Қыс қызығы тақырыбындағы сурет салу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Сурет салу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім аумағы: «Шығармашылық»

Тақырыбы:

«Қыс қызығы»

Мақсаты:

Қысқы табиғат ерекшеліктерін, әсемдігінсезініп, оны бейнелей білуге үйрету.

Балаларды сурет жанрымен «Пейзаж»таныстыру. Суретшінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет салудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілін қолдана біліге үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сурет салуға қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекіліктер:

Қыс мезгілінің суреті, сурет салуға шыны, жаңғақ, тіс пастасы, гуашь, шүберек, алжапқыш.

Үнтаспа «Қыс ханшайымы» Чайковский.

Алдын-ала жұмыстар:

Көрме залына саяхатқа бару, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдермен сурет жанрларын салу, өлең, тақпақтар жаттау.

Қызмет түрлері
Тәрбиеші қызметі
Балалар қызметі
Қызмет түрлері: Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет
Тәрбиеші қызметі:

Шеңберге тұру амандасу:

«Жылы сөздер»шеңбері

(Психолиялық тренинг)

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі туралы ақындар өлең-жырларын жасса, сазгерлер музыка жазады, ал, суретшілер сурет жазған. Олай болса, біз бүгін сурет көрмесіне барамыз.

Балалар қызметі:

Армысың аспан әлемі.

Армысың мейірімді жер-ана

Армысың менің достарым

Көргеніме қуанам!

Балалар бір-біріне жүректегі жылы сөздерін айтады.

-Қыс мезгілі-деп жауап береді.

Қызмет түрлері: Ұйымдастырушы- ізденуші қызмет
Тәрбиеші қызметі:

Жәй музыка әуенімен көрмеге келеміз. Көрмеден түрлі жанрдағы суреттерді көрсету.

-Балалар суретте не бейнеленген?

-Адамның бейнесі суретте «портрет» деп аталады.

Мына суретте не бейнелеген?

-бұл сурет «натюрморт» жанрында бейнеленген.

-Ал, келесі суретке көңіл аударайық.

Ненің бейнесі бейнеленген?

-Балалар қарасаңдар суреші түрлі жанрда суретті бейнелейді.

Ақын өлеңдерінде табиғатты, адамды сөз арқылы суреттейді. А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі оқылады.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

-ақын қыс мезгілін қалай бейнелеген?

Сазгер өзінің шығармаларында музыкамен суреттейді екен.

Олай болса әйгілі компазитор Чайковскийдің «Қыс ханшайымы»шығармасын тыңдату.

-Музакада қыс мезгілі сезіле ме?

-Бүгін балалар сендер өздерінді суретші ретінде сезініп, қыс мезгілін бейнелеп көресіңдер.

Ол үшін түрлі құралдарды пайдалануға болады. Сендерге шыныда гуашпен, тіс пастасымен,

жаңғақ бүрімен сурет салуға болады . Балалар сурет салып жатқанда, жәй музыка әуені ойнап тұрады.

Сергіті сәті: «Көңілді адамдар» суреттегі адамдар бейнесін қимылмен көрсету.

Балалар қызметі:

Адамның бейнесі.

Ақын Абай Құнанбаевтың бейнесі.

Жемістер, вазада гүл бейнеленген.

Табиғаттың суреті.

Балалар жауабы:

-Ақын қыс мезгілін суық, қатаң, үлкен адамдай суреттеген.

-Желдің дауысы, боран соғып жатқандай.

Балалар өз қалауларымен

құралдарды таңдап, топтасып отырады.

І топ- шыныда гуашпен

ІІ топ-тіс пастасымен

ІІІ топ-шыршы жаңғағымен

Қызмет түрлері: Жетекші-жөндеуші қызмет
Тәрбиеші қызметі:

-Балалар кім өзінің жұмысы туралы әңгімелеп береді?Сендер салған сурет жанры қандай?

Бір-бірінің жұмыстарыңды қарап шығуға болады.

Балалар қызметі:

Балалар өз жұмыстары туралы әңгімелеп береді.

Салған суретіміз «пейзаж» жанры -деп жауап береді.

Бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет:Сурет жанрларын, олардың бір-бірінен айырмашылығын ажыратуға.

Суреші, ақын, сазгер еңбектері туралы білуге.

Игеру қажет:Түрлі құралдармен жұмыстануға.

Жасай білу қажет: Түрлі «дәстүрлі емес» әдіс-тәсілдерді қолдануға. Өзінің еңбегін бағалауға, достарына көмектесуге.


Ұқсас жұмыстар
Шағын топтағы тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қыс қызығы
Әлемнің сиқырлы кітабы тақырыбындағы қағазды умаждап саусақпен сурет салу техникасы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көңілді қыс
Көгалда серуендеген балапандар тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы: Сурет салу - Шырша шамдары
Ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Түрлі түсті қолшатыр - саусақ моторикасы арқылы сурет салу
Ересектер тобына арналған Қошқар мүйіз оюын салу бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобының Үй жануарлары тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Саябаққа саяхат тақырыбындағы Экология негіздері оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz