Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау: жергілікті желі мен электрондық пошта (7-сынып)

Информатика 7-сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу

және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық

пошта»

Ермекова Қалампыр Сансызбайқызы.

Информатика пәні мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы,

Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектебі.

Сабақтың тақырыбы : Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау.

Жергілікті желі. Электрондық пошта.

Сабақтың мақсаты : а) оқушыларды “Электрондық хабар”, “Компьютерлік желі” ұғымдарымен

таныстыру. Электрондық пошта мен хабарлар туралы және электрондық

адрес туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой-өрісін, пәнге қызығушылықтарын

қалыптастыру;

б) ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі : ұжымдық жұмыс, тірек-сызбалар.

Пәнаралық байланыс : ағылшын тілі, орыс тілі, құқық, өмірмен байланыс.

Көрнекілігі : слайд-фильм, тірек-сызба, топшамалар жинағы, ЭО.

Техникалық құрал-жабдықтар : ДК, интерактивті тақта, модем, ЭО.

Жоспар:

  1. Ұйымдастыру (Оқушылардың, сыныптың сабаққа дайындығын шолу, назарларын сабаққа аудару)
  2. “Ой сергіту ” аялдамасы. (Үй тапсырмасы)
  3. “Теория” аялдамасы (Жаңа тақырып)
  4. “Практика” аялдамасы (Беркіту тапсырмалары, тест)
  5. Қорытынды бөлім (Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру)

Кіріспе. (Слайд арқылы саяхаттың маршруттарын көрсету )

Бүгінгі сабағымызда “Модем” құрылғысы арқылы “Интернет желісіне” саяхатқа шығамыз.

Бізге алдымен байланысқа шыққан “Ой сергіту” аялдамасы. (Телефон дыбысы) . Бұл аялдамада байланысты әрі қарай жалғастыру үшін үй тапсырмасын сұрайды . (Слайд №1)

Сіздер “Ой сергіту” аялдамасының шартын орындадыңдар. Олай болса байланысымызды жалғасырамыз. (Телефон дыбысы) Байланысып тұрған “Теория аялдамасы”. Мұнда жаңа сабақ түсіндіріледі . (Слайд №2)

Компьютерлік желі-бұл бір - бірімен әр түрлі ресурстарды ортақ пайдалану үшін біріктірілген компьютерлер тобы. Компьютерлік желінің 3 түрі бар:

  1. Жергілікті желі-бір бөлменің немесе ғимараттың аумағында біріктірілген компьютерлер тобы;
  2. Аймақтық желі- қала, облыс, ел шегінде біріктілрілген компьютерлер тобы;
  3. Интернет желісі- бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуға болатын желі.

Компьюетерлік желілердің көмегімен дүние жүзі деңгейінде хабарды жіберуге және алуға болады.

Желі арқылы хабар алмасу жүйесін электрондық пошта (e-mail) деп атайды. Электрондық пошта Интернеттің ең кең тараған қызметі болып табылады. Соңғы мәліметтерді диаграмма арқылы мысалға келтіру.

Электрондық пошта мен кәдімгі поштаның жұмыс істеу принциптері ұқсас.

-кәдімгі пошта арқылы хат жібергенде не істейсіңдер, өздерің айтып көріңдер?

-Оқушылар жауабы

Алайда электрондық поштаның кәдімгі поштадан елеулі айырмашылықтары бар:

  • Хабарлар жіберудің жоғары жылдамдығы;
  • Электрондық хатта тек мәтіндік хабар ғана емес, оған қоса әр түрлі программалар, графикалар,, дыбыстық хабарлар қоса жіберуге болады;
  • Хатты бірден бірнеше абонентке (адреске) жіберуге болады.

Электрондық поштаны іске қосу жолы: Пуск- Программы-Outlook Express әмірін орындау керек. Сол кезде Outlook Express программасының жұмыс үстелі пайда болады. (Слайд арқылы терезе элементтерін түсіндіру)

Outlook Express программасы стандартты қапшықтармен жұмыс істейді:

  • Входящее (Келетін хабарла) - мұнда барлық алынған хабарлар туралы мәлімет алуға болады;
  • Исходящее (шығатын хабарлар) барлық жіберуге дайын хабарлар сақталады.
  • Отправленные (жөнелтілген хабарлар) қапшығында электрондық пошта арқылы жіберілген хабарлардың көшірмесі сақталады.

Жаңа хабарлар құру үшін: Сообщения (Хабарлама) -Создать сообщение (хабарлама жасау) әмірін орындау.

Ашылған сұқбат терезеден Кому (кімге) өрісіне хабар жіберетін адамның электрондық адресін пернетақтадан енгізу. Электрондық адрес латын әріптерімен жазылады.

Мысалы: ahmetov@soros. krg. kz

Мұндағы: soros- пошта сервері (пошта бөлімшесі)

Krg- қала аты (Қарағанды) -кейде қала аты болмауы да мүмкін.

Kz- ел аты(Қазақстан)

Aumetov- пошта жәшігінің аты

@ (Эт, сабачка) және нүктелер- бөлгіш белгілер.

ahmetov@soros. krg. kz

пайдаланушы домендер

жәшігі

Тема (тақырып) өрісіне мысалы:хат

Астындағы өріске хаттың мазмұны пернетақтадан енгізіледі. Хабар дайын болған соң Файл-Отправить(Жөнелту) командасын орындау немесе Отправить (Жөнелту) батырмасын басу. Жіберілген хабардың көшірмесі Отправленные (Жөнелтілген хабарлар) қапшығында сақталады. Алынған хабарларды оқу үшін входящее (келетін хабар) қапшығы белгісінде тінтуірді 2 рет шерту. Сонда алынған хабар терезесі ашылады.

Электрондық поштамен хабар жазғанда сыпайылық ережелерін сақтауларың керек. Сөйлемдеріңізді грамматикалық жағынан сауатты құрастыруға тырысыңдар. Себебі: сауатсыз жазылған хабарламаларды оқу да, түсіну де мүмкін емес.


Ұқсас жұмыстар
Компьютер арқылы хабар алмасу: жергілікті желі және электрондық пошта (Информатика, 7-сынып)
Компьютерлік желілер мен жергілікті желі: электрондық пошта арқылы хабар алмасу негіздері
7-сыныпқа арналған информатика сабақ жоспары: Компьютер арқылы хабар алмасу, жергілікті желі және электрондық пошта
Ауқымды компьютерлік желі және электрондық пошта: информатика сабағының жоспары
Мектеп информатикасында телекоммуникациялық желілерді оқыту әдістемесі мен электрондық пошта практикумы
Ауқымды компьютерлік желілер және электрондық пошта: түсінігі, қызметтері мен қолданылу негіздері
Ауқымды желі және Интернет: WWW іздеу жүйелері мен электрондық сауда сабағы
6-сынып информатика: Компьютерлік байланыс түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернеттен іздеу және электрондық пошта
Жергілікті желі кабельдері: түрлері, RJ45 қысу және Ethernet кабелін құрастыру
7-сынып информатика сабағы: Компьютерлік желі және ақпарат алмасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz