Ана - өмірдің гүлі: бастауыш сыныптарға арналған мерекелік ертеңгілік сценарийі

Ақмола облысы

Степногорск қаласы

Бестөбе кенті

№1 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Канафина Ақбота Бахытқызы

«Ана өмірдің гүлі»

Мақсаты: Оқушылар бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға, адамгершілік сезімін ұялтуға, әсемдікті сүюге, тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: аналар жайлы нақыл сөздер, тақырыптық қабырға газеттері

Кіріспе

Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, аяулы аналар мен патша көңіл көрермендер. Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ана - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік ертеңгілік аналарға арналады.

1-оқушы:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар.

2-оқушы

Қош келіпсіздер қонақтар

Ақ жаулықты аналар!

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

3-оқушы

Ана - көркі көгімнің

Ана - нұры жерімнің

Ана - бағы баланың

Мақтанышы елімнің

4-оқушы

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Құрметті қонақтар сіздердің алдарыңызда «қазақ биі»

5-оқушы

Әлпештеген баласын

Ана - бақыт, ана - күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

6-оқушы

Ерлік еңбек атқарған

Еңбегімен мақталған

Ел сенімін ақтаған

Айналайын ақ мамам

7-оқушы

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

8- оқушы

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегінді ақтайтын

Аман болшы анашым

Би «Балапан» биі

9-оқушы

Әлпештеген, аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

10-оқушы

Бойға қуат береді

Әй жарайсың дегені

Мен анамнан әр кезде

Соны естігім келеді

11-оқушылар

Достықты біз ойлаймыз.

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.

Киім үлгісі.

Ал. Енді сіздердің тамашалайтыңдарыңыз жаңа үлгіде жасалған киім үлгісі. «Гүлдер» тобы қарсы алыңыздар.

Хор: «Бөбектер әні»

Мұғалім: Құрметті қонақтар, біздің «Ана - өмірдің гүлі» атты салтанатты жиынымыз аяқталды. Сіздерге көптен - көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Енді сөз кезегін ата - аналарға, ұстаздарға берелік.


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған 8 наурыз - Ана өмірдің гүлі мерекелік сынып сағаты сценарийі
Ана - өмірдің шуағы: балабақшадағы 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
№212 мектеп-гимназия 3 В сыныптың 8 Наурызға арналған Ана - өмірдің гүлі мерекелік-әдістемелік жоспары (2010-2011 оқу жылы)
Ана - өмірдің шуағы: балабақша мен мектепке арналған 8 наурыз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Жас ұстаздарға арналған педагогикалық ұстанымдар және Ана - өмірдің тірегі мерекелік бағдарламасы
Әліппемен қоштасу: бастауыш сыныптарға арналған мерекелік сценарий
Тілашар тойы: бастауыш сыныптарға арналған мерекелік сабақ
8 наурызға арналған Аяулы да жан Ана балабақша мерекелік сценарийі
Әліппе саған мың алғыс: бастауыш сыныпқа арналған ертеңгілік сценарийі
9-11 сыныптарға арналған Жаңа жылға саяхат мерекелік кешінің сценарийі (2013)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz