Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Раушангүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдастар

Сынып: 7 «Б»
Пән: Биология
Күн:

Сабақтың тақырыбы: Қосжарнақтылар класы, раушангүлділер тұқымдасы.Бұршақ
тұқымдастар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің
көп түрлілігімен таныстыру.

Білімділік: Раушангүлділер тұқымдасына тән белгілері, бұршақ
тұқымдастар
туралы өте отырып, көбеюі мен таралуын
тиімді түсіндіре,
айырмашылын айта тиімді білім беру.

Дамытушылық:Оқушыларға тақырыпты игерте адам өміріндегі рөлі, оқыған

өсімдіктерді ажырата білу дағдыларын
дамыту , олардың белгілі бір
тұқымдасқа жататындығын дәлелдеп,
салыстыра білу дағдысын
қалыптастыру. 
Тәрбиелік: Отанын мақтан етуге, байлығын халқының қастерлеп
сақтауға , халқын
Сүюге және табиғатты аялап қорғауға
тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, таңдау тесті, салыстыру
кестесі
Көрнекілігі : кеппешөптер, суреттер, сызба нұсқа,
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
І. «Кім жылдам?» (5 мин )
ІІ. “Сіз білесіз бе? ” ( 5 мин)
ІІІ. Жаңа тақырып ( 20 – 25 мин)
IV.Сабақты бекіту және қорытындылау (диаграмма – 3 мин)
V. Пайдалы кеңес (4 мин)
VI. Сәйкестендіру ( 3 мин)
V. Тест тапсырмалары ( 3 – 5 мин)
VI. Үйге тапсырма
VIІ. Оқушыларды бағалау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Білімдерін тексеру

2. Диаграммасын және қалай аталатынын жаз
Т3+(5)К5А(∞ )Ж(∞)

ІІІ. Жаңа тақырып
К.Линней өз еңбегінде өсімдіктерді түрге туысқа тұқымдасқа класқа бөліп
жіктеп қарастырғанын білеміз, дара және қосжарнақтылар класы деп. Дара да
бір жарнақ ал қос та екі жарнақ. Жапырағы қауырсын немесе саусақ салалы
жүйкеленген, тамыры кіндік тамырлы. Қосжарнақтылар бұлар жабық тұқымды
өсімдіктер, олардың барлығы гүлді өсімдіктер . Гүлдеу нәтижесінде
өсімдіктер жеміс пен тұқым түзеді. Құлқайыргүлділер сияқты раушангүлділер
мен бұршақ тұқымдастарда қосжарнақтылар класына жатады. Дүнижүзінде
раушангүлділердің 3000 аса түрі бар, біздің Республикамызда да көптеген
түрлерін кездестіруге болады. Мысалға : мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштары
және бұталы түрлері- раушан мен итмұрын сонымен қатар көпжылдық шөптекті
түрлері де бар теңгежапырақ, қойбүлдірген т.б. Тікенекті және тікенексіз
сабақтарымен де болады. 
Раушангүлділер жапырақтары бірдей болмайды жай және күрделі жапырақты ,
қауырсын , саусақ салалы. Раушангүлділер ағаш , бұта, көпжылдық шөптекті,
гүлдері қос жынысты, сирек дара жыныстылары да кездеседі. Гүлшоғырлары әр
түрлі, гүлсеріктері қосқабатты, бес тостағанша жапырақша, бес күлте
жапырақшадан тұрады. Аталықтары өте көп, кей түрлерінде төрт, сегіз ,
тоғызданда кездеседі олар ұзынды қысқалы болып шеңбер құра орналасады.
Аналықтары біреу де көп те болады. Ұзын тұмсықты бунақденелілер
тозаңдандырады. Жемістері құстар, жарқанаттар мен су арқылы
таралады.Жемістері : құрғақ жемісті – шыршай теңгежапырақ;Шырынды жемісті-
алма, шие т.б.; сүйекті шырынды –мойыл шие; құлпынай, итмұрын құрама
жаңғақшалы құрғақ жемісті; тұқымдарында эндосперм болмайды. 
Итмұрын гүлінің формуласы Т(5)К5А...Ж
Жабайы алхорының /терн/гүлінің формуласы Т(5)К5А20Ж1 Раушангүлділердің
жабайы, мәдени, сәндіктері де бар.Сәндік гүл раушанды алатын болсақ ол
жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме.итмұрында аталықтар саны өте көп
жүзге тарта соларды адамның еңбегінің арқасында күлтеге айналдырды , содан
бұйраланған раушан гүлі пайда болған. Қазіргі кезде жиырма бес іріктемесі
шығарылған. Олардан май, парфюмерия саласында пайдаланылады.
Бұршақ тұқымдастар да алты жүз елу түрі Республикамызда өседі ал
ғаламшарымызда он екі мың түрі бар деп есептеледі. Олардың ерекшелігі
тамырларында түйнек бактерияларының әрекетінен тамыр жасушалары бөлініп,
жасуша саны артады да тамырда түйнекшелер пайда болады олар тамыр түкшелері
арқылы бос азотты сіңіреді де өсімдік тіршілігін жойғанда топырақты азотты
заттарға байытады, бұл өсімдікке де топыраққа да пайдалы мұны селбесіп
тіршілік ету дейді. Жапырақтары саусақ салалы немесе қауырсын тәрізді
күрделі жапырақ жай жапырақты түрлері де болады. Жапырақтарында бөбешік
жапырақ болады. Гүлдері орташа немесе ұсақ. Гүлдері шоғырбас, шатыршагүл ,
шашақ гүлшоғырына жиналады. Гүлі біріккен бес тостағанша, бес
күлтежапырақшадан тұрады. Күлтелері құрылысына қарай ең ірісі - «желкен»,
екі бүйіріндегі екеу «ескек», төменгі тұтасып өскендері «қайықша» деп
аталады. Қайықшада ішінде бір аналық оны қоршап тұрған он аталық бар,
аналық түбіне шірне жинақталады , тоғызы көбіне жіпшелермен бірігіп біреуі
бос қалады, гүл формуласы : Т(5)К3+2А(9)+1Ж1.  Аналық аналық аузынан,
аналық мойнынан және жатынан құралады. Бунақденелілермен айқас тозаңданады,
өздігінен тозаңданатын түрлері де бар. Жемісі құрғақ – бұршаққап.
Пайдаланылуы : тамаққа, мал азығына дәрі-дәрмек ретінде. Сәндік түрлері мен
улы түрлері де бар тентекмия

IV.Сабақты бекіту және қорытындылау

1. Пайдалы кеңес

2. Гүлдің диаграммасын талдып, формуласын жазыңдар

3. Диаграмма толтыру

|Раушангүлділер |Ұқсастығы |Бұршақтұқымдастар |
| | | |
| | | |

4. Сәйкестендіру
|Т(5)К5А ∞Ж∞ |Алма |
|Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1 |Жабайы Алхоры |
|Т(5)К5А ∞Ж(5) |Бұршақ |
|Т(5)К5А20Ж1 |Итмұрын |

5 . Тест жұмысы
1. Тұқымдастар қанша класқа бөлінеді?
а) 2 б) 4 в) 3
2. Раушангүлділер тұқымдасы қай класқа жатады ?
а) даражарнақты б) қосжарнақты в) даражарнақты, қосжарнақты
3. «Табиғатты жүйелеу» атты еңбектің авторы?
а) Ж.Ламарк б) К.Линней в) Р.Гук
4. Бұршақ тұқымдастардың ең ірі күлтежапырақшасы қалай аталады ?
а) қайықша б) желкен в) ескек
5. Тұқымдарында раушангүлділердің не болмайды ?
а) акуыз және көмірсу б) эндосперм в) жарнақ
6. Адамдардың еңбегінің нәтижесінде пайда болған хош иісті
өсімдік ?
а) Бұршақ б) итмұрын в) раушан
7. құрамында ақуыздық заттар көп болатын?
а)раушан б) Бұршақ в) алма
8. Қазақстанда бұрашақ тұқымдастардың қанша түрі белгілі?
а) 550 б) 650 в) 700
9. Мәдени өсімдіктерді тап?
а) алма, өрік, итмұрын б) шабдалы, шетен, тікенгүл в)
Тікенгүл, итмұрын, шетен
10. Бұршақ тұқымдасының формуласын тап?
а) Т(5)К5А∞Ж∞ б) (Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1) в) Т(5)К5А20Ж1

V.Үйге тапсырма
1. § 28 қосжарнақтылар класы.Раушангүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдастар
2. Сурет салу
VІ. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Бұршақ тұқымдастар. Сабақтың тақырыбы
Мақта тұқымынан
Гүл формуласы
Раушангүл тұқымдас
Астық тұқымдас
Раушангүл тұқымдасына жататыны
Бұршақ тұқымдастары
Өсімдіктердің бактериялық ауруы
Бұршақ тұқымдастар
Балдыр жасушасына енетін бактерия
Пәндер