Көмектес септігінің сұрақтары қалай

«Жүйрік болсаң озып көр» І топ
(Лездік сұрақтар)
1. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай) .
2. Кедейлік үш ағайынды. Тұңғышы-кежірлік, ортаншысы-еріншектік, кенжесі-ұйқы. Осы айтылғандар не? ( мақал ма, шешендік сөз ) .
3. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай) .
4. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? (Ыбырай) .
5. Жылдан құр қалған жануар не еді? (Түйе) .
6. Басты байлық не? (Денсаулық)
7. Абайдың әжесі кім? ( Зере) .
8. Түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана) .
9. Орман дәрігері (Тоқылдақ) .
10. Қарлығаш әулие атанған кім? (Төле би) .
11. Қабанбайдың азан шақырып қойған шын
аты кім еді? (Ерасыл) .
12. Жырды орындаушы қалай аталады? (Жыршы) .
13. Сөйлем неден құралады? (Сөздерден) .
14. Мәтелде ой қалай беріледі? (Тұспалдап, жанамалап)
15. Абылай ханның шын аты кім? ( Әбілмансұр)
16. Март айының қазақша атауы. (Наурыз) .
17. Қазақ тілінде неше септік бар? (Жеті) .
18. «Абай жолы» роман-эпопеясының авт. кім? (М. Әуезов) .
19. Әр адамның шағын Отаны (Отбасы) .
20. Терең сөзінің антонимі (Тайыз) .
«Жүйрік болсаң озып көр» ІІ топ
(Лездік сұрақтар)
1. «Қанағат, рақым ойлап қой!». Берілген жолдардың авторы
кім? (Абай) .
2. «Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау». Бұл айтылған
не? ( Жұмбақ) .
3. Қазақтың атақты суретшісі кім? ( Ә. Қастеев) .
4. Әліппенің атасы кім? ( Ыбырай) .
5. Жыл басы не? ( Тышқан) .
6. Су анасы не? ( Бұлақ) .
7. Абайдың нешесі кім? ( Ұлжан) .
8. Анаңның бауырлары саған кім болады? ( Нағашы) .
9. Аңшының құсы ( Бүркіт) .
10. Кіші жүздің биі кім? ( Әйтеке би) .
11. Дарабоз атанған батырдың шын аты кім? ( Ерасыл) .
12. Әнді орындаушы қалай аталады? ( Әнші) .
13. Хабарлы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі
қойылады. ( Нүкте) .
14. Мақалда ой қалай беріледі? ( Туралап) .
15. Абылай ханның жанама аты кім? ( Сабалақ) .
16. Январь айының қазақша атауы қалай? ( Қаңтар) .
17. Көмектес септігінің сұрақтары қалай? (кіммен? Немен?
18. Жерұйықты іздеген кім еді? (Асан Қайғы) .
19. «Отан» қайдан басталады? (Отбасынан) .
20. «Шабан» сөзінің антонимін тап. ( Жүйрік) .
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
Шарты: Бер-н мақалдардың жалғасын табу.
(Екі топқа бірдей айтылады, бірінші қол көтерген топ жауап береді,
жауабы дұрыс болмаса келесі топ айтады) .
1. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады) .
2. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені) .
3. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен) .
4. Ата көрген оқ жонар, ( ана көрген тон пішер) .
5. Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді) .
6. Арпа, бидай-ас екен, (алтын-күміс тас екен) .
7. Болат қайнауда шынығады, ( батыр майданда
шынығады) .
8. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті) .
9. Дос жылатып айтар, (дұшпан күлдіріп айтар) .
10. Ойнап сөйлесең де (ойлап сөйле) .
11. Ағайын алтау, (ана біреу) .
12. Ат жаманы жолда қалдырар, (жолдас жаманы қолда
қалдырар) .
13. Аққуды атуға болмайды, (досыңды сатуға болмайды) .
14. Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ) .
15. Көп қорқытады, (терең батырады) .
16. Батыр туса-ел ырысы , (жауын жауса жер ырысы) .
17. Адам көркі-шүберек, ( ағаш көркі -жапырақ) .
18. Өнерлінің қолы алтын, (өлеңшінің сөзі алтын) .
19. Мыңның түсін білгенше, (бірдің атын біл) .
20. Істің басы қатты болса, (аяғы тәтті болады) .
«Мақал-сөз атасы»
(Әзіл сұрақтар)
Шарты: Қойылған сұраққа мақалмен жауап береді . Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарады ? Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады.
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады) .
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу-инемен құдық қазғандай) .
3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді) .
4. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ) .
5. Елу құлағы бар кім? ( Ел құлағы-елу) .
6. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді) .
7. Білетінің қанша, білмейтінің қанша? (Білетінің бір тоғыз, білмей-
тінің тоқсан тоғыз) .
8. Оттан да ыстық болып тұрған не? (Отан оттан да ыстық) .
9. Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелер. ( Көз қорқақ, қол
батыр) .
10. Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады? (Көрдім деген
көп сөз, көрмедім деген бір сөз) .
11. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын.
12. Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады?
(Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық) .
13. Түйені жел шайқаса, оны жерден емес көктен іздейсің.
(Түйнеі жел шайқаса, ешкіні көктен ізде) .
14. Бір рет өлуге де болады, немесе мың рет өлуге де болады.
(Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі) .
15. Балға тең тәттілер не екенін білесің бе?
(Ананың сүті - бал, баланың тілі-бал) .
16. Отқа түсіп күймеуге бола ма?( Отан үшін отқа түс-күймейсің) .
17. Қарныңды қалай тойғызар едің? (Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей) .
18. Намыстан, қамыстан ажал табушылар. (Жігітті намыс, қоянды
қамыс өлтіреді) .
19. Өрге шыға алмайтын қандай сөз? (Өтірік сөз өрге баспас) .
20. Ақыл мен қынаның мекен-жайы. (Ақыл басқа бітеді, қына тасқа
бітеді) .
«Жеті жұрттың тілін біл»
Шарты: Бұл бөлімде жасырылған жұмбақтың дұрыс жауабын табу және оны қазақ және орыс тілінде айту керек.
1. Аяғы біреу, қолы жоқ, Өзі сөйлей білмейді,
Шиыр-шиыр жолы көп. Салған ізі сөйлейді. (Қалам-ручка) .
2. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған . (Бор-мел) .
3. Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады . (Қоңырау-звонок) .
4. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (Түлкі-лиса) .
5. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады . (Қар-снег) .
6. Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (Теледидар-телевизор) .
7. Өзі кірді ашады,
Суға салса қашады. (Сабын -мыло) .
8. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Жуа-лук) .
9. Қылдай белі бүгілген,
Өзінен бірақ жүгі үлкен . (Құмырсқа- муравей) .
10. Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (Су- вода) .
11. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап-книга) .
12. Судан алады,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz