Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ағарған шаш

№40 орта мектеп

Ашық тәрбие сағаты:

Жалқың емес, жалпың қымбат.

Алтын емес, салтым қымбат.

Өткізген: Есбусинова Мастура Сагинбаевна

Класы: 6 «Б»

Ақтөбе – 2009

Сабақтың тақырыбы: Жалқың емес, жалпың қымбат.
Алтын емес, салтым қымбат.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Қазақтың шаш қою салт- дәстүрінен толық мағлұмат беру.
Қыздарымызға тән жарасымдылықты қайта жаңғырту, өткен тарихымыздың куәсі
салт- дәстүрімізді жаңарту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа, ұқыптылыққа , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылар санасында салт- дәстүрге бетбұрыс жолға қойылып,
ата- баба дәстүрі жалғастыру.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Ассосация
3. Жаңа сабақ.
4. Шығармаларды талдау .
5. Қорытындылау
6. Үйге тапсырма
1. Оқушылармен амандасып түгелдеу. Класс тазалығына, дайындығына көз
жүгірту.
2. Слайд . Қыз балалар мен ер балалардың шашқа байланысты суреттері.

3. Жаңа сабақ : Шаш қою үрдісі.
/Мұғалім сөйлеген уақыттың барлығында слайд жүріп тұрады/
Мұғалім: Біз шашбау, шашқап, ал кейбіреулеріміз тұлым мен айдарды,
орайдың өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін жете түсінбейміз. Оның қойылу
мақсатын, нені білдіретінін жетік білмейміз. Сондықтан, бүгінгі сабағымыз
қазақтың шаш қою салт- дәстүріне арналады . Ұлтымызға тән жарасымдылықты
қайта жаңғырту, өткен тарихымыздың куәсі салт- дәстүрімізді жаңарту.
Қырқынан шығару, қарын шаш деген ұғымдарды білеміз бе?
Оқушыларды сөйлету.
Мұғалім: Қырқынан шығару- сәби дүниеге келгеннен кейін 40 күн өткенде
орындалатын ғұрып. Қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестенің қарын шашын ер
кісі алған, ұрпағы өсіп-өнген қария әже 40 қасық суды баланың үстіне құйып
тұрып «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын» деп тілек
айтқан. Баланы қырқынан шығару тойына жиналған адамдардың әрқайсысы
нәрестені шомылдыратын ыдысқа ырымдап 40 қасық су құяды, шомылдырытын
ыдысқа «Күні күмістей жарқырап тұрсын» деп күміс сақина, жүзік сияқты
әшекейлер салынады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер сақиналарды өзара
бөліседі.Қария анаға көйлектік мата, шашын алған ер кісіге тақия, т.б.
сыйлықтар беріледі.
Қарын шашты шүберекке түйіп, бөбек киімінің иығына қадап қояды.
Өнерлі әйелдердің біріне «Он саусағы майысқан шебер, өнерлі болсын» деп
баланың тырнағын алғызады.
Туылған ер баланы 30 күн, қыз баланы 40 күн суға түсіріп, денесін сылап,
буындарын созады.
Қырқынан шығару – ырымын 40 күн өткен соң жасайды. Оны туыстары болып
келетін үлкен кісіге тапсырады. Осындай міндет жүктелген адам нәрестеге
сыйлығын 1 тоғыз етіп дайындап келіп, қырқынан шығарады.
Мұғалім: Енді айдар, тұлым, орай, кекіл дегенді білеміз бе?
Оқушыларды сөйлету.
Мұғалім:Айдар-баланың төбесіне қойылатын бір шоқ ұзын шаш.
Айдарлысын құл, тұлымдысын күң қылды (етті) – еркегі мен әйелін құлдыққа
салып қорлады, жәбірледі.
А) Адамның төбесіне қойылған шаш. Ертеде қаһарлы күш-қуаттық белгісі
тәрізді болған. Айдар қою- монғол, қытай, маньчжур, қалмақ,
украйн,т.б.халықтарға тән.
Б) Алған атақ абыройды білдіретін ұғым.(“айдар тағу”) “Әнші қыз” деген атақ
осы кезде Жібекке айдар болып тағылды. (Ғ. Мұстафин)
В) Кейбір құстадың төбесінде болатын терімен жалғасқан тәж тәсілді өсінді.
Ол көбінесе тауық тұқымдас құстарда, Америкада кездесетін кейбір құмайларда
да болады. Айдардың пішіні әр түрлі келеді, оған қан толғанда қызарады.
Көптеген құстардың төбесінде шоқтана өскен қауырсынды да Айдар деп атайды.
Айдар жыныстық айырмашылықтық бір белгісі.
Тұлым- жас баланың шекесінен, шүйдесінен ырым үшін қалдырып қойған тұлымшақ
шаш.
Тұлымшақ- өруге келмейтін әдейі қалдырған шаш, тұлым.
Орай- адамның төбесіндегі шаштың үйіріліп өскен жері.
Кекіл- маңдай тұсында шаш қою рәсімі. Мұндай рәсім ежелгі дәуірлерде
көптеген халықтарда болған. Олар, көбінесе, ғұрыптық мән иеленген. Қазіргі
кекіл жас балаға шашын тегіс ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір
шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістей қиып қояды. Кекіл балаларға
жарасымды ажар береді.
Оқушылар ойы талқыланады.
Мұғалім: Бұрым- әйелдердің өрілген ұзын шашы. Қазақ халқының дәстүрлі
дүниетанымында өрілген ұзын бұрым сұлулықтың сәні саналған. Оған шашбау
тағып, айрықша күтімге алған. Бұрым жалғыз және қос өрім болады. Шашты
қырқып кеспей, тобығына дейін жеткізе өсіру- бойжеткеннің сымбатын асыратын
сәні болған. Шаштың қоюлығы мен сұйықтығына қарай бұрым да үлкен және кіші
болып келеді. Жуан бұрымды жеңді білектей, қос бұрымды тау басынан құлаған
бұлақтай деп, ерекше мадақтаған. Бұрым өсіруге қыздар жас кезінен айрықша
көңіл бөлген. Шешесі, жеңгесі немесе құрбы қыздары өруге қөмектескен. Сол
өрімге маржан, күміс шашбау тағып безендірген.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу кыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Абай.
Әрнәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз кашан да сұлудың көркі —
шаш, шаштың көркі шаштеңге деп караған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді
шашы мен бой-басына қарап бағалаған.
Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп бөлініп, оның әр талы
"жібектей" деп, өрілген бұрымды "білектей" деп түрлейді. Өріміне карай
"жалғыз бұрым", "қос бұрым" деп атайды. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын,
күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі.
Ақындар оларға "қолаң қара шашы бар жібек талды" (Абай), "Сүмбіл шаш,
пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек" {Ақан) деп
сұқтанған, таңданған.
Шашқа тағатын бұйымдар
Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын сәндік бүйымдардың
ішіндегі асылы мен артық саналатыны — шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес,
шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күні көтеріп кетпес үшін де тағылады.
Әсем сәнді шолпыларды қыздар мен келіншектер ғана таққан, егде әйелдер
тақпаған.
Шолпының түрлері өте көп. Мысалы: коңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі
шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы, сылдырмақ шолпы,
көзді шолпы (бұларды орнатылған асыл тасына қарай маржанды шолпы, меруерт
шолпы дейді). Металл түріне карай алтын шолпы, күміс шолпы деп атала
береді. Жер-жерде шолпылардың бүдан да көп атаулары бар. Сұлу шашқа
тағылған осы шолпылар қыз-келіншектер жүріп тұрған кезде күн сәулесіне
шағылысып көздің жауын алады. Сонымен бірге ол иесі қозғалғанда, әсем
дыбыстар шығарып сұлу кыз, кермаралдай керілген кербез келіншектердің әсем
жүрісіне үн қосып, ару сыны мен сымбатын одан әрі арттыра түседі. Мұндай
сұлуды қазақтар "сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосқан" деп
ардақтаған. Алаштың, ардақтысы Міржақып әкеміз де осы көріністі қалт
жібермей "Шекеде кәмшат бөрік, кигені асыл, Сылдырлап алтын шолпы, иықта
шаш" деп суреттеген ғой. Шолпылы қыздарда ойлылық, зерделік мінез
калыптасады.
Шашбау — шаштың әр-ажарын аша түсетін зергерлік өнер туындысы. Сұлулар мен
бойжеткендерге арналған халық өлеңдерінде "Сылдырап шашбауың мен алтын
сырғаң", "Көрінер қыздар сұлу шашбауымен, бұрымын кейін сілкіп тастауменен"
дегені осыдан шыққан. Шашбау түрлі-түсті асыл тас орнатылған, моншақ
тізілген ұзын күміс шынжырлы баумен немесе қымбат, берік матамен ызылып
жасалған алтын, күміс жіптермен орнектеліп, ұшына салмақты күміс теңгелер
мен сөлкебайлар тағылған бұйым. Мұның шолпыдан өзгешелігі — ол бұрыммен
қоса өріліп, теңгесі шаш ұшына байланады.
Шашқап — шашты күнге күюден, жұмыс үстінде шаң-тозаңнан сактау үшін
жасалатын сәндік бұйым. Ол мақпал, шүға, барқыт, мауыты сияқты көк, кызыл,
қара түсті маталардан желкеден белге жететіндей етіп жасалады. Жоғары және
төменгі жағынан ою-өрнекпен безендіріліп, ұзына бойы зермен, оқамен, тағым,
моншақпен әшекейленеді.
Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол әйелдер кауымының,
яғни, Хауа ана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген Алла тағаланың
айрықша сыйы, құрметі, еншісі. Ал, шолпы, шашбау, шаштеңге, шашкап сол сый-
құрметке сай әрі әйелдің. әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған
атамыз казақтың оған қосқан талғампаздық үлесі әрі үлттық сыр-сипата
екеніне ешкім дау айта қоймас.
Шашбау- әйелдердің шаштың ұшына сәнге тағатын әшекейлі заты, шолпы.
Шашбау- қыздар шашымен қоса өріліп, моншақты, зерлі күміс шынжырлы әсемдік
бұйым.
Шаштеңге- қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын, жібек бау өткізілген күміс
бұйым.
Шашбау - Қыз келіншектер шашына тағатын сәндік бұйым.Мұндай әйел шашының
әр ажарын аша түсетін, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын
алтын,күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар.Шашбауды түркі
халықтары ежелден қолданып келеді. Шашбау біріншіден,әйел шашының өсуіне
ықпалын тигізеді.Екіншіден басқа массаж жасайды . Ерте заманда шашбау тағу
шаш арасындағы жын шайтандарды қашырады деген түсініктен туындаған.
«Шашы ұзынның ақылы қысқа...»тақырыбында оқушылар шығармаларын талдау
Мұғалім: Кім айтса да, осы сөзден әлі күнге дейін таяқ жеп жүрген
қыздарымыз аз емес.Ойланып айтты ма, ойланбай айтты ма, әлде жігерін жанып,
намысын ояту үшін айтты ма, әйтсе де қытығымызға тигені анық.
Шашы ұзынның ақылы қысқа болса, онда бала өсіріп, бала тәрбиелеп отырған
аналарымызға неге кейінгі ұрпақтың болашағын сеніп тапсырады?! Абай
тағылым алған Зере әже, Ұлжан шеше, Шоқан жанындай жақсы көрген Айғаным
әжесі мен Зейнеп анасы ақылының аздығынан тарихта қалды ма?
Жиренше шешеннің жары Қарашаш неден ақылды, Ханға уәжді қай ақылымен
айтады сонда? Төле би сенген Данагүл келіні ше, жұрт шешпеген жұмбақты
шешіп, қиыннан жол таба алуынан не себепті болды?Әлде шаштарын қысқартты
ма? Жоқ, бұл- тарихтың бұлтартпас дәлелі.Ел ішіндегі қаншама ана бейнелері-
Домалақ ана, Айша бибі, Тұмар қыз,Зарина патша, Қарлыға, Кенжекей, Құртқа,
Гүлбаршын, Ақжүніс, Ұлпан, Ақілима т.б. сөзіміздің растығын нақтылай
түседі.Сүйенішті де, Медеуді де әйел баласынан, жар құшағынан, мейірімді
анасынан, қайырымды қарындасынан таба білген ер азаматтарға осы сөзден бас
тартуына тура келеді.
Шаштарын түйіп, бөркіне жасырған батыр қыздар, сақ патшалары Тұмар
(б.з.д. VI ғ.), Зарина (б.з.д. V ғ.) сынды арулар тарихтан ойып тұрып өз
орындарын бекер алмаған болар?!
Егер осындай «ақылсыздықты» меңзеген болса, бұған қуануға
болады.Арулардың бәрі «ақылсыздықтан» осындай іс-әрекеттер жасай алса,
бәріңізге де шаш өсіру қажет сияқты.
Шаш- адамның бірден көзге түсер, ең тартымды дене мүшесі.Оның ұзын
болғаны, тіпті де, сол адамға деген құрметіңізді оятуы керек.Өйткені оны
күтіп бағу, сымбаты мен сұлулығын арттыру үшін де ерінбей тер төгіп, мұқият
баптап,жауапты болуыңыз шарт.
Ендеше мұндай жандарға, яғни халқымыздың көнеден келе жатқан шаш өрімін,
бұрымын күткен әдетін өлтірмей, жаңғырта білген аруларды шаншу сөзбен қақ
байлағанша, алақанға ұстап, мерейін көтеріңіз дер едім.
Қорытынды
Казақ халқы шашты ертеден ақ жоғары бағалаған және оған байланысты
атқарылатын әдет-ғүрыптары да бар. "Шашыңды отқа тастама", "Шашынды жайма",
"Шашыңды қима" деген тыйымдар, "Шашың кесілсін" деген қарғыстар бар.
"Шашыңды кескенің — бакытыңды кескенің" деп, сәбилердің шашын көзіне
түсірсе қитар болады деп ырымдаған.
Жас әйелдер шашын маңдайдан айырып екі бұрым етіп өрген соң оны арасын бір
сүйемдей етіп ұшынан бір-біріне жалғайды. Бүл "жұбымыз жазылмасын" деген ак
тілек белгісі. Ал, қыздар бұрымын әлгіндей себеппен дара өреді немесе қос
бұрымын бір-біріне жалғамайды.
Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Шолпы деп ат қоюдың өзі шаш касиетін көрсетеді.
Жеңгелері қайын-сіңілілеріне ат қойғанда "Шашбаулым", "Шаштеңгелім",
"Сырғалым" деп сызылуында да сұлу сыр жатыр.
Кейде сахнадан кейбір әп-әдемі өнер шеберлерінің ұлттық киім киіп, жасанды
бұрым байлап, жалған көрініс жасауы да жараспайтын іс. Окығаны да,
оқымағаны да қазір келте шаш модасына әбден беріліп алды. Қолаң шашты
сұлулар некен-саяқ...
Енді бүгінгі сабағымызға класымыздың оқушыларының арнайы дайындаған деректі
фильмін тамашалаңыздар.
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ
Халықтың кылмыс заңында да шаш туралы бірнеше бап бар. Тентектер әйелдің
шашын кессе, ол дене мүшесін кескенімен бірдей жазаланады, үлкен айып
төлейді. Егер әйелдер өздері қылмыс жасаса, олардың шашын кесіп жазалайды.
Бұл әйелдер үшін өлім жазасымен тең қаралған. Шаштың ұшын қиған қыздарға
шапалақ беріледі. Демек әйелдерге тән шаш бағасы мен құнын халқымыз ежелден-
ақ білген.
Реті келгенде осы жерде шаштың казіргі жайы туралы айтпай кетуге тіпті
болмайды. Ашығын айтар болсақ, қазіргі қазақ қыздары шашты кесумен бірге
шашка катысты әсемдік әшекейлер — шолпы, шашбау, шашқапты мүлде білмейді.
Сонымен бірге әйелге тән нәзіктік пен ибалы қасиеттерді де ұмытып барады.
Бұған қазіргі нарықтық дөрекі әдеттер қосылды да, әйелдер "еркіндігі" тіпті
асқынды.
Тыйым сөз.
1.Шашыңды отқа тастама
2.Шашыңды жайма,
3.Шашыңды қима
Ырым
1.Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.

Жүрегі «мен қазақпын» деп соққан әрбір адам салт- дәстүрден аттап өтпеуі
тиіс. Керісінше ойларымызбен бөлісіп, біріміздің білмегенімізді екіншіміз
толықтырып отыруымыз керек. Сонда дәстүріміз жаңарып , жаңғырып беделін
асқақтата түседі
Е.Құдайбергенов «Мен қазақпын».
Үйге тапсырма.
Шаш туралы мақал- мәтелдер, жұмбақтар дайындап келу

Мақалдар
1.Шашыңды кескенің- бақытыңды кескенің.
2. Ақ шашты ана:
«Жастығым балам» дейді.
Ақылды бала
« Ай- күнім анам» дейді
Жұмбақтар
1. Асқар тауда қара орман
/Шаш/
2. Қара тауым қарлы болды,
Бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды.
/ Ағарған шаш/
3. Кішкене ғана тегене,
Сырты толған балауса.
/Шаш,бас/
4. Басында қара таудың қап-қара шөп,
Атаймыз тау демесек әлдене деп.
Ағарып ақырында кете ме екен,
Ол таудың әлі шөбі тұрғанда көп.
/Шаш/
5. Басында қара таудың қап- қара шөп,
Айтамыз тау демесек әлдене деп.
/ шаш/
6. Қалың қамыс, қалың қамыс,
Астында қия қамыс.
Пысылдауық, пысылдауық
Астында сықылдауық.
/ Қалың қамыс- шаш, қия қамыс- қас/

7.Мың қойымды бір шыбықпен айдадым
/ ұстара/

-----------------------
шаш

Ұқсас жұмыстар
Ш дыбысы және ш әрпі
Денсаулық сақтау технологиясын оқу - тәрбие үрдісіне енгізу 8 сыныптарға арналған
Оқушылардың мақал-мәтел арқылы сөздік қорын байыту
Шаш күтімі
Жылқы етінің адам ағзасына пайдасы
Шаш сәндерінің негізгі стильдері
<<бұрымды қыз>> байқауы
Бұрымды қыз жайлы ақпарат
Мамандықтар шеруі. шаштараз
<<сән мен сымбат әлемі>> сайысы
Пәндер