Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін ата

Бердіғалиева Гүлнафис Сағындыққызы
І санатты математика-информатика пәнінің мұғалімі
БҚО, Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың   ұқсастық  белгілерін қайталау сабағы
(9-сынып, геометрия)
Сабақтың мақсаты:
1) Ұшбұрыштардың ұқсастықтарының белгілері бойынша алған білімдерін
тексеру, қорытындылау. Алған білімдерін есептер шығарғанда қолдана алу.
2) Ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылыған арттыру.
3) Өз беттерінше жұмыс жасауға, еңбекке және шеберлік пен ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың құрылымы:
І. «Ой қозғау» (Ұқсас үшбұрыштарды табу)
ІІ. «Зымыран сұрақтар» (Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою)
ІІІ. Іздену, іс-әрекет. (Египет пирамидасын есептеу есебі, есептер шығару)
ІV. «Ой жинақтау» (Үшбұрыштарды білесің бе? Топпен жұмыс)
V. Қорытындылау. (Тест жұмысы)
VI. «Үшбұрыштар әлемі» (Қосымша материал)
VII. Үйге тапсырма
VII. Бағалау. (Сабаққа қатыстарына қарай бағалау)
І. «Ой қозғау»   
ІІ. «Зымыран сұрақтар»
1.  Үшбұрыш дегеніміз не?
2.    Үшбұрыштардың ұқсастығының неше белгісі бар?
3.    Үшбұрыштардың ұқсастығының бірінші белгісін ата.
4.    Үшбұрыштардың ұқсастығының екінші белгісін ата.
5.    Үшбұрыштардың ұқсастығының үшінші белгісін ата.
6.    Тікбұрышты үшбұрыштардың неше ұқсастық белгілері бар?
7.    Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін ата.
 ІІІ. Іздену, іс-әрекет
\Есептер шығару\
1.    Үшбұрыштардың қабырғалары 5 см, 7 см, 4 см. Оған ұқсас үшбұрыштың
үлкен қабырғасы  21 см-ге тең болса, оның басқа қабырғаларын табыңдар.
2.    Үшбұрыштардың қабырғалары  8 дм, 16 дм және 20 дм. Оған ұқсас
үшбұрыштың периметрі  55 дм. Екінші үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
3.    Бірінші квадраттың периметрі 24 см, ал екінші квадраттың қабырғасы 18
см болса, екі квадраттың ұқсастық коэффиентін табыңдар.
4.    Екі теңбүйірлі үшбұрыштың төбелеріндегі бұрыштар тең. Бір үшбұрыштың
бүйір қабырғасы мен табаны сәйкесінше 8,5 дм және  5 дм. Екіншісінің табаны
4 дм. Екінші үшбұрыштың бүйір қабырғасын табыңдар.
5.    Мына өлшемдермен берілген екі үшбұрыш ұқсас бола ма:
1)    0,1 м,  0,15 м,  0,2 м және 1 см; 1,5 см, 2 см;
2)     5 м, 10 м, 75 дм және  64 дм,  40 дм,  80 дм;
3)     10 м,  20 м,  12,05 м және 100 см,  90 см, 160 см?
ІV. «Ой жинақтау» \Үшбұрыштарды білесің бе? \
Сүйірбұрышты үшбұрыш
Доғал бұрышты үшбұрыш
Тікбұрышты үшбұрыш
Теңқабырғалы үшбұрыш
Теңбүйірлі үшбұрыш
Қабырғалары әртүрлі үшбұрыш
V. Қорытындылау.
\Тест жұмысы\
1.    Үшбұрыштардың ұқсастығының неше белгісі бар?
а) 2           ә)3                 б) 4
2.    Егер бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі бұрышына
тең болса, онда мұндай ұшбұрыштар ұқсас болады. Үшбұрыштар ұқсастығының
нешінші белгісі?
а) бірінші         ә) үшінші       б) екінші
3.  Бір үшбұрыштың катеттері екінші үшбұрыштың катеттеріне
пропорционал болады. Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығының
нешінші белгісі?
а) үшінші       ә) екінші       б) бірінші
4. Тең фигуралар гомотетиялы бола ма?
а) болмайды         ә) болады      б) жауабы жоқ
5. Ұқсастық коэфиценті қалай белгіленеді?
а) а         ә) d       б) k
6. Ұқсас түрлендіру кезінде бұрыштың шамасы қалай өзгереді?
а) өзгереді        ә) өзгермейді       б) екі есе артады
7. Ұқсас түрлендіру кезінде үшбұрыштың қабырғалары қалай өзгереді?
а) екі есе өседі         ә) өзгермейді       б) k есе артады немесе
кемиді

Дұрыс жауабы:  1. Ә    2. А       3. Ә        4. Б       5. А
VI. Үйге тапсырма: 
§16, есеп № 183, 184
← Болашақ “Қаратөбе қонақ үйі” моделі (сызба)
← Интернет беттерінен: “Чавес теоремасы”
← Қосымша тапсырма:
← 1. Екі ұқсас үшбұрыштың аудандарының қатынасы
← 2. Екі ұқсас үшбұрыштың периметрлерінің қатынасы

VII.  Бағалау:

Ұқсас жұмыстар
Тікбұрышты үшбұрыш. Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері
Тікбұрышты үшбұрыштардың түрлері
Бүтін рационал теңдеу
Үшбұрыш бұрыштары арқылы дәлелдеу
Теңдеуге есептер шешу
Тікбұрышты үшбұрышты шешу
Тікбұрышты үшбұрыш
Жаңа сабақты өздігінен меңгеруге бағыттау
Геометрия, "хан тәңіріне саяхат", 8-сынып
Ромб және оның қасиеттері мен белгілері
Пәндер