Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әйелдің сырт киімі
Кусаинова Ботагөз
СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудан
Чистопол орта мектебінің
физика, математика пәнінің мұғалімі
Ашық сынып сағаты
Тақырыбы: Дулыға
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне
түсіре отырып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық мақсаты:
Дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және
қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік мәні:
Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке
тәрбиелеу. Қазақтың салт-дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: -Бүгінгі «Дулыға» атты ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер
құрметті ұстаздар, оқушылар! Ашық сабағымыздың мақсаты сіздердің қазақтың
ұлттық киімдері туралы білімдеріңізді толықтыра түсіру. Бүгінгі сабақта
сіздер көптеген мағлұмат алып, білімдеріңізді толықтырасыздар деген
сенімдемін.
Ең алдымен әділқазылар алқасына ортаға Бикен Кәрімбековна мен Жұмағалиева
Дананы шақырамыз.
І жүргізуші. Елдің бәріне және әрдайым ұнайтын киім бар ма? Бар. Ол ұлттық
киім. Әр халықтың өз киімі бар. Және олардың қай-қайсысы да әсем әрі
тартымды.
ІІ жүргізуші. Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды
әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен
эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат полеолит-тас дәуірінде-ақ
тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді
қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит
дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан
киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі
сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз
бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен
салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына
кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп
берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан
кейін ғана қолға алынды.
І жүргізуші. Қазақтың ұлттық киімдері-қазақ халқының қол өнері көне заман
тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы
туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халықтарының қол өнерімен де
ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы-киім тігу. Ерте заманнан күні
бүгінгіге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі
ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе
жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.
ІІ жүргізуші. Қазақ ұлттық костюмі шексіз дала төсіндегі қиын-қыстау
көшпелі өмірге ыңғайланып жасалды. Киім, оны күтіп ұстауды жеңілдету үшін,
қарапайым пішілген болу керек-тін, сонымен бірге оның әдемі және салтанатты
көрінуі шарт еді. Киім тігетін негізгі материалдар-тері, жүн, «шекпен»
аталатын жүн мата, ал дәулетті отбастарында-барқыт, жібек, қымбат аң
терілері-елтірілер болатын. Киім-кешек жібекпен, алтын және күміс
жіптермен кестелейтін, ұсақ маржан (бисер), моншақ, шашақ, үкі
қауырсындарымен безендіретін, олар адамды «сұқтанған жаман көздерден»
сақтауға тиіс деп саналатын. Әсіресе киімнің ашық кесілген тұстарын-жағаны,
етекті, жең және балақ ұштарын ою-өрнекпен мұқият әрлейтін. Мұндай ретпен
денеге жамандықтардың, пәлекеттердің өтіп кетуі сақтандырылады, адам
солардан қорғалады деп есептелетін. Сосын костюм зергерлік әшекейлердің мол
санымен толықтырылатын.
І жүргізуші
Киімнің негізгі түрлері
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрлерге бөлінеді: іштік
киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері,
әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер.
ІІ жүргізуші.
Қандай Іштік киімдерді білесіңдер?
Бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар.
Қандай Сыртқы (өң) киімдерді білесіңдер?
Жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тайжақы, тон, шапан, шидем,
ішік, қолқап.
І жүргізуші
Қандай Сулық киімдерді білесіңдер?
Аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.
ІІ жүргізуші
Қандай Ерлердің бас киімдерін білесіңдер?
Айырқалпақ,башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлпара, қалпақ,
құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.
І жүргізуші
Қандай Әйелдердің бас киімдерін білесіңдер?
Бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле,
тақия, шәлі.
ІІ жүргізуші
Қандай Аяқ киімдерді білесіңдер?
Кебіс, көк етік, мәсі, мық- шима, саптама етік, шоң-қайма.
І жүргізуші
Киімдердің әлеуметтік дәрежесі
Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті,
сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық,
күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес
мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі
(кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан),
бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті
көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше
киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас
жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде,
дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі). Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне
байланысты ұлттық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті
қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-
сауық, жарыстарда киетін киімдер, ғұрыпты киімдер, қазақтың неке киімдері,
күйеу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салттық және ғұрыптық
киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін
киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және
кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т.б.
Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз,
орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер
ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ,
найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдерін
географиялық аймағына қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау
кездеседі.
ІІ жүргізуші. Енді кейбір киім үлгілерімен жақынырақ танысайық. Ол үшін
сабақ басында сұрақтарға ең көп жауап берген оқушыларды ортаға
шақырамыз.Екі топқа бөлінеміз. Әр топ өздеріңіздің топтарыңызға ат
беріңіздер.
І жүргізуші
Бас киімдер
І топқа сұрақ. Айырқалпақ-дегеніміз не? Ерлердің киізден тігілген жеңіл
бас киімі. Айырқалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі
екі бөліктен құралады. Олар-қалпақтың төбесі және етегі. (кейде қайрмасы
деп те атайды). Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Қалпақтың
етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден
жасалады да, оны жоғарғы бөліктің етегіне сыздық салып қондырады.
ІІ жүргізуші
ІІ топқа сұрақ. Тымақ-дегеніміз не? Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең
бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі
терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен
сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш
бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.
І жүргізуші
І топқа сұрақ. Бөрік-дегеніміз не?жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға
дейін киетін бас киім. Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны
бағалы аң терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. Оның жаздық және
қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндық
бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т.б. деп
аталады. Оны ерлер де қыздар да киеді.
ІІ жүргізуші
ІІ топқа сұрақ. Малақай (құлақшын)-дегеніміз не? Ерлердің салқында киетін
бас киімі. Оны құндыз, бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ, суыр т.б. аңдар мен
құлын, бұзаудың терісінен, қозы мен лақтың елтірісінен тігеді. Малақай
маңдайдан, екі құлағы мен мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады.
І жүргізуші
І топқа сұрақ. Тақия-дегеніміз не? Ерлердің жеңіл бас киімі. Қазақта
тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар
киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген,
жалпақ төбесіне үки тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою салынып,
түрлі асыл тастармен көмкеріледі. Оны жас қыздар үзатылғанға дейін киеді.
Ұзатылған қыз – қыз ғумырдың белгісі – тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.
ІІ жүргізуші
ІІ топқа сұрақ. Кимешек–дегеніміз не? Кимешек-жасамыс (егде) әйелдер киетін
бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілдеді. Ақ
матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік
үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.
І жүргізуші
І топқа сұрақ. Сәукеле-дегеніміз не? Сәукеле-ұзатылатын қыз-қалыңдық киетін
ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына
жақұт қондырылады. Өнбойы алтын, күміс сияқты қымбат металдармен
өрнектеліп, ақық, маржан, гауһар сияқты асыл тастармен безендіріледі. Екі
жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ
желек жабылады. Сәукелені ұзатылатын қызға арнап шеберлерге дайындаттырады.
Сәукелені қалыңдық ұзатылған күннен бастап бір жылға дейін ғана киеді.
Сыртқы киімдер.
ІІ жүргізуші
ІІ топқа сұрақ. Шапан-дегеніміз не? Шапан- Қазақстан мен Орта Азия
халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып,
астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара
қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан
деп бөлінеді. Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне
зер салынып, арқасы мен етек-жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт
киім. Арқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар
салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін
болған.
Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға шапан кигізу дәстүрі кең тараған.
І жүргізуші
І топқа сұрақ. Камзол дегеніміз не? Шапанға қарағанда ықшам, қысқа,
кобінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі.
Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі
мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.
ІІ жүргізуші
ІІ топқа сұрақ. Қос етек көйлек дегеніміз қандай киім? Қос етек көйлек-
жібек, торғын, шәйі сияқты асыл матадан тік жаға, кең етек етіп тігілетін
көйлек. Етегіне өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады, сондықтан
«қос етек көйлек» деп аталады.
І жүргізуші
І топқа сұрақ. Ішік дегеніміз қандай киім? Сырты матамен тысталып, түрлі
аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім. Қолданылатын
терісіне қарай олар: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсең ішік, пұшпақ ішік деп
әртүрлі аталады. Ішік екі майсымда киюге арналған жылы киім. Сеңсең ішік,
қасқыр ішіктерді ерлер, қалған түрлерін көбінесе әйелдер киген.
ІІ жүргізуші
ІІ топқа сұрақ. Жарғақ шалбар бұл қанда киім? Иленіп, әбден өнделген жұқа
теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек
салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл
сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа
киген.
Аяқ киімдер.
І жүргізуші
І топқа сұрақ. Саптама етікке сипаттама беріңіз. Саптама етік– қонышы
тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып
тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде
жүргенге жылы, әрі қолайлы.
ІІ жүргізуші
ІІ топқа сұрақ. Кебіс мәсі. Мәсі - өңделген жұқа теріден қонышына ою
салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс
– табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер сылынып тігілетін,
мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
І жүргізуші
Зергерлік бұйымдар.
Сондай-ақ сыртқы келбетті одан сайын көрікті ете түсіретін нәрсе ол
зергерлік бұйымдар. Қазақ зергерлері әсіресе, әйелдердің әшекейлі сәндік
бұйымдарын асқан шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген. Олар: сырға,
білезік, сақина, жүзік, шолпы, шашбау, ілгек, қапсырма, алқа, өңіржиек,
түйме, шеттік, т.б.
ІІ жүргізуші
Біздің ұлттық киімдеріміздің негізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-
дәстүр, ырымдар бар.
Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар
Баскиімдер бойынша
Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді.
Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас
ұрғанда да
аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең
үлкен белгісі.
І жүргізуші
Баскиімге қауырсын тағу
«Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Таңбалы тастағы
суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам
бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным
бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста
екендігін танытады.
Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қыл-
мыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары
жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі
өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты
тағып жүретін болған.
ІІ жүргізуші
Баскиімге қатысты тыйымдар
Баскиімді іліп қояды, кез – келген жерге тастай салмайды, астыға басып
отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің жаулығын басына
салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара
орамал тартпауға тиісті. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жалаңбас
отырып ас – су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны
айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа
баскиім алып беруге болады.
І жүргізуші
Сырт киімдер бойынша
Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар
кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын
тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр
ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған – туыстары аман
қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адмды
суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік
қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген.
Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу»,
«иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы –
жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен
шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту
белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу
дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында
үлкен мәртебе.
ІІ жүргізуші
Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған
қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап алып, ырымдап
киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе,
әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған.
Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде
ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару – жарақтарын,
шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт,
әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын
ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім.
І жүргізуші
Енді бүгінгі сабағымызды бекті үшін мына сөзжұмбақты шешейік!
1. Малақайдың екінші атауы
2. Келіншектің бас киімі
3. Қысқы сырқы киім
4. Ерлердің жеңіл бас киімі
5. Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі
6. Әйелдің сырт киімі
7. Ұзатылатын қыз-қалыңдықтың бас киімі
8. Зергерлік бұйым
9. Қысқы сырт киім
10. Үйде киілетін жеңіл аяқ киім
| |Қ |Ұ |Л |А |Қ |Ш |Ы |
|1 | | | | | | | |
| | |Т |О |Н | | |
| |3 | | | | | |
| |4 | | | | | |
| | |Т |А |Қ |И |Я |
| | М |Ә |С |І | | |
Bottom of Form 2
І жүргізуші Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Ойыншыларды марапаттау.
ІІ жүргізуші
Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz