Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер

Жарық орта мектебі

Ғылыми жұмыс
« Дәрілік өсімдіктер»

Орындаған 5-Б сынып оқушысы Ермекова Аяулым
Жетекшісі: Түсіпбекова Айнагүл Әмірбековна

2011-2012 оқу жылы

Өзектілігі: бұл тақырыпты таңдамас бұрын ауыл дамдарының арасында
« Дәрілік өсімдіктер» туралы сауалнама жүргіздім, сауалнама қорытындысы
бойынша халықтың көпшілігі өсімдіктерді білгенімен олардың адам ағзасына
тигізетін әсері, шипасы жайында мағұлматтары аздығы байқалады.
Сондықтан да мен жергілікті жердегі дәрілік шөптерді анықтауға,
олардың адам ағзасына тигізетін әсерін, маңыздылығын зерттеуді алдыма
мақсат етіп қойдым.

Міндеттері: 1. Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер туралы ақпарат жинау
2 Дәрілік өсімдіктерді жинау, сақтау, кептіру,
қолдану ережесі.
3. Гербарий материалдарын жинақтау.
4. Буклет «Дәрілік өсімдіктер».
5. Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктерін жинап
кептіріп, фитотерапия саласына пайдалануға дайын кеппе шөптер жасау.

Болжамы: Егер осындай жергілікті жердің дәрілік өсімдіктерін насихаттай
білсек, онда халық өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін әсері, шипасы
жайында мағлұмат алып,дәрілік өсімдіктерді өз ауласында өсіріп, өзінің
қажетіне қолдануына мүмкіндік туар еді.
«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»

Кіріспе
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы
географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі
өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті
осыдан үш жыл бұрын –ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген
дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі
грек дәрігері Гиппокра белгілі еңбек жазған. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса
да пайдасы, оларды ауруды емдеу мақсатын кеңінен қолдануға болады.
Сонымен қатар ол оз дәуірінде қолданылған 200-ден астам өсімдікке сипаттама
жасаған, бірақ та ғалым сол сипатталып отырған өсімдіктерде арада 6 өткен
соң, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет
жауап берді, ол өсімдіктерді шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы
белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтаған, сонымен қатар
бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет
науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен
және одан жасалған дәрімен емдеді
XVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар
өсімдіктерге химиялық анализ жасаған. Ол да өсімдіктің емдік қасиеті оның
құрамындағы кейбір заңдарға байланысты екендегіне бас назар аудара отырып,
сол заттарды таза күйінде алуға күш салды. Мал бағумен ықылым заманнан
айналысқан қазақ ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан
адамдарды өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған.
I. Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер.
Мақсаты: 1) көгалдандыру
2) Санды көбейту, ареалын кеңейті
3) Дәрілік мақсаты
4) Ауылдағы әрбір үй осы өсімдіктің бір-екі түбін
отырғызып, мың теңге тұратын дәріні шарбағында өсіру мүмкіндігі
бар, ал енді осы уақытқа дейін тек қана арам шөп болып танылып
келген, өз бақшамызда, үй маңында өсіп тұрған шөптерді зерттей
отырып, оны тұрмыста қолдана бастадым. Енді солардың бірнешеуіне
тоқталып, оларды қалай пайдалану керектігін ұсынамын.
1. Итмұрын (шиповник) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын, гүлі
хош иісті бұта. Таулы, орманды жерлерде кездеседі. Гүлдері қызғылт,
5 күлтеден тұрады. Жемісі жұмыртқа пішіндес, іші ұрықтарға толы,
сабағы тікенелі. Мамыр- шілді айында гүлдейді. Жемісі қыркүйек,
қазан айында піседі. С- дәруменіне бай. Жемісін әртүрлі дәрумендік
концентраттар дайындауға, жемісінен сироп жасауға , кептіруге
болады. Сақтау мерзімі 2 жыл. Үйде емделу жолдары: Итмұрынның 5-10
жемісін 1 құты суға салып, 1шай қасық қант қосып, 5-6 сағат
тұндырады. Осындай тұндырманы тамақ ішерден бұрын жарты стакан
ішеді.
Қолдану және дайындау:2 шай қасық гүлге 2стакан қайнаған су қосып,
суы бар ыдыста қайнатып 40 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет ішеді.
Адам табиғаттың бір бөлшегі , әрі ғажайып туындысы. Табиғат ,
Жер-ана , Отан, туған жер, атамекен деген құлаққа жылы естіліп,
жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір-бірімен
мағыналас , мазмұны бай сөздер. Адам өзі Жер – ананың перзенті.
Табиғатты , Жер-ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық
борышы. Адам бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын мол
тәрбие көзі.
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысың , - деп
Жамбыл атамыз жырлаған.
Туған жер әркімге ыстық. Туған өлке табиғатын, жерін елін, байлығын
жырламай өткен ақын, жазушылар жоқ шығар. Осы туған өлкеннің
табиғатын қорғау, байлығын ұқыпты пайдаланып, оны
сүю, баптау адамдардың өз мойнында. Өз толғанысымды өлең жолдарымен
айтып аяқтасам деймін.

Қорытынды
Осы жұмыстың нәтижесі.
1. Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер мен танысып, анықтау ,
құрамын, пайдалану жолдарын зерттей отырып , адам өміріндегі
маңызы халыққа насихатталып, проблеманың маңыздылығын арттыруға
тереңірек талқылануына адамдардың экологиялық сана сезімін
оятуға бағытталады.
2. Гербаррий материалдарын жинақтадым.
3. Дәрілік өсімдіктерді жинап , сақтау , кептірі , қолдану ережесін
жасадым.
4. «Дәрілік өсімдіктер» туралы буклет жасадым.
5. Дәрілік өсімдіктерді жинап , кептіріп, фитотерпия саласына
пайдалануына дайын кеппе шөптер жинадым.
Қырмызы гүлі
Гүлшетен
Түймедағы
Итмұрын
Жүгері
Картоп
Аскөк және т.б.

Алға қойған мақсатым

1. Дәрілік өсімдіктердің ареалын көбейтіп фитотерапия саласына үлес
қосу.
2. Кейбір дәрілік өсімдіктер өсімдіктер түрлерін мектеп ауласында
жерсіндіріп болашақта емдік қажетке қолдану.

Қолданылған әдебиеттер

1. Авдеева.З.С «Из семян картофель и овощи»
2. Ахметжанова.А.и « Дәрілік өсімдіктер»
3. П.С.Массагетов «Өсімдік әлеміне саяхат»
4. Е.Я.Ильина Е.ИСтерлигова. «Растение и их использования в медицине.
5. Капронова. Н.Н «Лекарственные комнатные растения в интерьера»

Ұқсас жұмыстар
Техникалық талшықты дақылдар және дәрілік өсімдіктер
Табиғатты қорғау. 8 сынып
Табиғатты қорғау негіздері. факультативтік курс бағдарламасы
Аймақтық кошмпанентті пайдалану
Дәрілік өсімдіктер жайлы
"дала, шөл, шалғын табиғат аймақтары" дүниетану 4 сынып
Қоршаған орта
Адыраспан-дәрілік өсімдік
Дәрлік өсімдіктердің сырлары
Дәрілік өсімдіктер
Пәндер