Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ақпараттық технология негізінде құзіреттілікті қалыптастыру
Ақпараттық технология негізінде
құзіреттілікті қалыптастыру
Акашаева Ләззат Садыққызы
Ақсай қалалық №5 жалпы білім беретін орта мектебі
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер
мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлануына, өткені мен бүгіні,
келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен
жұмыс жасауына негіз болып отыр.
Егеменді еліміз әлемдік білім кеңістігінен орын алу мақсатын ұстана
отырып, қарыштап нық қадам басып келеді. Өркениетті елдер қатарына
көтерілуді көздеген елімізде ғылым мен техника дамып, экономикамыз өрістеп,
көзделген мақсаттар мен міндеттерге жол ашылуда. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа
нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде
болуы қажет. Ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру –
экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы
мәселені шешудегі басты міндет білім беру ордаларына жүктеледі.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог
мамандардың кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат
екендігін анықтай отырып, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей
құзіреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті.
1. Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет
2. Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті
3. Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның
негіздерін қолдана білу қабілеті. Бұл қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда,
білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына
сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Соңғы жылдары ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби құзыреттілік
дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен
практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы
ретінде қарстырылады. Біздің ойымызша, құзырлылықты білімін, біліктілігін,
дағдысын, ең бастысы – тұлға мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында
қарастыру құзырлылық маңызын толық аша бастады. Олай болса, құзырлылық –
нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық қасиеті ретінде
әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын құндылықтарды есепке алуы
қажет. Құзіреттіліктің негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы,
тәжірибесі, интеллектісі, тектілігі болып табылады.
Құзыреттіліктің негізгі сапа белгілері:
• дүниетанымы,
• адамгершілігі,
• еңбекқорлығы,
• жаңалылығы,
• қабылдауы,
• есте сақтауы,
• дарындылығы болуы шарт.
Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А.Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына
білім мекемелері төмендегідей құзырлылықты қалыптастыруы тиіс деп
есептейді:
- Саяси және әлеуметтік құзырлылықтар. Олар адамның өзіне жауапкершілік
ала алуында.
- Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар.
Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, өзге ұлт өкілдерін құрметтеу.
- Жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір
адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу
де жатқызылады.
- Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар. Бұл жаңа
технологияларды меңгеру, ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу,
оған сыни баға беру деген мағынаны береді.
- Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір
бойы білім алуға қабілеттілік.
Осыдан, ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықты
ескерсек, мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру
деңгейлері мынандай болады:
Алғашқы деңгей:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану салалары бойынша жалпы
түсінік;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қарапайым жұмыс жасау тәсілдерін
меңгерту.
Алгоритмдік деңгей:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндік-терін
меңгерту;
- бағалау мен өзіндік бағалау дағдыларын дамыту.
Эвристикалық деңгей:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін түрлі
ақпараттарды өңдеуде қолдану;
- интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін кез-келген пәндерде электрондық
сабақтарды жасақтауға пайдалану;
- өз пәнін сапалы түрде оқытуға педагогикалық технологиялардың ішінен
тиімдісін таңдай білу.
Шығармашылық деңгей:
- қолданбалы бағдарламалық құралдармен жұмыс жасау технологиясын меңгерту
арқылы оның мүмкіндіктерін оқыту пәндерінің бағдарлы бағытына қолдануға
дағдыландыру;
- пәндік олимпиадалардағы есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін таңдай білу.
Аталған деңгейлердің даму шыңына жеткен мұғалімді біз апараттық-
коммуникациялық құзырлығы қалыптасқан тұлға деп атай аламыз. Осы
құзіреттілік қасиеттерді жеке тұлға деп қарастырып отырған баланың бойына
дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзіреттіліктерінің
жан-жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс
жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның
алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын
жағдайда болғанда ғана оқушы құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік
табады. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды, тұлғаның қасиеттері,
қабілеттерімен бағаланса, тұлға педагогикалық объект ретінде меңгерілетін,
қалыптасатын адам тәжірибесі ретінде қарастырылады. Өскелең жас ұрпақ
ақпараттық мәдениетті, сауатты болу үшін - ақпараттың қажет кезін сезіну,
оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі
керек. Жалпы, ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын
бөлiп көрсету қажет. Бiрiншiсi – білім алушы оқушылардың ақпараттық
мәдениетiн қалыптастыру:
- дербес компьютердің болуы;
- интернет және электронды пошта;
- жалпы оқытылу пәндеріне деген қызығушылық;
- белгілі бір бағыттағы ақпараттық қажеттілік;
- оқушылардың ғылыми шығармашылықпен жұмыстануы.
Екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы мамандардың ақпараттық мәдениетiн
қалыптастыру жатады:
- білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның
болуы;
- педагогикалық қызыметінде коммуникациялық технологияларды
қолдануға деген қызығушылық;
- компьютерлік сауаттылық;
- біліктілік көтеру арнайы курстары;
- электрондық оқу - әдістемелік кешендердің болуы;
Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында
компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Жаңа ақпараттық
технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм
алушыға беру процесi.
Ғалымдар ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың
базалық, жалпы және кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық
технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде
қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бүгінде білім беруді одан әрі
ақпараттандырудың кезеңі мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік
сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық
негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі
ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана
білуі, интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс. Оқыту ісінің
тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді
ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.
Ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық
дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын
білімділігі мен абыройлылығы деді». Белгілі мақсатқа жету үшін өзімнің
ұстаздық іс-тәжірибемде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру
-жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу
-ойлау қабілетін дамытатын логикалық, сапалық есептер беру
-қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру
-оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.
Сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына
қарай үш топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа
баулып, қорытынды жасауға дағдыландырамын, сабаққа ынтасын арттырып,
тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында
анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен
қаруландырып қоймай оларды есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ақпараттық
технологияларды пайдаланып деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық
қызығушылығын арттырып, түрлі автоматтандырылған тест тапсырмаларын
компьютерде орындап, жауабын көруге болады. Қолданбалы бағдарламалар
көмегімен бірнеше түрлі дұрыс сұрақ санын анықтайтын, автоматты түрде
бағасын қоятын тест тапсырмаларын сабақта үнемі қолданамын.
Тірек сызбалар, семантикалық карта толтыру, эстафеталық сұрақтар,
формулаларды қайталау арқылы, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып
оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытамын. Төменде физика
пәнінен 7 сыныпқа арналған бірнеше тірек сызбалар және тест тапсырмалары
келтірілген.
Алынған тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды
қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-
жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеріп, алған
білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытуға
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.Жүнісханов. «Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу» 2008 ж.
2. Г.Әтежанова «Психологиялық-педагогикалық құзырлықты қалыптасты-
рудағы жаңа формация мұғалімінің ролі» Қазақ тілі, №4 2008.
3. С. Т. Мухамбетжанова «Білім беру мекемелері қызметкерлерін АКТ сала-
сы бойынша ғылыми-әдістемелік негіздері» Алматы, 2007ж.
4. Білім образование журналы №5,6, 2010 ж
5. Қазақ мектебі журналы №10,11, 2009 ж.
-----------------------
Құзіреттілік тәсілдері
Нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндіру
Өмірдегі отбасы мүшесі, қоғамның мүшесі
Адамдар арасындағы байланыста өзін-өзі тану, бағалау
Жаңа техника мен технологияларды меңгеру
Құқықтық нормадағы жағдайларды шешу

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz