Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушыларға сұрақтар
Казталовка орта жалпы білім беретін мектебі
Мектепішілік шара
Өткізген: Информатика пәнінің мұғалімі: Зайнуллина Г.Б.
2009-2010 оқу жылы
1-жүргізуші: Даражат
Армысыздар, аяулы ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткізілгелі отырған
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» атты байқауымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Ернар
Байқаудың мақсаты: сынып жетекші мен сыныбы арасындағы қарым-қатынасты
нығайту, оқушылардың белсенділігін арттыру.
1-жүргізуші: Даражат
Байқауымызға әділ баға беруші әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар:
1.Тәрбие ісінің меңгерушісі Насипова Ж.Н
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі Кабенова А.Т
3.Мектеп психологы Кереева Т.Т
4.Мектеп тәлімгері Молдағалиева К.І
5.Мектеп логопеді Захарова С.Қ
2-жүргізуші: Ернар
Енді байқауымыздың бөлімдерін таныстырып өтейін:
1.Таныстыру
2. «Ән-көңілдің ажары» (ән сайысы)
3. «Мың бұралған бишілер» (би сайысы)
4.Ситуациялық сұрақтар
1-жүргізуші: Даражат
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Шәкірттері олардың болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендер ғой ұлы Отанның болашағы-дей отырып сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
2-жүргізуші: Ернар
Ұлылықтың ұйтқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағаты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман – дей келе 1-ші бөлімімізді бастаймыз.
Әділқазылардан 1-ші бөлімнің бағасын сұраймыз.
1-жүргізуші: Даражат
Жүрегі кең, ұстаздар, данасыңдар!
Қамқор болған біздерге баласындай!
Сынып жетекші мен оқушының өнерін,
Қабыл алып, тамашалап қараңыздар! – дей келе «Ән көңілдің ажары» атты
бөлімімізді бастаймыз!
Әділқазылардан 2-ші бөлімнің бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші: Ернар
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Бишінің биші болып атануы,
Үйреткен, тәлім берген ұстазынан! – дей келе «Мың бұралған бишілер» атты
бөлімімізді бастаймыз!
Әділқазылардан 3-ші бөлімнің бағасын сұраймыз!
1-жүргізуші: Даражат
Ұстаздарым, ардақты, білімді де
Сол білімді шәкіртіңе үйретуде.
Ал көрейік, көрермен бұл сайыста
Қайсысының білімді екендігін, - дей келе келесі бөліміміз «Ситуациялық
сұрақтарға» кезек берейік.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз
Оқушыларға сұрақтар:
1. Сен бүгінгі сабаққа дайындалмай келдің. Бірақ сеннен міндетті түрде
сабақ сұрайтынын білесің.Сабақ басталды, сенің әрекетің?
2. Ертең бір досыңның туған күні. Сен оған сыйлық жасағың келеді.
Дегенмен сенде ақаша жоқ. Ата – анаңнан сұрап едің, оларда жағдайын
айтып жоқ еді. Сен сыйлық жасауға ақша қайдан аласын?
3. Ұстазың «мен үшін барлық оқушылар бірдей» деп айтқанмен, сен оның
досыңа саған қарағанда көп көңіл бөлетінін, оны үнемі көтермелейтінін
байқайсың.Сенің әрекетің?
4. Мұғалім сыныпта қоғамдық жұшмыстар тапсырған сайын тек сен тағы 4-5
оқушы ғана жұмыстанады, ал қалғандары әдеттегідей бос жүреді. Бұған
сенің ызаң келеді. Бұл жағдайда не істейсің
5. Сіздің сыныпқа жаңа сынып жетекші тағайындалды.Сенің ол сынып
жетекшіге деген қатынасың қандай болады? Ал бұрыңғы сынып жетекшіңе
ше?
6. Сенің жақсы көретін мұғаліміннің сабағы болуы керек, бірақ мұғалім
кешігіп жатыр. Сыныптағы оқушылар сабақтан кетіп қалайық дейді.
Бұл жағдайда сен не істер едің?
Мұғалімдерге сұрақтар:
1. сыныпқа жаңа оқушы келді. Ол әлі үйрене алмай жүр. Оны көпшілік
оқушылар шеттетеді. Сіздің әрекетіңіз?
2. Сыныптағы екі дос құрбы бір – бірімен ренжісіп қалған.Сіз оны сабақ
барысында байқадыңыз.Сіздің әрекетіңіз?
3. Сынып оқушыларының ата – аналары керемет.Тек ішінде 1-2 ата – ана ғана
үнемі қыңыр мінезін көрсетіп, мектепке, мұғалімдерге өзінің жағымсыз
көзқарасын білдіріп отырады. Сіз онымен қалай жұмыстанасыз?
4. Жаңа жыл кеші. Оқушылар сізге жаңа жылды бірге қарсы алайық. Бір
оқушының үйіне жиналайық әйтпесе, жыл сайын мектепте қызық емес деген
ұсыныстар айтады. Сіз не деп жауап бересіз?
5. Сыныбыңыздың тәртібі ойдағыдай. Бірақ үлгерімі басқа сыныптарға
қарағанда төмен. Бұл жағдайда не істейсіз?
6. Сіз бүгінгі сабаққа дайындалмай келдіңіз.Бірақ сіз бүгін жаңа
тақырыпты түсіндіруіңіз керек. Бұл тығырықтан қалай шығар едіңіз?
Әділқазылардан 4-ші бөлімнің бағасын сұраймыз.
Әділқазылар жеңімпазды анықтағанша кезекті әнге берейік.
Ән: «Ұстазым» Орындайтын: Рахмет Сая
2-жүргізуші:Ернар
Шіркін, кештер сырласатын тамаша,
Ұмытылмас бұл күндерде әрдайым.
Тағы бірге куә болып, халайық
Жеңімпаздарды бірге біліп алайық – дей келе бүгінгі сайысымыздың
жеңімпаздарын білу үшін ортаға әділқазы мүшелерін шақырамыз!
1-жүргізуші: Даражат
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Ернар
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Жарыстың қорытындысы бойынша 5 – 7 сыныптар арасында І орынды 6 «б» сыныбы,
сынып жетекшісі Искакова Э.С., ІІ орынды 5 «б» сыныбы, сынып жетекшісі
Салаватова А.А., ІІІ орынды 7 «б» сыныбы, сынып жетекшісі Жұмашева Г.Қ
жеңіп алса, 8-11 сыныптар арасында І орынды 10 «а» сыныбы, сынып жетекшісі
Жұмағалиева Р.Г., ІІ орынды 11 «а» сыныбы, сынып жетекшісі Бисенова З.М.,
ІІІ орынды 9 «б» сыныбы, сынып жетекшісі Шүйінішбаева Н.Д. жеңіп алды.
5 «б» сынып оқушылары І орын иелері
10 «а» сынып оқушылары І орын иегерлері

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz