Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Excel бағдарламасында диаграмма салу

Арнайы пән сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және
білімділік дағдыларын қалыптастыру
Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда білімді маманды заман
талабына сай даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамды
ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы, адамды толық мәнді өмірге
даярлауды әрі жан-жақты дамытуды талап етеді.
Оқушының танымдық белсенділігін арттыру , білімділік дағдыларын
қалыптастыру оқытушының әрбір сабағында назардан тыс қалмауы тиіс. Оқушы
білімінің қалыптасуы қашанда оқытушының сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа
материалды жүйелі түрде тиімді әдістерді қолдана отыра жеткізуіне
байланысты. Бұл оқушылардың ойлау, есте сақтау, өзіндік ой қосу сияқты
қасиеттерімен ұштасып жатса, онда оқушының білімдік дәрежесі жоғарылай
түсері хақ.
Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
➢ сабақтың мазмұны;
➢ оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;
➢ сабақтың нәтижелілігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда
көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға
болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстын тапсырмаларын құрастырғанда
оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы
тиіс.
Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:
1. оқыту;
2. жаттықтыру;
3. бекітту;
4. қайталау;
5. дамыту;
6. шығармашылық яғни іздену мақсатында;
7. бақылау мақсатыда өткізіледі.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне,
жауапкершілігіне байланысты деп ойлаймын. Ал арнайы пән мұғалімі үшін ЭЕМ
операторы мамандығын оқытуда практикалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін
жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-
өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі
болып табылады.
Заман ағымына сай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен телелдидарды,
компьютерлерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруі сөзсіз. Бұндай
қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тындаумен
қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тындауға және алған
мағлұматт нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған
ақпаратты көшіріп алып (дискетке, флешкаға т.б.) олармен өз ыңғайына қарай
жұмыс істей алады.
Арнайы пән сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және
білімділік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жоғарыда айтылған әдіс
тәсілдерді қолданудың пайдасы көп деп ойлаймын. Осыған орай өз тәжірибемде
«Қолданбалы бағдарламар пакеті» арнайы пәні бойынша өткізілген сабағымның
әдістемелік талдауына тоқтала кетсем деймін.
Пән: Қолданбалы бағдарламалар пакеті
Сабақтың тақырыбы: Excel бағдарламасында диаграмма салу.
Сабақтың типі: білім мен іскерлікті практикада қолдана білу сабағы.
Сабақтың оқыту әдісі: Ақпараттандыру технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Excel программасының плакаты, диск,
кубик, флешка.
Сабақ барысының жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды шығармашылық жұмыстың деңгейімен
таныстыру, тапсырма қағаздарын таратып беру.
2. І,ІІ- нұсқадағы деңгейлік тапсырмалармен таныстыу.
Оқушылардың білім деңгейін, Excel естелік процессоры тақырыбы бойынша
ауызша сұрақтар арқылы сұрап еске түсіру, бағалау.
3. Шығармашылық жұмыс кезіндегі оқушылардың ойлауына, компьютерде жұмыс
істеуіне мүмкіндік беру.
4. Барлық деңгейдің тапсырмалары бойынша жинақтап, тексеріп, бағалау.
5. Бой жазу кезеңі.
6. Қорытынды кезең.
7. Үйге тапсырма беру.
Мамандығына бойылатын талаптар:
1. Excel программасын жүктеу, жұмыс жасау.
2. Excel программалық жұмыстық парақтарды және диаграммаларды құру.
Оқушыларға сабақтың шартын түсіндіргеннен кейін, тарауды еске түсіруге
арналған төмендегідей сұрақтар «Кубизм» әдісі арқылы қойылып сұраққа жауап
беріледі.
1. Excel электрондық кестесінің мақсаты?
2. Excel программасын іске қосудың жолдары қандай?
3. Excel терезесінің негізгі негізгі элементтерін ата?
4. Стандартты саймандар тақтасының командалары қалай беріледі?
5. Форматтау саймандар тақтасының командалары қалай беріледі?
6. Диаграмманы салудың жолдары қандай?
Оқушылардың қаншалықты үй тапсырмасын меңгергенін бағалау сұрақ-жауап
әдісі арқылы жүргізілді. Ұзақтығы 5 минут. Топ оқушыларының жауабын бағалау
тақтадағы аты-жөні жазылған плакатқа белгіленеді.
Шығармашылық жұмысқа оқушылар 3 нұсқадан І-ІІ юдеңгейлік тапсырмалар
алады апсырмалардың бірнеше нұсқада берілуі бағдарламаны толық қамтуға,
оқушының бір-біріне қарамай, толық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. І-
деңгейдегі тапсырмалар міндетті деңгей болғандықтан, тапсырма компьютерде
орындалып, 3 бағасымен бағаланады. Компьютерде жұмыс істеу уақыты 10 минут.
ІІ- деңгейдегі тапсырмаға 10 минут уақыт беріліп, жазбаша орындалады.
Бой жазу кезеңінде компакт дискіден жай әуен қосу.
Көзге жаттығу жасату.
Сабақты қорытындылап, барлық деңгейдің тапсырмаға қойылған әр оқушының
қағаздағы бағасын аты-жөні жазылған плакатқа енгізіп, оқушылардың білімін
бағалаймыз.
Үйге тапсырма: Excel –программасында диаграмма салу жолдарын қайталау
және қосымша мәліметтер жинау.

І-нұсқа: Аты-жөні: ______________________________
№ ___ компьютер. 1 –деңгей: Тапсырма
| |1926 |1970 |2000 |
|Қазақтар |57% |36% |50% |
|Орыстар |33% |51% |37% |
|Украиндар |10% |20% |13% |

Мынадай төмендегі шарттар бойынша таблицаның диаграммасын сыз
|№ |Excel программасында орында |Тексеру |Баға |
| | |белгісі | |
|1 |Диаграмманың стандартты түрін таңда | | |
|2 |Цилиндрлік диаграмма | | |
|3 |Сан мәндерін қос | | |
|4 |Сан мәндерін ақшалай білікте көрсет | | |
|5 |Мәліметтерді А-Я алфавиті бойынша өзгерт| | |

2- деңгей. Мынадай сұрақтарға жауап жаз.
|№ |Сұрақтар |Жауап |Тексеру |Баға |
|1 |Excel–мақсаты | | | |
|2 |Бір ұяшыққа қанша таңба | | | |
| |сыйады | | | |
|3 |Диаграмманың қанша түрі бар| | | |
|4 |Оң жағынан тегістеп жазуды | | | |
| |Excel-де қолданамыз ба | | | |
|5 |Ақша белгісі, % белгісі сан| | | |
| |мәнін өзгеркендегі | | | |
| |командалар | | | |

ІІ-нұсқа: Аты-жөні: ______________________________
№ ___ компьютер. 1 –деңгей: Тапсырма
| |І –тоқсан |ІІ – тоқсан|ІІІ- тоқсан|
| |сапа |сапа |сапа |
|Сабина |100% |100% |100% |
|Айгүл |85% |90% |95% |
|Бақытжан |13% |20% |23% |
|Арман |9% |16 % |20% |

Мынадай төмендегі шарттар бойынша таблицаның диаграммасын сыз
|№ |Excel программасында орында |Тексеру |Баға |
| | |белгісі | |
|1 |Диаграмманың стандартты түрін таңда | | |
|2 |Цилиндрлік диаграмма | | |
|3 |Сан мәндерін қос | | |
|4 |Сан мәндерін ақшалай білікте көрсет | | |
|5 |Мәліметтерді А-Я алфавиті бойынша өзгерт| | |

2- деңгей. Мынадай сұрақтарға жауап жаз.
|№ |Сұрақтар |Жауап |Тексеру |Баға |
|1 |Excel–де стандартты | | | |
| |саймандар тақтасы қанша | | | |
|2 |Ұяшық саны қанша | | | |
|3 |Ж, К, Ч -әріптері нені | | | |
| |білдіреді | | | |
|4 |Бағаналар, қатарлар қалай | | | |
| |белгіленеді | | | |
|5 |Диаграммалар мөлшерін қалай| | | |
| |белглеуге, өзгертуге | | | |
| |болады. | | | |

3-деңгейдегі тапсырмалар
Эпидемические показатели за 12 месяцев 2013-2014 г.
|Районы |2013 |2014 |
| |Заболеваемо|Болезненнос|Смертность |Заболеваемо|Болезненнос|Смертность |
| |сть |ть | |сть |ть | |

|Аб | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
«Тәрбие адам етеді, тәрбиесіздік надан етеді» дейтіндей, оқушылармен
еркін де ашық әңгімелесе отырып, өзінің пікірін ашық айтуға баули алатын,
жаңа технологиялық әдістерді пайдаланып сабағын қызықты өткізуіне ізденіс
тантатын ұстаз ғана болашақта адамгершілігі мол, білікті мман тәрбиелей
алмақ. Өйткені, балаға ата-анадан кейінгі ең жақын ақылшысы да, білімін
шындай түсудегі кеңесшісі де ұстаз.
Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек
етіп, өмір сүретіндер–бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе–Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін
міндеттер ауырә дегені жоғардағы ойымызды дәлелдей түседі.

Ұқсас жұмыстар
Excel бағдарламасында диаграмманы форматтауға болама
Бағанды диаграмма
Оқушыларды сабаққа
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Интернет тобына
Word кестесі Excel кестесі
Электрондық кесте
Диаграммалармен жұмыс істеу
Жиілік полигоны
Excel бағдарламасы басқа бағдарламадан ұтымдылығы
Пәндер