Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көмкерілген әліппем
Әліппеге рахмет!
Мақсаты: Балалардың алғашқы білім бастауы болған әліппе оқулығынан алған
білімдерін көрсету, ой-өрісін жетілдіру, сөздік
қорларын молайту. Елін, Отанын, табиғатты сүюге,
ұстаздарды, достарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, шарлар
Барысы: Мұғалім:
Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Биылғы
оқу жылы оқушылар мен ұстаздар үшін ерекше жыл болды. Біздің 1-сынып
оқушылары қарсы алған білім күні «Айғақ» телеарнасына түсіріліп
көрсетілді және біз білімге деген сара жолды жаңа оқулықтармен бастадық.
Қазір 1 «Ә» сынып оқушыларының 4 ай бойы алған білімдерінің
нәтижесін және де мұғалімммен бірге оқушымен қоса оқыған, ата-аналар
еңбегіміздің жемісін көреміз!
І-жүргізуші: З. Бекжан
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер!
Тыңдамаған тыңдаңыздар
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
ІІ-жүргізуші: Ұлғаным
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Балаларды шақырайық ортаға.
(Балалар екі-екіден қол ұстасып, залға кіреді).
ІІІ-жүргізуші: Т. Алуа
1 «Ә» сынып оқушыларының «Әліппеге рахмет» атты ертеңгілігін
бастауға рұқсат етіңіздер!
І-жүргізуші: З. Бекжан
Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы біздің болашағымыздың
негізі – әліппені бітріп отырмыз.
ІІ-жүргізуші: Ұлғаным
Бүгін біз шексіз қуаныштамыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды
ашқан біздің жақын досымыз әліппемен қоштасамыз.
ІІІ-жүргізуші: Т. Алуа
Тәрбие сағатымыздың 1-бөлімі Әліппемен қоштасу.
Мұғалім:
Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:
Ол, сүйікті әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрмізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Оқушылар:
Әліппе! Әліппе! Әліппе! (6 оқушы шығып кетіп әліппені алып келеді,
қолдарында ӘЛІППЕ жазуы бар шар)
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен.
Бауыржан да, Мәлік те.
Таудай бала талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың,
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: Балалар, осы әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
З. Бекжан: Ә - әлемді
Т. Алуа: Л – легімен
Ұлғаным: І – ізгілік
Нұрдәулет: П – парасатпен
Сәбина: П – паш
О. Бекжан: Е – етеміз.
Мұғалім: Қане, балалар, әліппеге арналған қандай өлеңдерің бар, айтып
берейік.
Хор: «Мұғалім ол біздің»
Сәбина:
1. Іші толы әріпке
Мынау әйбат әліпе
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы әліппе.
Олжас:
2. Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңі сәуле жарықпен.
О. Алуа:
3. Ата-апа атын сен,
Бізге үйреттің әліппе.
Бізге нағыз жақынсың,
Сенен білдік әріпті.
Нұрқанат:
4. Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым
Бірге жүрген қасымда
Кітап болды сыңарым.
Назым:
5. Әсем ою өрнекпен
Көмкерілген әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
Нұрдәулет:
6. Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып, саған жүремін,
Сүйікті біздің әліппе.
Ерасыл:
7. Алфавитті біліңдер
Онда қалып, жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Диана:
8. Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
9. Олжас:
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Сәбина: Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Балауса: Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде түсінші?
10. Олжас: А – деген ол аналар ғой ардақты,
Сәбина: Ә - деген ол әкелер ғой салмақты
Балауса: Б – деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Хормен:
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында
Аружан:
11. Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
О. Бекжан:
12. Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайы татып ал,
Сонда аязда тоңбайсың.
Олжас:
13. Астана – Астанам,
Астана – бас қалам
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастамай
Аяулым:
14. Ас біткеннің атасы
Қасиетті «Нан» осы
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Ән: «Әліппе»
Мұғалім:
- Балалар, біз әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан
санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді
математикаға берейік.
З. Бекжан:
Мынау менің кітабым,
Аса құрмет тұтамын
Шөміркесем ашып сан
Білім нәрін жұтамын.
Т. Алуа:
Біздің келер шамамыз,
5-ке 3-ті қосамыз.
10-нан 5-ті аламыз,
Жауабын тез табамыз.
Мұғалім:
- Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендік. Ендеше
сандарды сөйлетіп көрейік.
Т. Алуа:
Бір дегенім – білім,
Білім – жарық күнің
Нұрқанат:
Екі дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Аружан:
Үш дегенім – үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Нұрдәулет:
Төрт дегенім – талап,
Талмайтұғын қанат.
Ерасыл:
Бес дегенің – бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Қарлығаш:
Алты дегенің – арман,
Атар таңың алдан.
Аңсаған:
Жеті дегенің – жігер,
Жеңер жолын білер.
Назым:
Сегіз дегенің – сенім,
Сүйенішің сенің.
Меруерт:
Тоғыз дегенің – талғам,
Тура жолға салған.
Диана:
Он дегенің – Отан,
Отанды сүй ботам.
Аяулым:
1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
Ақнұр:
2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
Камила:
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
Аяулым:
4 дегенің жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
Тоғжан:
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Мұғалім:
Балалар, біз әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға,
сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше әліппеге не деуіміз керек!
Хормен: Әліппеге рахмет!
ІІ-жүргізуші: Ұлғаным
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе:
- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау
болыңдар!
ІІІ-жүргізуші: Т. Алуа
Тәрбие сағатымыздың ІІ-бөлімі, «Ана тілімен достасу»
Би: «Мектеп вальсі»
Мұғалім:
- Балалар, сендер «Әліппені бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа
достарың Ана тілі оқулығы болады.
Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын
болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ан тілі пәнімін.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Мұғалім:
- Балалар, ендігі сөз кезегін мктеп кітапханашысы Құдабай Нұржамал
апайларыңа берсек. (Ана тілі оқулығын таратады)
Т. Алуа: Тәрбие сағатымыздың ІІІ-бөлімі «Өнерлі бала – сүйкімді»
Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.
Концерттік бағдарлама:
1. Ән: «Әнші балапан» Орындайтын: Зия Бекжан
2. Би: «Қазақ биі»
3. Ән: «Ақ мамам»Орындайтын: Сырлыбай Аяулым
4. Көрініс: «Бес ешкі» ертегісі бойынша
5. Ән: «Бала тілегі»Орындайтын: Алайдар Ұлғаным

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz