Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қош болыңдар балалар

СҚО Айыртау ауданы Карасевка орта мектебіінің бастауыш сынып мұғалімі
Ыбыраева Ботагөз Әлімқызының әліппемен қоштасу
ертеңгілігіне арналған жоспары
МАҚСАТЫ:ОҚУШЫНЫҢ САУАТТАНУ КЕЗЕҢДЕГІ ӘЛІППЕДЕН АЛҒАН
БІЛІМДЕРІН,ӨНЕРЛЕРІН ОРТАҒА САЛУ.ҮЛКЕНДІ,ұстазды сыйлау,Отан,елін сүйюге
тәрбиелеу.Ауызша баяндау,дағдыны дамыту.

Сабақ түрі: ертеңгілік

Көрнекілігі:плакат «Қош бол құтты әліппем»,шарлар, шырша, шашу(бағалар)

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру
(«Учат в школе» музыкасымен оқушылар кіреді)
2.Мұғалім сөзі:
-Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар ,оқушылар, бүгінгі кештің
қонақтары!Бүгін сіздер 1-сынып шәкірттерінің«ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУға»арналған
ертеңгілігіне келіп отырсыздар .
Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы –«Әліппе»
«Әліппе» тойы құтты болсын!
Тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бәрі: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп,шықты ,міне балаңыз.

«Қоңырау» әні

Музыка әуені «Аяз ата» (Аяз ата келеді)

-Ау, амансыңдар ма, ұлдарым!
Амансыңдар ма, қыздарым!
Бұл қай ауыл? Қай қала?

-Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Қай сыныптың оқушыларысыңдар?

-Асулармен алысқан, асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,шаршап келді алыстан.
Іздегенім сендер еді балалар,
Мен де күттім кездесуді сендермен

-Демалайын, шаршадым
Тойларыңда болайын.
Көптен күткен баршамыз
Баға шашу шашайын.

-Ал,қалғаны ұстазға
Оған берем шашуды.
Жақсы оқыған балаға,
Ол қояды бағаны.

Мұғалім:-Ал балалар Аяз атада тойымызға келіп қалыпты тойымызды
жалғастырайық.

Ерназар: Бар кітапқа бас болған
«Әліппе»-ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мектебің-мынау класың
Осында жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.

Нұрбол : Папам менен мамам да,
Атам менен анам да,
Шопан,ұшқыш, ғалым да,
Небір мықты дарын да.
Тіл сындырып әріпке,
Ашқан алғаш,әліппе,
Құрметте,оны, дәріпте!

Рахметолла :
Алфавитті біліп қой.
Онда жүйе,қалып бар.
Біздің қазақ тілінде,
42әріп бар

Ақнұр :Алфавиттің «А» тұрады басында.
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадыңба ба Б тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде түсінші
А-деген ол аналар ғой ардақты
Ә-деген ол әкелер ғой салмақты
Б-деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.

Ән«әй,әй ,ата!»

Тапқышбек келеді

-Сәлем балалар! Бұл не жиын, бұл не той.
Бәрің әсем киініп ,көңілдісіңдер.

-А, мен сендерді білемін, Сендер 1-сынып оқушыларысыңдар. Мені танисыңдар
ма?

-Мен сендерге әр сабақ сайын тапсырмалар беріп отырдым.Ал сендер мықты
екенсіңдер.Ылғи тапсырмаларымды тез және дұрыс орындауға тырыстыңдар.

Мұғалім:Қымбатты Тпқышбек.Әрине оқушылар сені бірден таныды. Біз сенің
қолыңдағы оқулықтан көп білім алып,сөз, сөйлем, әңгіме оқи алатын
болдық.Біз қуаныштымыз.Бүгін әліппемен қоштасамыз.Өнерімізді тамашала.

Асылжан: Қош бол,құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Сөйледі олар тіл бітіп,
Небір қызық сырларды.
Тыңдай бердім мен жұтып,
Тіл біткен тақпақ, жырларды.
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе –білім бесігі.
Қош бол, құтты әліппем!
Тіл тұсауын кестің сен.
Аялы анам болып сен,
Айбынымды кештің сен.
Аружан : Ең алғаш алғанымда әліппені.
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар еді.
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Мөлдір: Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзін көріп пе ең,
Том-том қалың кітаптың
Басы болар әліппем!
Ерназар: Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырмысып бақ, намысқа.

Ақнұр : Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып, тойладық

Нұрбол: Әліппем,менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен

Ән «Әліппе»

Тапқышбек тапсырмасы
( шыршадан сыйлық алу, нөмірін атау ,сөйлемдер оқу, сызылған сөздерге
дыбыстық талдау жасау)

Рахметолла:
Біз әліппедегі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауын еске аламыз. Елін,
жерін сүйетін жақсы азамат болып өсеміз!

Мөлдір: Ана тілің-арың бұл.
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!

Аружан: Халқымның салтын сақтаймын
Атаның сөзін жаттаймын.
Өнеге –тәлім үлгісін.
Өмірде іспен ақтаймын.

Көрініс «Әке мен бала»

Тапқышбек1. әліппеден үйренген,жаттаған тақпақ, өлеңдерің естеріңде бар
ма?
2.шар таңдау(есеп шығару)
Аяз ата: Рахмет балалар,тойларың құтты болсын, мені күтіп отырған басқа
да балалар бар, мен жүрейін. Ал ,балалар аталарыңнан сыйлық алыңдар.

(сыйлық тарату)

Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!
Сабақтарыңды 5 пен 4-ке оқыңдар.
Денсаулықтарың мықты болсын.
Сау болыңдар!
Тапқышбек: мен де Аяз атамен бірге кетейін . Сендер
өнерлеріңді,білімдеріңді көрдім .Қош болыңдар балалар!

Балалар :Қош бол Тапқышбек! Қош бол Әліппе!

«Төлдер» әні
Көрініс «Мұртың бар ғой»

Тойға шашу 5-сынып оқушылары -би (Аида, Аяулым, Анеля,Гүлнұр)

-ән (Даяна)

Құттықтау сөз: мектеп директорына(диплом, сертификат беру)
Қарт ұстаз сөзі
Ата-аналар

Ата -әже немереңіз соңдарыңыздан ереді.
Айтқан ақыл,өсиетің көкейіне енеді.
Қуаныштан толқып тұрған сәбилерге ата ақ батасын береді

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Карасевка орта мектебі

Ертеңгілік
«Әліппемен қоштасу»

өткізген:
Ибраева Ботагөз Әлімқызы

2010 жыл
Алғашқы оқулық «Әліппемен қоштасу»

Карасевка орта мектебінің
1 «А» сынып оқушысы,

Мұқи Аружанға
беріледі.

Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты, міне балаңыз.

Мектеп директоры: Ә. Т. Жүсіпов
Оқу ісінің орынбасары: Қ. Х. Ташмаганбетова
Сынып жетекшісі: Б. А. Ибраева

Карасевка селосы

1 «А» сынып оқушысы

______________________________

Оқу жылдамдығына (минутына)

_______ сөз оқығаны үшін беріледі.

Сынып жетекшісі: Ибраева Б. А.

Северо-Казахстанская область
Айыртауский район
Карасевская средняя школа


Ұқсас жұмыстар
Ұлыстың ұлы күні қош келдің - әз наурыз
Құтты болсын Наурыз - той, Құтты болсын Жаңа жыл
Заттардың қасиетін қайталау
Әліппемен ұстазға
Тойымыз тойға ұлассын
Қош келдің Алтын күз
Біріншіге барамыз
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру
Қош бол, қасиетті әліппем!
Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа 1 сынып әліппемен қоштасу кеші
Пәндер