6-сынып математика сабағы: Рационал сандарды бөлу ережелерін тиянақтау (саяхат әдісі)

Жамалбаева Жұлдыз Тлеубекқызы, №13 жалпы орта білім беретін

мектептің математика пәнінің мұғалімі

6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу.

Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды бөлу ережелері туралы теориялық білімдерін іс жүзінде

қолдана білу бейімділігін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Есептер шығару барысында оқушылардың шығармашылығын, ойлау икемділігін шыңдау.

2. Оқушылардың ой-өрісін ынтасын арттыру, іскерліктерін және өз бетімен еңбектену қабілеттілігін, белсенділігін дамыту.

3. Ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке және дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді тиянақтау сабағы

Әдісі: саяхат сабақ

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, таратпа қағаздар, саяхаттың «жүру бағыты»

Барысы:

І. Оқушылармен амандасып, үйге берілген №552 есепті тексереміз.

Слайд №1.

Бүгінгі сабақта біз Қазақстанның бас қаласы - Астанаға саяхат жасаймыз. Алдымен саяхаттың «жүру бағытымен» таныстырып кетейін. Сондықтан Астана тарихы туралы дерекке назар саламыз. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындағанда Астана қаласының мәдени орындары туралы мағлұматтар алып отырамыз.

ІІ. «Сұрақ-жауап» ойыны (Сұрақтарға дұрыс жауап бергенде «Бәйтерек» туралы мағлұматтар беріледі)

Слайд №2.

  1. Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесі қалай айтылады?
  2. Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесі қалай айтылады?
  3. Сандарды қандай рационал сандарды бөлуге болмайды?
  4. Қандай жағдайда екі рационал санның бөліндісі нөлге тең?

ІІІ. Есептер шығару.

№562. Слайд №3(Есептерді дұрыс орындағанда «Президенттің резиденциясы» туралы мағлұматтар беріледі)

  1. (9-17) : (8-12)
  2. (-32:8) - 0, 5*(-6)
  3. -2 * (-0, 7) - (-28) : 4

№557. Слайд №4 («Сағат»)

  1. -5, 3*х=6. 1
  2. 0. 3*(-х) =-2, 34
  3. -6, 1*у=19, 52

№560 . Слайд №5 (Абай ескерткіші)

Ауызша өрнектердегі а-ның орнына қандай сандар қоюға болмайды?

1) (а+7) /4а 2) (а+6) /(а-6)

3) а²/(а+1) 4) (а-9) / а²

№566 . Слайд №6 (Астананың әуе жайы)

Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Меруерт 1 сан ойлап, оны тақтаға жазды. Айнұр ол санға 14-ті қосты, ал Айман оған Меруерттің ойлаған санының 20 арттырып, тағы да қосты. Сонда қосынды -47, 6-ға тең болды. Меруерт қандай сан ойлады?

Қорытындылау, бағалау. Математикалық эстафета. (Интерактивті тақтада берілген кестені дұрыс әрі жылдам толтыру керек)

бөлгіш

бөлінгіш

-2
-3
-6
-5
бөлгішбөлінгіш: -18
-2:
-3:
-6:
-5:
бөлгішбөлінгіш: 24
-2:
-3:
-6:
-5:
бөлгішбөлінгіш: -36
-2:
-3:
-6:
-5:
бөлгішбөлінгіш: 54
-2:
-3:
-6:
-5:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,

Көкірегіңде болсын кез.

- деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі сабақтағы еңбектеріңе рахмет айта отырып, келесі сабақтарға табыс тілеймін.

Үйге тапсырма: §17. №564


Ұқсас жұмыстар
6-сынып математика: Рационал сандарды бөлу сабағы
6-сынып математика сабағы: Рационал сандарды көбейту
6-сынып математикасы: рационал сандарды бөлу
6-сынып математика: Рационал сандарды бөлу - сабақ жоспары (Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар)
Рационал сандарды бөлудың ережелерін ұлттық ойындар арқылы қайталау - 6-сынып ашық сабақ
6-сыныпқа арналған Рационал сандарды бөлу тақырыбы бойынша деңгейлеп оқытудың бекіту сабағы жоспары
6-сынып математика. Рационал сандарды азайту және есептер шығару
6-сынып: Рационал сандарды салыстыруды бекіту сабағы
6-сынып математика: Рационал сандарды көбейту бойынша сабақ жоспары
6-сынып математика: Рационал сандарды көбейту - ашық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz