"Негіздердің жіктелуі. алынуы. қасиеттері."

Шығыс Қазақстан облысы
Көкпекті ауданы
Белое ауылы
«Октябрь мектеп-балабақша кешені»КММ
Күнғожина Гүлүзім Хабдулвахитқызы - биология, химия пән мұғалімі
Пән: химия
Сынып:8
Сабақтың тақырыбы : Негіздердің жіктелуі. Алынуы. Қасиеттері
Мақсаты: Базалық білім негізінде негіздердің құрылысын, жіктелуін,
алу жолдарын және химиялық қасиеттерін қарастыру
Сабақтың міндеттері :
-Негіздердің алу жолдары мен химиялық қасиеттері туралы білімдерін жүйелеу;
-Негіздерді теоретикалық сараптау арқылы оқушының жалпылогикалық ойлау әдіс-тәсілдерін дамыту:анализ, синтез, қорытындылау, жүйелеу, құрастыру;
-Топпен, жұппен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
-Оқушылардың өздік рефлексиялық дағдыларын дамыту,
Сабақ типі : Жаңа ұғымды игеру.
Сабақ түрі: Жобалау сабақ
Құралдар: Химиялық ыдыстар, реагенттер, карточкалар, су, спиртшам.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру сәті.
Сабақ ұраны: Ақылды жетілдіру үшін, жаттағанша, ойлану қажет.
Р. Декарт
2. Ой қозғау
Өткен тақырып бойынша әнгімелеу (5 мин)
Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, өйткені білім алудың жаңа сатысына шығамыз. Енді, алдыңғы сабақтарда алған білімдерімізге сүйеніп танымдық іс-әрекетке аяқ басайық. Ол үшін бізде керекті біліміміз бар.
- Бейорганикалық заттардың жіктелуін еске түсірейік.
- Оксид дегеніміз не?
- Оксидтер қалай жіктеледі?
- Негіз дегеніміз не? Қалай жіктеледі? Оларға қандай қасиеттер тән? Ерекшеліктері қандай?
Осы сұрақтарға жауапты бүгінгі сабақта жобалау арқылы табамыз.
Кез келген жобалау жұмысының құрылымын еске түсірейік:
Тақырып. Келелі мәселе. Гипотеза. Нысана. Міндеттер Әдістер. Қорытынды.
Жұмыстың нәтижесі жоба түрінде--«Негіздер» тірексызбасы
3. Топтар құру (1 мин)
4. Жобалау жұмысы (10 мин)
Сабаққа қосымша
№1 топтың тапсырмасы
Тақырып : «Негіздер»
Келелі мәселе : Негіздердің жіктелуі
Гипотеза:
Нысана :негіздер формулалары
Міндеттер : а) I, II, III валентті элементтерінің негіздерінің формулаларын
жазыңдар (10)
б) формулаларды қарастырып жіктеңдер. Жіктеу белгілерін
айқындаңдар
Әдістер : теориялық талдау
Қорытынды.
№2 топтың тапсырмасы
Тақырып : «Негіздер»
Келелі мәселе : Лабораторияда натрий гидроксидін алу
Гипотеза:
Нысана : Натрий гидроксиді
Міндеттер : а) Натрий гидроксидінің формуласын қарастырып, алу жолдарын
болжау
Тәжірибе алгоритмі: Сынауыққа 5 мл су құйыңдар. Пышақтың үшіндей
натрий салыңдар. Қандай өзгеріс болатынын
бақылап, реакция теңдеуін жазыңдар.
Әдістер : теориялық талдау, тәжірибе
Қорытынды.
№3 топтың тапсырмасы
Тақырып : «Негіздер»
Келелі мәселе : Сілтілердің химиялық қасиеттері, қышқылдық оксидпен және
қышқылдармен әрекеттесуі
Гипотеза:
Нысана : Натрий гидроксиді
Міндеттер : а) Сілтілердің оксидтермен, қышқылдармен әрекеттесуін
тәжірибе түрінде дәлелдеу
Тәжірибе алгоритмі: а) сынауыққа 5 мл натрий гидроксидін құйып, үстінен бірнеше . тамшы ф/ф ерітіндісін құйыңдар. Тамызғыш арқылы тұз
қышқылын құйыңдар. Не бақыладыңдар?
Әдістер : теориялық талдау, тәжірибе
Қорытынды.
№4 топтың тапсырмасы
Тақырып : «Негіздер»
Келелі мәселе : Ерімейтін және екідайлы негіздердің химиялық қасиеттері
Гипотеза:
Нысана : мыс (II) гидроксиді, алюминий гидроксиді
Міндеттер : Тәжірибе түрінде химиялық қасиеттерін дәлелдеу
Тәжірибе алгоритмі: а) мыс (II) гидроксидін қыздырып айыру
б) мырыш гидроксидінің әрі қышқыл, әрі негізбен әрекеттесу
тәжірибесін жасау.
Әдістер : теориялық талдау, тәжірибе
Қорытынды.
№5 топтың тапсырмасы
Тақырып : «Негіздер»
Келелі мәселе : Негіздердің физикалық қасиеттері.
Гипотеза:
Нысана : Натрий гидроксиді, кальций(II) гидроксиді
Міндеттер : Негіздердің физикалық қасиеттерін қарастырып, сілтілер
индикатор түсін өзгертетінін дәлелдеңдер.
Әдістер : теориялық талдау, тәжірибе
Қорытынды.
5. Жобаны қорғау (25 мин)
6. Қорытындылау (5 мин)
7. Үй тапсырмасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz