Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сын есім. Сабақтың түрі
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есім туралы түсініктерін бекіту. Негізгі және туын-
ды сын есім туралы түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Туынды сын есімдердің түбірі мен қосымшасын
ажырата білуді меңгерту, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Сөздергі жұрнақ жалғау арқылы туынды сын есім жасай
білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көрнекіліктер, ереже кестесі, ойын, көктем
мезгіліне байланысты дидактикалық
суреттер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, жаттығу, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындық. Оқушылар бір-біріне жылы
сөздер айтып, мадақтау сөзбен жылы пікірлерін білдіреді. Мысалы, салмақты
Мөлдір, ардақты Қобылан.
ІІ. Қызығушылығын ояту:
Өтілген материалдарды қайта пысықтау.
Оқушылар топқа бөлініп отырады, әр топтың ортасына бір зат қойылады.
Сол затқа қарап сипаттама беру тапсырылады.
І-топ: Доп ІІ-топ: Қонжық
ІІІ-топ: Текше
Сын есім ережесі еске түсіріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жанар қыз екен.
Балалар, бұл жерде Жанардың бес түрлі сындық белгісі айтылыр тұр.
Сын есімдердің ерекшелігін анықтайық (құрамы, түрі).
Көрікті, өңді - жеке дара сөздерден, дөңгелек жүзді, ақ сары жүзді, жеңіл
денелі - 2-3 сөзден тіркесіп жасалып тұр.
Осы сөздердің ішінен туынды сөзді тауып, сөз құрамына талдау:
Көрікті. Өңді. Жүзді. Денелі.
Ереже:
Сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Түбір сөзден болған сын есім негізгі сын есім деп аталады. Мысалы,
жақсы, кең, үлкен.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім туынды сын есім
деп аталады. Мысалы, таудай, әдепті, пайдалы.
Ой шақыру: «Гүл теру» ойыны арқылы жүргізіледі. Тақтада берілген сын
есімдерден негізгі және туынды сын есімдерді табу. Жаңа, сабырлы, қызыл,
аласа, жұқа, сенімді, биік, сенгіш.
Мағынаны тану, түсіну, зерттеу.
І.Бүгінгі күн ретін белгілеу.
ІІ.Көркем жазу.
І – тапсырма
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз, сын есімдерді тауып сұрақ қой.
І-топ.
Қаз - суда жүретін құс. Оның мойны ұзын, аяғы қысқа, қызыл немесе
қызғылт сары түсті болып келеді.
ІІ – топ
Қаздың суға сүңгуі, сыңар аяғымен тұруы қатты суық болатынын
білдіреді.
ІІІ – топ
Жабайы қаздар жұптасып тіршілік етеді.
ІІ – тапсырма
Әр топтан бір оқушы тақтаға орындайды.
І – топ ІІ – топ ІІІ-топ
Туынды сын есім- Түбір сөзден туынды Берілген зат есімді
дерді теріп жаз. сын есім жаса. сын есімге айналдыр.
Қысқы, атақты, Ажар – Ақыл –
жасыл, тоқсандық, Көрік – Ой –
жаңбыр, биік, еңсе- Боз – Саз –
лі, аласа, жаңа. Ақ – Дәм –
Күз – Су –
Сергіту сәті
Естілсінші шапалақ,
Қатты-қатты жер тұрады.
Тоқтатайық қамалмен
Қамалымыз мықтырақ.
Желді көрдік тоқтады.
Қамал нұрға толады.
ІІІ – тапсырма
Мақалдарды көшіріп жаз! Сын есімді тауып, түбірі
мен қосымшасын белгіле.
І - топ ІІ - топ ІІІ - топ
Берекелі жерден Талапты ерге нұр жауар. Әдепті бала – арлы
мереке кетпес. бала.
ІV – тапсырма
Шығармашылық жұмыс
Сурет бойынша әңгіме құрау. Құраған әңгіменің ішінен сын есімді табу.
І – топ
ІІ – топ
ІІІ - топ
V - тапсырма
«Көршісін тап» ойыны
Шарты: Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып айту.
Су -паз
Күз -ғы
Қар -гі
Көктем -лы
Әсем
Жаз
VІ – тапсырма
Жұмбақтың жауабын тап. Негізгі сын есімдерді табу.
Ұшамын тойда қалықтап,
Қолың жетсе, алып бақ.
Қызыл, жасыл түсім бар,
Соңымнан, кәне, ұшыңдар!
Сабақты бекіту
Сонымен балалар, бүгінгі сабақта біз негізгі және туынды сын
есімдермен таныстық. Алдағы сабақтарда да осы тақырыпта бәріміз бірге жұмыс
жасайтын боламыз.
Хормен: «5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнерлі, білімді болып біз
Өсе берсін санамыз! –
деп бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма! 2 жаттығуды жазбаша орындау, ережені қайталау.
-----------------------
Доп
қатты
қара ала
домалақ
жеңіл
қоңыр
әдемі
Қонжық
жұмсақ
жеңіл
Текше
көк
жеңіл
қырлы
қатты
Көрікті
Өңді
Дөңгелек жүзді
Ақ сары жүзді
Жеңіл денелі
Сын есім
Негізгі сын есім
Туынды сын есім

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz