Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Үнді мемлекетінің құрылуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
Негізгі орта білім беру деңгейінің
«Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(5–9-сыныптар)
Астана 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013
жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10
сәуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Адам және
қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 79 б.
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта
білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық
деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан
тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы
бойынша білім беру.
3. Қойылған мақсаттарға сай пәнді оқытудың келесі міндеттері
орындалуы тиіс:
1) оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;
2) Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;
3) оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи
оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай
білу дағдыларын қалыптастыру;
4) оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті
өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға
салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;
5) оқушылардың қазақ және басқа да халықтардың мәдени мұраларына
қызығушылығын қалыптастыру;
6) оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен
қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына
мүмкіндік беру.
4. Келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
1) «Дүние жүзі тарихымен»:
Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі;
Қазақстан тарихын оқытқанда көршілес мемлекеттердің тарихымен
байланысты қарастырылатын ортақ мәселелерді қарастыру;
2) «Географиямен»:
Қазақстан территориясының және шекарасының анықталу кезеңі;
Қазақстан территориясында әкімшілік-территориялық реформалардың
жүргізілуі;
Қазақстан территориясының ландшафты, климаты, жануарлар мен өсімдіктер
әлемін, пайдалы қазбаларын зерттеген түрлі экспедициялар қызметі;
3) «Қазақ әдебиетімен»:
Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының көркем шығармаларды жазуда
тарихи оқиғалармен байланыстыруы;
ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының шығармашылықтарын білу;
4) «Орыс әдебиетімен»:
орыс ақын-жазушыларының шығармаларында қазақ қоғамының көрініс табуы;
орыс ақын-жазушыларының шығармаларындағы қазақ халқының өміріне
байланысты зерттеу материалдарын білу;
5) «Бейнелеу өнерімен»:
бейнелеу өнерінің дамуы;
қазақтардың қолданбалы қолөнер туындыларының тарихы;
ХVІІІ – ХІХ ғғ. суретшілер еңбегіндегі Қазақстан тақырыбы;
6) «Музыкамен»:
музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалармен байланыстылығы;
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды баяндауда музыкалық
шығармалардың дерек көзі ретінде қызметі;
музыка өнерінің тарихы, әнші-сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы.
5. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 6-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
3) 7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
4) 8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
5) 9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат.
2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
6. «Тарих әлемі» (2 сағат):
тарих туралы түсінік, тарихты зерделеу не үшін қажет, Қазақстан
тарихы–дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, Қазақстан тарихының кезеңдері
(ежелгі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі заманғы тарих);
тарихи жәдігерлер, тарихи жәдігерлердің түрлері (ауызша, жазбаша,
археологиялық), заттай, жазбаша жәдігерлер.
7. «Тарихқа саяхат» (14 сағат):
адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, адамның
шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар, Қазақстан территориясындағы ежелгі
адамдар;
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі, палеолит – ерте тас
дәуірі, ежелгі еңбек құралдары, адамдарды топтасып өмір сүруі, табиғат, ауа
райы, мұз басу, мезолит – орта тас дәуірі, күннің жылынуы, мұздықтардың
еруі, кішігірім, жүйрік аңдарды аулауға арналған садақ пен жебені және
бумарангты ойлап табу, жеке аң аулау, жаңа еңбек құралдарының пайда болуы,
неолит – жаңа тас дәуірі, микролиттік мәдениет, мал шаруашылығы мен
егіншіліктің қалыптасуы;
Қазақстан территориясындағы қола дәуірі (алғашқы металдар, қоланы
пайдалануды үйрену), андронов мәдениеті, қола дәуіріндегі тайпалардың
шаруашылығы, қола дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті;
сақ тайпалары, сақтар – ежелгі Қазақстанды мекендеушілер, сақтар
туралы парсы және грек жазбалары, сақтардың тұрмысы, шаруашылығы, олардың
әдет-ғұрыптары, сақ билеушілері, сақтардың басқару жүйесі, Томирис пен
Зарина – сақтардың атақты патшалары (ханшайымдары), сақтардың тәуелсіздік
үшін күрестері, парсылармен соғысы, Шырақтың ерлігі, сақ мәдениеті, «Алтын
адам» – қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасы;
Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары мөде – ғұн мемлекетінің
негізін қалаушы, ғұндардың тарихы, ғұндардың шаруашылығы, тұрмысы,
халықтардың ұлы көші, Аттила (Еділ) – ұлы жаһангер;
Қазақстан территориясындағы көне түркілер («түркі» түсінігі), Түркі
қағанатының құрылуы, Бумын қаған – Түркі қағанатының негізін қалаушы, көне
түркілердің тұрмысы және қызметі, көне түркілердің мәдениеті, діни
түсініктері, көне түркі жазбалары;
Шығыс даналары (әл-Фараби – шығыстың көрнекті ойшылы» Аристотельден
кейінгі екінші ұстаз, Ж. Баласағұн);
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы орта ғасырлардағы Қазақстан
қалалары, қалалардың құрылысы, ірі қалалар (Түркістан, Сығанақ, Сайрам,
Тараз);
монғол шапқыншылығы, монғолдар қазақ даласында, Отырар – қаһарман –
қала, (Отырар қорғанысы. Отырардың күйреуі);
қазақ халқының және Қазақ хандығының құрылуы, «қазақ» терминінің пайда
болуы және маңызы, Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың құрылуы, Әбілхайыр хан
мемлекеті, Керей мен Жәнібек сұлтандардың бөлінуі және өздерінің руларымен
Моғолстан территориясына қоныстануы, қазақ хандығының құрылуы, жүздердің
қалыптасуы, Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі;
қазақ хандары, билері және батырларының тарихы, хан – ел билеушісі,
аңызға айналған қазақ хандары (Алаша хан, Уыз (Оғыз хан), қазақ хандары –
Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуке), қазақ қоғамындағы
билердің рөлі, билер – дана, шешен, қазылар, қазақ қоғамындағы батырлардың
алатын орны, ХVІІІ ғасырдың ұлы батырлары;
Қазақстан және Ресей қазақ-жоңғар соғысы, Қазақстанның Ресейге
қосылуы, Әбілхайыр ханның Ресей құрамына кіруге ұмтылысы, Кіші жүз
қазақтарының Ресей империясының құрамына қабылдануы, А.Тевкелевтің
елшілігі;
Абылай хан, өмірі мен саяси қызметі;
қазақ ағартушылары, қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов, (Ш.Уәлихановтың
өмірбаяны, Омбыдағы кадет корпусында білім алуы, Ф.М.Достоевскиймен
достығы, Қашғарға сапары), Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін
салушы (Абайдың балалық шағы. Абай – сазгер, Абай өлеңдері, қара сөздері),
Ыбырай Алтынсарин – ғалым-ағартушы, (Ы.Алтынсарин педагог, Қазақстанда
қыздарға білім беретін мектептің негізін салушы);
8. Қорытындылау (1 сағат).
9. «Әсемдік әлемінде» (6 сағат):
қазақ халқының материалдық мәдениет, қазақтардың тұрғын үйлері (киіз
үй, киіз үйдің жиһаздары), қазақ халқының ұлттық киімдері, қазақтардың
қолөнер бұйымдары;
архитектуралық ескерткіштер, Қазақстан территориясындағы ежелгі
құрылыстар, орта ғасырлардағы архитектуралық ескерткіштер (Қозы Көрпеш-
Баян Сұлу, Бабаджа – қатын, Айша бибі, Алаша хан, Сырлытам. Қожа Ахмет
Йассауи кесенелері);
қазақ халқының рухани мәдениеті, қазақ халқының мейрамдары;
наурыз мейрамы (наурыз – жаңа жыл), халық ауыз әдебиеті және қазақ
халқының шешендік өнері (дастан, аңыз-әңгімелер, шежірелер), қазақ халқының
айтыс өнері, шешендердің өнері (Жиренше шешен, Аяз би, Алдар Көсе);
қазақ халқының музыка өнері, күй өнері (Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас,
Қорқыт);
діннің пайда болуы, ежелгі адамдардың діни түсініктері, қазақ халқының
діни наным-сенімі.
10. «Қазақстан ХХ ғасырда» (6 cағат):
Қазақстан Ресей құрамында, 1917 жылы патшаны тақтан тайдыру, 1917 жылы
қазанда большевиктердің билікті алуы, Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы,
азамат соғысы, КСРО-ның құрылуы;
қазақ ұлттық зиялылары (Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов);
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында, КСРО-ға
қарсы Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы, Ұлы
Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі, Қазақстан майдан арсеналы,
Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбектегі ерлігі;
тың игеру (тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері, тың және
тыңайған жерлерді игеру, тың игеру қорытындылары);
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (Қ.И. Сәтпаев – қазақтың
тұңғыш академигі, Қазақ Ғылым академиясының бірінші президенті), «Мәдени
мұра» бағдарламасы;
ғарышты игеру, Қазақстан – ғарыш айлағы (Байқоңыр, Қазақстандық
ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев).
11. «Тәуелсіз Қазақстан» (3 cағат):
Қазақстан – егеменді мемлекет, КСРО-ның құлауы, Қазақстанның
мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы, Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның
тұңғыш президенті;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (мемлекеттік рәміздер
туралы түсінік, қазақ халқының мемлекеттік рәміздері тарихынан, Қазақстан
Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының азаматтарының
конституциялық міндеттері –мемлекеттік рәміздерді құрметтеу);
Астана – Қазақстанның жаңа астанасы (біздің еліміздің бас қаласы),
Қазақстан астаналары (Орынбор, Қызылорда, Алматы), 1997 жыл – Астана
қаласының еліміздің елордасы болып жариялануы;
12. Қорытынды қайталау (2 сағат).
3. Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны
13. Кіріспе (1 сағат).
14. «Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар»
(9 сағат):
алғашқы адамдардың пайда болуы, адамның шығу тегі туралы ежелгі
адамдардың түсінігі, адамның шығу тегі туралы қазіргі көзқарастар,
Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы, адамдар тобыры – алғашқы
адамдардың қоғамдық ұйымы;
ежелгі адамдардың іс-әрекеттері, алғашқы тастан жасалған еңбек
құралдары, тасты өңдеу әдісі, аңшылық, терімшілік;
алғашқы адамдардың өмірі, еңбек құралдарын жетілдіру, палеолиттен
неолитке дейінгі еңбек құралдарын жетілдіру, ұлы мұздықтар, отты қолдану;
Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде (палеолит), төменгі және
жоғарғы палеолит, Қазақстан жеріндегі палеолит дәуірінің тұрақтары, еңбек
құралдары, «саналы адамдардың» пайда болуы;
рулық қауымның пайда болуы (аналық ру, көсемдер, ақсақалдар);
Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде (мезолит), орта тас
дәуірінің ерекшеліктері, микролиттердің пайда болуы, садақ пен жебенің
пайда болуы, олардың адамдар өміріндегі маңызы;
мезолит дәуіріндегі табиғи-климаттық өзгерістер (мұздықтардың еруі,
күннің жылынуы), жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіндегі өзгерістер,
Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары;
қорытындылау.
15. «Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы. Еңбек бөлінісі» (9
сағат):
мезолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер,
рулық қауымның нығаюы, рулардың тайпаларға бірігуі, егіншілік пен мал
шаруашылығының пайда болуы, еңбек бөлінісі;
Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі,
мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу;
қыш өндіру кәсібінің пайда болуы (қыш ыдыстар дәуірі), тоқыма өнері,
тастан, сүйектен жасалған еңбек құралдары;
неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің
тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы;
мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы,
Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия;
энеолит дәуіріндегі еңбек құралдарын жетілдіру қоғамдық еңбек
бөлінісі, патриархаттың бекітілуі, Қазақстан территориясындағы энеолит
дәуірінің тұрақтары;
алғашқы адамдардың қоршаған орта туралы ой-пікірлері (әлем туралы
аңыздар), білімді жинақтау және дамыту, діни наным-сенімдер (анимизм,
тотемизм, фетишизм, магия – алғашқы діни түсініктер);
«пұтқа табынушылық», құдай мен рухқа сену, өнердің тууы, тастағы
суреттер;
қорытындылау.
16. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» (7 сағат):
қола дәуіріндегі Қазақстан, қола дәуірінің ерекшеліктері, қола – мыс
пен қалайының қоспасы, қоладан жасалған еңбек құралдары, Қазақстан
территориясындағы мыс пен қалайы кен орындары, қола дәуірінің кезеңдері
(ерте, орта және кейінгі);
андронов мәдениеті, Қазақстандағы андронов мәдениетінің қоныстары,
андрондықтардың шаруашылығы мен тұрмысы, баспанасы;
қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық
өзгерістер, климаттың өзгеруі, отырықшы және жартылай көшпелі мал
шаруашылығы, кетпенді егіншілік, қыш ыдыс кәсібі, зергерлік өнер, А.Х.
Марғұлан және т.б., Беғазы-Дәндібай мәдениеті;
қоғамдық құрылысы, жеке меншіктің пайда болуы;
қорытындылау.
17. «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» (9 cағат):
көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық, көшпелі мал
шаруашылығының пайда болуы, отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу,
тебіндік жайылым, төрт түлік мал;
киіз үй – көшпелілердің баспанасы (киіз үйдің құрылысы және жасауы),
отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықтар;
көшпелі мал шаруашылығы өмір сүрудің негізі, дәстүрлі мал
шаруашылығындағы көшіп-қону, жайылым түрлері (көктеу, жайлау, күзеу,
қыстау);
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемлекеттер,
сақтар (сақтардың қоныстануы, сақ қоғамы, сақтар туралы алғашқы деректер),
сақтар жайлы Геродоттың айтқандары, сақтар парсы жазбаларында;
сақ тайпаларының қоныстануы, (тиграхауда, парадарайя, хаомаварга
сақтары), сақтар қоғамының құрылымы;
сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы, сақтардың шаруашылығы мен тұрмысына
сипаттама, мал шаруашылығы және егіншілік, темірді пайдалану;
сақтардың тәуелсіздік үшін күресі, Қазақстан аумағына парсы
әскерлерінің басып кіруі, сақ патшасы Томиристің парсы патшасы Кирге қарсы
күресі, Шырақтың ерлігі, Александр Македонский әскеріне қарсы сақтардың
күрес);
сақ мәдениеті, сақ ескерткіштері (Есік және Бесшатыр қорғаны, «Алтын
адам» – сақтардың зергерлік өнері, «Аңдық стиль);
сақ қорғандары (болжамдар, жұмбақ жайлар және жаңалықтар), «Мәдени
мұра» бағдарламасы аясында көне патша қорымдары мен қорғандарын кешенді
түрде зерттеу.
18. «Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар»
(15 cағат):
үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер, үйсін тайпалары,
үйсіндердің қоныстанған жерлері, үйсіндердің қоғамдық құрылысы, гуньмо –
үйсіндердің билеушісі;
үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік,
қолөнер, зергерлік өнер), Қарғалы диадемасы;
үйсіндердің салт-дәстүрі және діни наным-сенімі;
қаңлылар, қаңлылар тарихы туралы қытай және иран жазбалары,
қаңлылардың археологиялық ескерткіштері, (Қостөбе, Көк-Мардан, Пұшық-
Мардан), қаңлылардың қоныстануы, қоғамдық құрылысы;
қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы, (егіншілік, мал шаруашылығы және
қосалқы кәсіптер, металл өңдеу, сауда), қаңлылардың мәдениеті және діни
сенімдері;
ғұндар, ежелгі ғұндар тарихы қытай деректерінде, Мөде шаньюй – ғұн
мемлекетінің негізін салушы, ғұндардың мемлекеттік құрылысы, ғұн
тайпаларының бірігуі;
халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұндардың Батысқа қоныс аударуы, ұлы
әскербасы Аттила (Еділ) және оның жорықтары, ғұн жорықтарының маңызы,
тарихи әдебиеттердегі ғұндардың бейнесі;
ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті (мал
шаруашылығы, егіншілік, қоныстары, кәсіптері), қоғамдық құрылысы,
мәдениеті, зергерлік бұйымдар, «Полихром стилі»;
сарматтар, сарматтардың қоныстануы, савромат, дай тайпалары,
сарматтардың қоғамдық құрылысы, әскери демократия, әлеуметтік теңсіздік;
сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік,
сарматтардың материалдық мәдениеті), археологиялық ескерткіштері, сынтас;
қорытындылау.
19. «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары» (7 cағат):
ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан, Сарыарқа – Ұлы дала,
Сарыарқа тұрғындары – аргипейлер, исседондар, шаруашылығы, маусымдық
жайылымдар, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер, Тасмола археологиялық
мәдениеті, «Мұртты» қорғандар;
ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан, табиғи-климаттық
ерекшеліктері, савроматтар мен аргиппейлер – Солтүстік Қазақстан
тұрғындары, шаруашылығы, мал шаруашылығы және оның ерекшеліктері,
археологиялық ескерткіштер, металл өңдеу;
ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, табиғи-климаттық жағдай және
елді мекендер, Шілікті даласынан табылған патша қорғандары, Берел қорымы,
Шығыс Қазақстан мәдениеті, «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде ежелгі
қалашықтар мен қорымдарға жүргізілген археологиялық зерттеулер;
қорытындылау.
20. «Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері» (7 cағат):
көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру,
тәңірге сенім), Ұлы Жібек жолы, аңдық стильдегі өнер, ежелгі металлургия
орталығы, мемлекеттік басқару жүйесі, жерлеу әдісі, руна жазуы, Білге
қаған, Күлтегін және Тоныкөк жазуы. Эпос);
көшпелілердің киімдері, ат әбзелдері, көшпелілердің сауыт-саймандары
мен қару-жарақтары;
ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі,
мәңгілік өмір сүру идеясы, өлім мен өмір арасындағы күрес, адамзаттың
табиғатпен байланыста өмір сүруі, тепе-теңдік, өмірге құштарлық;
көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері, тәңір, табиғат және ата-
баба рухына табыну, жерлеу рәсімдері;
ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты, антропология деген не, қола
дәуіріндегі адамдардың антропологиялық сипаттамасы, ерте темір дәуіріндегі
адамдардың антропологиялық типі;
21. Қорытынды қайталау (4 сағат).
4. Оқу пәнінің 7- сыныптағы базалық білім мазмұны
22. Кіріспе (1 сағат):
дәуірге сипаттама, орта ғасыр ұғымы, орта ғасыр кезеңдері.
23. «Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан» (11 cағат).
24. «Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер» (6
сағат):
түрік қағанатының құрылуы (жер аумағы, халқы, шаруашылығы және
мәдениеті), Ақыртас – ерте орта ғасырдағы қағанат орталығы;
Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы,
шаруашылығы);
Түргеш қағанаты, Түргештердің шығу тегі, Түргеш қағанатының құрылуы,
сыртқы саясаты, шаруашылығы және мәдениеті, соғдылықтар Жетісуда;
қарлұқ мемлекетінің құрылуы, (жер аумағы, халқы, шаруашылығы, саяси
жағдайы, мәдениеті, түрік жазуының пайда болуы), қағанаттың ыдырауы, Суяб –
қарлұқтардың астанасы;
оғыз мемлекетінің құрылуы (оғыз тайпаларының қоныстанған жер аумағы,
қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы), Қазақстан аумағындағы оғыздар,
олардың шаруашылығы, кәсібі мен қолөнері, Оғыз мемлекетінің ыдырауы,
Жанкент – оғыздар астанасы;
қимақ мемлекетінің құрылу, қағанаттың қоғамдық және саяси жағдайы,
этникалық және тайпалық құрамы, қимақ мемлекетінің ыдырауы, қимақтардың
мәдениеті мен кәсібі;
қорытындылау.
25. «VІ – ІХ ғасырлардағы отырықшылар және көшпелілер мәдениеті» (5
сағат):
көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері, қалалар мен
қоныстар, қала ғимараттары (кесенелер, мешіттер);
көшпелілердің материалдық мәдениеті, оның ерекшеліктері, қолөнер
кәсібі (керамикалық бұйымдар мен ыдыстар жасау, металлургия және металл
өңдеу), сауда, ақша,
сәулет және өнер (архитектуралық құрылыстар, сәндік-қолданбалы өнер);
халық ауыз әдебиеті, жазу және дін (халық ауыз әдебиеті, тіл және
жазу, көне түркі жазуы, араб жазуы), діни наным-сенімдер;
қорытындылау.
26. «Орта ортағасырлардағы Қазақстан» (31 cағат).
27. «Орта ортағасырлық кезеңде Қазақстан территориясында жаңа
мемлекеттердің құрылуы» (4 сағат):
Қарахан мемлекеті, мемлекеттің құрылуы, жер аумағы, қоғамдық құрылысы
және шаруашылығы, жер иелену түрлері, мәдениет, ислам дінін қабылдауы;
наймандар, керейіттер, жалайырлар (тайпалардың орналасуы, қоғамдық
құрылысы және шаруашылығы, тайпа одақтарының өзара қатынастары);
Жетісудағы Қарақытайлар, қоғамдық-саяси құрылысы, алым-салық жүйесі,
сыртқы байланыстары;
Қыпшақ хандығы, этникалық құрамы, жер аумағы, шаруашылығы, саяси
құрылымы және сыртқы байланыстары.
28. «Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы» (4 сағат):
Жібек жолының пайда болуы және оның қызметі, керуен жолдарының
қиылысында орналасқан қалалардағы экономика мен сауданың дамуы;
Жібек жолының Қазақстан территориясынан өтетін басты бағыттары (Жетісу
– Ұлы Жібек жолының шығыстағы негізгі қақпасы. Оңтүстік Қазақстан – Ұлы
Жібек жолының батысқа шығатын негізгі жолдарының бірі);
Ұлы Жібек жолының мәдениетті дамыту және халықтар арасындағы өзара
байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі;
Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы,
(«Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Ұлы Жібек жолының Жетісу аумағындағы
керуен жолы тармақтарын зерттеу).
29. «Х ғ – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті» (7 сағат):
қалалардың дамуы (Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Сайрам, Сығанақ
және т.б. қалалар), қала құрылысындағы сәулет өнері өзгерістері, қорғаныс
құрылысы, қоғамдық құрылыстар, цитадель, базар алаңы, сәулет өнері
ерекшеліктері, («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес орта ғасырлық қалаларды
зерттеу);
қолөнер мен сауданың дамуы, үйге қажетті заттарды жасау, ұсталық
кәсіп, зергерлік өнер, сауда және ақша айналымы;
сәулет өнері мен құрылыстың дамуы, сәндік-қолданбалы өнер, оның
ерекшеліктері, кесенелер, мешіттер, моншалар («Мәдени мұра» бағдарламасы
аясында орта ғасырлық сәулет өнерінің дамуын зерттеу);
дін және мәдениет, діни наным-сенімдер, ислам діні мен араб жазуының
ғылым мен мәдениетке тигізге ықпалы, Отырар кітапханасы, ғылым мен
мәдениеттің өркендеуі (математика, философия, музыка, жаратылыстану, тіл
білімі және т.б.), халық медицинасы;
ғылым мен білімнің дамуы (тіл, ғылым мен әдебиет), түркі тілдес
халықтардың ғылым мен мәдениет жолындағы көрнекті қайраткерлері (Әбу Насыр
әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Ахмет Йасауи);
Махмуд Қашғари, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұн («Мәдени мұра»
бағдарламасына сәйкес ұлттық мәдени орталықтардың құрылысы және әл-
Фарабидің кесенесі туралы зерттеулер);
қорытындылау.
30. «ХІІІ ғ. – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» (10 сағат):
монғол империясының құрылуы, монғол империясының қоғамдық құрылысы,
монғол-татарлар жаулаушыларының Қазақстанға шапқыншылығы, халықтың Шыңғыс
хан әскеріне қарсы қаһармандық күресі, Отырар қорғанысы, монғол ұлыстарының
құрылуы (Жошы мен Шағатай ұлысы), монғол шапқыншылығының зардаптары;
Алтын Орданың құрылуы, Алтын Орданың күшеюі, Алтын Орданың қоғамдық
құрылысы;
Ақ Орда, Ақ Орданың дербестік алуы, жер аумағы мен этникалық құрамы,
ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы;
Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы,
шаруашылығы;
Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай,
Үндістан т.б. елдерге жорықтары), оның салдары;
Ноғай Ордасы, жер аумағы және этникалық құрамы, Сарайшық қаласы – ХІІІ-
ХV ғасырлардағы Ноғай ордасының әкімшілік, экономикалық, сауда және
мәдениет орталығы, мемлекеттің ыдырауы, Солтүстік Қазақстан мен Батыс
Сібірді мекендеген тайпалардың этникалық құрамы, орналасқан жері, ішкі
және сыртқы жағдайы;
Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы;
Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердің әкімшілік
құрылысы, қоғамдық құрылымы, жерді пайдалану және алым-салықтар;
экономикалық жағдайы, мал шаруашылығы және егіншілік, қалалар және
қоныстар, қолөнер;
қорытындылау.
31. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық үдерістер. Қазақ
ұлтының қалыптасуы» (2 сағат):
Қазақстандағы этносаяси үдерістер, халықтардың этникалық құрамы,
этносаяси қауымдастықтардың қалыптасуы, қазақ халқының халық болып
қалыптасуының аяқталуы;
қазақ жүздері, «Алаш» және «жүз» этнонимдері, қазақ, өзбек халқының
бөлінуі, «қазақ» этнонимінің шығуы туралы.
32. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (4 сағат):
материалдық мәдениет, баспана, киім-кешек, әдет-ғұрыптар мен салттар,
қалалықтардың өмірі мен тұрмысы, қолөнер және үй жиһазын жасау, зергерлік
бұйымдар, сауда;
рухани мәдениет, халық ауыз әдебиеті (ертегілер мен аңыздар, ақындар
айтысы, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер), жазу, білім, музыка өнері, қазақ
билері мен күйлері, жыршылық өнер және жыраулар, бақсылық, халық
медицинасы, әлемнің пайда болуы туралы халықтың түсінігі;
қалалық сәулет өнері (кесенелер, Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесі,
Көк-кесене), сәндік-қолданбалы өнер;
қорытындылау.
33. «Кейінгі орта ғасырдағы Қазақстан. Біртұтас мемлекеттің құрылуы»
(21 cағат).
34. «Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы» (3 сағат):
қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары, Керей мен
Жәнібектің қызметі;
мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек (жер аумағы,
халықтың этникалық құрамы), көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы;
қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты, хандықты басқару ісі және
сыртқы байланыстар, біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы.
35. «Қазақ мемлекетінің ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы дамуы және күшеюі» (4
сағат):
Қасым хан, Қасым хан тұсындағы қазақ мемлекетінің күшеюі, Қасым ханның
ішкі және сыртқы саясаты, жер аумағының кеңеюі, халықтың өсуі, Қасым хан
заңдары, Қасым хан – қазақ жерлерін біріктіруші;
Хақназар хан, Хақназар хан тұсындағы қазақ мемлекетінің қуаттылығы мен
саяси өрлеуінің артуы, Хақназар ханның ішкі және сыртқы саясаты;
Тәуекел хан, Тәуекел хан тұсындағы хандықтың ішкі жағдайы, қазақ-өзбек
қатынастары, орыс мемлекетімен байланыстар;
Есім хан, Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты, елдегі ішкі тартыстар
және Тұрсын ханның бүлігі.
36. «ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық
дамуы» (4 сағат):
қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы, дәстүрлі басқару
жүйесі, қазақ ханы, халықтың әлеуметтік құрылымы);
шаруашылығы, көшпелі мал шаруашылығы, көшпелі шаруашылықтың
ерекшіліктері, егіншілік, қолөнер, көшпелілер өркениеті;
қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және оның себептері;
қорытындылау.
37. «ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан» (3 сағат):
қазақ хандығының әлсіреуі, ішкі қайшылықтардың өршуі, орталық биліктің
әлсіреуі, сыртқы жағдайдың қазақ хандығының әлсіреуіне тигізген ықпалы;
Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары, «Жеті жарғы», ұлы билер,
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты;
қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты, қазақ-жоңғар қатынастары,
Сібір хандығымен байланысы, қазақ-орыс қатынастары.
38. «ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (7 сағат):
қазақ халқының мәдениеті, материалдық мәдениеттің жалпы сипаттамасы,
киім-кешек. ұлттық тағамдар;
қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, қазақ фольклоры (ертегілер,
аңыздар, мақал-мәтелдер);
батырлық және лирикалық эпос, әлеуметтік -тұрмыстық дастандар, салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;
тарихи әдебиет (Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», Қадырғали
Жалайри және оның «Жами ат-тауарих» еңбегі);
әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы, ақын-жыраулар
шығармашылығы, халық әншілері мен сазгерлері, музыка өнері, Доспамбет пен
Жиембет жыраулар.
39. Қорытынды қайталау (4 сағат).
5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
40. ХҮІІІ ғасырдың басынан 1914 жылға дейін.
41. «Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси
дамуы (15 сағат):
ХVІІІ ғ. ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығы, қазақ хандығының
ішкі және сыртқы саяси жағдайы, ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ-
башқұрт және қазақ-қалмақ қатынастары;
ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы, жоңғар
хандығы туралы жалпы мәліметтер, жоңғар шапқыншылығының себептері, «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама....» жылдары;
қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі, қазақ жасақтарының
құрылуы, Аңырақай шайқасы, қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ батырлары
(Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Райымбек, Наурызбай, Малайсары),
ХVІІІ ғ. 30- 40 жж. қазақ-жоңғар соғыстары;
Кіші жүздің Ресейге қосылуы, ХVІІІ ғ. дейінгі қазақ-орыс қатынастары,
Бухгольц экспедициясы, Кіші жүз және Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге
қосылуының басталуы, Әбілхайыр хан, А.И.Тевкелев елшілігі, Орынбор
экспедициясы;
ХVІІІ ғ. ортасындағы қазақ хандығы, Ресейдің Қазақстандағы ХVІІІ ғ.
30- 50 жылдарындағы саясаты, қазақ жерлерінің тартып алынуы;
Қазақстанда казак отарлауының күшеюі және әскери шептердің кеңейтілуі,
Қазақстанда ХVІІІ ғ. 40-жылдарында ішкі саяси жағдайдың иеленісуі;
Абылай тұсындағы қазақ хандығы, Абылай хан (тұлға және саясаткер),
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты;
қазақтардың 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына
қатысуы, Кіші жүздегі жер мәселесінің шиеленісуі (көтерілістің басталу
себептері, кезеңдері және барысы, жеңіліске ұшырауы), Көктемір қозғалысы;
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (қозғалыстың себептері,
әлеуметтік негізі, кезеңдері, барысы және нәтижелері), О.Игельстром
реформалары.
ХVІІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың
тарихи маңызы;
ХVІІІ ғ. Қазақстан мәдениеті (қазақтардың материалдық және рухани
мәдениеті), халық ауыз әдебиеті (Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке би және т.б.), Қазақстан тарихын, этнографиясын,
географиясын ресейлік ғалымдардың зерттеуі, ғылыми экспедициялар;
қорытындылау.
42. «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» (14 сағат):
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, Қазақстандағы хандық
биліктің жойылуының себептері, «Сібір қырғыздары туралы Ереже», «Орынбор
қырғыздары жөніндегі Ереже» (Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің
жойылуы);
Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару, әкімшілік басқару мен
территориялық бөліністің жалпы сипаттамасы, ішкі және сыртқы округтардың
құрылуы, салық жүйесінің құрылуы, сот реформасы;
Қазақстандағы ХІХ ғ. бірінші жартысындағы патшалық Ресейдің отарлау
саясаты, Қазақстандағы отарлық биліктің нығаюы, әскери бекіністер мен
шептер салу арқылы отарлау;
Ақмола тарихы, Ақмоланың негізінің салынуы, Ақмола туралы алғашқы
мәліметтер, Ақмола – сауда және мәдениет орталығы;
Бөкей хандығы, Бөкей хандығының құрылуы (территориясы, шаруашылығы,
әкімшілік және саяси жағдайы);
Бөкей және Жәңгір хандар тұсындағы Бөкей Ордасының экономикалық,
әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы;
1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы қазақтар көтерілісі (көтерілістің
себептері, негізгі кезеңдері мен шайқастары), көтеріліс жетекшілері (Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы), көтерілістің жеңілу себептері, тарихи
маңызы;
ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары,
Жоламан Тіленшіұлы (1822-1825 жж.), Қасым Абылайұлы және Саржан Қасымұлы
(1825-1836 жж.) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар (себебі, қозғаушы күші,
көтеріліс барысы), көтерілістердің қорытындылары, тарихи маңызы;
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
(ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, мақсаты және қозғаушы күштері), негізгі
кезеңдері және қозғалыстың басталуы;
Кенесары Қасымұлы (тұлға және саясаткер), Кенесары хандығы;
Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің
шешуші кезеңі, патша үкіметінің ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушыларға
қолданған жазалау шаралары, Кенесарының өлімі, көтерілістің жеңілу
себептері, тарихи маңызы;
қорытындылау.
43. «Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (ХІХ ғ. 40-60 жж.) (6
сағат):
ХІХ ғ. 40-60 жж. Ресей және Ортаазиялық мемлекеттер, ХІХ ғ. 40 –
жылдары қазақтардың Қоқан, Хиуа және Ресеймен қарым-қатынастары, Ресей
империясы әскерлерінің Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын
және Орта Азияны жаулап алуы;
Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы, Жетісуды отарлау
тәсілдері, бекіністердің салынуы, қалалардың (Қапал, Верный, Лепсі, Талғар,
Есік) негізінің қалануы, патша әскерлерінің Әулиеата, Шымкент және т.б.
қалаларды жаулап алуы, қоқандықтардың Жетісудан ығыстырылуы;
Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы, Қазақстандағы
патша әкімшілігінің отарлау саясатының күшеюі, Қазақстан аумағындағы
(Жайықтық, Сібірлік, Орынборлық және Жетісулық) казак әскерлері,
Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы;
қазақ халқының Хиуа үстемдігі мен патша әкімшілігінің отарлау
саясатына қарсы азаттық күресі, Сырдария қазақтарының экономикалық
жағдайының нашарлауы, Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет
Көтібарұлы бастаған көтерілісі (себептері, барысы, тарихи маңызы);
қорытындылау.
44. «Қазақстанның ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті» (6
cағат):
қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мәдениеті
(шаруашылығы, қазақтардың тұрмысы мен тұрғын үйлері, қолөнер, еңбек
құралдары, соғыс қарулары мен сауыт-саймандары), архитектуралық
ескерткіштері, қала мәдениеті;
Қазақстандағы халық ағарту ісі, мұсылмандық білім беру жүйесі
(мектептер мен медреселер), орыс тілінде оқытатын оқу орындары («Азиялық
мектеп», әскери оқу орындары);
Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, географиялық зерттеулер,
Қазақстанның тарихи және этнографиялық зерттелуі, жер аударылған басқа ұлт
өкілдерінің Қазақстанды зерттеудегі рөлі;
қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары, көрнекті
өкілдері (Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Шөже Қаржаубайұлы,
Сүйінбай Аронұлы, Нысанбай Жаманқұлұлы);
музыка өнері, музыка және айтыс өнері (жыраулар, сазгерлер,ақындар);
қазақтардың рухани мәдениеті, дін, қазақ халқының салт-дәстүрлері,
ұлттық мейрамдар.
45. «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан» (12 cағат):
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалар, Қазақстанда реформа
жүргізудің себептері, дала комиссиясы (1865-1867жж.);
1867-1868 жылдардағы «Басқару туралы уақытша ережелер», облыс, уезд,
болыс және ауылдардағы әкімшілік басқарудағы өзгерістер;
Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты, орыс
шаруаларының Қазақстан аумағына жаппай қоныс аударуы, қазақтардың құнарлы
жерлерінің тартып алынуы, олардың ығыстырылуы;
Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік- экономикалық
дамуы, қазақтардың көшпелі шаруашылығындағы өзгерістер, өндіріс орындарының
және жұмысшылардың пайда болуы, Қазақстан өнеркәсібіне ресейлік капиталдың
енуі, темір жолдардың салынуы, қалалар, сауда, жәрмеңкелер, ресейлік банк
бөлімшелерінің пайда болуы;
1860-1870 жылдардағы азаттық күрес, Торғай және Орал облыстарындағы
көтерілістердің себептері мен барысы, Маңғыстаудағы көтеріліс, патшаның
жазалаушы әскерлерінің азаттық күрестің негізгі ошақтарын басуы, көтеріліс
қорытындылары мен маңызы;
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар,
1886 -1891 жылдардағы «Басқару туралы ережелер...», Түркістан және Дала
генерал-губернаторлықтары, реформалардың мазмұны мен салдары;
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-қытай қатынастары, сауда
қатынасының дамуы ( Бұқтырма, Петропавл, Семей бекіністерінің Шыңжаңмен
сауда жүргізетін орталықтарға айналуы), Жетісуға ұйғырлар мен дұңғандардың
қоныс аударуы;
қорытындылау.
46. «Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеті» (7
cағат):
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанды зерттеу
(Семенов–Тянь–Шанский, Г.Н.Потанин, В.В. Радлов зерттеулері), өлкені
этнографиялық зерттеу ( М.Шорманұлы, М. Бабажанұлы, А.Диваев);
1860-1870 жылдардағы оқу-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар, 1860
-1870 жылдардағы Қазақстандағы жер аударылған революционерлердің қызметі,
кітапханалардың ашылуы, діни және зайырлы білім беру мекемелері, жадидиттік
және жаңа әдістемелік мектептер;
Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж) – қазақтың ұлы ғалымы, Ш.Уәлихановтың
өмірі мен ғылыми қызметі, Қашғарияға саяхаты, Ш.Уәлихановтың өмірінің соңғы
жылдары;
Ы. Алтынсарин (1841 – 1889 жж.) – ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам
қайраткері, Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, халық ағарту
саласындағы қызметі, ғылыми-этнографиялық зерттеулері, «Қырғыз
хрестоматиясы»;
Абай Құнанбайұлы (1845-1904 жж.), Абайдың өмірі мен шығармашылығы,
Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, Абай
– аудармашы;
бейнелеу өнері және музыка, белгілі суретшілердің шығармаларындағы
Қазақстан тақырыбы (Т.Шевченко, В.Верещагин, Н.Хлудов), музыка өнері, қазақ
күйшілері (Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Даулеткерей
Шығайұлы және т.б.);
қорытындылау.
47. «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» (8 cағат):
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-
демографиялық дамуы, 1897 жылғы І Бүкілресейлік санақ, халық санының
динамикасы, халықтың этникалық құрамы;
ХХ ғ. басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы, қазақтардың көшпелі
мал шаруашылығы, егіншілік, Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың
Қазақстанға жаппай қоныстануы;
ХХ ғ. басындағы Қазақстан өнеркәсібіндегі шетел капиталы, өңдеу, тау-
кен өндірісі және тасымалдау, қалалар, сауда, жәрмеңкелер, темір жолдардың
құрылысы;
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай, 1905-1907 жж. революция
кезіндегі жұмысшылар және аграрлық қозғалыстар, Қазақстандағы реакция
жылдары. Қазақстандағы әлеуметтік-демократиялық, эсер және кадет топтары.
ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті, білім, ағарту, ғылым, әдебиет,
музыкалық өнер, Қазақстанның дәстүрлі қолөнері мен өнері.
қорытынды қайталау.
6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық мазмұны
48. ХХ ғасырдың басынан қазіргі кезге дейін.
49. «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» (6 сағат):
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер,
Қазақстандағы панисламизм және пантүркішілдік, Қазақстандағы ұлттық-
демократиялық қозғалыстар, Мемлекеттік Дума жұмысына қырғыз (қазақ)
облыстарынан өкілдердің қатысуы (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М. Шоқай), саяси басылымдардың дамуы («Қазақ»
газеті, «Айқап» журналы);
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік
соғыс және 1916 ж. 25 маусымдағы «бұратаналарды» тыл жұмысына алу туралы
Жарлық, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, ұлт-азаттық
қозғалыстың негізгі кезеңдері, таралған аудандары, әлеуметтік негізі;
қозғалыстың басшылары (А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, С.Меңдешов), 1916
ж. қазақтардың азаттық қозғалысында жеңілуі және қозғалыстың тарихи маңызы;
1917 жылғы революциялар аралығындағы Қазақстан, Ресейдегі 1917 ж.
ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның қазақстандық қоғамға
тигізген әсері, уақытша үкімет және билік құрылымын қайта құру, жұмысшы,
солдат және шаруа депутаттары Кеңестерінің құрылуы;
Қазақстандағы бүкілресейлік саяси партиялардың қызметі, жалпықазақ
съезінің шақырылуы (1917 ж. сәуір-шілде);
«Алаш» партиясы, Ресей кадет партиясының ұлттық филиалын құру әрекеті,
«Қазақ» газеті және ұлттық-демократиялық қозғалыстар;
І Жалпықазақ съезі (1917 ж. шілде) және «Алаш» партиясының құрылуы,
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы, «Алаш» партиясының жетекшілері
(Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т. б.).
50. «1917-1941 жылдардағы Қазақстан» (22 сағат):
Қазақстанда кеңестер билігінің орнауы, 1917 ж. Ресейдегі және
Қазақстандағы қазан социалистік революциясы, Қазақстанда (Торғай, Орал,
Ақмола, Семей, Сырдария облысы, Жетісу және Бөкей ордасында) кеңес
билігінің орнауы;
қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы, Қазақстандағы РСДЖП-ның социал-
демократиялық ұйымдары;
Қазақстандағы ұлттық автономиялар, Түркістан (Қоқан) автономиясы,
Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезі (1917 ж. желтоқсан), «Алаш» қазақ облыстары
автономиясының құрылуы, «Алашорда Халық Кеңесі» үкіметінің қызметі;
Азамат соғысы және шетелдік интервенция жылдарындағы (1918-1920 жж.),
Қазақстандағы соғыс қимылдары, Чехословак корпусының бүлігі, Қазақстанда
атаман Дутов бастаған соғыс қимылдарының басталуы, Қазақстандағы Колчак
әскері, соғыс майдандарының құрылуы, Колчак әскерлерінің талқандалуы және
соғыс майдандарының жойылуы (Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин);
Кеңес билігі мен «Алашорда» үкіметінің қарым-қатынасы, «Алаш» партиясы
мен «Алашорда» үкіметінің большевиктермен күресте жеңілу себептері;
«әскери коммунизм» саясаты, жер және өнеркәсіп орындарын ұлттандыру,
«әскери коммунизм» саясаты (1918-1920 жж) (мақсаты және мазмұны), «әскери
коммунизм» өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында, «әскери коммунизм»
саясатының Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері мен салдары, 1921 жылғы жұт
пен аштық, Қазақстандағы шаруалар толқулары (1920-1922 жж.);
Қазақ кеңес мемлекеттілігінің құрылуы, Қырғыз (Қазақ) Кеңестік
автономиясын құруға дайындық жұмыстары, Қырревком (Қырғыз (Қазақ) өлкесін
басқару жөніндегі революциялық комитет) және оның қызметі;
1920 ж. 26 тамыздағы Кеңес үкіметінің «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы
Кеңестік Социалистік Республикасын (РКФСР құрамында) құру туралы» Декреті,
Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі, «Қырғыз (Қазақ) АКСР
еңбекшілері құқықтарының Декларациясын» қабылдау және оның мазмұны;
Қырғыз (Қазақ) АКСР-ы аумағының қалыптасуы, 1920 ж. Қырғыз (Қазақ)
АКСР-ның территориясы, Түркістан АКСР-і және Орта Азия республикаларының
ұлттық-мемлекеттік аумақтарының анықталуы, Жетісу және Сырдария
облыстарының Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрамына енуі;
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) (1921-1925 жж.), жер-су
комитеттерінің құрылуы, оның қызметі және 1921 ж. жер-су реформасы, жаңа
экономикалық саясат (мақсаты және мазмұны), Қазақстандағы жаңа экономикалық
саясат, жаңа экономикалық саясаттан бас тарту және оның қорытындылары;
1920-1930 жж. Қазақстандағы индустрияландыру, Қазақстандағы
социалистік индустрияландырудың мәні мен ерекшелігі, Қазақстандағы табиғи
байлықтарды зерттеу және игеру, Қ.И. Сәтбаев;
Қазақстандағы ірі кәсіпорындарының құрылысы мен ауыр өнеркәсіп,
Түрксіб құрылысы, жұмысшы табының өсуі, бірінші бесжылдықтағы
Қазақстандағы индустрияландырудың нәтижесі;
Қазақстандағы «Кіші Қазан», «Кіші Қазан» (мазмұны және тәжірибеде
жүзеге асуы), ауылдарды «кеңестендіруге» бағыт алу, жайылымдық-шабындық
жерлердің қайта бөлінуі, бай шаруашылықтардың тәркіленуі, Ф.И.Голощекиннің
саяси портреті, 1926-1928 жж. қазақ зиялыларына қарсы қуғын-сүргін
шараларының күшеюі;
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, күштеп ұжымдастырудың
сталиндік моделі, мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі және жартылай
көшпелі шаруашылықтарды күштеп отырықшыландыру, Қазақстандағы
ұжымдастырудың қарқыны және барысы, 1928-1930 жж. астық және ет өнімдерін
дайындау науқаны, Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың экономикалық салдары;
1931-1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30-ж. Қазақстандағы қасірет,
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары,
Қазақтардың республикадан тыс аймақтарға жаппай қоныс аударуы;
қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және Кеңес үкіметінің жазалау
шаралары, ұлт зиялыларының ұжымдастыруды жүргізу тәсілдеріне қатысы және
олардың қоғамдық-саяси көзқарастары, «Бесеудің хаты»;
1920-1930 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер, шаруаларға қарсы
және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының
мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау, 1937 – 1938
жылдардағы жаппай жазалау шаралары;
Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері (Степлаг,
Қарлаг, АЛЖИР және т.б.);
1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті, халық ағарту ісі, ересектер
арасындағы сауатсыздықты жою, қазақ жазуының араб әліпбиінен латынға
ауысуы, орыс жазуы негізінде жаңа әліпбидің енгізілуі, ғылым, жоғары оқу
орындары, КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы (1932 ж.) және
филиалы, Қ.Сәтпаевтың Қазақстан ғылымының дамуындағы орны мен рөлі,
Қазақстандық ғалымдар және олардың ғылымдағы жетістіктері;
әдебиет (Ж.Аймауытов, А. Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердиев, М. Дулатұлы, М.
Жұмабаев, Б. Майлин, И. Жансүгіров, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов,
Ғ. Мұстафин және т.б. шығармалары), өнер, театр, кино, бейнелеу өнері және
оның қайраткерлері, мәдениет саласындағы кеңестік идеология (әдістері және
салдары);
қорытындылау.
51. «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан»
(6 сағат):
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында, Ұлы Отан соғысының басталуы,
Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери құрамалар;
қазақстандықтардың Мәскеу, Сталинградты қорғау шайқастарына, 1943-1944
жылдардағы шабуылдарға қатысуы, Кеңес әскерінің Еуропаны азат етуі,
қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары;
Қазақстан – соғыс арсеналы, экономиканың соғыс жағдайына ауысуы, Ресей мен
Украинадағы өнеркәсіп кәсіпорындардың Қазақстанға көшірілуі;
Қазақ КСР-нің әскерді және елді металл, шикізат, азық-түлік, ауылшаруашылық
өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі, қазақстандықтар – тыл қаһармандары;
КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау, бірінші кезең – 1937-1938 жж.,
Қиыр Шығыстан кәрістерді, 1940 жылы поляктар мен Балтық маңы халықтарын
депортациялау, екінші кезең – 1941 жылы немістерді депортациялау, үшінші
кезең – 1943-1944 жылдары қарашайлар, ингуштер, шешендер, қырым татарларын
және т.б. күштеп қоныс аудару;
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР-нің мәдениеті, Ресейлік ЖОО мен
ғылыми мекемелерінің Қазақстанға көшірілуі, ғылым мен мәдениет – майданға,
КСРО ҒА қазақстандық филиалы мен КСРО ҒА Қазақстан табиғи қорларын зерттеу
бойынша Комиссияның қызметі;
әдебиет (М. Әуезов, Ж. Жабаев, Д.Снегин, И.Шухов және т.б.), өнер,
театр, кино, Мәскеу және Ленинград киностудияларының Алматыға көшірілуі,
Қазақстандық кинематографияның қалыптасуы, «Қазақфильм» киностудиясы;
қорытындылау.
52. «Қазақстан 1946 – 1991 жылдарда» (18 cағат):
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1953 жж.», Қазақ КСР-ның
әлеуметтік-экономикалық дамуы, аймақтың табиғи кен-байлықтарын игеру және
өнеркәсіптің дамуы, Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығындағы дағдарысты
құбылыстар;
Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты, Қазақстандағы қоғамдық-
саяси өмір, Е. Бекмаханов ісі);
«Хрущев кезеңіндегі» Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, Қазақ КСР-і
өнеркәсібінің дамуы, 1957 жылғы реформа (салалық принциптен аумақтық
принципке ауысу, совнархоздардың құрылуы);
Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен, атомдық полигонның салынуы
және Семейде ядролық сынақтардың жүргізілуі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы;
«Тың эпопеясы», Н.Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа курсы» және оның
Қазақ КСР-де жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру,
тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары;
1954-1965 жж. республикадағы қоғамдық-саяси өмір, 1950 жылдың ортасындағы
сталинизмнен бас тарту әрекеті, «Хрущев жылымығы», Қазақстандағы билік
басындағы дағдарыс, Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға;
Қазақстанның 1965-1985 жж. әлеуметтік-экономикалық дамуы, 1965 жылғы
өнеркәсіптегі реформа, 8-бесжылдық (1966-1970 жж.) қорытындылары;
экономиканың шикізаттық бағыты, Қазақстан КСРО-ның түсті металл, отын-
энергетика, химия өнеркәсібінің негізгі базасы ретінде, өндіріс дамуының
экстенсивті сипаты;
ауыл шаруашылығындағы 1970-1980 жж., дағдарысты құбылыстар, ауыл
шаруашылығын көтеруге бағытталған шаралар, 1982 жылғы азық-түлік
бағдарламасы, өнеркәсіп озаттары, «Тоқырау» кезеңіндегі қазақстандықтардың
материалдық жағдайы;
1965-1985 жж. саяси өмір және ұлттық саясат, саяси өмірдегі мәселелер,
ауыртпалықтар және қарама-қайшылықтар, Қазақстан компартиясының қызметі,
кәсіподақтар, комсомол, Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы;
ұлттық саясаттағы деформациялар, республикалардың егемендігінің шектелуі,
1979 ж. Целиноградтағы оқиға;
Қазақстандағы «Қайта құру», КОКП ОК-нің сәуір пленумы және қайта құру,
Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер, Қазақстандағы 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасы (себептері, барысы және салдары), КОКП ОК-нің (1987ж.
шілде) «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық
және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» қаулысы, 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасына қатысушыларды жазалау шаралары;
1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы, Қарағанды кеншілері ереуілінің себептері мен
сипаты, «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі жайлы Декларация» (1990 ж.
қазан), 1991 жылғы «тамыз бүлігіне» дейінгі және одан кейінгі кеңестік
саяси жүйедегі реформалар, КСРО-ның таралуы;
1946-1991 жж. әлеуметтік-демографиялық үдерістер, Қазақстандағы халық
санақтары мен халық саны, этникалық құрамы, қазақстандық қоғамның
әлеуметтік құрылымы;
Қазақстандағы экологиялық мәселелер, атомдық, ракеталық және басқа да
полигондар қызметінің салдары, экологиялық апат аймақтары, Арал және Балқаш
мәселелері жөніндегі комитет;
Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар, «Невада-Семей» антиядролық
қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» (СНЕК) ұлтаралық
қозғалысы, 1991 жылғы Орал қаласындағы оқиға;
1946-1980 жылдардағы Қазақстандағы мәдениет, білім, міндетті сегізжылдық
және жалпыға бірдей орта білім, білім беру жүйесінің мамандармен және
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, 1984 жылғы жалпы білім беру және
кәсіптік мектептерді реформалау;
әдебиет (Ә. Нұрпеисов, Б. Момышұлы, І. Есенберлин, О. Сүлейменов, М.
Шаханов және т.б. Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж.
Аймауытов, М.Дулатов), ақын-жазушылардың мұраларының қайта жаңғыруы (1988
ж.), өнер, театр, кино, әдебиет және өнер салаларының идеологиядан арылуы);
қорытындылау.
53. «Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және нығаюы» (16
cағат):
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан), Президенттік басқару
институтының қалыптасуы, Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің
сайлауы (1991 жыл 1 желтоқсан), Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздері мен наградалары, Қазақстан Республикасының Конституциялары;
Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы, қоғамдық қозғалыстар және
ұйымдар, Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы және дамуының
негізгі кезеңдері, «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстан
коммунистік партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, социал-
демократиялық және басқа саяси партиялар;
қоғамдық қоғалыстар мен ұйымдардың қалыптасуының негізгі кезеңдері,
үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) құрылуы және қызметі, Қазақстандағы
қоғамдық және кәсіподақ қозғалысы, қоғам қайраткерлері (О.Сүлейменов,
М.Шаханов және т.б.);
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары, «Қазақстан –
2030» және «Қазақстан – 2050» стратегиялары, «Қазақстан – 2030»
стратегиясы» бүкіл қазақстандықтардың экономикалық әл-ауқатын жақсарту,
гүлденген және саяси тұрақты мемлекет орнату, ұзақ жылдарға арналған басым
мақсаттар мен стратегиялық дамулар, «Қазақстан – 2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, тарихи маңызы, Президенттің
Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары;
1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация, бүкілодақтық
интеграциядағы Қазақ КСР-ның орны және рөлі, жоспарлы экономиканың
дағдарысы және нарыққа көшу, Қазақстанның табиғи ресурстары, экономикалық
реформалардың стратегиясы, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық
модернизацияның негізгі кезеңдері, экономиканың босатылуы (ырықтануы),
ұлттық валютаның енгізілуі, Қазақстан экономикасының ғасырлар тоғысындағы
тұрақтануы (1998-2011 жж.), Қазақстанның инвестициялық саясаты және
шетелдік инвестициялар, банк жүйесі;
ХХІ ғасырдағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы, индустриалды-
инновациялық стратегиясын дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы жасау,
кәсіпкерлікті дамыту, кіші және орта бизнес, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі
өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, Қазақстанның әлемдік экономикаға бірігуі,
әлемдік қаржы дағдарысы және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, 1990 жылдардағы дағдарыс
жағдайындағы әлеуметтік сала, 2000-жылдардағы әлеуметтік саланың дамуы,
зейнетақы жүйесінің реформасы және зейнетақы қорлары, «жол картасы»
мемлекеттік бағдарламасы, тұрғын-үй құрылысы;
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі, Қазақстан Республикасын
халықаралық аренада тануы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы
негізгі басым бағыттары, Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар
жүйесінен орын алуы, Қазақстан Республикасының ядролық қарудан бас тартуы
және оның тарихи маңызы;
Қазақстанның көрші елдермен байланыстары, Қазақстан және Ресей
ынтымақтастығы, Қазақстан және Қытай халық республикасы (ҚХР);
саясаттағы көп векторлық және стратегиялық одақтастық (Қазақстан және
АҚШ, Қазақстан және Еуроодақ елдері Қазақстан-Германия, Қазақстан-Франция,
Қазақстан-Ұлыбритания байланыстары, Қазақстан және түркі әлемі елдері);
Қазақстан және халықаралық ұйымдар, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға
мүше болуы, Қазақстан және ТМД), Қазақстан – БҰҰ-ның белсенді мүшесі,
Қазақстанның Еуроодақ және ЕҚЫҰ-дағы ұстанымының нығаюы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-
на және Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалық етуі;
Қазақстан Республикасының аймақтық халықаралық ұйымдармен
байланыстары, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ОЭК және басқалармен интеграциялық
үдерістер;
Қазақстан Республикасының білім жүйесін реформалау және ғылымды дамыту,
Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдары мен заңы, Қазақстан
Республикасының білім жүйесінің даму кезеңдері, Қазақстан Республикасындағы
жоғары білім беру, білім саласындағы халықаралық байланыстар, «Болашақ»
мемлекеттік бағдарламасы, 2007-2015 жж. Қазақстанда ғылымды дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы, ұлттық ғылыми орталықтардың құрылуы;
ХХ ғасырдың соңы – XXI ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетінің
дамуы, кеңес мемлекеті ыдырағаннан кейінгі қазақ мәдениетінің қайта
жандануы және дамуы, Қазақстандағы ұлттық мәдениеттер байланысы;
әдебиет, музыка өнері, театр, кино өнері, XXI ғасырдың басындағы
өнердің басқа да жанрлары, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, қазіргі
ақпараттық мәдениет;
Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының бірінші Президенті,
Н.Ә.Назарбаевтың саясаткер, ойшыл, қоғам қайраткері болып қалыптасуы,
Елбасы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Президенттің рөлі,
Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы;
Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы, Астананың көшірілуі,
жаңа Астананың құрылысы, жаңа астананың құрылуының тарихи маңызы.
Қорытынды қайталау.
7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
54. Пәндік нәтижелер. 5-6 сыныптың соңында оқушылар:
1) тарих пәнін, археологиялық және жазба деректерді;
2) ауа-райының адамдардың өміріне және шаруашылық қызметіне әсерін;
3) уақыт сызығын, тарихтағы жыл санауды;
4) алғашқы адамдардың тұрақтарын;
5) ежелгі Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды, тарихи тұлғаларды;
6) тарихи Отан ұғымын;
7) Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді;
8) мемлекет, мемлекеттік рәміздер тарихы туралы білуі тиіс.
55. 5-6 сыныптың соңында оқушылар:
1) жыл мен ғасыр арақатынасын, тарихтағы жыл санаудағы ұзақтық пен
жүйелілікті орната білуді;
2) картадан тарихи объектілерді көрсете білу, географиялық жағдайды
сипаттай алуды;
3) ежелгі адамдардың кәсібін, өмірі мен тұрмысын суреттей алуды;
4) ежелгі сәулет және өнер ескерткіштерін суреттей білуді;
5) Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалардың өзара
байланысын талдауды;
6) оқу материалдарының мазмұнын өз сөзімен әңгімелеуді, тарихи
оқиғаға өз бағасын бере білуді;
7) оқулықтағы мәтінінен негізгісін таба білуді;
8) мәтін мазмұнына сай қысқаша жоспар құра білуді;
9) тарихи терминдерді қолдану және оларды түсіндіре білуді;
10) басқа оқушылардың жауаптарына өз көзқарасын білдіруді меңгеруі
тиіс.
56. 7-8 сыныптың соңында оқушылар:
1) ортағасырлар кезеңіндегі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық
дамуын;
2) Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің құрылуы мен дамуының
ерекшеліктерін;
3) моңғол және жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрестегі,
мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды;
4) Қазақстан халқының мәдениеттегі жетістіктерін;
5) ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді;
6) жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының хронологиялық шегін;
7) ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайын;
8) қоғамның әлеуметтік құрылымы мен басқару жүйесін, шаруашылығын;
9) ұлт – азаттық қозғалыс тарихындағы маңызды оқиғаларды;
10) ұйғырлар мен дұңғандардың Жетісуға қоныс аударуының себептерін;
11) ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан мәдениетін білуі тиіс.
57. 7-8- сыныптағы оқушылар білуі тиіс:
1) орта ғасырлардағы халықтың өмірі мен тұрмысын мазмұндауды;
2) тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасай білуді;
3) түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіре білуді;
4) хронологиялық, синхронды кестелер жасауды;
5) орта ғасырлардағы қалалардың экономикалық, саяси және мәдени
дамуын түсіндіре білуді;
6) адамзат дүниетанымының қалыптасуындағы діннің рөліне баға бере
білуді;
7) қоғамның мәдени және рухани дамуында ислам рөліне баға беруді;
8) мәтінді талдау, негізгісін анықтай білуді;
9) оқу мәтініне жоспар жасай білуді;
10) маңызды тарихи оқиғаларға, тарихи қайраткерлерге, әлеуметтік
топтарға мінездеме бере білуді;
11) күнделікті мәселелерді шешуде алған білімдерін пайдалана
білуді;
12) аргументті түрде өз ұстанымын дәйекті дәлелдей алуды;
13) хабарламалар мен баяндамаларды орындауды;
14) тақырыпты оқып меңгеруі барысында тарихи картаны пайдалануды;
15) берілген тақырыптың мазмұнына конспект құра білуді;
16) тест сұрақтарымен жұмыс істеуді;
17) өздігінен қосымша материалдар іздеуді (интернет, кітапхана
және т.б.) меңгеруі тиіс.
58. 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) отан тарихының біртұтастығы мен жүйелілігін сипаттайтын негізгі
фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды;
2) Отан тарихының кезеңдерін;
3) Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктері мен оның әлемдік
қауымдастықтағы рөлін;
4) тарих беттеріндегі ақтаңдақтарға қазіргі көзқарасты;
5) қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи шарттылығын;
6) Қазақстанның Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы тарихи
дамуын, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі және Азамат соғысы
туралы;
7) «әскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттың саяси мәнін;
8) қазақ мемлекетінің құрылуының басты кезеңдерін, ҚазАКСР мен ҚазКСР-
ның құрылуын;
9) Қазақстанда индустрияландыру мен ұжымдастырудың барысы және оның
қазақ халқына тигізген зардаптарын;
10) тоталитарлық мемлекеттің қалыптасуы және ұлт зиялыларына қарсы
жаппай қуғын – сүргін туралы;
11) Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін;
12) соғыстан кейін Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-саяси дамуын;
13) тың және тыңайған жерлерді игеру себептері, оның Қазақстанға
тигізген салдарын, Қазақстанның «тоқырау» жылдарындағы тарихын;
14) Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы туралы;
15) Егеменді Қазақстанның дамуын білулері тиіс.
59. 9-сыныптағы оқушылар:
1) белгілі бір тарихи тақырып бойынша кеңейтілген әңгіме дайындай
білуді;
2) қазіргі замандағы басты оқиғалардың себебін, тарихи маңызын өздігінен
аша білуді;
3) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре алуды;
4) жаңа тақырыппен өздігінен жұмыс істеуді, ізденіс жұмыстарын жүргізе
алуды;
5) оқыған тақырыбы бойынша өздігінен талдау жасап, ондағы негізгі
мәселені таба білуді;
6) мемлекет тарихындағы оң және келеңсіз құбылыстарға баға бере алуды;
7) белгілі бір мәселелер бойынша өзіндік көзқарасын дәйекті дәлелмен
білдіре алуды;
8) тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді;
9) конспект, кесте, сызбалар құра білуді;
10) тарихи деректерді (деректердің авторын, уақытын, не үшін және оның
құрылу мақсатын анықтауды) талдай алуды;
11) мәтін, карта, кесте, сызба және т.б. түрінде берілген тарихи
материалдарды талдай білуді;
12) тарихи мәліметтердегі фактілерді, пікірлерді, құжаттарды және тарихи
түсініктерді айыра білуді;
13) оқытылып отырған кеңістік және уақыт аралық аясындағы тарихи үдерістер
мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын орната білуді;
14) тарихи мәселелерді талқылауда өз көзқарасын білдіруді, талқыланып
отырған мәселеге тарихи мәліметтерді дәйектей отырып, өз ұстанымын
айта білуді;
15) тарихи материалдармен өздігінен жұмыс істеп, солардың негізінде
рефераттар, конспектілер, пікір жаза білуді;
16) қазіргі өмір жағдайына байланысты тарихи құбылыстарды саралай отырып,
өз ұстанымын анықтай білуді;
17) сырттан алынған әлеуметтік ақпараттарды сыни қабылдауда тарихи талдай
білу дағдыларын қолдана білуді;
18) өз әрекеті мен айналасындағылардың әрекетін тарихи жағдайда
қалыптасқан әлеуметтік мәселеге сәйкес салыстыра білуді;
60. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық
тәртіпке сыйластықпен қараудан;
2) азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды
қорғау мен оған қызмет етуден;
3) мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын
халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен
дәстүрін құрметтеуден;
4) туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда
белсенділік көрсетуден;
5) салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың
қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
6) өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық
еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;
7) үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;
8) әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды,
идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы
тиіс.
61. Жүйелі-іс әрекетте оқушылар:
1) ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми
жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;
2) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана
алуы;
3) танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану
әдістерін;
4) қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;
5) жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті
қолдана білуі тиіс.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы
1.Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес әзірленген.
2. Пәнді оқытудың мақсаты: оқушыларды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге
дейінгі адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра
отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.
3. Пәнді оқытудың міндеттері:
1) оқушыларға дүниежүзi тарихы бойынша маңызды оқиғалар мен
үдерiстер және олардың өзара байланысы мен хронологиялық
сабақтастығы жөнiнде жүйелi бiлiмдi меңгерту;
2) тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлермен
танысу барысында құндылық бағыт-бағдарды қалыптастыру;
3) алған тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу дағдысын
қалыптастыру;
4) оқушылардың тарихи даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіне
отырып, қоғам дамуындағы өзінің бағыт-бағдарын, көзқарастары мен
ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;
5) дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып
оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілікке, бір-біріне
құрметпен қарауға, толеранттылыққа, адам құқығы мен еркiндiгiн,
демократиялық ұстанымдарын құрметтеуге тәрбиелеу;
6) тарихи танымның бастапқы әдiс-тәсiлдерiн меңгерту, әртүрлi дерек
көздерiмен өз бетімен жұмыс iстеуге үйрету;
7) оқушыларды дүниежүзілік мәдени жетістіктерге құрметпен қарауға
тәрбиелеу;
8) қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және
халықаралық проблемаларды талдауға тарихи білімін қолдана алу
қабілетін жетілдіру.
4. Оқу жүктемесінің көлемі:
6 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
7 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
8 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
9 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат.
5. «Дүниежүзі тарихын» оқыту барысында төмендегідей пәндермен
пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
1) Қазақстан тарихы: Ежелгі Қазақстан тарихы. Орта ғасырлардағы
Қазақстан тарихы. Қазақстанның жаңа заман тарихы. Қазақстандағы
қоғамдық-саяси үдерістер.
2) География: тарих қоғамды уақыт аясында ғана емес, сонымен қатар
кеңістік аясында да қарастырады, осы тұрғыдан алғанда тарихи пәндер
географиямен тығыз байланысты болады. Дүниежүзінің саяси картасында
болған өзгерістерді оқытуда оқушылардың географиялық кеңістік
туралы білімдері пайдаланылады
3) Әдебиет: ғылым мен мәдениет тарихының негізгі мәселелерін
түсіндіргенде оқушылардың шетел, орыс және қазақ әдебиетінен алған
білімдерін пайдалану қажет. Сонымен қатар оқытылып отырған кезеңнің
саяси және әлеуметтік бейнесін ашатын әдеби көркем шығармалар да
пайдаланылады.
4) Қазақ, орыс, шет тілдері: тарихи түсініктермен және терминдермен
жұмыс істегенде оқушылардың ана тілі мен шеттілдерінен алған білім,
білік, дағдылары пайдаланылады.
5) Химия және физика: мәдениет, ғылым және техниканың даму тарихын
оқыту барысында оқушылардың атомдық-молекулалық ілім, бүкіләлемдік
тартылыс заңы туралы білімдері және әлемнің физикалық құрылымы
туралы физика мен химия пәнінен алған түсініктері пайдаланылады.
6) Математика: оқушыларға хронологиялық және синхрондық кестелер
жасату барысында олардың математика пәнінен меңгерген абстракциялау
дағдыларын пайдалану қажет.
1. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
6. Кіріспе (1 сағат). Ежелгі дүние тарихы туралы түсінік. Ежелгі дүние
тарихының кезеңдері. Ежелгі дүние тарихының әлем тарихындағы орны.
7. Ежелгі Қосөзен мемлекеттері (3 сағат):
Шумер және Аккад мемлекеттері. Ежелгі Қосөзен. Шумерлік қала-
мемлекеттері. Аккад пен Ур тұсындағы Қосөзен;
Ежелгі Вавилон. Ежелгі Вавилонның өркендеуі. Вавилон - әлемдік сауда
мен мәдени орталық. Хаммурапи заңдары. Ежелгі Вавилонның құлдырауы;
Ежелгі Қосөзен халықтарының мәдениеті. Жазудың пайда болуы. Әдебиет
пен өнер. Гильгамеш туралы дастан. Сәулет өнері. Алғашқы күнтізбе. Діни
наным-сенімі.
8. Ежелгі Египет (3 сағат):
Египетте мемлекеттің қалыптасуы. Ніл алқабының табиғат жағдайы,
халқы. Египеттегі алғашқы мемлекеттер. Патшалар билігі заманы. Перғауындар;
Ежелгі Египеттегі әлеуметтік құрылым. Египеттегі үстем тan өкілдерінің
билігі. Құлдар және олардың шаруашылық өмірдегі ролі. Эхнатон реформалары;
Египеттегі ғылым мен мәдениет. Египеттегі жазу. Дін. Аңыздар. Әдебиет.
Ғылыми білімдердің дамуы. Бейнелеу өнері. Сәулет өнері. Египеттіктердің
тұрмысы мен діни нанымы.
9. Оңтүстік-Батыс Азияның ежелгі мемлекеттер (4 сағат):
Ежелгі Ассирия. Ассирия мемлекетінің құрылуы мен дамуы. Урарту
мемлекеті. Ежелгі Ассирия мәдениеті;
Ежелгі Хетт патшалығы. Кіші Азияның табиғаты. Хетт патшалығының
құрылуы. Хеттердің өмірі мен тұрмысы. Мәдениеті;
Ежелгі Финикия мен Палестина. Финикиядағы қала-мемлекеттерінің дамуы.
Израил-иудейлік мемлекет. Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі
мәдениеті;
Ежелгі Парсы патшалығы. Парсы патшалығының құрылуы. I Дарийдің ел
басқаруы және оның жорықтары. Заратуштра ілімі.
10. Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер (6 сағат):
Ежелгі Бактрия. Бактрияда мемлекеттің қалыптасуы. «Мың қала елі».
Тәуелсіздік үшін күрес. Мәдениеті;
Кушан патшалығы. Кушан патшалығының құрылуы және басқа елдермен сауда
қарым-қатынасы. Патшалықтың күшеюі. Басқыншыларға қарсы күрес, мемлекеттің
ыдырауы. Кушандық өнер мен мәдениет. Діни наным-сенім;
Парфия патшалығы. Парфия патшалығының құрылуы, басқару жүйесі.
Көшпелілер мен парфиялықтардың қарым-қатынасы. Рим - Парфия соғысы;
Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресі.
Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) Орта Азияға басып кіруі,
оған қарсы күрес. Спитаман - даңқты басшы. Орта Азия халықтарының
басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы;
11. Қайталау (1 сағат).
12. Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия (5 сағат):
Ежелгі Үндістан. Ежелгі қалалар мен елді мекендер. Үнді мемлекетінің
құрылуы. Әлеуметтік қатынастар. Шаруашылығы;
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ғылыми білім негіздері. Әдебиет пен өнер.
«Махабхарата» және «Рамаяна» дастандары. Ману зандары. Будда діні;
Ежелгі Қытай . Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы. Қоғамдық кұрылысы
мен шаруашылығы. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және маңызы; Басқыншылық
жорықтар мен халық көтерілістері. Ежелгі Қытай мемлекетінің ыдырауы;
Ежелгі Қытай мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті. Конфуций ілімі. Сыма-Цянь
- Қытай тарихының атасы. Ғылыми білім мен өнер табыстары.
13. Ежелгі Грекия (5 сағат):
Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары. Ежелгі Грекияның географиялық
жағдайы. Крит-Ахей мемлекеттері. Грекияның қала-мемлекеттері;
Афины мемлекеті. Аттикадағы басқару. Афиныдағы саяси-әлеуметтік
қатынастар. Грек-парсы соғысы. Грекияда Македония билігінің орнауы;
Ежелгі Спарта. Спарта мемлекетінің құрылуының себептері мен
ерекшеліктері. Илоттар. Мемлекеттік биліктің қалыптасуы;
Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым. Ежелгі Грекиядағы ғылыми білім.
Әдебиет, математика, медицина, тарих, философия. Грек тарихшылары мен
философтары. Грек мектептері;
Ежелгі Грекия мәдениеті. Грекиялық мерекелер. Олимпиялық ойындар.
Гректердің діни наным-сенімі. Грек аңыздары мен мифтері. Ежелгі грек
театры. Сәулет өнері. Грек мүсіндері;
Ежелгі Македония. Жері мен халқы. II Филипп патша. Александр
Македонскийдің Шығысқа жорығы.
14. Ежелгі Рим (5 сағат):
Патшалық және республикалық билік кезеңіндегі Рим. Апенин түбегінің
табиғи-географиялық жағдайы. Қоғамдық басқару жүйесі. Римнің жаулаушылық
соғыстары. Римдік және провинциялық ақсүйектер;
Рим империясы. Императорлар билігі. Бағынышты аймақтардағы басқару
жүйесі. Шаруашылық пен тұрмыс салты. Империядағы дағдарыс;
Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлауы.
Империядағы ішкі қайшылықтардың шиеленісуі. Ғұндардың Батысқа жорығы.
Готтар мен ғұндардың империя территориясына басып кіруі. Батыс Рим
империясының құлауы;
Ежелгі Рим мәдениеті. Римдегі білім. Рим поэзиясы мен шешендік өнер.
Құкықтық жүйе. Рим қалалары және сәулет, мүсін өнерлері. Христиан дінінің
шығуы. Рим мәдениетінің құндылықтары;
15. Қорытынды қайталау (1 сағат).
3. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
16. «V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін».
17. Кіріспе (1 сағат). «Орта ғасырлар» ұғымы және оның мәні. Орта
ғасырлар тарихының кезеңдері мен хронологиялық шеңбері.
18. Ерте орта ғасыр (V – X ғғ.) (6 сағат).
V–X ғасырлардағы Батыс Еуропа (1 сағат), Герман корольдіктерінің
құрылуы. Остготтық Италия. Франктердің Галлияны жаулап алуы. «Сали
ақиқаты». Франктердің христиан дінін қабылдауы.Ұлы Карл империясы.
Империяның ыдырауы. Империя мәдениетінің дамуы;
V-Х ғасырлардағы Византия империясы және Таяу Шығыс (4 сағат):
Византия империясының құрылуы. Императорлар билігі. Юстиниан және
оның зандары. Славяндардың, арабтардың империя территориясын басып алуы
және олардың орнығуы;
VI – X ғасырлардағы арабтар. Араб тайпалары және олардың географиялық
орналасуы. Мұхаммед пайғамбар. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы. Араб
халифатының құрылуы. Халық көтерілістері. Халифаттың ыдырауы. Ислам
дүниесіндегі мәдениеттің дамуы. Білім беру ici. Әдебиет. Философия. Өнер;
ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар.
Эфталит мемлекеті. Шаруашылық пен мәдениеттің дамуы. Эфталит мемлекетінің
ыдырауы. Ерте орта ғасырлардағы түркі халықтары. Түркі мемлекеттері,
шаруашылығы. Көне түркі жазба ескерткіштері;
ерте орта ғасырлардағы славяндар. Батыс, оңтүстік славяндар, олардың
қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы. Ежелгі Киев Русі. Ярослав Мудрый. Киев
Русінің мәдениеті. Сәулет өнері;
феодалдық құрылыстың негізгі белгілері және ерекшеліктері (1 сағат),
феодалдық құрылыстың ерекшеліктері. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері.
Натуралды шаруашылық. Феодалдық бытыраңқылық. Ерте орта ғасырлардағы
феодалдар. Феодалдардың замогы. Орта ғасырлардағы шаруалар, олардың
тұрмысы. Феодалдық қанауға қарсы күрес.
19. Орта ортағасыр ( ХІ-ХV ғғ.) (17 сағат).
XI – XV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері (7 сағат):
орталықтанған монархиялардың құрылуы. Орталықтанған монархиялық
мемлекеттердің құрылу алғышарттары. Мемлекеттік басқару аппаратының
құрылуы. Король өкіметі, оның қызметі. Дворяндық сослови;
Франция. Француз жерлерінің бірігуі. Жүз жылдық соғыс. Жанна д` Арк.
XI Людовик. Бас штаттар қызметі. Франциядағы абсолюттік монархия;
Англия. Ағылшын парламенті. Англиядағы Алқызыл және Ақ раушандар
соғысы. Шаруалар көтерілісі. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің
орнығуы. Тюдорлар әулетінің билікке келуі;
Германия. Герман жеріндегі саяси бытыраңқылық. Герман серілігі. Еркін
қалалар. Германиядағы шіркеу орталықтары;
Испания. Италия. Арабтармен күрес. Реконкиста. Испанияның бірігуі.
Католиктік шіркеу. Инквизиция. Италиядағы қала-мемлекеттер. Венеция мен
Флоренция. Медичидің банктік қызметі;
XI – XIII ғасырлардағы Русь. Феодалдық қатынастардың дамуы. «Русская
правда». Владимир Мономах. «Бағзы замандардың хикаясы»;
XI – XV ғасырлардағы шаруашылық және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер.
Шаруашылықтағы даму. Қолөнер. Еуропада орта ғасырлық қалалардың пайда
болуы. Сауда ісі. Еуропадағы қала өмірі. Әскери өнер;
XI – XV ғасырлардағы Еуропадағы ағарту ici мен ғылыми білімнің дамуы;
Ғылыми білім. Ортағасырлық мектептер. Жылнамалар. Әдебиеттің дамуы.
Поэзия. Орта ғасырлардағы бейнелеу, сәулет және мүсін өнері.
XI – XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі. Крест жорықтары (1 сағат),
шіркеу және дін қызметкерлері. Крест жорықтары. Шіркеу – шығысқа жорықты
ұйымдастырушы. Кедейлердің және рыцарьлардың Шығысқа жорығы. Кейінгі крест
жорықтары. Крест жорықтарының нәтижесі мен салдары;
орта орта ғасырлардағы Азия елдері (4 сағат):
Жапониядағы феодалдық құрылыс. Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы
және дамуы. Қалалардың дамуы. Біртұтас мемлекеттің қалыптасуы. Оқшаулану
саясаты;
Қытайда феодалдық құрылыстың орнауы. Қытайды біріктіру. Қытай
империясының кұрылуы. Шаруашылық пен қолөнер. Дін. Ғылым мен білімнің
дамуы. Медицина. Мәдениет пен өнер. Кітап басу ici;
Үндістандағы феодалдық құрылыс.Үндістанда феодалдық құрылыстың орнауы.
Гупта мемлекеті. Феодалдық бытыраңкылық. Дели сұлтандығы. Ұлы Моғолдар
империясы. Қолөнер мен сауданың дамуы. Діни наным сенім. Ғылым мен өнер.
Астрономия. Медицина. Мүсін өнері. Храмдар мен кесенелердің салынуы;
орта ғасырлардағы Түркия. Осман империясының құрылуы. Сұлтандар
билігі. Халықтардың осман жаулап алушыларына қарсы күресі. Түрік мәдениеті.
Әдебиет. Ғылыми білімдер. Қолөнер. Түрік саяхатшылары.
XI-XV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия (2 сағат):
Хорезмшах мемлекеті. Хорезмшах мемлекетінің қоғамдық құрылысы.
Шаруашылығы. Бұхара мен Самарқандағы көтерілістер. Хорезмшах мемлекетінің
әлсіреуі. Орта Азия қалалары. Қалалардың мәдени және ғылыми орталыққа
айналуы;
ғылыми білімдердің дамуы. Көрнекті ғұламалар. Әдебиеттің дамуы.
Ұлықбектің астрономиялық мектебі. Әбу-Райхан Бируни. әл-Хорезми. Әбу-Әли
ибн-Сина. Әдебиет. Ә. Фердоуси. А. Рудаки. Ә. Науаи. Омар Хайям. Рашид-ад-
Дин. «Жылнамалар жинағы». Әбу Насыр әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари,
Ж. Баласағұн, М. Дулати, Қ. Жалайыри. «Манас» эпосы. Сәулет, сурет өнері
және көркемөнер.
монғол-татар шапқыншылығына қарсы халықтардың күресі (2 сағат):
монғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылық.
Русьтегі феодалдық бытыраңқылық. Жеке князьдіктердің құрылуы. Орта Азия
жеріндегі мемлекеттердің бірте-бірте әлсіреуі;
монғол-татар шапқыншылығы. Монғол мемлекетінің құрылуы. Қоғамдық-саяси
құрылысы. «Жасақ». Шыңғыс хан әскерлерінің Қазақстан, Орта Азия және
Закавказьеге басып кіруі. Батый әскерлерінің Руське шабуылы. Алтын Орданың
құрылуы. Халықтардың жаулап алушыларға қарсы күресі;
қайталау (1 сағат).
20. Кейінгі орта ғасыр (XV – XVII ғасырлардың ортасы) (10 сағат).
Еуропа мемлекеттері (5 сағат):
XVI – XVII ғасырдың ортасындағы Англия. Өндірістің дамуы. Мануфактура.
Ағылшын абсолютизмі. Тюдорлар билігі. Ирландияны отарлау;
XVI – XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Франция. Экономикалық дамуы.
Өнеркәсіп және сауда. Азамат соғыстары;
XVI – XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Германия. Экономикалық
жағдайы. Реформация және шаруалар соғысы. Князьдар арасындағы қырқыстар.
Ауссбург бітімі;
Кейінгі орта ғасырлардағы Испания, Нидерланды, Италия. Мемлекеттік
құрылымы мен экономикалық жағдайы. Нидерланд буржуазиялық революциясы.
Савонарола;
XV ғасырдың аяғы – XVI ғасырдың басындағы географиялық ашулар.
Географиялық ашулардың алғышарттары. XV ғасырдағы Америка халықтары.
Майялар, Ацтектер және Инктердің мәдениеті. Колумбтың Американы ашуы. Васко
да Гама.Ұлы географиялық ашулардың нәтижелері;
орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы (XV-XVI
ғғ.) (2 сағат):
орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі. Орыс жерінің экономикалық
және саяси дамуы. Алтын Орданың әлсіреуі. Куликово шайқасы. Ресейде
орталықтанған мемлекеттің құрылуы. Опричнина. IV Иван Грозный;
XVII ғасырдағы Ресей. Ресейдің ішкі және халықаралық жағдайы. Борис
Годуновтың таққа келуі. К. Минин мен Д. Пожарский. Романовтардың таққа
отыруы. XVII ғасырдағы орыс халқының мәдениеті. Әдебиет пен өнер. Мүсін
және бейнелеу өнері;
XV ғасырдың аяғы – XVII ғасырдың алғашқы жартысындағы Еуропа
халықтарының мәдениеті (2 сағат):
Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің тууы. Италия - қайта өрлеу
мәдениетінің орталығы. Леонардо да Винчи. Микеланджело. Рафаэль Санти.
Бейнелеу өнеріндегі гуманизм. Альбрехт Дюрер. Рембрандт. Диего Веласкес;
Еуропа халықтарының ағарту ici мен әдебиеті. Ақсүйектік білім беру.
Гуманист жазушылар: Томас Мор, Франсуа Рабле, Вильям Шекспир, Мигель
Сервантес. Ғылыми білімнің дамуы. Джордано Бруно. Николай Коперник. Галилео
Галилей;
қорытынды қайталау (1 сағат).
4. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
21. 1640-1914жж.
22. Кіріспе (1 сағат), жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жеке елдерде
өндірістің капиталистік жолмен дамуының ерекшеліктері. Өнеркәсіп төңкерісі:
мәні, маңызы. Еуропалық мемлекеттердің отарлық басқыншылығы.
23. ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері (8 сағат):
ХVІІ-ХVIII ғғ. Англия, ағылшын буржуазиялық революциясының басталуы.
Азаматтық соғыс. Левеллерлер және республиканың құрылуы. О.Кромвельдің
протектораты. Екінші республика және Стюарттарды қалпына келтіру. ХVIII
ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның саяси және әлеуметтік-экономикалық
дамуы. Наполеондық Франциямен соғыс. Конституциялық парламенттік монархия.
Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Отарлық басқыншылық;
ХVІІ-ХVIII ғғ. Франция, француз абсолютизмінің дағдарысы. Ұлы Француз
буржуазиялық революциясы (5 мамыр 1789 ж.–10 тамыз 1792 ж.). Француз
революциясына дайындық алдындағы ағартушылық және оның рөлі. «Азамат және
адам құқығы туралы Декларация». Республиканың жариялануы. ХVI Людовикті
жазалау. Якобиншілер блогының ыдырауы және якобиншілер диктатурасының
құлауы. Директорияның ішкі және сыртқы саясаты;
Наполеонның ішкі және сыртқы саясаты. Францияның басқыншылық
соғыстарының басталуы. Наполеонның Ресейге басып кіру жорығы. Француздарға
қарсы коалициялар. Вена конгресі және Бурбондарды қалпына келтіру. Қасиетті
одақ.
ХVІІ-ХVIII ғғ. Германия, германдық мемлекеттердің экономикалық
жағдайы. Шаруалар қозғалысы. Бранденбург-Пруссия. Халықаралық
қатынастардағы германдық мемлекеттер. Наполеон соғыстары жылдарындағы
германдық мемлекеттер. Германдық одақ. Либералды және демократиялық
қозғалыстар. Германиядағы революция. Бисмарктың конституциялық шиеленісі.
Солтүстік герман одағының құрылуы.
ХVІІ-ХVIII ғғ. Италия, елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық
жағдайы. ХVІІ ғасырдағы Италия. Италиядағы революция. Әлеуметтік-
экономикалық даму. Ымырашыл либералдардың қызметі. Италияның бірігуі үшін
күрес. Рисорджиментоның шешуші шайқасы. Итальян королдығының құрылуы;
ХVІІ-ХVIII ғғ. Австрия, Вестфаль бейбіт бітімінен кейінгі Австрия.
Габсбургтер империясы құрамындағы Венгрия. Түркиямен соғыс. Австрия мұрасы
үшін күрес. Жетіжылдық соғыс. «Ағартушылық абсолютизм» саясаты. ІІ Иосифтің
«ағартушылық абсолютизмнің» аяқталуы. Феодалдық-абсолюттық реакция кезеңі.
Наполеон соғыстары жылдарындағы Австрия империясы. Империяның әлеуметтік-
экономикалық дамуы. «Ұлттық қайта гүлдеу» дәуірі;
ХVІІ-ХVIII ғғ.Солтүстік Америка, Солтүстік Америкадағы Британ
отарлары. Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес
және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. «Тәуелсіздік Декларациясы».
Американдық революцияның сипаты мен ерекшелігі. Екіпартиялық жүйенің
құрылуы. Азамат соғысының маңызы және Оңтүстікті қалпына келтіру;
ХVІІ-ХVIII ғғ. Ресей, І Петр дәуіріндегі Ресей. Алдыңғы қатарлы
еуропалық мемлекеттерден Ресейдің артта қалуының себептері. Ішкі қайта
құрулардың алғышарттары. І Петрдің реформалары. Солтүстікке соғыс және оның
қорытындылары. XVIII ғасырдың ортасы мен соңындағы Ресей. Феодалдық-
кіріптарлық шаруашылықтың басталуы. Шаруалар көтерілісі. Халықты жаппай
қанаудың күшеюі;
қайталау.
24. ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия және Африка елдері (8 сағат):
ХVІІ-ХVIII ғғ. Жапония, Токугава әулеті сёгундарының билігі. Елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуы: жоғары көтерілу және төмен түсу циклдары.
Сегунаттың ішкі және сыртқы саясаты. Жапон қалалары және олардың сауданың
дамуындағы рөлі. Жапонияның сыртқы байланыстары. ХVIII ғасырда орыстар мен
еуропалықтардың Жапонияға келуі. Саяси дағдарыс. Азамат соғысы. Мэйдзи
исиннің революциялық төңкерісі. Бірінші буржуазиялық реформалар;
ХVІІ-ХVIII ғғ. Қытай, Маньчжурлардың Қытайды басып алуы. Цин
династиясы билігі кезіндегі Қытайдың мемлекеттік, әлеуметтік-саяси және
экономикалық құрылымы. Цин династиясының аграрлық саясаты. Цин
династиясының басқыншылық соғыстары және сыртқы байланыстары. Халықаралық
жағдай. Ресей және басқа көрші мемлекеттермен қарым қатынасы. Тайпиндердің
шаруалар соғысы. Қазақ-қытай қарым-қатынасы;
ХVІІ-ХVIII ғғ. Үндістан, моғолдар державасының пайда болуы. Моғолдар
империясының құрамына кіретін халықтар мен княздықтардың әлеуметтік-саяси
жағдайы. ХVII ғасырдағы Үндістанның солтүстік-батысындағы сикхтардың діни
қозғалыстары. Сикхтар мемлекетінің құрылуы. Маратхтар мемлекетінің құрылуы.
ХVIIІ ғасырдың ортасындағы сепаратизмнің күшеюі және Моғолдар
империясының құлауы. Үндістанда қала, қолөнер және сауданың дамуы.
Ағылшындардың отарлық басқыншылығы. Еуропалық державалардың Ост-Инд
компаниясы. Үндістандағы Англияның отарлық саясаты;
ХVІІ-ХVIII ғғ. Иран, ХVII ғасырдағы Иранның әлеуметтік-экономикалық
жағдайы. Саяси құрылымның ерекшелігі. Сефевидтер династиясының билігі.
Ирандағы діни топтардың әсері. ХVIII ғасырдың басындағы Сефевидтер
династиясы билігінің әлсіреуі. Надир шахтың билігі кезіндегі Иран. Иранда
Каджар әулеті билігінің орнауы. Бабид көтерілісі. Ирандағы ықпал аймағы
үшін Англия және Ресей бақталастығының күшеюі;
ХVІІ-ХVIII ғғ. Осман империясы, Осман империясының құрамына кірген
мемлекеттер мен халықтар. Империяның саяси, әлеуметтік-экономикалык даму
ерекшеліктері. Осман империясындағы дағдарыс. «Шығыс мәселесі» және
провинциялардың жағдайы. ІІІ Селим және ІІ Махмудтың жүргізген реформалары.
Танзимат реформасы: мақсаты және нәтижесі. Осман империясының құрамына
кірген халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстары. XVIII ғасырдың екінші
жартысындағы Осман империясының жүргізген соғыстары, оның салдары;
ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия және Африка елдері, Голландияның отарлық саясаты.
Индонезия мен Цейлоңды голланд отаршылдарының басып алуы. Ағылшындық Ост-
Индия компаниясының отаршылдық әрекеттері. Капиталистік державалардың Азия
және Африка елдерін отарлау мен ықпал аймақтарына ие болу үшін күресі.
Толық және жартылай отарлыққа түскен Шығыс елдерінің жағдайы. Африканы
отарлық бөлшектеудің аяқталуы. Отар және тәуелді елдерге капитал енгізу.
Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар.
ХVІІ-ХVIII ғасырлардағы ғылым мен мәдениеттің дамуы, Капитализмнің
жаңа, прогрессивтік идеялары және олардың мәдениеттің дамуына ықпалы. Қоғам
дамуындағы жеке қайраткерлердің рөлі. Ғылым және ағарту ici. Фрэнсис Бэкон,
Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Рене (Картезий) Декарт, Исаак Ньютон және
олардың ашқан жаңалықтары;
XVIII ғасырдағы классицизм. Халықтың тұрмысы, салты және әдет-ғұрпы.
Ғылым және мәдениет. Әдебиет пен өнер. Шығыс мәдениеті мен ғылымының дамуы.
Шығыс өркениеттері. Шығыстық философиялық ақыл-ой және оның көрнекті
өкілдері. Шығыс әдебиеті мен өнері;
қайталау.
25. XIX – XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері (8 сағат):
Ұлыбритания, Ұлыбританияның конституциялық құрылымы. Ағылшын
иеліктерінің статусы. Вильям Гладстон және Бенджамин Дизраэли. Ирландиядағы
бүлік. Социализм және жұмысшылар қозғалысы. Лейбористтік партияның алғашқы
қадамы. Дэвид Ллойд Джордждың ішкі саясаты. Екіпартиялық жүйе және оның
қоғамның саяси дамуындағы рөлі. Парламенттік реформа үшін күрес. Жұмысшылар
қозғалысы. Соғыс қарсаңындағы дағдарыс;
Франция, Францияның экономикалық дамуы. Өнеркәсіп төңкерісінің
ерекшелігі. Бурбондардың конституциялық монархиясы. Шілде революциясы.
Екінші империя. Француз-прусс соғысы. 1870 жылғы 4 қыркүйектегі революция
және Үшінші Республиканың орнауы. Саяси жағдайдың шиеленісуі. Париж
Коммунасы. Монополиялық капитализмнің ерекшелігі. Францияның сыртқы
саясаты. ХХ ғасырдың басындағы Франция;
Германия, Германияның бірігуі. 1871 жылы империя және конституцияны
жариялау. Саяси партиялар. Культуркамп. Социалистерге қарсы заң. ІІІ
Фридрих және ІІ Вильгельм. Бисмарктың отставкаға кетуі. Капривидің «жаңа
бағыты» және Гогенлоэнің канцлерлігі. «Әлемдік саясатқа» көшу. Ауыл
шаруашылығында капитализмнің дамуы. Германияның милитаризациялануы.
Милитаризмді насихаттау. Таяу Шығысқа басқыншылық жасау;
Италия, Италияның бірігуі. Итальяндық патшалықтың мемлекеттік
құрылымы. «Оңшылдар» билігі жылдарындағы Италияның саяси дамуы. «Солшылдар»
билігі тұсындағы Италия. Криспидің авторитарлық билігі. Ғасыр шебіндегі
Италия. Экономикалық даму. Джолиттидің «либералды дәуірі». 1911-1912
жылдардағы италия-түрік соғысы. «Либералды дәуірдің» ақыры. Джолитти.
Католиктер қозғалысы;
Австрия-Венгрия, 1867 жылғы келісім және екібірлік монархияның
құрылуы. Әлеуметтік-саяси және экономикалық даму. Қоғамдық-саяси
қозғалыстар аясында ұлттық мәселелерді шешудің жолдары. Габсбургтер
монархиясы және чех ұлттық қозғалыстары. Екібірлік дәуіріндегі Венгрия.
Екібірліктің дағдарысы.
Ресей, әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1861 жылғы реформа және оның
маңызы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі. Индустриаланудың ерекшеліктері.
Халық еріктілерінің қозғалысы. Марксизмнің таралуы. Жұмысшы қозғалысы. 1905-
1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы;
АҚШ, АҚШ территориясының кеңеюі. Англиямен соғыстан кейінгі АҚШ
экономикасы. «Джексондық демократия» және екіпартиялық жүйе. Республикалық
партияның құрылуы. Республикандықтардың билік басына келуі және құл
иеленушілердің бүлігі. Өнеркәсіптің өрлеуі және әлеуметтік-экономикалық
даму. «Монро доктринасы». Теңіз күшінің дамуы. Испания-америка соғысы.
«Доллар дипломатиясы». Қиыр Шығыстық саясаты. Елді индустрияландырудың
ерекшеліктері;
қайталау.
26. XIX – XX Ғ. басындағы Азия және Африка елдері (9 сағат):
Жапония, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жапонияның әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуы. Елдің модернизациялануының жалғасуы. Мейдзи
революциясы және оның маңызы. Жапониядағы капиталистік қатынастардың дамуы.
ХІХ ғасырдың соңындағы әскери-феодалдық қатынастың дамуы. 1894-1895
жылдардағы жапон-қытай соғысы. Алғашқы саяси партиялар. XIX-XX ғасырдың
басындағы жапон империализмінің дамуы. Орыс-жапон соғысы. ХХ ғасырдың
басындағы Жапонияның әлеуметтік-саяси жағдайы;
Қытай, жапон-қытай соғысы және ихэтуандар қозғалысы. Опиум соғыстары:
себебі және нәтижелері. Француз-қытай соғысы. «Ықпал аймағы» үшін Қытайды
бөлшектеу. «Реформаның жүз күні». Жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-
экономикалық эволюциясы. Қытай бұржуазиясы. Ихэтуандардың дағдарысы және
үкіметке қарсы күштің өсуі. «Жаңа саясат» және династияның әлсіреуі. Шенді
оппозицияның пайда болуы. 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. Цин
династиясын жою. Монархияның құлауы және республиканың жариялануы;
Үндістан, ХІХ ғасырдың басындағы Үндістандағы тәуелсіз мемлекеттер.
Отаршылдарға қарсы Сикх, Маратх, Майсур мемлекеттерінің күресі. Үнді
ағартушылары – ұлт-азаттық қозғалыстардың дем берушілері. 1857-1859
жылдардағы Ұлы халық көтерілісі, (сипайлар көтерілісі). Реформациялық
қозғалыстар, Үндістан Ұлттық конгресінің құрылуы. «Сварадж» және «свадеш»
қозғалыстары.1905-1908 жылдардағы отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық
қозғалыстар. Балгангадхар Тилак және оның қызметі;
Иран, Иранның әлеуметтік-саяси жағдайы. Еуропалықтардың Иранға ене
бастауы. Англия мен Ресейдің Ирандағы саясаты. Иранның жартылай отар елге
айналуы. Елдің саяси дамуы: реформалар және олардың салдары. Иранда ұлттық
буржуазияның қалыптаса бастауы. Ұлтшылдық идеялардың дамуы. Діни
қозғалыстар, олардың сипаты. 1905-1911 жылдардағы Иран революциясы және
оның нәтижелері. XX ғасырдың басындағы Иранның әлеуметтік- экономикалық
және саяси жағдайы;
Осман империясы, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Балқандағы ұлт-азаттық қозғалыс. «Шығыс мәселесінің» жаңадан шиеленісуі.
1853-1856 жылдардағы Қырым соғысы, оның нәтижесі. Түркияның жартылай отар
елге айналуы. ХІХ ғасырдың соңында Түркияда ұлттық-патриоттық сананың
оянуы. «Жас түріктер» қозғалысы және олардың мақсаты. 1908 жылғы «Жас
түріктер» революциясы, оның маңызы. ХХ ғасырдың басындағы Түркияның
әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы;
Араб елдері, XIX ғасырдағы Мысырда Мұхаммед Әли паша билігінің орнауы.
Оның жүргізген реформалары, ішкі және сыртқы саясаты. XIX ғасырдың 50-70
жылдарындағы Мысыр. Еуропалық капиталдың Мысырға енуі. Суданның XIX
ғасырдағы даму сипаты;
Арабия түбегі елдері, олардың саяси дамуы. Ирак, Сирия, Магриб елдері.
Араб ағартушылары, олардың көзқарастары.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы араб елдерінің дамуы. Ұлт-
азаттық қозғалыстар. XX ғасырдың басындағы Мысыр, Судан, Арабия түбегі
елдері, Магриб елдері, Ирак, Сирия елдері;
мәдениеттің дамуы, ғылым мен техника. Әдебиет және өнер. Мәдениеттің
өркендеуіне үлес қосқан көрнекті түлғалар: Дж.Байрон, В.Гюго, Г.Гейне, О.
де Бальзак, Ч.Диккенс, Б.Шоу, Г.Ибсен, Э.Золя, А.Пушкин, М.Лермонтов,
Л.Толстой, Р.Тагор, И.Франко, Ян.Райнис, Х.Хакимзаде, С.Айни, Т.Сатылганов,
М.Ахундов. Мәдениет саласындағы жаңа ағымдар. Декаденттер;
халықаралық қатынастар, Еуропа мен АҚШ-та жұмысшы қозғалысының дамуы.
Жұмысшы қозғалысының өрлеуіне коммунистік идеялардың әсері. Коммунистер
одағының құрылуы. Бірінші Интернационал және жұмысшы қозғалысы.
ұлы державалардың дүние жүзін бөлісудің аяқталуы және олардың
арасындағы қайшылықтардың тереңдеуі. Әскери-саяси блоктардың құрылуы. XIX
ғасырдың соңындағы империалистік соғыстар. Бірінші дүниежүзілік соғыс
қарсаңындағы дипломатиялық саясат;
қорытынды қайталау.
5. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
27. 1914 ж- бүгінгі күнге дейін.
28. Кіріспе. Қазіргі заман тарихының мазмұны. Қазіргі заман тарихының
мерзімдік шектері. Индустриалдық қоғам. Постиндустриалдық қоғамға өту.
Ақпараттық қоғам.
29. Еуропа және Америка елдері 1918-1945 жж. (9 сағат):
бірінші дүниежүзілік соғыс, ХХ ғасырдың басындағы саяси дағдарыс.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.1914-1918 жж. соғыс қимылдарының
негізгі кезеңдері. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Ресейдің
соғыстан шығуы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік
одақтың жеңілуі. Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары;
соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі, Париж
бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Германия
және оның одақтастарымен жасалатын бітім жобаларын талқылау. Вашингтон
конференциясы. Төрт мемлекеттің аралдық иеліктері туралы келісімі. Бес
держава келісімі. Қытай мәселесі. Тоғыз держава келісімі. Версаль-Вашингтон
жүйесі: мәні және қайшылықтары.
Ұлыбритания, Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық
және саяси дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Екіпартиялы
жүйенің дағдарысы. Жұмысшы қозғалысы. Ағылшын экономикасы тұрақтануының
ерекшеліктері. Ұлыбритания дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында.
Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Ұлыбританияның ішкі және сыртқы
саясаты. У.Черчилль және сыртқы саясаттағы өзгерістер;
Франция, Францияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы.
«Солшыл одақ» үкіметі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның
Франциядағы зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан және оның
парламенттік сайлаудағы жеңісі. Францияның сыртқы саясаты;
Германия, соғыстың зардаптары, экономикалық және саяси дағдарыс. 1918-
1919 жж. революция. Веймар республикасы. Фашистік партия және нацистердің
өкімет басына келуі. Германияның өнеркәсіптік қуатының қалпына келтірілуі.
Тоталитарлық режим орнату. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономикалық
саясаты. Үшінші Рейъхтің сыртқы саясаты. Соғысқа дайындық;
Италия, Италия соғыстан кейінгі кезеңде. Фашистік ұйымның құрылуы.
Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы
күресі. «Маттеотти дағдарысы». Фашистік үкіметтің төтенше заңдары.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Корпоративтік
мемлекет. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты;
КСРО, Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Уақытша
үкіметтің құрылуы. Саяси күштердің күресі. Большевиктердің өкімет басына
келуі. Жер және бітім туралы Декреттер. Ресей халықтары құқықтарының
декларациясы. Азамат соғысы және интервенция. КСРО құрылуы.
1924ж. конституция. И.В. Сталин және тоталитаризм. Индустриаландыру.
Ұжымдастыру. Жоспарлы экономиканың құрылуы. 1937-1938жж. жаппай жазалаулар.
ГУЛАГ жүйесін құру. 1936 ж. конституция. Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты;
Америка Құрама Штаттары, АҚШ-тың соғыстан кейінгі экономикалық және
саяси дамуы. «Просперити» кезеңі. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның
АҚШ-на әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932
жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің
«жаңа бағыты». Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;
қайталау.
30. Азия және Африка елдері 1918-1945 жж. (6 сағат);
Жапония, Жапонияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және
әлеуметтік-экономикалық дамуы. Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.
Танака меморандумы және сыртқы саясаттағы бетбұрыс. «Антикоминтерндік пакт»
мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс
Азиядағы басқыншылық әрекеті;
Түркия, Осман империясының ыдырауы. Сұлтандық режимнің дағдарысы және
шетел интервенттеріне қарсы күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік реформалары.
Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия
Республикасының ХХ ғасырдың 30 – 40-жылдардағы дамуы;
Қытай және Монғолия, Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы. Шаньдун
мәселесі. Гоминьданның қызметі. Азамат соғысы. Чан Кайши үкіметінің
саясаты. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас
майдан мәселесі;
Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921
жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құрылуы.
Әлеуметтік өзгерістер және олардың салдары. Х. Чойбалсан және саяси
жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары.
Ауғанстан және Иран, жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның
тәуелсіздігін жариялау. Аманолла-хан. Реформалар. Нәдір-хан билігі
тұсындағы Ауғанстанның дамуы;
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран. 1921ж. мемлекеттік
төңкеріс. Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Иранның саяси және
экономикалық дамуы. Сыртқы саясаты;
Үндістан, Үндістан халқының Британ билеушілерінің отарлық саясатына
қарсы азаттық күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз
қарсылық идеясы. Сатъяграха науқаны. Мұсылман Лигасы. Британ билеушілерінің
Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы
идея;
Азия және Африкадағы араб елдері, Осман империясы ыдырағаннан кейін
Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Араб мемлекеттерінің дамуы. Азиядағы
араб елдері халықтарының азаттық күресі;
Африкадағы араб елдері және олардың дамуы. Магриб елдері дүниежүзілік
соғыстар аралығында. Араб халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі.
Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Судан
және Ливия.
31. Екінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат):
екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік «Оғаш
соғыс». Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балкандағы, Солтүстік
Африкадағы соғыс қимылдары. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы.
Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Антигитлерлік
одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран
конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост.
Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы. Еуропада екінші майданның ашылуы.
Ялта, Қырым конференциялары. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам
конференциясы. БҰҰ құрылуы;
қайталау.
32. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері (8
сағат):
Ұлыбритания, екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли
үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Британ отарлық империясының
ыдырауы. Англияның Еуропалық Экономикалық Одаққа қосылуы туралы мәселе.
Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың
шиеленісуі. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты.
Тэтчеризм. Сыртқы саясат. Ольстер мәселесі. Елдің ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ.
басындағы дамуы. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа
лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. Англия-Қазақстан қатынастары;
Франция, Францияның азат етілгеннен кейінгі экономикалық және саяси
жағдайы. Уақытша режим. Францияның Төртінші республика кезіндегі дамуы.
Отарлық мәселенің шиеленісуі. Алжирдегі соғыс және оның елдегі саяси
ахуалға әсері. IV республиканың дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция
және Бесінші республиканың құрылуы. «Голлизм». «Миттеран дәуірі». Сыртқы
саясат. Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Н. Саркози билігі
тұсындағы Францияның дамуы. Конституциялық реформа. 2012жылғы сайлау және
социалистердің жеңісі. Франция-Қазақстан қатынастары;
Германия Федеративтік Республикасы, Германиядағы оккупациялық режим.
Экономиканы қалпына келтіру мәселесі. Елді жіктеу және екі герман
мемлекетінің пайда болуы. Германия Федеративтік Республикасының
Конституциясы. К. Аденауэр үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты.
Неміс «экономикалық ғажайыбы». НАТО құрамына ену. В. Брандт үкіметі. Г.Коль
үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 80-жылдардың екінші жартысындағы
экономикалық өрлеу. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияны біріктіру.
ГФР біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы мәселе. Социал-демократтар үкіметінің ішкі және сыртқы
саясаты. ГФР XXI ғ. басындағы дамуы. А. Меркель үкіметі;
Италия, Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 50-жылдарда.
Демократиялық қайта құрулар. Республиканың жариялануы. Экономиканы
қалпына келтіре бастау. Аграрлық реформа. 70-жылдардың ортасындағы
экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. Лаңкестік және неофашизм.
Италия ХХ ғ. 80-жылдарында. Итальян неоконсерватизмі. Саяси тұрақсыздық.
Коррупциямен күрес. Италиядағы екінші республика. Италия XX-XXI
ғғ. Тоғысында;
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері, аймақ елдерінде кеңестік
үлгі бойынша социализм орнату. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі»
және экономикалық реформалар. ГДР-ғы 1953 ж. оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж.
қазан оқиғалары. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс. Польшадағы
қоғамдық-саяси және экономикалық дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ»
ұйымының құрылуы. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар.
Польша мен Венгриядағы саяси ахуал. Чехословакиядағы «мақпал революция».
Румыниядағы Чаушеску режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси
өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы
қақтығыстың басталуы. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі
қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі;
КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері, соғыстан кейінгі
экономикалық даму. Саяси жағдай, жазалаулардың жаңа толқыны. «Хрущев
жылымығы». Тың жерлерді игеру кезеңі. Л.И. Брежневтің билік құру заманы.
Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1960-1980жж.
кеңестік жүйенің дағдарысы. 1977 ж. Конституция. Коррупцияның күшеюі.
М.С. Горбачев және қайта құру саясаты. Қоғамдық өмірді демократияландыруға
бағыт ұстау. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО ыдырауы. Кеңестен кейінгі
кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Орталық Азия
мемлекеттері. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің өзара
қарым-қатынастары;
Америка Құрама Штаттары, елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы
экономикалық және саяси дамуы. Г. Трумен. Маккартизм. Дж. Кеннедидің «жаңа
шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Вьетнамда соғыс бастау. Неоконсерватизм.
АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Б. Клинтон
әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты. Кіші-Джордж Буштың және Б. Обама.
билігі кезеңіндегі АҚШ-ның дамуы. Америка-Қазақстан қатынастары;
33. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. Азия және Африка елдері (6 сағат):
Жапония, американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен
демократияландыру шаралары. Саяси партиялар. Жаңа конституцияның
қабылдануы. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына келтірілуі. Сан-
Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон
«экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы
мен экономикасына әсері. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ.
басындағы ішкі және сыртқы саясаты. Жапон-Қазақстан қатынастары;
Түркия, соғыстан кейінгі кезеңдегі елдің саяси және экономикалық
дамуы. Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру. Демократиялық партияның
билікке келуі, оның ішкі және сыртқы саясаты. Ұлттық бірлік комитеті және
оның қызметі. 1970-1980жж. саяси дағдарыс. Көппартиялық жүйенің дамуы.
Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды
жылдамдату шаралары. Түркия және Қазақстан қатынастары;
Ауғанстан. Иран, Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
жылдарда. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери
төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және
Ауғанстандағы азамат соғысы. ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басындағы
Ауғанстан;
Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-
экономикалық қайта құрулар. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі. 1978-1979
жж. ислам революциясы. Иран ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Иран-Қазақстан
қатынастары;
Қытай. Моңғолия, ҚХР құрылуы. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық.
«Ұлы секіріс». «Мәдени революция». КХР мен КСРО арасындағы қатынастардың
шиеленісуі. Қытайдағы саяси өзгерістер. Дэн Сяопин және экономикалық
реформалар. Қытай – Қазақстан қатынастары;
50-80 жылдардағы Моңғолиядағы қайта құру, қайшылықтары.
90-жылдардағы экономикалық және әлеуметтік даму. ХХ ғ. аяғы –XXI ғ.
басындағы Моңғолия. Моңғолия-Қазақстан қатынастары;
Үндістан. Пакистан, Британдық Үндістанның бөлінісі және екі
доминионның құрылуы. Үндістанның республика болып жариялануы. «Неру
бағыты». И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі.
Сыртқы саясаты. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;
Пакистан республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің
тұрақсыздығы және әскери биліктің орнауы. Пакистан-Ислам республикасы. ХХІ
ғасырдың басындағы Пакистан. Бангладеш Халық Республикасы;
араб елдері, араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
дамуының негізгі бағыттары. Египеттегі 1952ж. революция және оның араб
әлемі үшін тарихи маңызы. Суец каналын национализациялау. Г.А.Носердің
бағыты. Магриб елдеріндегі ұлт-азаттық күрес. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ.
тоғысында. Араб-израиль қайшылықтары және Палестина мәселесі. Кэмп-Дэвид
келісімдері. ХХ ғасырдың соңы- ХХІ ғасырдың басындағы араб-израиль
қатынастары.
34. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық
қатынастар (1 сағат), соғыстан кейінгі жылдардағы халықаралық мәселелерді
реттеу жолдары. «Қырғи қабақ соғысы» және әскери қақтығыстар. Еуропа мен
Азияда әскери-саяси блоктардың құрылуы. Біріккен Ұлттар ұйымының құрылуы.
НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Еуропалық интеграция. ЕҚЫҰ
құрылуы. АСЕАН құрылуы. Таяу Шығыстағы қақтығыстар. Шанхай ынтымақтастық
ұйымы. Әлемдік сыртқы саясаттағы Қазақстанның орны.
35. ХХ – ХХI ғасырдың басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (1 сағат),
ғылым мен мәдениеттің дамуындағы негізгі бағыттар. ХХ ғасырдағы
жаратылыстану, қоғамдық ғылым саласындағы, техника мен өндірістегі маңызды
ашылулар мен жетістіктер. ҒТР. Халықаралық мәдени орталықтардың құрылуы.
ЮНЕСКО-ның қызметі. Дамушы елдердегі мәдени-техникалық эволюцияның
ерекшеліктері мен заңдылықтары. Шығыстағы қоғамдық ой. Мәдениеттің
ғаламдану жағдайындағы дамуы.
36. Қорытынды қайталау (1 сағат).
6. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
37. Пәндік нәтижелер. 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) ежелгі дүние тарихының негізгі кезеңдерін;
2) тарихтағы жыл санау жүйесін;
3) ежелгі дүниедегі алғашқы қоғамдық құрылыс мен мемлекеттер
тарихының өзіндік ерекшеліктерін;
4) алғашқы өркениет ошақтарын, олардың маңызын;
5) Қосөзен, Египет, Азияның оңтүстік-батысындағы, Орта және Орталық
Азиядағы, Оңтүстік және Шығыс Азиядағы ежелгі мемлекеттердің,
қалыптасу, даму ерекшеліктерін, қоғамдық құрылысын, мәдениеттегі
жетістіктерін;
6) Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы
күресін;
7) ежелгі дүние тарихында болған аса маңызды оқиғаларды;
8) мәдени-экономикалық дамудағы Ұлы Жібек жолының сауда жолы
ретіндегі маңызын;
9) Ежелгі Грекия мен Римде мемлекеттің пайда болып дамуының өзіндік
ерекшеліктерін, мәдени өмірін және антик мәдениеттің әлемдік
мәдениетке қосқан үлесін;
10) әр түрлі халықтар мен этностардың мифтерін, аңыздарын және
шежірелерін;
11) әлемдік діндер мен философиялық ағымдарды (конфуцийлік, буддизм,
христиандық) білуі тиіс.
38. Меңгеруі тиіс:
1) жылдар мен ғасырлардың арақатынасын, оқиғалардың реті мен өту
мерзімін баяндай білуді;
2) ежелгі дүниенің табиғи-климаттық жағдайындағы ерекшеліктерді және
оның адамдардың өмір сүруіне әсерін сипаттай білуді;
3) ежелгі дәуірдегі уақыттық және кеңістіктік өлшемдерді;
4) ежелгі дүние тарихы шеңберіндегі тарихи оқиғалардың негізгі
себептерін түсіндіре білуді;
5) ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, баспанасын, киімдерін, сыртқы
келбетін сипаттай білуді;
6) оқыған мәтініне жоспар құра білуді меңгеруі тиіс.
39. 7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) орта ғасырдағы дүние жүзі тарихының негізгі кезеңдерін;
2) ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктерін;
3) феодалдық қатынастардың мәнін;
4) орта ғасырлардағы қоғамның әлеуметтік құрамын;
5) орта ғасырлардағы жер иеленудің, салықтың негізгі түрлерін;
6) орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылыс пен билік түрлерін;
7) V-X ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропада, Таяу Шығыста
орталықтанған мемлекеттердің құрылуының алғышарттары мен
хронологиясын;
8) VІ-Х ғасырлардағы арабтардың орта ғасырлық тарихын, ислам
дүниесіндегі мәдениеттің ерекшеліктерін;
9) ХІ-ХVғасырлардағы Еуропа мемлекеттері дамуындағы ерекшеліктерді;
10) крест жорықтарының нәтижелерін;
11) ортағасырлардағы Шығыс әлемінің тарихи көрінісін;
12) ХІ-ХV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия мемлекеттерінің
әлеуметтік дамуын;
13) моңғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылықты;
14) орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы мен Алтын Орданың құлауын;
15) орта ғасырдағы тарихи тұлғалар мен ғылымның, мәдениеттің
көрнекті қайраткерлерін;
16) орта ғасырдағы өркениет аймақтары және олардың маңызын білуі
тиіс;
40. Меңгеруі тиіс:
1) тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау және салыстыруды, тарихи
үдерістің маңызды белгілерін анықтауды;
2) тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі
дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;
3) әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды таба білуді;
4) тарихты оқып-үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;
5) оқытылған кезеңдегі түрлі аймақтардағы болған тарихи оқиғаларды
салыстыра білуді;
6) тақырыпқа байланысты тарихи картаны пайдалана білуді;
7) орта ғасырдағы дүние жүзі тарихынан алған білімін басқа пәндерді
оқығанда және күнделікті өмірде қолдануды меңгеруі тиіс.
41. 8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) жаңа замандағы дүниежүзі тарихының хронологиялық шеңберін,
негізгі кезеңдерін;
2) Англиядағы капиталистік өндірістің дамуындағы ерекше белгілерді;
3) ағартушылық дәуірдің еуропа қоғамының дамуына әсерін;
4) отарлау саясатының мәнін, отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды;
5) Солтүстік Америкадағы отарлық жүйенің негізгі белгілерін,
тәуелсіздік үшін соғыстың тарихи маңызын;
6) Француз буржуазиялық революциясының себебі мен нәтижесін;
7) ХVІІІ ғасырдағы Ресейдің даму ерекшеліктерін;
8) ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Үндістан, Осман империясы, Қытай, Иран,
араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын;
9) Азия мен Африка елдеріндегі отарлық езгінің зардаптарын;
10) ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы дүниежүзі мәдениетінің негізгі
жетістіктерін, мәдениеттің дамуына үлес қосқан көрнекті
тұлғаларды;
11) ХІХ ғасыр–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің дамуында
болған негізгі белгілер мен ерекшеліктерін;
12) капитализмнің пайда болуы мен дамуын; революциялық және
эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың өзгеру
мүмкіндіктерін;
13) революциялардың себептері мен реформалардың қоғам дамуындағы
баламалы жолын;
14) қоғамдағы жаңа әлеуметтік құрылымды және оның реформалардағы
қарама қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі рөлін;
15) ХІХ ғ.–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің даму үдерісін
және негізгі ерекшеліктерді;
16) халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерін;
17) ХІХғ.-ХХ ғасырдың басындағы мәдениеттің дамуын, әлемдік ғылым мен
көркем мәдениеттің маңызды жетістіктерін және оның жеке тұлғаның
дамуына әсерін білуі тиіс;
42. Меңгеруі тиіс:
1) жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп-
салдарлық байланыстарын анықтай білуді;
2) саяси тарихтағы негізгі өзгерістерді талдай білуді;
3) тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және оларды талдай
білуді;
4) тарихи үдерістер мен оқиғаларға, тарихи тұлғаларға сипаттама
беруді;
5) тарихи оқиғаларға байланысты өз пікірін ашық айта білуді;
6) картамен және картографиялық, хронологиялық материалдармен жұмыс
істеуді;
7) ғылыми-танымал және анықтамалық әдебиеттерден қосымша
материалдарды пайдалана білуді меңгеруі тиіс.
43. 9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) шетелдердің қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен
құбылыстарды;
2) ХХғ.–ХХІғ. басындағы дүние жүзінің саяси картасындағы
өзгерістерді;
3) ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын негізгі
факторларды;
4) ХХғ.–ХХІғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
5) ХХғ.–ХХІғ. басындағы маңызды әлеуметтік және ұлттық
қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын және саяси партиялар мен
күштердің әлеуметтік негіздерін;
6) ХХғ.–ХХІғ. басындағы әлемнің негізгі аймақтары мен елдер
топтарының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызды
бағыттарды;
7) дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ
белгілерін және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
8) дүние жүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ
белгілерін сипаттау және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
9) ХХғ.–ХХІғ. басындағы халықаралық қатынастар дамуының негізгі
бағыттарын білуі тиіс;
44. Меңгеруі тиіс:
1) ХХғ.–ХХІғ. басындағы шетелдердің саяси және экономикалық дамуына
сипаттама беруде тарихи карта мәліметтерін пайдалана білуді;
2) қажетті ақпараттарды тарихи деректерден өз бетімен іздей білуді;
3) тарихи білімдерін қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық және
саяси мәселелерін талдауда қолдануды;
4) ХХғ.–ХХІғ. басында халықтар мен елдердің тағдырларына елеулі түрде
әсер еткен саяси және қоғамдық қайраткерлерге, тарихи оқиғалар мен
құбылыстарға баға беруді;
5) шетелдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғалардың
бірізділігін анықтауды;
6) тарихи құбылыстарға тән белгілерін анықтауды, тарихи оқиғалар мен
фактілерді салыстыру және жіктеуді;
7) ХХғ.–ХХІғ. басындағы шетелдердің тарихындағы оқиғалар, құбылыстар
және процестерге жазбаша сипаттама беруді, өзекті мәселелер
бойынша баяндама мен рефераттар дайындауды меңгеруі тиіс.
45. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:
1) Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен
бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне
құрметпен қарауынан;
2) өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын
құрметтеу, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсенді түрде араласуға
дайын болуынан;
3) жеке тұлғаның құқығын құрметтеу, демократиялық құқықтар мен
бостандықтарды дұрыс пайдалана білу, қоғам алдындағы жауапкершілігін
сезінуінен;
4) қайырымдылық, әділеттілік, ар-намыс, борыш пен толеранттылыққа
негізделген құндылықтар мен нормаларды білуінен;
5) көпмәдениетті мен көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-
қатынас жасай білуі, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және
түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылықты
көрсетуінен;
6) оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам
дамуының мәселелеріне сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді
түрде бейімделу қабілетін көрсетуінен көрініс табуы тиіс.
46. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:
1) әр түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына, тарихи
тұлғаларға, оқиғаларға, үдерістерге салыстырмалы сипаттама
беруінде;
2) тақырыптық синхрондық таблицалар жасап, оқиғалар мен фактілерді,
құбылыстарды заманның нақтылы кезеңімен байланыстырып ұштастыра
алуында;
3) мемлекеттік, тарихи құжаттар, ғылыми-көпшілік және анықтамалық
әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеп, соның негізінде
шығармашылық жұмыстар, жобалар, рефераттар, шағын баяндамалар
дайындауында;
4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
пайдалана отырып, жаңа ақпараттар ала білуінде;
5) тарихи оқиғалардың себеп-салдарын түсініп, өз көзқарасы
тұрғысынан баяндауында, өз бетімен ізденуінде;
6) тарихи талдау әдістерін меңгеруінде (тарихи деректер, болжамдар
мен дәлелдерді зерделеу;
7) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды
қолдана алуында;
8) халықтардың тарихи мұралары туралы өз пікірлерін айта білуде;
9) ұлттық және діни өзгешеліктері бар өзге мәдениет өкілдерімен
қарым-қатынас жасағанда халықтардың салт-дәстүрлері мен тарихы
жайлы білімдерін;
10) тарихи деректерді саралау және талдау, өз бетінше тарихи
құбылыстарға баға беру, өз пікірін білдіруде;
11) көпмәдениетті, көпэтникалық және көпконфессиялы қоғамда тарихи
тұрғыда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен өмірлік құндылықтар
жүйелері туралы білімдерін қолдану, мәдениетаралық өзара іс-
әрекетке қатысу, өзге халық өкілдеріне толеранттық қарым-
қатынасты қолдануы тиіс.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012
жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта
білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес
әзірленген.
2. Пәнді оқытудың мақсаты – қоршаған ортада болып жатқан
үдерістер мен құбылыстардың, оларды реттеп отыратын
заңдардың өзара байланысы, адам мен қоғам дамуы үдерісі
туралы ғылыми білімді жүйелендіру. Азаматтық позицияны,
жоғары адамгершілік қасиеттер мен отанға деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
3. Пәнді оқытудың міндеттері:
1) қазіргі қоғам мен адам өміріндегі қоғамдық ғылымның рөлін анықтау;
2) оқушылардың бойында әлемнің ғылыми картинасын қалыптастыру;
3) адам және адам өмірінің жоғары құндылықтар болып табылатынын
түсіндіру;
4) гуманизм, этика, бостандық, демократия, әлеуметтік прогресс пен рухани
құндылықтар идеалдары арасындағы өзара байланысты анықтау;
5) адам құқықтары мен жалпы ұстанымдарын білуге, оған баға беруге үйрету;
6) азаматтылықты, отансүйгіштікті, жауапкершілік пен түрлі ұлттар мен
халықтарға деген сыйластық көзқарасты қалыптастыру;
7) этникалық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда төзімділікті
сақтау;
8) қоғамдық даму заңдылықтарын білу негізінде құқықтық сауаттылық пен
мәдениеттілікке тәрбиелеу;
9) Қазақстан Республикасының Ата Заңын, кодексін және басқа да
заңнамалық актілерін білу;
10) ғылыми, құқықтық терминологияны түсіну, терминдерді қолдана білуге
үйрету;
11) оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту;
12) оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы мен пікірталасқа
қатысу қабілетін дамыту;
13) жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кәсіби
бағдар туралы түсінігін дамыту.
4. Пәннің базалық мазмұнын анықтау. 9 сынып оқушылары үшін
«Адам. Қоғам. Құқық.» курсының мазмұнын іріктеу іс-
әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы және құзіреттілік
тәсілдерге негізделген. «Адам. Қоғам. Құқық.» пәнінің
мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтарға, демократизм
принциптеріне, гуманизм мен ғылымилыққа негізделген.
Бұл пәнді оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін
ескеру, оқыту үдерісінің әдістемесі мен ұйымдастырылуын
анықтайтын әдіснамалық принциптерге сүйену қажет.
5. Пәнаралық байланыстар:
1) «Қазақ тілі мен әдебиеті»:
адам өміріне, сана мен ар-намысына, адамгершілік қасиеті мен адамдық
парызына, адамның еңбек қызметіне оның табиғатқа әсеріне арналған көркем
шығармаларды пайдалану;
2) «Дүниежүзі тарихымен»:
адамның, ру-тайпаның, сөйлеу құралы ретінде тіл мен сөздің пайда
болуы, алғашқы қоғам мен мемлекеттердің, діни көзқарастардың, әлемдік
діндердің және ұлттың қалыптасуы, ұлттық мемлекеттер және азаматтық қоғам
туралы білім беру;
3) «Қазақстан тарихымен»:
қазақ халқының көшпенді өркениеті, шаруашылығы, діні мен дәстүрі,
мұсылман дінінің мәдениеттің дамуына әсері туралы білім беру, қазақтардың
дәстүрлі құқығы, «Жеті жарғы»;
4) «Физикамен»:
жер құрылысы, уақыт, кеңістік пен материя туралы білім беру, физикалық
процестердің адам мен қоғамға әсерін көрсету;
5) «Биологиямен»:
адам мен адам қоғамының пайда болуы, табиғат пен адамның өзара
байланысы туралы білім беру;
6) «Географиямен»:
табиғи қор және оларды тиімді пайдалану, Қазақстан Республикасының
Қазақстан табиғатын қорғауға бағытталған заңдары мен халықаралық дәрежедегі
табиғатты қорғауға арналған шаралар туралы білім беру.
6. Оқу жүктемесінің көлемі:
9-сыныпта аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат.
2. Оқу пәнінің 9 сыныптағы базалық мазмұны
7. «Кіріспе», оқу пәнінің түсінігі мен өзіндік ерекшелігі.
8. «Әлемдегі адам» (8 сағат):
«Адам проблемалары» (3 сағат), «Адамның пайда болуы», адамның пайда
болуының негізгі тұжырымдамалары, адамның биологиялық және әлеуметтік
табиғаты;
«Адам өмірінің ерекшеліктері», адамның қажеттілігі мен қызығушылығы,
адамның мүмкіндігі мен қабілеті, адам құндылықтары мен идеялы;
«Адам жеке тұлға ретінде», индивид, жекелік, жеке тұлға, жеке тұлға
ретінде қалыптасу, мінезді, тәрбиені, өзін-өзі тәрбиелеуді қалыптастыру,
адамның әлемдегі орны, адам өмірінің мәні;
«Адам және мәдениет» (2 сағат), «Адам іс-әрекеті», адам іс-әрекетінің
жануар әрекетінен ерекшелігі, іс-әрекет құрылымы мен мотиві, іс-әрекет
көптүрлілігі, шығармашылық әрекет және оның ерекшелігі, шығармашылық еңбек;
«Адам – мәдениет жасаушысы», мәдениет адам іс-әрекетінің нәтижесі
ретінде, мәдениет және табиғат, мәдениеттің бірлігі мен көптүрлілігі,
мәдениеттердің өзара әрекеттестігі;
«Адам және адамдардың өзара әрекеттестігі» (2 сағат), «Адами
қатынастар әлемі», қарым-қатынас байлығы, қарым-қатынас формасы мен
мазмұны, тұлғааралық қарым-қатынас, қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас
психологиясы, этикет, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастағы рөлі;
«Жеке тұлға және ұжым», ұжымдылық, жеке тұлғалылық, конформизм, адам
әрекетіндегі қадір-қасиет, ілтипат, сыпайгершілік, әдептілік, сұхбат,
пікірталас, өзара түсіністілік, қызметтестік, ынтымақтастық;
қайталау (1 сағат).
9. «Қоғам: оның қызмет етуінің негізгі салалары мен
заңдылықтары» (15 сағат):
«Қоғам түсінігі» (2 сағат), қоғам – ерекше шындық ретінде, адам және
қоғам, қоғам адамдардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі ретінде, қоғамның
пайда болуының негізгі тұжырымдамасы;
«Қоғамдық өмірді ұйымдастыру», қоғам өзіндік дамушы жүйе ретінде,
әлеуметтік институттар, қоғамдық өмірдің негізгі салалары;
«Қоғамның экономикалық өмірі» (3 сағат), «Экономика дегенеміз не?»,
қоғамның шаруашылық өмірінің негізі, экономикалық ресурстардың
шектеулілігі, тұтынудың шексіздігі, экономикалық таңдау проблемалары,
экономиканың негізгі проблемалары (қалай және кім үшін өндіру), өндірістің
экономикалық ресурстары мен факторлары, қоғамдық өндірістің нәтижелері,
экономикалық игілік түсінігі;
«Экономика және жеке меншік», жеке меншіктің экономикалық және
құқықтық мазмұны, жеке меншік формасы, жеке меншіктің қазіргі заманғы
түрлері, мемлекеттік жеке меншік және оның экономикалық жүйені дамытудағы
рөлі, экономикалық жүйе түрлері, дәстүрлі экономикалық жүйе, командалық
экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе;
«Нарықтық экономика және ақша», ақшаның мәні мен қызметі, ақша
формасының эволюциясы, қаржылық айналыс заңы, қаржы жүйесі және оның
элементтері, қаржы реформасы, нарықтың мәні мен қызметі, нарықтың құрылымы
мен инфрақұрылымы, нарықтық экономика және оның негізгі сипаты, нарықтық
қайта құрудың қазақстандық моделі;
«Қоғамның әлеуметтік құрылымы» (3 сағат), «Әлеуметтік қатынастар»,
адамның өзін-өзі ұстауының әлеуметтік нормасы, әлеуметтік құрылым, қоғамның
әлеуметтік құрылымы, оның элементтері, әлеуметтік институттар, «әлеуметтік
мәртебе» және «әлеуметтік рөл» түсінігі, әлеуметтік дифференцация түсінігі,
әлеуметтік ұтқырлық;
«Қоғам және отбасы», отбасының шығу тарихы, отбасындағы адамдардың
өзара қарым-қатынастарының ерекшелігі, отбасы мүшелерінің әлеуметтік
міндеттері, қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі мен мәні;
«Ұлттар мен ұлтаралық қатынастар», ұлттың шығу тарихы (этнос, халық,
ұлт), ұлттық сана, ұлтаралық келісім, Қазақстанның Ұлттық Бірлігінің
доктринасы;
«Қоғамның саяси өмірі» (3 сағат), «Қоғам және саясат», саясат
түсінігі, саяси қызмет және оның ерекшелігі, саяси қызмет субъектілері,
қоғамның саяси жүйесі;
«Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі», мемлекет –саяси жүйенің басты
институты, мемлекеттік билік, құқықтық мемлекет;
«Азаматтық қоғам», азаматтық қоғам түсінігі, азаматтық қоғамның шығу
тарихы, қоғамдық ұйымдар, адамның азаматтық позициясы;
«Қоғамның рухани өмірі» (3 сағат), «Қоғамның рухани негізі», адамның
рухани өмірі, жеке тұлғаның рухани мәдениеті, дүниетаным, наным, сенім.
мораль және адамгершілік, ізгілік (гуманизм);
«Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі», білімнің мәні мен құндылығы,
адамның кәсіби бағдары, білімнің адам мен қоғамды дамытудағы маңызы, ғылыми
білімнің құндылығы, әлемнің ғылыми бейнесі;
«Діннің қоғамдағы рөлі», діннің шығу тарихы, дін тарихи құбылыс
ретінде, дін және қазіргі заман, төзімділік пен сана бостандығы рухани
құндылық ретінде;
қайталау (1 сағат).
10. «Адамның өміріндегі құқық» (10 сағат):
«Құқық және негізгі құқық негіздері түсінігі» (3 сағат), «Құқық және
заң шығару», құқық түсінігі және оның белгілері, қоғам мен мемлекет
өміріндегі құқықтың рөлі, құқықтың қайнар көздері, салт, дәстүр және құқық,
заң жүйесі; Құқық пен заңнама арақатынасы. Заң және заңдылық акті. Заңның
үстемділігі);
«Құқықтық қатынастар», құқықтық қатынас қоғамдық қатынастар формасы
ретінде, құқықтық қатынастар субъектілері, құқық субъектілері және
субъективтік міндеттер, құқықтық және әрекет ептілігі;
«Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік», заңдық жауапкершліктің
құқықтары мен түрлері, құқықтық қатынастардың түрлері мен белгілері,
кәмелеттік жасқа толмағандардың заңдық жауапкершіліктерінің ерекшеліктері;
«Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі заңы» (2 сағат),
Қазақстан Республикасы конституциясының негізі, негізгі заң, халық - билік
көзі, азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттері, конституцияның
негізгі тараулары;
«Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары», Президент, Парламент,
Үкімет, Конституциялық кеңес, сот төрелігі және сот жүйесі, жергілікті
өкілділіктер және атқарушы органдар, биліктің салалық органдары;
«Қазақстандық құқықтың базалық саласының негізгі түсініктері» (4
сағат), азаматтық құқықтың негізгі түсінігі, азаматтық құқықтың
ерекшеліктері, азаматтық құқықтың субъектілері, кәсіпкерлік түсінігі, заңды
және жеке тұлға түсінігі, келісім шарттар түсінігі, жасөспірімдердің
қатысуымен азаматтық-құқықтық қарым қатынастардың ерекшеліктері;
«Әкімшілік құқығының негізгі түсінігі», әкімшілік құқығының
ерекшеліктері, әкімшілік құқық бұзулар, әкімшілік өндіріп алулар, әкімшілік
өндіріп алу түрлері, кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік
жауапкершілігі;.
«Еңбек құқығының негізгі түсініктері», еңбек құқығының ерекшеліктері
(еңбек қатынастары, келісім шарты, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты,
еңбекақы, тәртіптік жазаға тарту), кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін
құқықтық реттеу;
«Қылмыстық құқықтың негізгі түсініктері», қылмыстық құқық
ерекшеліктері, қылмыс түсінігі, қажетті қорғаныс түсінігі, қажетті қорғаныс
шегін арттыру, қылмыстық жазалау түсінігі, кәмелеттік жасқа толмағандардың
қылмыстық жауапкершілігі;
қайталау (1 сағат).
11. Қорытынды қайталау (1 сағат).
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
12. Пәндік нәтижелер.
13. 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) антропогенез үдерісінің мәні мен ерекшеліктерін;
2) адамның шығу тегінің негізгі тұжырымдамаларын, адам
өмірінің ерекшеліктерін, адамның мүмкіндіктері мен
қабілеттерін, құндылықтар мен идеалдарды;
3) қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және
мәдени үдерістердің себеп-салдарлық байланыстарын;
4) адам іс-әрекетінің құрылымы мен мотивтерін, түрлерін;
5) экономика және нарықтық экономика ұғымын;
6) қоғамдағы экономиканың ролін, өмірдің сапасы мен
экономиканың өзара байланысын;
7) қоғамның әлеуметтік құрылысын, оның элементтерін;
8) қоғамның саяси жүйесін;
9) Қазақстан Респбуликасының негізгі заңы - Конституцияны;
10) қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық,
міндеттерді;
11) Конституциялық кепілдемелерді;
12) мораль және адамгершілік ұстанымдарын;
13) қоғам дамуындағы негізгі заңдылықтардың қазіргі заманғы
мәліметтері мен түсіндірмелерін;
14) Қазақстандық құқықтың негізгі салаларындағы басты
ұғымдарды білуі тиіс;
14. 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) адамның рухани әлемін, мәдени жетістіктерін сипаттай
білуді;
2) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре білуді:
3) жаңа материалмен дербес жұмыс істеу, ізденісті жұмыспен
айналысуды;
4) оқытылып отырған тақырып бойынша материалдарды
жалпылау, дербес талдай білу, бастыларын анықтауды;
5) қоғам өмірінің оң және теріс құбылыстарына дербес баға
беруді;
6) экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша
жеке көзқарасын білдіре білуі мен оны дәлелдеуді;
7) тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді;
8) тірек конспектілер, схемалар, кестелер құрастыруды;
9) ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі
(мәтін, карта, кесте, схема, аудиовизуальды материал)
ақпараттарды талдай білуді;
10) әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік топтар мен
әлеуметтік нормалардың дамуындағы себеп-салдарлық
байланыстарды және заңдылықтарды айқындауды;
11) мәдениеттің көп түрлілігі, қоғамның саяси жүйесі,
экономиканың дамуы туралы алуан түрлі ақпарат
көздерінен мәліметтерді тез таба білуді;
12) моральдық, этикалық, адамгершілік және құқықтық
нормаларды талдау және жалпылауды;
13) қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық инстиуттардың қызметі
мен материалдық өндірісті бағалау және оған сипаттама
беруді;
14) жеке көзқарасын қалыптастыруды;
15) құқықтық және қоғамдық өзекті мәселелер бойынша
пікірталастарға қатысу, алынған мәліметтерді дәлелдеу
үшін талқыланатын мәселелер бойынша жеке көзқарас
қалыптастыру, құбылыстар арасындағы себеп салдарлық
байланыстарды орната білуді;
16) оқып-меңгерген материалының нәтижелерін конспект,
рефераттар мен рецензиялар түрлерінде көрсете білуді;
17) қазіргі замандағы құбылыстарға қатысты өз көзқарасын
анықтай білу, өзінің іс әрекеттерін әлеуметтік мінез-
құлықтың бұрынғы формаларымен сәйкестендіре білуді
меңгеруі тиіс.
15. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына
және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;
2) азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім
және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;
3) мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан
территориясында тұратын халықтардың, басқа да
этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін
құрметтеуден;
4) туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған
ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;
5) салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы
адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
6) этикалық нормаларды сақтау мен адамзат тілдесуінің
жоғарғы мәдениетін көрсетуінен;
7) өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу,
жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра
білуінен;
8) үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;
9) әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни
ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді
ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.
16. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелерде.оқушылар:
1) ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін
қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі
білімді;
2) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және
оларды қолдана алуы;
3) танымдық, жобалау, құрастыру және іздену,
шығармашылықпен қолдану әдістерін;

5) жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді
мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.
«Өзін-өзі тану» пәнінен оқу бағдарламасы
1.Түсінік хат
1. Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға
бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін
дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани,
тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге
мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі
тану пәні арқылы жүзеге асады.
2. Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін
байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи
қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім
беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік
құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып,
олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы
бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
3. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
1) адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-
құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-
әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2) оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде
шешу;
3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас
жасау;
4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді,
қамқор болу;
5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде
шынайы болу;
6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын
болу және оған жауапты болу;
8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
5. Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі
тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер:
1) оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген
құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген
сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
2) өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің
өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен
сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
3) өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін
жауапкершілік сезімдерін дарыту;
4) адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның
табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен
тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі
ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу
қабілеттіліктерін арттыру;
5) әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан
өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып,
сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
6) белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау
үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу;
жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени
құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің
көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
7) күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық
белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған
міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және
топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді
орындауға бағытталып, 1-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын
анықтайды.
7. Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге
сәйкес іріктелді:
1) рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның
қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани,
әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға
бағытталған;
2) өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында
зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік
мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;
3) күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің
жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне
сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен
бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1, 2, 3, 4, 5, 6,
7, 8, 9, 10, 11-сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі
оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды
көздейді.
8. Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін
нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:
1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен
жан үндестігі;
өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық,
диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік,
сенім, үміт;
адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ
үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу.
2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау,
дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;
өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік,
төзiмдiлiк, сыпайылық;
әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат,
қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;
адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру,
болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.
3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері:
әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді.
адамның өзін-өзі тануы
адам және қоғам
адам және қоршаған орта
9. Адамзаттың рухани тәжірибесі тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық
мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға
құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.
10. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып
табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге
толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін
дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге
айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы
оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты
бірізділікпен құрылған.
11. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының
инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта
бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
12. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте
таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және
мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы
курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы
курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр
түрлі болуы мүмкін.
13. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті
және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға
қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.
14. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша
жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді
дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-
өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты
өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық
курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске
асыруға да негіз болады.
15. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-
міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін
пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке»
әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады.
Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып,
өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған
әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән
мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы
білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын
дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға,
шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу»,
«Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған
әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша
оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы
сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін
күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына,
рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті»)
әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт
болып табылады.
16. Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын
сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.
2. Базалық білім мазмұны
17. Мектептің негізгі сатысы (5-9-сыныптар). Бағдарлама мектептің
негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын
және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының бесінші, алтыншы және
жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелерді анықтауға бағытталған.
18. Мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқу
жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерде көрсетілген көп деңгейлі
мақсаттар жүйесінің сәйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық
мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген
жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді.
19. Пән мазмұны арқылы эстетикалық талғам, қоршаған орта және ондағы
адамның орны туралы білім қалыптастыру және дамыту; қоғамдағы адамның рөлі,
адам мен табиғаттың, әлемнің бірлігі мен үйлесімінің мәні, үйлесімді
дамыған тұлғаны толықтай дамыту үдерісінің түрлі қырларын ашу; өзге
адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; адамзаттың рухани
тәжірибесінде жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру
қарастырылады.
20. Жалпы орта білім беруге арналған өзін-өзі тану бағдарламасы
оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, рухани-адамгершілік және дене жағынан
дамуына, адам тағдырын, өмірдің мәнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады.
21. «Өзін-өзі тану» пәні мектептің негізгі сатысында білім берудің
құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену,
жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау,
адамгершілік таңдау жасай білу, дәстүрді дәріптеу және дамыту, жасампаздық,
өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып,
дамытуға бағытталған.
22. Пән мазмұны оқушылардың өзара түсінісу білігіне, адамдар
арасындағы қарым-қатынаста татулық пен келісім орнатуға әр адамның
жауаптылығы туралы түсініктерін тереңдетуді; «өзара қарым-қатынас», «өзара
түсіністік» ұғымдарының мағынасын кеңейтуді нысана тұтады.
23. Бұл кезеңде адамның жақсылық, сыпайылық, сыйластық, ықылас
білдіру, елгезектік, жаны ашырлық сияқты басқа адамдармен қарым-қатынас
жасауға көмектесетін адамгершілік қасиеттерін ашуға көңіл бөлінеді.
Сыныптарда қамтылған өзара қарым-қатынас негізінде қыздар мен ұлдар
арасында достық орната білу, отбасы қарым-қатынасында жауапты болу
қабілеттерін дамытуға баса назар аударылады. Сонымен қатар оқушылардың
татулық, келісім, тату адам сияқты ұғымдар туралы түсініктерін тереңдете
отырып, мазмұнда адамдардың нәсіліне, ұлтына, дәстүрі мен көзқарастарына
қарамастан, олардың арасындағы қарым-қатынас этикасы тұрғысынан мінез-құлық
мәдениетіне; сыпайы және ізетті болу, басқаларды түсіне білу, айналасындағы
адамдарды сыйлау, оларды шаттыққа бөлеу, олармен тату болу біліктерін
дамытуғада көңіл бөлінеді.
24. Мектептің негізгі сатысында рухани-адамгершілік білім берудің
маңыздылығы адамның әлемде алатын орны, «өмірлік мақсат», «өмірдің мәні»,
«адамның орны» ұғымдарының мағынасын терең түсіндіру арқылы қоғамға қызмет
ету ниеттерін дамыту болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың бойында
табиғатты, әлемді әсемдік ретінде түсініп, оны қадірлей білуге, ғаламшар
деңгейінде шығармашылықпен қабылдауға, әлем туралы көзқарастарын дамытуға
ерекше көңіл бөлінеді.
25. 5-9-сыныптарда білім беру оқушылардың ұлттық мәдени мұраның өзін-
өзі тануда алатын орны, адамзаттың мәдени мұрасының рухани негіздері туралы
түсініктерін кеңейте отырып, адамның үздіксіз рухани кемелденуіне, оның
шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады.
26. Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін,
адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру
мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.
27. 5-сыныптағы өзін-өзі тану пәні бойынша білім мазмұнының құрылымы
мен негізгі идеялары мектептің бастауыш сатысымен сабақтастығын сақтай
отырып, төмендегідей 4-тараудың аясында дамытылады:
1) таным қуанышы;
2) қарым-қатынас жарастығы;
3) адам болам десеңіз...;
4) әсемдік әлемінде.
28. 6-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұны
пәннің мазмұндық желісін сақтай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай
4 тарауға біріктірілген:
1)таным жолында;
2) қарым-қатынас мәдениеті;
3) адам мен әлем тұтастығы;
4) жасампаздық жарасымы.
29. 7-сыныптағы «Өзін-өзі тану» пәнінің білім мазмұны БМЖМС-ына
сәйкес мына тараулар бойынша беріледі:
1)Таным жолында;
2) Қарым-қатынас мәдениеті;
3) Адам мен әлем тұтастығы;
4) Жасампаздық жарасымы.
30. 8-сыныптың білім мазмұны бұрынғы сыныптармен сабақтасып, келесі
тарауларға жүйеленген:
1) таным жолында;
2) қарым-қатынас жарастығы;
3) адам мен әлем тұтастығы;
4) адамзаттың рухани тағылымы.
31. Мектептің негізгі сатысындағы пәннің мазмұндық логикалық құрылымын
сақтай отырып, олардың бұрын меңгерген жалпыадамзаттық құндылықтар туралы
білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында 9-сыныптағы білім мазмұны мына
бағытта беріледі:
1) адам және өмір;
2) адам болам десеңіз...;
3) адам және мәдениеттілік;
4) адам әлем аясында.
32. Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек
жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге
олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-
қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және
тұлғалық қалыптасуы қамтылады.
33. 5-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):
|№ |Сабақтың тақырыбы |Сабақтың мазмұны |Сағат |
| | | |саны |
|І-тарау. Таным қуанышы | |
|1 |Өзімді-өзім |Өзін-өзі танудың балалар өміріне |1 |
| |танумен өсіп |ықпалы; олардың өмірді түсінуі, | |
| |келемін |бағалау түсініктерінің кеңейтілуі. | |
|2-3 |Адам мінезімен |Адамның мінез-құлқы туралы түсінік. |2 |
| |танылады |Жақсы мінез мәнінің ашылуы. Ерік, | |
| | |жігер құндылықтары мәнінің ашылуы; | |
| | |адам ойын нақты жеткізе алуы, босқа | |
| | |сөйлемеуі, өз күшіне сенуі, шектен | |
| | |шықпауы, өмірде өз ұстамдарына берік | |
| | |болуы туралы түсінік. | |
|4 |Адамның жан |Адамның жан сұлулығы туралы түсінік. |1 |
| |сұлулығы |Адам жанының сұлулығын көрсететін | |
| | |жақсы қасиеттерін дамыту. Адамды тек | |
| | |сыртқы келбетіне, түріне ғана емес, | |
| | |оның адамгершілігі мен қамқорлығына, | |
| | |инабаттылығы мен ізеттілігіне қарап | |
| | |бағалай білуі. | |
|5-6 |Жақсы көңіл күй –|Жағымды, жағымсыз эмоциялар, |2 |
| |жан шуағы |сезім-күйі және ішкі сезімдерін | |
| | |түсіне білуі. | |
|7-8 |Жақсылықпен жаным|Жақсылық жасау. Әлсіз, сырқат, жәбір |2 |
| |дос |көрген адамдарға қатысты мейірімділік,| |
| | |жанашырлық көмек. | |
|IІ-тарау. Адами қарым–қатынасқа үйренейік |
|9-10 |Махаббат –өмір |Махаббат, сүйіспеншілік өмір сүрудің |2 |
| |өзегі |негізі. Ата-анаға, Отанға, туған жерге| |
| | |сүйіспеншілік. | |
|11-12 |Отбасы жарастығы |Ата, әже, әке, шеше, аға, іні, әпке, |1 |
| | |қарындас және т.б. өзара сыйластығы, | |
| | |татулығы және ата-ананы құрметтеу, | |
| | |үйде, өз айналасындағылармен | |
| | |сыйластықты қарым-қатынас. | |
|13-14 |Сөйлесе білу де |Адами қарым-қатынастағы сөйлесу |2 |
| |өнер |мәдениеті. | |
|15-16 |Сөз іспен көрікті|Сөз бен істің бірлігі. Үлгі, өнегені |2 |
| | |көп сөзбен айтқанша, бір іспен көрсету| |
| | |туралы түсініктер; дағдылар. | |
|IІІ-тарау. Адам болам десеңіз |
|17-18 |Қызға – нәзіктік,|Қыз балаға тән қасиеттер, ер балаға |2 |
| |ұлға – батылдық |тән қасиеттер, ұл бала мен қыз баланың| |
| | |арасындағы өзара сыйластық. | |
|19 |Адам еңбекпен |Шыдамдылық, төзімділік, табандылық |1 |
| |шыңдалады |ұғымдары мәнінің ашылуы және өзара | |
| | |байланысы. | |
|20-21 |Сенім – менің |Сенім – достық қарым-қатынас негізі. |1 |
| |серігім |Адамның бір-біріне сенімділігі, сенім | |
| | |артуы достық қарым-қатынастың бастауы.| |
| | |Өмірде өз сенімдеріне берік болуы. | |
| | | | |
|22 |Сабырлылық пен |Адами қарым-қатынастағы сыпайылық, |2 |
| |ұстамдылық |сабырлылық өзін-өзі ұстай білу | |
| | |түсініктері, дағдылар. | |
|23-24 |Адалдық пен |Өз ісіне, сөзіне адал болу. Әділдікті |2 |
| |әділдік |жақтау. | |
|25-26 |Кеңпейілділік пен|Үнемділік – ұқыптылық белгісі, ысырап | |
| |жомарттық |етпеушілік. Жомарттық ұғымы мәнінің | |
| | |ашылуы. | |
|IV-тарау. Әсемдік әлемі |
|27 |Табиғат тылсымы |Табиғаттың адамға шабыт беруі. |1 |
|28-29 |Табиғат ғажаптары|Табиғат сұлулығы, үні, сазының адамға |2 |
| | |әсер етуі. Адамды руханилық тұрғыдан | |
| | |қуаттандыру. | |
|30 |Шығармашылық |Шығармашылық ұғымы мәнінің ашылуы. |1 |
| |–жетістік бастауы|Шығармашылықтың адам өміріндегі рөлі. | |
| | |Бос уақытын тиімді пайдалану туралы | |
| | |түсініктер, дағдылар. | |
|31-32 |Салауаттылық |Салауатты өмір салты мәнінің ашылуы. |2 |
| |–менің қалауым |Адамға жағымсыз, денсаулығына, өміріне| |
| | |зиян нәрселерге әуес болмау туралы | |
| | |түсінік. | |
|33-34 |Өмір мектебі |Өзін-өзі тану пәнінен алған білімдері |2 |
34. 5-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану»
пәні бойынша білім сапасын бағалау 5-сынып бағдарламасында белгіленген
«Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі.
Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге
талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық
әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-
рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды,
сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
35. Оқушы 5-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз
жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
36. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі
тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы
назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық
шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке
шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты
мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ
барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде
қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
37. 6-сынып (барлығы 34 саға, аптасына 1 сағат):

|I-тарау. Таным жолында |
|1-2 |Ізгілікке бастар жол|Өзін-өзі тану туралы |2 |
| | |Өзін-өзі танудың маңыздылығы, | |
| | |адамгершілік нормалар негізінде | |
| | |әрекет ету. | |
|3-5 |Өз мүмкіндігімізді |Адам мүмкіндігінің шексіздігі. |3 |
| |таниық |Адам бойындағы түрлі мүмкіндіктерді | |
| | |жүзеге асыра білу. Дарындылық және | |
| | |еңбекқорлық. Өз бойындағы | |
| | |қабілеттерін аша білу, жетілдіру, | |
| | |адамзат жетістіктерінің ең биік | |
| | |шыңдарына талпыну. | |
|6-7 |Ізденген жетер |Білім алуға өздігінен іздену, |2 |
| |мұратқа |өзін-өзі тәрбиелеу, табандылық, | |
| | |еңбексүйгіштік | |
|8-9 |Әсемдікке ұмтылайық |Адамның ішкі дүниесі мен сыртқы |2 |
| | |келбетінің, сөзі мен ісінің | |
| | |үйлесімді болуы. | |
|II-тарау. Қарым-қатынас мәдениеті |
|10-11 |Әдептен озбайық |Әдептілік пен сыйластық. |2 |
| | |Адами қарым-қатынас жасау | |
| | |әдеп-тілігі. Айналасындағылармен | |
| | |сыйласу, оларды бағалай білу. | |
| | |Ұл бала мен қыз баланың өзара | |
| | |сыйластығы, достығы. | |
|12-13 |Бауырмалдық және |Жан-жағындағыларды, жақындарын жақсы|2 |
| |кеңпейілдік |көру, қайырымды, кешірімді бола білу| |
|14-15 |Жанашырлық – жанға |Елгезектік, жанашырлық таныту. |2 |
| |қуат |Немқұрайдылықтың айналасындағы | |
| | |адамдарға және өзіне зияны туралы. | |
|16-17 |Ынтымақ түбі – |Отбасы сыйластығы. Еліміздегі |2 |
| |береке |ынтымақтастық, өзара келісім, | |
| | |бірлік, тәуелсіздік, бостандық, | |
| | |достық, ұлтжандылық, азаматтылық. | |
|III тарау. Адам және әлем тұтастығы |
|18-19 |Армысың, кең дүние!|Адамның қоршаған әлем туралы |2 |
| | |түсінігі. Болмысты әр қырынан түсіне| |
| | |білу, қоршаған ортаны жан-жақты | |
| | |танып үйрену. | |
|20-21 |Мөлдір бұлақ – жасыл|Қоршаған ортаның адам дамуындағы |2 |
| |құрақ |рөлі, оны әр қырынан тани білу. | |
| | |Адамның табиғатқа ізгілікті | |
| | |қарым-қатынасы. | |
|22-23 |Денсаулық – зор |Денсаулықты сақтау және нығайту. |2 |
| |байлық |Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз | |
| | |іс-әрекеттерден аулақ болу. | |
|24-25 |Өмірің өз қолыңда |Адамның өмірлік мұратының мәні. |2 |
| | |Адамның білім алуы, еңбексүйгіштігі.| |
| | |Қоғамға қызмет ету. | |
|IV тарау. Жасампаздық жарасымы |
|26-27 |Шындық шыңы – ақиқат|Адалдықты, шындықты іздеу, ақиқатқа |2 |
| | |талпыну. | |
|28-30 |Жаныңда жүр жақсы |Ұрпақтар сабақтастығы . |3 |
| |адам |Жақсы адамдардың өміріндегі | |
| | |жақсылыққа бастайтын құндылықтар. | |
|31-32 |Мәдени мұра – халық |Рухани мәдениетті тану, мәдени |2 |
| |игілігі |мұралардан тағылым алу. | |
| | |Ата салты – асыл қазына. | |
| | |Салт-дәстүрді құрметтеу, үлгі-өнеге | |
| | |алу. | |
|33-34 |Таным шаттығы |Таным жолында жеткен өзіндік |2 |
| | |ізденістерінің жемісін | |
| | |шығарма-шылықпен қолдана алу; өз | |
| | |еңбегінің жемісіне шаттана алу, | |
| | |өзгелердің еңбегін орынды бағалай | |
| | |білу. Өзін-өзі танудың жалпыадамзат | |
| | |ғұмырында-ғы, жеке өмірдегі маңызы | |
| | |мен қажеттілігі туралы түсініктерін | |
| | |бекіту. | |
38. 6-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану»
пәні бойынша білім сапасын бағалау 6-сынып бағдарламасында белгіленген

39. Оқушы 6-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне

40. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі

41. 7-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):

|1-2 |Көкірек көзін ашалық!|Адамның өзі туралы, өзінің |2 |
| | |мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас | |
| | |қалыптастыру. Өзін-өзі қадағалау, | |
| | |бағалау және өзін-өзі тәрбиелеу | |
| | |іс-әрекеттерін негіздеу. | |
| |Сәулесімен санаңның |Өзін-өзі танудың маңыздылығы арқылы| |
|3-4 |жігерленсін талабың. |саналы түрде өз қасиеттерін, |2 |
| | |ерік-жігерін тәрбиелеу, | |
| | |жан-дүниесін ізгілікке бағыттау. | |
|5-7 |Сыр мен сымбат |Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі |3 |
| | |жан-дүниесінің үндестігі. Түрлі | |
| | |әрекеттер жасауына (жақсы, жаман) | |
| | |түрткі болатын себептер, | |
| | |адамгершілік әрекеттерін саралау. | |
| | |Адамның ішкі жан дүниесін, | |
| | |мінез-құлқын, адами қасиеттерін | |
| | |бағалай білу. | |
|8-9 |Бақыт құшағында |Рухани және тән саулығы |2 |
| | |үндестігінің маңыздылығы: | |
| | |кеңпейілділік, ақ көңілділік, | |
| | |әсемдікке ұмтылу. Күнделікті өмір | |
| | |құндылықтары: сыпайылық, | |
| | |ыждағаттылық, ұқыптылық, | |
| | |еңбексүйгіштік, жауапкершілік және | |
| | |махаббат. | |
|II-тарау. Қарым-қатынас мәдениеті |
|10-12 |Қарым-қатынас |Отбасында, аулада, сыныпта, |3 |
| |жарастығы |мектепте, сол сияқты ұжымда | |
| | |қарым-қатынас жасау мәдениеті, | |
| | |өзара сыйластық, адамға деген | |
| | |сүйіспеншілік, жанашырлық сезімі. | |
| | |Адамдармен қарым-қатынас жасау | |
| | |кезіндегі адами қасиеттер мен | |
| | |адамгершілік нормаларының рөлі. | |
|13-14 |Тамырын жайып тереңге|Отбасы құндылықтары. Ата-баба |2 |
| | |дәстүрі, ұрпақ жалғастығы, | |
| | |салт-дәстүр сабақтастығы. Өскелең | |
| | |ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудегі | |
| | |отбасының, шаңырақтың ықпалы. | |
|15-16 |Аялай біл сен деп |Жаныңда жүрген жақын адамдарға |2 |
| |соққан жүректі |жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала | |
| | |қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, | |
| | |құрбы-құрдастар, достар арасындағы | |
| | |сыйластық, құрмет. | |
|17-18 |Адамның азаматтық |Жеке тұлғаның қоғам алдындағы |2 |
| |тұлғасы |әлеуметтік және азаматтық | |
| | |жауапкершілігін өз білімі мен | |
| | |адамгершілік қасиеттеріне сыни | |
| | |көзқарас тұрғысынан сезіну. | |
| | |Мемлекеттік тілге құрмет көрсету, | |
| | |өз еліндегі елеулі оқиғаларды | |
| | |мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу. | |
| | |Халықтар достығының қоғам | |
| | |өміріндегі маңызы. Дін, діл және | |
| | |мәдениет ұғымдары. Жеке адам | |
| | |игілігі. | |
|III-тарау. Адам және әлем тұтастығы |
|19-20 |Атамекен – алтын |Туған жердің, туған елдің адам |2 |
| |бесік |өміріндегі маңыздылығы. Адамның | |
| | |атамекенді қадірлеп, қастерлеуі. | |
| | |Атамекеннің адам тұлғасына ықпалы. | |
|21-22 |Құдіретті Жер-Ана |Жер-Ананың қадір-қасиетін бағалау. |2 |
| | |Ауа, су, топырақтың – тіршілік көзі| |
| | |екендігі. Табиғат құбылыстарының | |
| | |(апаттардың) адам өміріне әсері. | |
|23-24 |Ғаламшар ғажаптары |Адамдардың нәсілін, дінін, |2 |
| | |көзқарасын түсініп, қабылдай білу | |
| | |(толеранттылық). Ғаламды түсіну. | |
|25-26 |Өмір, қымбатсың |Өмірге құштарлық, өмірді сүйе білу,|2 |
| |маған! |қадірлеу, өмірді мәнді өткізуге | |
| | |тырысу. | |
|IV-тарау. Жасампаздық жарасымы |
|27-28 |Халық дәстүрі – асыл |Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам|2 |
| |қазына |өміріндегі мәні, маңызы. Өмірлік | |
| | |бағдарын, айқындамасын, | |
| | |ұстанымдарын белгілеудегі орны. | |
|29-30 |Ұрпаққа өшпейтіндей |Өнер, ғылым, білім, діл, дін, |2 |
| |із қалдырған |мәдениет, даналық, олардың адам | |
| | |өміріндегі маңызы. Мәдени мұраның | |
| | |құндылық әрі ұстаным ретіндегi | |
| | |орны. | |
|31-32 |Жасампаздық жемісі |Адамның шығармашылық қабілеттері. |2 |
| | |Шығармашылықтың қайнар көзі. | |
| | |Көркемдік мәдениет және әсемдікті | |
| | |сезіну. | |
|33-34 |Жақсылық – жан азығы |Адамның әлемге және өзіне деген |2 |
| | |көзқарасының, жан дүниесінің, | |
| | |іс-әрекетінің әсемдігі арқылы өмір | |
| | |сүру жолдары. Адам өмірін | |
| | |ізгілендіру. | |
42. 7-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану»
пәні бойынша білім сапасын бағалау 7-сынып бағдарламасында белгіленген

43. Оқушы 7-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне

44. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі

45. 8-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):
|№ |Сабақтың тақырыбы|Сабақтың мазмұны |Сағат |
| | | |саны |
|I-тарау. Таным жолында |
|1-2 |Сен де бір кірпіш|Адамның өз өмірінің мәнін түсініп, |2 |
| |дүниеге... |белгілей білуінің маңыздылығы | |
| | |жөніндегі ұғымдарын дамыту. Өмірлік | |
| | |мақсат-мұраттар мен жалпыадамгершілік | |
| | |құндылықтардың адам өміріндегі маңызы.| |
|3-4 |Өнер – өмір |Адам өміріндегі өнердің маңызы. |2 |
| |өрнегі |Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен | |
| | |рухани-адамгершілік тұлғасының өзара | |
| | |байланысы. | |
|5-6 |Мақсат – жетістік|Өз болашағының бағытын айқындау, |2 |
| |желкені |мақсат қоя білу. | |
|7-8 |Талаптыға нұр |Алдына қойған мақсатын, табиғи |2 |
| |жауар |дарынын, қабілетін жетілдіруде іздену,| |
| | |талаптана білу. Мақсаттарын жүзеге | |
| | |асыруда талаптың алатын орны. | |
|II-тарау. Қарым-қатынас жарастығы |
|9-11 |Кешірімділік – |Кешірімділік – адам бойындағы жақсы |3 |
| |көңіл кеңдігі |қасиет. Айнала қоршаған адамдарға | |
| | |кешіріммен, түсінісушілікпен, | |
| | |ізгілікпен қарау. Кешірім, | |
| | |кешірімділік туралы түсінік. | |
|12-13 |Іздегенде |Дос, достық ұғымдарының адамгершілік |2 |
| |табылатын |құндылық ретіндегі мәні. Достар | |
| |қасыңнан |арасындағы рухани жақындықтың мәні. | |
|14-15 |Адамзаттың бәрін |Махаббат ұғымының адамгершілік |2 |
| |сүй, |құндылық ретіндегі мәні. Өз махаббатын| |
| |бауырым деп |күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай | |
| | |алудың мән-мағынасы. | |
|16-17 |Елім деп соғар |Отан, ел ұғымдарының адамгершілік |2 |
| |жүрегім |құндылық ретіндегі мәні. Отанына, | |
| | |туған жеріне, еліне деген | |
| | |сүйіспеншілік. Отанға, туған жерге | |
| | |деген махаббат. | |
|III-тарау. Адам және әлем тұтастығы |
|18-19 |Адам – әлем |Әлем, адамзат, адам құндылықтарының |2 |
| |бөлшегі |мәні. Адамның әлеммен үйлесімі, адам | |
| | |өмірінің мәні туралы түсінік. | |
|19-20 |Табиғаттан нәр |Табиғат, жер, су, ауа, топырақ туралы |2 |
| |алып |ұғымдар. Табиғат байлығының адам | |
| | |өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік.| |
|22-23 |Табиғат – тал |Табиғатпен үйлесімділік, табиғатты |2 |
| |бесігің, аялай |аялау туралы түсінік. Табиғат тіршілік| |
| |біл! |бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі | |
| | |екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау| |
| | |туралы түсінік. | |
|24-25 |Салауаттылық – |Салауатты өмір салты туралы түсінік. |2 |
| |өмір салты |Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы. | |
| | |Зиянды әдеттерден аулақ болу. Өзіне, | |
| | |өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай | |
| | |білу. | |
|IV-тарау. Адамзаттың рухани тағылымы |
|26-28 |Халық даналығы – |Халық даналығы, салт-дәстүрлер туралы |3 |
| |рухани байлық |алған білімдері негізінде ата-баба | |
| |көзі |дәстүрінің, көсем сөздер мен шешендiк | |
| | |сөздердің рухани тағылым, | |
| | |адамгершілік құндылық, даналық | |
| | |ретіндегі мәні мен мағынасы. | |
|29-30 |Ана тілі – жүрек |Ананың ұрпақ тәрбиесіндегі, өмірдегі, |2 |
| |үні |қоғамдағы орны туралы түсінік. | |
| | |Әлемдегі барлық жақсылық пен игі | |
| | |істердің ана махаббатынан тарауы. | |
| | |Ана тілінің құдіреті. | |
|31-32 |Ізгілік іздеп |Ізгілік ұғымы туралы түсінікті |2 |
| |келемін |кеңейту. Ізгі істерге жетелейтін | |
| | |адамгершілік қасиеттерді дамытуға | |
| | |ықпал ету. | |
|33-34 |Жалын атқан |«Өзін-өзін тану» сабағынан өткен |2 |
| |жүрекпен |білімдерін тиянақтау. | |
46. 8-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану»
пәні бойынша білім сапасын бағалау 8-сынып бағдарламасында белгіленген

42. Оқушы 8-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне

43. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі

44. 9-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):
| |Тақырыбы |Мазмұны |Сағат |
| | | |саны |
|I-тарау. Адам және өмір |
|1-2 |Өзіңді тану - өмірді|Кіріспе сабақ. Әр адамның өзін-өзі|2 |
| |тану |тануы, олардың өмірді түсінуі, | |
| | |бағалауы түсініктерінің | |
| | |кеңейтілуі. Өмірдің сынақтарынан | |
| | |сүрінбей өту, жақсылығын бағалау, | |
| | |қуанышын бөлісе білу және т.б. | |
| | |Өмірдің адам үшін маңыздылығы. | |
|3-4 |Салауаттылық - өмір |Денсаулық – өмір өзегі. Денсаулық,|2 |
| |негізі |Ұзақ өмір. Мәнді, мазмұнды өмір. | |
| | |Денсаулықты нығайту. Денсаулыққа | |
| | |зиянды, пайдалы әрекеттер. | |
| | |Салауатты өмір салты. Адам өміріне| |
| | |зиянды әрекеттерден аулақ болу: | |
| | |нашақорлық, ішімдік ішу, шылым | |
| | |шегу, СПИД және т.б | |
| |Әсемдік – өмір |Табиғат әсемдігі. Адамның |2 |
|5-6 |жарасымы |табиғатқа әсері. Әсемдікті, | |
| | |сұлулықты сезіну.Өнердің адам | |
| | |өмірінің көркеюіне ықпалы. | |
|7-8 |Еңбек – өмір мәні |Еңбектің адам өміріндегі |2 |
| | |маңыздылығы. Еңбектің | |
| | |шығармашылыққа ұласуы. Сүйікті | |
| | |іспен шұғылдану. Адамның | |
| | |шығармашылық қабілетін ашу. Шабыт,| |
| | |ынта, жігер, талап т.б. ұғымдар | |
| | |туралы түсініктер. | |
|ІІ-тарау. Адам болам десеңіз... |
|9-10 |Жақсылық – жан |Жақсылық жасау. Жақсы сөз айтудың |2 |
| |жадыратады |адами қарым-қатынаста алатын орны.| |
| | |Жақсылық жасаудың адам өміріндегі | |
| | |маңыздылығы. | |
|11-12 |Ар-намыс керек |Ар-намыс, ұят ұғымдарын |2 |
| |адамға |адамгершілік ұғым ретінде мәнін | |
| | |ашу. Өзіне-өзі есеп беру, | |
| | |өзінен-өзі ұялу, өзін-өзі | |
| | |тәрбиелеуі және т.б | |
|13-14 |Мінез – адам |Адамның мінез-құлқы туралы |2 |
| |көрсеткіші |түсініктерін дамыту. Жақсы | |
| | |мінездің қалыптасуы. Өз көзқарасы | |
| | |мен қылықтарын, сондай-ақ өзге | |
| | |адамдардың көзқарастары мен | |
| | |қылықтарын талдай білуі және сыни | |
| | |тұрғыдан бағалауы, өз ойы, сөзі | |
| | |және ісіне жауапкершілікпен қарай | |
| | |алуы. | |
|15-16 |Адалдық – адамдықтың|Адалдық. Адамдарға жақсылық ойлау.|2 |
| |белгісі |Ой мен істің ұштасуы. Адамның өз | |
| | |көзқарасы мен пайымдауын еркін, | |
| | |дәйекті түрде жеткізуі және оны | |
| | |негіздей алуы. Шындық пен | |
| | |жалғандықты ажырата білу. | |
|ІІІ-тарау. Адам және мәдениеттілік |
|17-18 |Татулық – достық |Татулық, ынтымақ, достық, туыстық |2 |
| |кілті |т.б. Ұлттар достастығы, сыйластығы| |
| | |және т.б. | |
|19-20 |Адами қарым-қатынас |Сәлемдесу, жылы жүзбен қарсы алу, |2 |
| |ізгіліктері |жымиып сөйлеу, сабырлылық таныту, | |
| | |әдеп сақтау, үлкеннің сөзін | |
| | |бөлмеу, дабырлап, даурығып | |
| | |сөйлемеу және т.б. Отбасындағы | |
| | |қарым-қатынас. Іскерлік | |
| | |қарым-қаты-нас, жолдастық | |
| | |қарым-қатынас жасау әдептері және | |
| | |т.б. | |
|21-22 |Әдептен озбайық |Қоғамдық орындарда: мектепте, |2 |
| | |театрда, кино театрда т.б., | |
| | |көшеде, транспорттарда әдептілік | |
| | |сақтау. Дұрыс киіну, өзін-өзі | |
| | |дұрыс ұстау әдептері және т.б. | |
|23-24 |Әдептілік – |Сыпайылық, сыйластық, қам-қорлық, |2 |
| |адамгершілік бастауы|татулық ұғымдарының мәнін ашу және| |
| | |т.б. | |
|IV-тарау. Адам әлем аясында |
|25-26 |Адам мен отбасы |Отбасы жарастығы. Отбасындағы |2 |
| | |қарым–қатынас. Адамның отбасын | |
| | |сүюі. | |
|27-28 |Адам мен қоғам |Адамның өмірден өз орнын таба |2 |
| | |білуі. Адамның қоғамға қызмет | |
| | |етуі. Ер адамны, әйел адамның | |
| | |қоғамдағы орны. | |
|29-30 |Адам мен Отан |Адамның отанын сүюі. Отанын |2 |
| | |қорғауы. Ұлттық сана, ұлттық | |
| | |намысының болуы. | |
|31-32 |Адам және Жер шары |Адам Жер шары ұрпағы. Бүкіл жер |2 |
| | |шары халқын сыйлауы, сүюі. | |
|33-34 |Махаббат – өмір |Қорытынды сабақ. Адамды, отанды, |2 |
| |өзегі |өмірді сүйе білу және | |
| | |сүйіспеншілікті, махаббатты | |
| | |бағалай білу. Сүйіспеншіліктің, | |
| | |махаббаттың бар жақсылық негізі | |
| | |екенін ұғындыру. | |
45. 9-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану»
пәні бойынша білім сапасын бағалау 9-сынып бағдарламасында белгіленген

46. Оқушы 9-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне

47. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі

2. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
48. Оқушылар 5-сыныптың соңында:
1) адамның өзін-өзі тануы, жан сұлулығы, салауатты өмір сүруі және
жақсылық, сөз, сенім, сабырлылық, ұстамдылық, адалдық пен әділдік,
кеңпейілділік пен жомарттық, шығармашылық, еңбек, табиғат, өмір сияқты
ұғымдар мен адамгершілік құндылықтар туралы терең түсінік алады;
2) адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері
туралы терең түсініктерге ие болады;
3) өзінің қайталанбас жеке тұлға екендігін сезінеді, өзгелердің жеке
тұлға екендігіне құрметпен қарайды;
4) өз ойлары мен сезімдерін еркін жеткізіп, өзіне қарасты объективті
пікір білдіре алады;
5) отбасында, өз айналасындағылармен рухани нормалар, адамгершілік
қағидаттар негізінде бірлескен әрекетте достық қарым-қатынасты
қолдайды; ұрыс-керіс, дау-жанжалдың жағымсыз екенін сезінеді, оларды
жеңе алады, ынтымақтастық пен келісім негізінде өзара әрекет ете
алады;
6) адамның гендерлік айырмашылығын ескере отырып, олардың әлеуметтік рөлі
туралы түсініктерді біледі;
7) өздігінен білім алады және өзін іс жүзінде көрсете біледі, өз бетінше
шығармашылықпен айналысуға қызығушылық танытады, өз қабілеттері мен
мүмкіндіктерін мейлінше жүзеге асыруға ұмтылады;
8) басқа адамдардың ар-ұжданына нұқсан келтірмей, өз қағидаттарына,
ұстанымдары мен сенімдерінде берік болады.
49. Оқушылар 6-сыныптың соңында:
1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы білімдерін дамытады
және ізгілік, ізденіс, әсемдік, әдептілік, бауырмалдық, жанашырлық,
ынтымақ, бірлік, денсаулық, өмір, ақиқат, мәдени мұра сияқты ұғымдар
мен адамгершілік құндылықтар туралы терең түсінік алады;

туралы мағұлұматқа ие болады;
3) әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейрімділік танытады,
өзінің адамдарға жанашырлығын нақты көмек арқылы көрсете алады;
4) дене және психикалық саулық үйлесімділігінің маңызын, салауатты өмір
салтының мәнін түсінеді, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға тырысады;
5) өзінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттілігін сезінеді, өз
уақытын жоспарлай алады;
6) достық пен қарым-қатынасты бағалай алады, шыдамдылық танытып, реніш
пен түсінбеушілікті кешіріп, басқа адамды тыңдай алады, түсіне біледі;
7) түрлі жағдаяттарда өзін лайықты және жауапты ұстай алады, эмоциялық
жай-күйін басқара алады, жағымсыз эмоцияларын, ниеттерін тежей біледі;
8) дербес және жауапты шешім қабылдай алады және оны негіздей алады;
9) өз әрекеттерін айналасындағы адамдардың іс-әрекеттерімен теңдестіре
алады және бағалай біледі, әйгілі адамдар өміріндегі жақсы болуға
көмектесетін құндылықтарды ажырата алады.
50. Оқушылар 7-сыныптың соңында:
1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы терең түсініктерді
және даналық, адалдық, келісім, шындық, бақыт, өмір, махаббат, сыр мен
сымбат, ерік-жігер, дін, діл, мәдениет сияқты жаңа ұғымдарды біледі;
2) адам мінезінің жағымды және жағымсыз сипаттарын, әрекеттері мен
ниеттерін ажырата алады;
3) қоршаған орта мен адам сұлулығын бағалай алады, өзінің оларға
қатынасын шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
4) өзінің және өзге халықтар мәдениеті, дәстүрі, салты және тілінің
маңызын түсіне біледі;
5) жағымды қарым-қатынас жасау құндылығын түсінеді, өзін-өзі бағалай
біледі және оны мұғалімнің, құрбыларының, таныстары мен жақындарының
бағалауымен салыстыра алады;
6) табиғат құбылыстарының адам өміріне әсерін біледі.
51. Оқушылар 8-сыныптың соңында:

және талап, жетістік, ана тілі, дос, достық, Отан, келісім, шындық,
бақыт, өмір, махаббат сияқты жаңа ұғымдарды біледі;
2) өзінің эмоциялық және психикалық жай-күйін басқара алады, жағымсыз
эмоция мен әрекеттерді тежей алады;
3) отбасылық дәстүрлерді біледі және құрметтей алады, өзінің отбасындағы
рөлін түсініп, табыстары және жақындары мен отбасында достық қарым-
қатынасты сақтай біледі, жауапкершілікті сезініп, қамқор бола алады;
4) салауатты өмір салтына ықпал ететін түрлі дене әрекеттерін орындай
алады;
5) өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараудың мәнін түсінеді, жеке дара
және ұжымда еңбек ете алады;
6) рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес жеке мақсаттары мен оларға қол
жеткізу мүмкіндіктерін анықтай алады;
7) жағымсыз стереотиптер мен қатерлі әуестікті бағалай алады, жағымсыз
әдеттердің (маскүнемдік, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану және
т.б.) алдын алу тұрғысынан өз іс-әрекеттері мен өзінің шамасын бағалай
алады;
8) шығармашылықпен жұмыс істей алады;
9) табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді және
табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, табиғатты аялай біледі;
10) қоғамда мінез-құлық ережелерін лайықты сақтай алады, өз қылықтары мен
айналасындағылардың әрекеттерін бағалай алады;
11) өзінің әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сезіне біледі, өз
бетінше шешім қабылдай алады.
52. Оқушылар 9-сыныптың соңында:
1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерді және ар,
ұждан, ой, сөз, татулық, бақыт, табиғат, отбасы, өмір, өнер,
шығармашылық, денсаулық ұғымдарын терең біледі;
2) жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгереді және оны күнделікті
өмірде қолдана алады;
3) өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары
мен қылықтарын талдай біледі және сыни тұрғыдан бағалай алады, өз ойы,
сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алады;
4) отбасындағы жағымды қарым-қатынас, ата-аналары, тәрбиешілері немесе
қамқоршыларына адамгершілік борыш құндылықтарын сезінеді, оларға
сүйіспеншілік, сыйластық, шыдамдылық таныта алады;
5) өмір мен денсаулықты құндылық ретінде сезінеді, өзінің келешек дене
және рухани даму жолдарын анықтай алады, салауатты өмір салты мен
сауықтыру әдістерінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде пайдалана
алады, шылым шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан аулақ болады;
6) болашақ мамандығын саналы түрде таңдай алады, өзінің жеке уақытын
тиімді ұйымдастырып, ұтымды пайдалана алады;
7) өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізеді және оны
негіздей алады, өз пікірінен өзгеше айтылған пікірлерге шыдамдылық
таныта алады;
8) белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін бірін-бірі қолдаудың мәнін
түсінеді, шамасына қарай жақындары мен достарына көмек, қолдау көрсете
алады;
53. Бағдарлама негізінде «Өзін-өзі тану» пәнінің өзіндік
ерекшеліктеріне сай, оның пән мазмұнының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге
асыруда түрлі дәстүрден тыс сабақтар (ойлану сабақтары, әңгімелесу
сабақтары, театрланған сабақтар, шығармашылық сабақ, табиғат аясындағы
сабақ, конкурс сабақ, фантазия сабақ, концерт сабақ, экскурсия сабақ, ойын
сабақ және т.б.) өткізуге болады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz