Мәдени мұра: ұлттық мәдениетті сақтау және зат есімді бекіту сабағы

Сабақтың тақырыбы : Мәдени мұра

Сабақтың мақсаты : « Мәдениет» тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтай, пысықтай отырып, қорытындылау.

Оқушылардың «Зат есімді» қаншалықты меңгергенін анықтау.

Ойлау қабілеттерін, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Ұлттық мәдениетімізді сақтап, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету.

Қолданылатын әдістер: сұрақ- жауап, тест жұмысы, әңгімелеу, диалог, кластер

Көрнекіліктер: бағалау парақтары, тест, күй, слайдтар, «Ғажайып тоғыздық», тікелей сұрақтар

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың барысы:

І. - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Отырыңдар.

( Күй ойнап тұрады )

Егеменді елімізде мәдени мұраларды сақтауда көп істер атқарылып келеді.

( Слайд. Н. Ә. Назарбаев)

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев: « Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау- «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс»- деп атап көрсеткен.

(Слайд. Меритс сабақ. 11 «В. »Мәдениет және өнер») Елбасымыздың сөзін құптап, ата-бабамыздан қалған мәдени мұраны сақтап қалу- біздің қолымызда.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мәдени мұра».

Мақсаты: ұлттық мәдениетімізді сақтап, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету және грамматикалық тақырып «Зат есімді» қайталау.

Өткен сабақта үйге « Қазақ халқының мәдениеті» туралы презентация дайындап келуге тапсырма берілген.

Мақсаты: Мектеп бағдарламасы бойынша 5 - сыныптан 11- сыныпқа дейін « Мәдениет» тақырыбын қайталау. Сабақтың соңында осы тақырып бойынша сұрақтар болады, сондықтан мұқият тыңдаймыз. Және де бір- біріңді бағалайсыңдар.

Байжанов Нұрбек: Байжанов Нұрбек
Байжанов Нұрбек: Презентация
Байжанов Нұрбек: Кластер
Байжанов Нұрбек: Телефонный тренинг
Байжанов Нұрбек: Зат есім
Байжанов Нұрбек: Тест «Зат есім»
Байжанов Нұрбек: Ғажайып тоғыздық
Байжанов Нұрбек: Қорытынды баға

-Сонымен, 1-ші топтың тақырыбы «Музыка»

2-ші топ «Театр, кино»

3-ші топ « Ескерткіштер»

4-ші топ « Әдебиет»

- Енді, балалар, бұл орындаған тапсырманы қорытындылайық. Сонымен, мәдени мұраға не жатады?

әдебиет

Мәдени театр

ескерткіштер мұра

кино

музыка

1. Қазақфильм киностудиясы кімнің атында? ( Шәкен Айманов)

Шәкен Айманов кім? ( актер, режиссер)

Ол қайда туды? ( Павлодар облысы)

Қай жылы туды?

Шәкен Аймановтың қойған фильмдері.

2. Қазақстанда ең алғашқы театр қай жылы, қай қалада ашылды?

( 1926ж. Қызылорда)

Ең бірініші қойылым қалай аталды? ( «Еңлік- Кебек» )

3. Қазақ халқының ұлы ақыны кім? (Абай)

« Абай жолы» романының авторы кім? ( Мұхтар Әуезов)

М. Әуезов қайда туды? ( Семейде)

4. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қала қай қала?

( Түркістан)

Түркістанда қандай ескерткіш бар? ( Қожа Ахмет Яссауи кесенесі)

Ол кесене кімнің бұйрығымен салынды? ( Ақсақ Темір)

5. Парижде және Майндегі Франкфуртте ән шырқаған әншіні атаңдар.

(Әміре Қашаубаев)

Ол қандай әндерді орындады? («Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» )

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының музыкасын кім шығарған? ( ШәмшІ Қалдаяқов)

Ш. Қалдаяқовтың қандай әндерін білесіңдер? ( «Ана туралы жыр» тб)

Осы сөздерді пайдалана отырып, « Мәдени мұра» туралы қандай түсінік алғандарыңды қысқаша әңгімелеп беріңдер.

Ал, енді балалар, «Мәдени мұра» тақырыбына диалог құрастырайық.

1-ші топтың тақырыбы: «Әдебиет»

2-ші топтың тақырыбы: «Ескерткіштер»

3-ші топтың тақырыбы: « Театр»

4-ші топтың тақырыбы: « Музыка»

Телефонный тренинг.

«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 35 тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 30 көне қала, қоныс пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілген. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасында, Түркия, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Батыс Еуропа елдерінде ғылыми-іздеу жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде Қазақстан тарихына, этнографиясы мен көркемөнеріне қатысты 5 мыңға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылып, елге әкелінген.

- «Мұра» деген сөз қай сөз табына жатады?

  • Зат есім деген не? ( Зат есім заттың атын білдіреді. Кім? Кімдер?Не?

Нелер? деген сұрақтарға жауап береді)

  • Құрылымы жағынан қандай болады? (дара, күрделі)
  • Кім? Не? сұрақтары қай жағдайда қойылады?
  • Зат есім қалай түрленеді? ( Зат есімге 4 жалғау жалғану арқылы түрленеді. Олар: көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
  • Қандай зат есім тудырушы жұрнақтар білеміз?
  • Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?Оларды атаңдар.

Енді зат есімді қалай меңгергендіктеріңді тест жұмысы арқылы тексерейік.

( Тест «Зат есім»)

1. Зат есім нені білдіретінін белгілеңіз.

А) Заттың мөлшерін В) Затттың санын С) Заттың атын

Д) Заттың сапасын Е) Заттың қимыл-әрекетін.

2. Күрделі зат есімді белгілеңіз.

А) Оқушы, білім В) Ауыл, арба. С) Өнеркәсіп, қызыл отау.

Д) Көрме, теңіз. Е) Көңіл, күлкі.

3. Жалпы есім қатарын анықтаңыз.

А) Қала, көше В) Айна, Гүлдария С) Әйгерім, Батыр

Д) Көпір, Ертіс. Е) «ЖасАлаш», «Парасат».

4. Деректі зат есімді көрсетіңіз.

А) Жел В) Өмір С) Ағаш Д) Көңіл Е) Ауа.

5. Туынды зат есімді көрсетіңіз.

А) Аға В) Күй С) Іні Д) Әнші Е) Күй.


Ұқсас жұмыстар
ЮНЕСКО және тарихи-мәдени мұраны сақтау: Әлемдік мұра нысандары мысалында
2-сынып қазақ тілі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті тақырыбында зат есімді бекіту сабағы
Ұлттық киім - ұрпаққа мұра: тарихи-мәдени мәні және эстетикалық тәрбиелік рөлі
Сынып сағаты: Ана тілі - ұлттық рух пен мәдени мұра
6-сыныптың қазақ тілі сабағы: Сан есімді қайталау - бекіту сабағы
2-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Зат есімді пысықтау
Ұлттық ойындар - халықтық мәдени мұра: сабақ жоспары мен тәрбиелік-танымдық мақсаттары
Тәрбие сағаты: Туған тілім - ұлттық сана мен мәдени мұра
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері: ойын арқылы бекіту сабағы
Зат есімді қайталау: жалпы және жалқы есімдер, жалғаулар және практикалық жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz