Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Махаббат лирикасы

ҚАРАБҰТАҚ ОРТА МЕКТЕБІ

«Қаралды» «Келісілді»
«Бекітілді»
Әдістемелік бірлестік отырысында Мектеп
Аудандық білім, дене шынықтыру және
Бірлестік жетекшісі: М.Ербозымова директоры:
Б.Таласова спорт бөлімінің бастығы: А.Бекенов
Хаттама № 1
«__» _______ 2012 ж

«Поэзия әлемі» үйірмесінің
бағдарламасы
(10-сынып)

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ербозымова М.Н.

Қарабұтақ селосы
2012 жыл

Түсінік хат

Білім беру жүйесінің талаптары бойынша қазақ әдебиетін оқыта отырып
оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік,
елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін
кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді.
Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық
құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік
дағдыларымен қаруланады.
Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға
қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең
алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі
оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын
арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі
тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама
ұсынылды. Аталған бағдарламада белгілі ақындардың поэзиясын тереңірек
оқытуға және оларды мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру көзделіп отыр.
Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған. Бұл
бағдарлама Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен «Білім туралы»
Заңының, Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік
білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.
Бағдарлама 68 сағатқа жасалған. Оқушылардың өзіндік-зерттеу жұмысын
жетілдіру үшін, пәндік теориялық бөлімге 34 сағат, тәжірибелік
(практикалық) жұмыстарға 34 сағат бөлінді. Апталық жүктеме – 2 сағат.
Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын,
халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық
құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-
жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді.

Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы
оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
• Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік
ерекшеліктерді таба білуге үйрету;
• Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың
тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру;
• Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге
үйрету;
• Лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.

Осы мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:
✓ оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

✓ бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра
отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;
✓ зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
✓ жазушы шеберлігіне көз жеткізу;
✓ әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын,
олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;
✓ оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем
шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.

Аталған курс бойынша білім алған оқушы оқу жылының соңында күтілетін
нәтиже:
❖ Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады;
❖ Берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті
артады;
❖ Кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай алады.

10-сынып оқушыларына арналған
«Поэзия әлемі» үйірмесінің
базалық мазмұны

Кіріспе (1 сағат)
Кіріспе. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

Махамбет поэзиясы (10 сағат)
Даланың дауылпаз ақыны Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылық жолы. «Өттің дүние», «Махамбеттің жебесі», «Исатай –
Махамбет», «Махамбет Өтемісұлы» т.б. өлеңдері. Махамбеттің туған жер
туралы өлеңдері. Ақынның батырлық, ерлік туралы отты жырлары.
Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдері.

Абай поэзиясы (17 сағат)
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы. Ақын
Абайдың табиғат лирикасы . Ақынның азаматтық лирикасы. Көңіл-күй
лирикасы. Саяси лирика. Философиялық лирика. Махаббат лирикасы.
Абайдың поэмалары. Ақынның аудармалары.

Шәкәрім поэзиясы (9 сағат)
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы . Саяси-әлеуметтік
лирика. Азаматтық лирика. Махаббат лирикасы . Философиялық лирика.

Мұқағали поэзиясы (11 сағат)
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы. Саяси-әлеуметтік
лирика. Азаматтық лирика. Махаббат лирикасы. Философиялық лирика.
Ақынның поэмалары.

Жерлес ақын Қуандық Шаңғытбаевтың поэзиясы (11 сағат)
Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Туған жерге арнаған
жырлары. Ақынның арнау өлеңдері. Табиғат лирикасы. Аудармалары. Ақын
өлеңдеріне жазылған әндер.

Төлеген поэзиясы (5 сағат)
Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы. Табиғат
лирикасы. Азаматтық лирика.

Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу (4 сағат)
Мәнерлеп оқуға төселдіру жаттығулары. Жыл бойына танысқан
ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқыту сабақтары.
|№ |Сабақтың тақырыбы |Сағат саны |Уақыты |Пайдала-нылған |
| | | | |әдебиеттер |
| |
|1 |
|2 |
|6 |
|15 |
|20 |
|25 |
|31 |

34 |Мәнерлеп оқуға төселдіру жаттығулары |4 | |4 | |Х.Қожахметова «Мәнерлеп
оқу», С.Тілешева «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру» |
|

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

1. З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы, 1991 ж.
2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы, 1970 ж.
3. Р.Нұрғалиев. Өнер алды – қызыл тіл. Алматы, 1974 ж.
4. Р.Сыздықова. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1995 ж.
5. Р.Сыздықова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1997 ж.
6. Б.Кәрібаева. «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы».
Алматы, 1988 ж.
7. Қ.Сыдыиқов. «Көркемдік өрнектер». Алматы, 1992 ж.
8. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық...» атты Ш.Құдайбердіұлы
шығармаларын өз бетімен ізденіске бағыттап, қосымша материалдарды
пайдалану арқылы оқытуға арналған авторлық бағдарлама. 2011 ж.
9. «Төлеген» электронды оқулығы.
10. Х.Қожахметова. «Мәнерлеп оқу». Алматы, 1982 ж.
11. С.Тілешева. «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын
қалыптастыру». Алматы, 1984 ж.
12. Ә.Нұрмаханова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1971 ж.
13. Ә.Нұрмаханова. «Мәнерлеп оқу мәселелері». Алматы, 1976 ж.

Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. «Абай» журналы.
2. «Абай». Шығармаларының толық жинағы. 1,2,3,4 томдар.
3. Мұқағали Мақатаев. Толық шығармалар жинағы. 1,2,3,4 томдар.
4. Қ.Шаңғытбаев «Шайыр». Алматы, 2010 ж.
5. Қ.Шаңғытбаев «Лирика». Алматы, 1976 ж.
6. Қ.Шаңғытбаев «Махаббат пен ғадауат». Алматы, 1995 ж.
7. А.С.Пушкин. «Евгений Онегин». Аударған Қ.Шаңғытбаев. Алматы, 2000 ж.


Ұқсас жұмыстар
Күз өлеңі
Абай лирик ақын
"мұқағалитану" арнаулы курс. 7 класс
Шәкәрімтану
Абайтану курсы
«абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)
«ақұштап поэзиясын тану» қолданбалы курсы
Абайдың табиғат лирикасы туралы
Қазақтың ақын қызы - Фариза Оңғарсынова
Қазақ әдебиеті
Пәндер