Ақпарат түрлері және оларды өңдеу әдістері

Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Д амыту шылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру
- Үйге берілген тапсырманы тексеру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
Өткен сабақты қайталау сұрақтары:
- Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
- Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
- Қатынас тілі дегеніміз не?
- Бейнелік, таңбалық ақпарат деген не?
Жаңа түсініктер:
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды
- Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшінжолдаушы, қабылдаушыболады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпараттыжеткізу арнасыдеп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т. б.
- Біз кітап, газет - журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймайсақтайда алады.
- Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оныңмазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір реткекелтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
Ақпаратты өңдеу - оның бастапқы түрден басқа түрге айналуы немесе ақпарат мазмұның өзгеруі.
Ақпаратты автоматты өңдеу - адамның қатысуынсыз өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.
Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады:
- Мәтіндік
- Сандық
- Графикалық
- Дыбыстық.
Ақпаратты өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады:
Ақпаратты жинау;
Ақпаратты қалыптастыру;
Ақпаратты сүзгілеу;
Ақпаратты сұрыптау;
Ақпаратты топтастыру;
Ақпаратты архивтеу;
Ақпаратты қорғау;
Ақпаратты тасымалдау;
Ақпаратты түрлендіру.
Ақпаратты ұсыну формалары:
1. Символдық - әріптер, сандар таңбалар, т. б.
2. Мәтіндік - әріптер, сандар, таңбалар, т. б, бірақ ақпарат біріктірілуіне қарай анықталады.
3. Графикалық - суреттер, сызбалар, схемалар, фото - суреттер және т. б.
Тапсырма:
- Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының арасындағы ақпаратты процестер кезіндегі сәйкестікті анықтау.
Сабақты бекіту. Компьютермен жұмыс:
- WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск-Все Программы-Стандартные- WordPad батырмаларын басыңдар.
- Информатика - ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым -мәтінін теріңдер.
- Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
Үйге тапсырма: Берілген лекцияны оқу, анықтамаларды жаттау.