Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сақ болыңыз: нашақорлық!
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектеп
[pic]
[pic]
Орындаған: жоғары санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Л. Аюпова
Тасқала – 2012
Тақырыбы: «Сақ болыңыз: нашақорлық!»
Мақсаты: Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік
қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтау
білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу,
нашақорлықтың алдын алу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, пікірталас, ойын.
Көрнекілігі: бейнефильм, карточкалар, слайдтар.
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе бөлім.
а.Психологиялық тренинг «Ақ мамық», сыныпты топқа бөлу
Ә.Бейнефильм «Ұрпақ шежіресі»
Негізгі бөлім.
А. Пікірталас
Ә.Сюжетті – рольдік ойын, тапсырмалар
Б.Нашақорлыққа қарсы жарнама: «Сандар сөйлейді»
III. Бекіту бөлімі.
а.«Ұзақ өмір сүрудің алғы шарттары».
ә.«Топ қоржыны».
Б. Рефлексия.
Кіріспе бөлім:
I. Психологиялық тренинг: «Ақ мамық».
(Оқушылардың арасында жағымды орта, көңіл- күй қалыптастыру)
Мұғалімнің сөзі:
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті
мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау
мәселесі.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол -
әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану,
денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды
нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі
таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым
шегу, маскүнемдік, нашақорлық.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Сақ болыңыз:
нашақорлық!» нашақорлық мәселесіне арналып отыр.
Енді назарларыңызды бейнефильм көруге аударуларыңызды
сұраймын.
ә. Бейнефильм «Ұрпақ шежіресі»
II. Пікірталас
1 – ші топ - «Күн» тобы: «Тыйым салынған есірткіні жасөспірімдер ең
алғаш бейтаныс адамдардан алады»
2 – ші топ - «Жұлдыз» тобы: «Есірткіге тәуелділік - шындық»
3 – ші топ – «Жүрек» тобы: «Нашақорлық - үмітсіз болашақ»
ә. Сюжетті – рольдік ойын, тапсырмалар
1 – тапсырма: Ұран сөздер жарысы (әрбір топ өз ұрандарын қорғайды)
2 – тапсырма: Жағымды және жағымсыз қасиеттерді атау.
3 – тапсырма: Сюжетті – рольдік ойын.
(Топтарға тапсырма беріледі. Адамды нашаны қабылдауға мәжбүрлеген
жағдайды ойлап тауып, сол жағдайды көрсету. Топтардың міндеттері -
жасөспірімді нашақорлыққа үгіттеген, ал жасөспірімнің оған қарсы
табандылық көрсетуін бейнелеу. Жағдайды ойлауға 3 минут уақыт
беріледі).
1 – нұсқа: «Сен дискотекаға барасың және онда саған әдемі
таблеткаларды ұсынған балаларды кездестіресің».
2 - нұсқа: «Мектеп ауласында сені балалар шақырып алып, «шөпті»
тартып көруді ұсынады».
3 - нұсқа: «Кешкісін үйге қайтқанда, үйдің алдынан көрші балаларды
кездестіресің, олар темекі тартып тұр, саған да темекі ұсынады,
бірақ темекінің иісі бөлек».
б. Нашақорлыққа қарсы жарнама: «Сандар сөйлейді»
1. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы никотин жеткілікті.
2. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, 1 жылда оның
өкпесіне 1 литр шамасында шайыр (смола) жиналады екен.
3. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымын бұзу үшін 1
дана темекі жетіп жатыр.
4. Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд – тан астам адам темекі тартады
екен.
5. Темекі зардабынан күніне 10000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады
екен.
6. Қазақстан Республикасында 3,2 млн – дай, яғни 33% адам темекі
тартады екен.
7. Жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 20% қатерлі ісік
ауруынан болатын өлімнің 30%, өкпе қатерлі ісігінің 90% темекінің
зардабынан болады екен.
8. Ішкен адамда алкоголь зардабы 21 созылады.
9. Этил спирті сырада 5 - 7%, шарапта 15 – 20%, ликер мен
коньякта 40 – 50% , арақ пен вискиде 65 - 70% бар екен, ал этил
спирті аса зиянды химиялық қоспа.
10. Ішімдік адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.
11. Балаларға 10г. арақ, жасөспірімдерге 40 – 50г арақ қауіпті әсер
етіп, өлімге душар етеді.
12. Маскүнемдердің балалардың 38% кемтар.
13. Нашаның 0,5 граммы иіскеу үшін, ал тамырға салуға 0,1
граммы сананы улауға жеткілікті.
14. Нашақорлардың ең төмен жасы 8 – 9 жас
15. Есірткінің 130- дан астам түрі бар.
16. 2005 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда ресми тіркелген
нашақорлардың саны 40505, тіркелмегені қаншама. Олардың 1927 - сі
кәмілетке толмағандар, 4420 – сы әйелдер.
17. Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді екен.
III. Бекіту бөлімі.
А. «Ұзақ өмір сүрудің алғы шарттары».
Оқушылар ұзақ өмір сүрудің сыры неде екенін көрсетіп,
салауатты өмір салты туралы өз ойларын ортаға салады.
ә. «Топ қоржыны».
«Күн», «Жұлдыз», «Жүрек» топтарының тәрбие сағатына қатысу
белсенділіктерін бағалау.
Б. Рефлексия:
- Сізге бүгін ыңғайлы болды ма?
- Сіз қаншалықты табысты болдыңыз?
- Бүгінгі тәрбие сағатынан алған білімдеріңізді өмірде қалай қолданасыз?
Мұғалім: Ей, адамзат!
Өмір керек саған да, маған, оған да,
Есіңе сақта, осыны ұста жадыңда.
Жас өмірің ерте солсын демесең,
Кесірлерден бөлек жүргін алшақта!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz