Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

"толағай" отбасылық сайыс

righttopБатыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы ОЖББМ-інің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Жетпісова Анар Сабыржанқызы

Тақырыбы: <<Т о л а ғ а й>> отбасылық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталықойын
Өтілетінорны: Спорт зал
Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кедергілер, қалақтар, шығыршықтар, кіші сөмкелер.
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңайма,
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
<<Толағай>> әуенімен спортшыларымызды қарсы алу.

II. Негізгі бөлім
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар және ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі <<Толағай>> отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 5-7 сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Отбасыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1. << Тұлпар>> тобы, Матжановтар отбасы
2. <<Қыран>> тобы, Нуриденовтар отбасы
3. <<Тұмар>> тобы, Байдаулетовтар отбасы
4. <<Олимп>> тобы, Нұрғалиевтар отбасы.
Жүргізуші:
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана - шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
<<ТОЛАҒАЙ>> отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Есендосова А.Б.
2. Психолог: Қобланова Г.Е.
3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Қапезов Ғ.С.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 8 турдан тұрады:
1. А) <<Таныстыру>>; Ә) <<Үй тапсырмасы>>
2. <<Теннис>>
3. <<Кенгуру>>
4. <<Тәтті жұп>>
5. <<Фут-зал>>
6. <<Тасымал>>
7. <<Арба>>
8. <<Өрмекші>>

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді. Жеребе суыру арқылы отбасылар өздерінің реттік нөмірлерін таңдап алады.
Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.

1-тур: А) <<Таныстыру>>
Олай болса, ортаға <<Тұлпар>>, <<Қыран>>, <<Тұмар>>, <<Олимп>> топтарын ортаға шақырамыз.
<<Тұлпар>> тобы
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
<<Қыран>> тобы
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықтымыз,
Бәрін жеңіп шығамыз.
<<Тұмар>>тобы
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, спорт сүйер өренбіз.
<<Олимп>> тобы
Топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.
Ә) <<Үй тапсырмасы>>
Әр отбасы берілген 3-5 минут уақыт ішінде музыка ырғағымен таңертеңгілік жаттығуларды отбасымен көрсету.
Әділ-қазыларға сөз береміз!
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
2-тур: <<Теннис>>
Ойынның шарты: Топ мүшелері кезектесе кедергі арасымен бадминтон қалағы арқылы кіші допты ұрып соға жерге түсірмей алып жүру.
3-тур: <<Кенгуру>>
Ойынның шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып кедергі арасымен айнала секіре өтіп, белгіленген жердегі кіші доптарды сөмкеге салып ала кері айналып қайту.

4-тур: <<Тәтті жұп>>
Ойынның шарты: Әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру. Бала анасымен шеңбермен жұптасып жүгіру. Анасы әкесімен шеңбермен жұптасып жүгіру. Нәтижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.
5-тур: <<Фут-зал>>
Ойынның шарты: Топ мүшесінен әкесі мен баласы кедергі арасымен допты теуіп алып жүріп, белгіленген жердегі шеңбер ішінде тұрған анасына допты беру, кейін қайтара алу арқылы кері айнала өтіп шығу.
6-тур: <<Тасымал>>
Ойынның шарты: Команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасы мен әкесі қолдарын баланы отыратындай ыңғайлы етіп, баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру. Нәтижесі мәреге бірінші жету.
7-тур: <<Арба>>
Ойынның шарты: Әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.
8-тур: <<Өрмекші>>
Ойынның шарты: Отбасы мүшелері өрмекші жүрісін сала кедергі арасымен жүру.

III. Қорытынды бөлім
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
Олай болса, біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз.
:: <<Көк тудың желбірегені>> әні. Орындаушы: Бисенғалиев С.
:: <<Әкешім-Анашым>> әні. Орындаушы: Саламатов Е.
:: <<Толағай>> әні. Орындаушылар: Маратова А., Отарғалиева З.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын - Матжановтар отбасынан құралған топ <<Тұлпар>>
ІІ орын - Байдаулетовтар отбасынан құралған топ <<Тұмар>>
ІІІ орын - Нуриденовтар отбасынан құралған топ <<Қыран>>
<<Жеңіске деген жігері үшін>> аталымы - Нұрғалиевтар отбасынан құралған топ <<Олимп>>

Жүргізуші:
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген,
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген.
Бой тұмарғып ар-ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген, -
демекші, сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.
Құрметті қонақтар бүгінгі <<Толағай>> отбасылық сайысқа алтын уақыттарыңызды бөліп, қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымды білдіреміз! Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!




Ұқсас жұмыстар
«т о л а ғ а й» отбасылық сайыс
Толағай отбасылық сайысы туралы ақпарат
Күншуақ тобы
Жанпейсовтар отбасы
Қызыл түсті отбасы ұпайлары
Толағай отбасылық сайысы
"әкем, шешем және мен" спорттық сайыс
Толағай отбасылық сайыс жайлы ақпарат
Толағай отбасылық сайысы жайлы ақпарат
«ТОЛАҒАЙ» (отбасылар сайысы)
Пәндер