалар балық тағы сыбырлайды, енді біз сиқырлы балықпен келесі аралға барғанда ойын ойнаймыз дейді.
- Ойнаймыз ба?
5- арал. «Қатені тап. »
Балаларды екі топқа бөліп, әртүрлі суреттер беру. Сол суреттерден Б және М әрпіне байланысты сөздерді тауып тақтаға ілу. (бақа, балық, бала) (мысық, машина, маймыл, т. с)
6- арал . Алтын балықтың келесі тапсырмасы, Б әрпін жазу. Тақтаға жазбаша түрін жазып көрсету. Ауада жазу. Дәптерге бастырып жаздыру. Өте жақсы балалар, бұл тапсырманы да жақсы орындадық.
7- арал .
Енді біздің соңғы тапсырмамыз, әр қайсыңыз балыққа арнап б - әрпі бар тақпақ айтып беріңдер. Осы тақпағымызды жақсы айтсақ, ол балықтың сіздерге арналған сыйлығы бар екен.
Әр оқушыға балық жапсырылған шар тарату. ( аттарына байланысты көк, қызыл) .
- «Сіздер құрлыққа барғанда мына шармен ойнап жүріп мені естеріңе алыңдар. Әр қайсыңыз аттарыңызды айтып отырып соған байланысты шарды алыңыздар».
- Рахмет.
- Осымен саяхатымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар
«Парасат» мектеп-лицейі
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ :
Б дыбысы және әрпі.
Тәрбиеші:Сыздықова А. Қ
2012 жыл
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz