Шәкәрім Құдайбердіұлының Адамдық борышың өлеңі бойынша 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Елубаева Лена

Қызылорда қаласы.

Қараөзек ауылындағы

№39 «Қызылөзек» орта

мектебінің мұғалімі

Шәкәрім Құдайбердіұлы « Адамдық борышың» өлеңі.

( 6- сынып )

Мақсаты:

А/ Білімділік: Ш. Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып, негізгі түйінін табу.

Ә/ Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, тіл байлықтарын дамыту, ізденіске баулу.

Б/ Тәрбиелік: Өлеңдері арқылы оқушылар бойында жауапкершілік сезімін оята отырып, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу, талқылау, топтастыру

Көрнекіліктер: Шәкірім портреті, шығармалар жинағы, кестелер, слайдтар

Сабақ барысы: а/ Ұйымдастыру

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың оқу-құралдарын тексеру.

Ә/Үй тапсырмасын сұрау

Б/ Жаңа сабақ

Кіріспе бөлім. Топтастыру Шәкәрім жайлы не білеміз?

1858 жылы Абайдың немере Шығыс Қазақстан облысы

туылған інісі Абай ауданы, Шыңғыс

тауында туылған

Екі рет қажылыққа араб, парсы, орыс

барған тілдерін меңгерген

Толстой шәкіртімін 1931 жылы қазаға ұшыраған.

деп есептеген

«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

Өлеңді талдау сұрақтары:

1/ «Адамдық борышың дегенді» қалай түсінесің?

2/ Өздеріңді кімдердің алдында борыштымын деп есептейсіңдер?

3/»Ақ жолдан айнымай, ар сақта» деген өлең жолдары арқылы автор не айтпақ болған?

4/Ақын шын бақыт деп нені көрсетеді?

Өлең мәтініндегі ақын айтқан адамдық борыш түрлерін тауып, дәптерге жазу .

Халқыңа адал бол, ақ жолдан тайма, ар сақта, білім мен өнер үйрен, мақтанға салынба, нәпсіңе билетпе, жол көрсет, ғибрат алар із қалдыр.

Әр сөздің мазмұнына жеке тоқталып, оқушыларға мазмұнын аштыру.

Сөздік жұмыс

1. Мансап-атақ, даңқ 2. Нәпсі- тойымсыздық, көрсеқызырлық

3. Тұл-жалғыз, ескерусіз қалу 4. Сарп қылу-жанымен беріле орындау

Мұғалім сөзі: Абай мен Шәкәрім туыстығына тоқталып, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы үндестік жайлы айту.

- Тақырыбы жағынан, идеясы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды?

- «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері.

Өлеңді білетін оқушыларға жатқа оқытып, өлең сөздеріне талдау жасату.

-Осы өлеңдері арқылы Абай мен Шәкәрім жұртты қандай қасиеттерге үндейді?

-Адамгершілікке, халыққа қызмет етуге, өнер-білім үйренуге, арлы болуға т. б.

-Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыңдар?

Кестемен жұмыс

Абай Құнанбаев
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Абай Құнанбаев: «Әсемпаз болма әрнеге»
Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Адамдық борышың»
Абай Құнанбаев:

Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп қайғы алма

Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін

Абай Құнанбаев:

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан!

Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Жоба тап,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшін

Абай Құнанбаев:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң,

Шын бақыт- Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің.

Абай Құнанбаев:

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден

Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта оны біл.

Абай Құнанбаев:

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Білімсіз, Өнерсіз,

Болады ақын тұл.

Өлең құрылысына талдау жасау

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл. /шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас түрлерін табу/

Топқа тапсырма Шығарма жазу

І топ «Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл»

ІІ топ «Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін»

ІІІ топ «Жоба тап, жол көрсет,

Келешек қамы үшін»

Сабақты қорытындылау сұрақтары

  1. Шәкәрім қай жылы, қай жерлерде өмірге келді?
  2. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
  3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?
  4. Шәкәрім өзін кімнің шәкіртімін деп есептеді?
  5. «Адамдық борышың» өлеңінің тақырыбы не жайында?
  6. Ол сендерді қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

Оқушылар білімін бағалау.

Үйге: Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.

« Менің борышым »тақырыбында эссе жазу.


Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: Жолама қулар маңайға және Адамдық борышың өлеңдерін талдау
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еріншек өлеңі бойынша сабақ жоспары: мақсаттар, мазмұн және әдістемелік ұсынымдар
8-сынып: Шәкәрім Құдайбердіұлының Қалқаман-Мамыр поэмасы бойынша сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған Lesson Study сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасын жан-жақты талдау
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі ар-ұят мәселесі: 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: іздену-зерттеу сабағының жоспары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: қорытынды сабақ жоспары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: сабақ жоспары мен әдістемесі
Шәкәрімтану: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы және тәрбиелік-танымдық сабақ жоспары
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасындағы демократиялық-гуманистік идея: 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz