Қорқыт ата кітабының авторы

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы (9 сынып)

Сабақтың мақсаты: а) Қорқыттың білімдар, ақылгөй, ойшыл, зиялы, ірі тұлға екенін оқушыларға жеткізу. Қорқыт кітабы, ондағы жырлар жөнінде түсініктер беру;

ә) Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, ойларын еркін жеткізуге баулу;

б) өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген сезімдерін ояту.

Сабақта қолданылатын әдістер. Ойқозғау, баяндау, топтастыру, ұжымдық, жеке жұмыстар.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, қобыз суреті, сабақ эпиграфына алынған сөз.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту

Сабақтың эпиграфы: «Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуда үйреткен ең бірінші бақсы». Ш. Уалиханов

1. Ойқозғау

а) Қорқытты кімдер зерттеді?

ә) Ол туралы аңыздар?

б) Қорқыттың күйлері, шығу тарихы

2. Жаңа сабақ.

Қорқыт ата кітабы, жырлары туралы түсініктер беру

3. Кімнің портреті берілген?

А) Ол Білге қаған кезінде төбе би болған. Елінің тарихын, тағдырын жыр еткен, толғап айтқан жырау

Ә) Түркілердің оғыз тайпасынан шыққан асқан сәуегейі, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы?

Б) Ол ағасы Қапаған ханмен бірге әке ісін жалғастырушы, алты жасынан бастап жауларымен жиырма үш рет соғысып, жауларының «елдігін әлсіретеді», «Қағандығын қансыратады».

4. Кестені толтыру «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»

Оқиға
Оқушы жауабы
Оқиға: Баланың Бұқаш атануы
Оқушы жауабы: Он беске толғанда сүзеген бұқамен айқасып, жеңеді.
Оқиға: Баланың өліміне себепші кімдер?
Оқушы жауабы: Айналасындағылар әкесіне Бұқашты жамандап, елдің жауы етіп көрсетіп, жалған жала жабады.
Оқиға: Бұқаштың қайта тірілуі
Оқушы жауабы: Анасы Бұқашты тауып алып, оның жарақатын емшегінің сүтімен жазып алады.
Оқиға: Әкесінің тұтқынға түсуі
Оқушы жауабы: Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман - есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады.
Оқиға: Жырдың тақырыбы, идеясы
Оқушы жауабы: Анаға деген түркіхалықтарының құрметі, ұрпаққа деген сүйіспеншілігі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата - ана мен балалар арысындағы парыз. Ерлік жасау, ізгілік көрсету

5. Шығармашылық жұмыс. «Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы». Оқушылардың Қорқыт аталарына арнап шығарған өлеңдерін оқуы.

6. Сабақты қорытындылау, бекіту.

Қызылорда қаласында Қорқыт атындағы университет бар.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Қорқыт атамыздың ескерткіші бар. (тақтадан суретін көрсету) .

7. Сабақты қорытындылап, оқушы білімін бағалау.

8. Үйге: Қорқыт ата кітабындағы шығармаларды оқып, мазмұнын баяндау. Сөзжұмбақтар құрастырып келу. Қорқыт туралы материалдар жинақтап келу.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ музыка өнерінің бастауы
Оғыз қаған
«ежелгі дәуір әдебиеті» факультативтік курсының бағдарламасы
"қорқыт ата кітабының" тарихылығы
Анкеталық сұрақтар
Қорқыт. 1 сынып
Жай сөйлем түрлерінен өткенді қайталау. 8-сынып
Жүз жасаған қазақ ақыны кім
«біз білімділерді іздейміз» атты сайыс сабақ
Қорқыт ата тағылымын мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесіне пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz