6-сынып әдебиеті сабағы: Біржан сал Абай ауылында (бекіту сабағы)

Ақжайық ауданы

Абай атындағы мектеп-гимназия

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Біржан сал Абай ауылында»

/әдебиет, 6-сынып/

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерментаева Әсел Сатқанқызы

2011 жыл

Сабақтың тақырыбы: “Біржан сал Абай ауылында” /бекіту сабағы/

Мақсаты:

Білімділігі: Үзінді мазмұнына сүйене отырып, ақынның және өнерлі жастардың өнерді бағалауы мен құдіретті Біржан әндерінің Абайға әсерін таныту.

Дамытушылық : Оқушылардың шығармашылық ойлау, салыстыра білу, өз пікірін айта білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өнерді сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс

Әдіс-тәсілдері: проблемалық сұрақтар, пікірталас, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайдтық суреттер, журнал, цитата, портреттер, аудиожазба

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, тарих, өнер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныптың сабаққа дапярлығыны шолу. Сыныпқа бүгінгі сабаққа байланысты «Әдебиет әлемі» атты әдеби-танымдық журнал келгенін хабарлау. Оқушыларды екі топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар, өткен сабақтарда «Біржан сал Абай ауылында» шығармасының мазмұнымен толық таныстық. «Әдебиет әлемі» журналында шығарманы талқылауға арналған тапсырмалар берілген. Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық. Журналдың алғашқы бетінде не жазылған екен?

1-бет. « Армысыңдар, ақжүректерім!»

Бүгінде еліміз айрықша мереке - тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлауда. Тәуелсіздік әрбір қазақстандық үшін мәні мен мазмұны терең, баға жетпес басты байлығымыз. Оны сіздердің балғын жүректеріңіз жете түсінеді деп есептейміз. Еркін елдің бүгінгі ұландары азат Отанымыздың елтұтқа азаматтары болады деп барша жұрт сенеді.

Бас редактор

  • Тәуелсіз еліміздің терең тарихы, бай әдебиеті мен қазыналы мәдениеті бар екенін білесіздер. Еркіндікті, азаттықты аңсаған талай арыстарымыз өтті. Елін, жұртын білім, ғылымға, өркениетке шақырған талай тұлғалар болды. Сондай тұлғалардың ішінде шоқтығы биік екі тұлғамен өткен сабақта таныстық. Олар кімдер еді?

2-бет. «Білгенге маржан . . . »

Журналымыздың алдыңғы нөмірінде “Біржан сал Абай ауылында” атты “Абай жолы” романынан үзінді жариялаған едік. Енді сіздердің мәтінді қалай түсінгендеріңді тексеріп көрмекшіміз.

  1. Абай жолы” романы неше кітаптан тұрады?
  2. Роман-эпопея неше тараудан тұрады және қанша тілге аударылған?
  3. Әуезов алғашқыда романға қандай ат бермек болды?
  4. Үзіндінің басты кейіпкерлері кімдер?
  5. Біржан салды Абай ауылы қалай қарсы алды?
  6. Біржан салдың салған әнінен Абай қандай сезімге бөленеді және оған қандай баға берді?
  7. Абай Біржанның өнеріне қандай өлең арнап жазды?
  8. Әмір кім? Әйгерімнің шын аты кім?
  9. Иіс кемпір Әйгерімге не деп алғыс айтты?
  10. Біржан аттанарда өз үйінен дәм татқызған кім еді, ол жерден әнші-ақын қандай сый-құрмет көрді?
  11. Біржан сал бастаған өнерпаз жастар ауылдағы соңғы кешті кімнің үйінде өткізді?

3-бет. «Қыр-сыры мол дүние»

Сіздер аталмыш шығарманы қандай бөлімдерге бөлер едіңіздер? Ұсыныстарыңызды жазып жіберіңіздер.

4-бет. «Кейіпкерлер әлемі»

Мәтіндегі басты кейіпкерлердің бейнесін ашыңыз. Бұл үшін “Тұжырым” кестесін толтырып, бізге жолдаңыздар.

І топқа:

Өнер иесі

Порт-

реті

Орын-

даған әні

Адами қасиеті
Баға беру
Өнер иесі:

Абай

Әйгерім

Порт-реті:
Орын-даған әні:
Адами қасиеті:
Баға беру:

І І топқа:

Бір

Порт-

реті

Орын-

даған әні

Адами қасиеті
Баға беру
Бір:

Біржан

Әмір

Порт-реті:
Орын-даған әні:
Адами қасиеті:
Баға беру:

5-бет. «Ойлан да тап!»

Балалар, бұл бетте Біржан сал шығармашылығына қатысты тапсырмалар берілген. Дұрыс жауапты табуға тырысып көріңіздер. Алдымен мына сұраққа жауап беріп көріңізші.

Ән және өнер дегенді қалай түсінесіздер?


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары (6-сынып): Біржан сал Абай ауылында әңгімесін талдау
Мұхтар Әуезовтің Біржан сал - Абай ауылында (романнан үзінді) бойынша жаттықтыру сабағы: Абай мен Біржан бейнесін ашу
Ашық сабақ (6-сынып, қазақ әдебиеті): М. Әуезовтің Біржан сал Абай аулында поэмасы - Біржан әнінің зор құдіреті
10-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы
10-сынып қазақ әдебиеті пәні: Біржан сал шығармашылығы - практикалық сабақ жоспары
9-сынып әдебиеті: Біржан сал Қожағұлұлы шығармаларын шолу және талдау сабақ жоспары
Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығына арналған интеграцияланған сабақ
6-сынып: Рационал сандарды салыстыруды бекіту сабағы
10-сынып қазақ әдебиеті орта мерзімді жоспары: Әнші-сазгер ақындар, Біржан сал және Ақан сері - оқыту мақсаттары мен бағалау әдістері
Көкшетау Назарбаев Зияткерлік Мектебінің Жас маманға жәрдем - Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік көмекші құралы: Біржан сал мен Шоқан Уәлиханов бойынша сабақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz