Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ауыл мектебі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
№3 Қарауылкелді орта мектебі
Ауыл - 2030
Орындаған:
Урашева А.А.
Байғанин – 2012
Тақырыбы: "Ауыл – 2030"
Мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға,
егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту – еліміздің
ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Эпиграф: Алыс шалғай ауылдар-ай, ауылдар, -
Сіздің жайды білместермен дауым бар,
Сенде туып, кіндігінен байланған,
Жаны ізгі моп-момақан қауым бар.
Жоспары: 1) Ұйымдастыру бөлімі:
Сергіту сәті: Жұмбақтар мен сұрақтар
2) Негізгі бөлім:
"Ауыл бейнесі" суреттер көрмесі
3) Қорытынды бөлім:
"Болашақ" ауылдың макетін жасау.
Кіріспе. Мұғалім: "Ауыл" қазақтың екінші аты екендігі жиі айтылады. Бар
қазақтың шыққан тегі – ауыл. Біреу жақтырар, біреу жақтырмас, бірақ бұл сөз
шынымен де осылай.
Ұлтымыздың уызы – ауыл. Тіпті, ежелден отырықшы ел француздардың
өзінде "данышпандар ауылда туады, Парижде өледі", - деген сөз бар. Бұл
сөзбен олардың ауыл мәртебесін асқақтатып тұрғаны түсінікті. Әр қазақтың
ұлттық болмыс, ауыл иісі сезіліп тұрса – бір ғанибет.
Ауылдың бүгінгідей жүдеу күйге түскеніне кім айыпты? 70 жыл бойы
темір құрсауда болған еліміздің ұлт қаймағын сыпырып, естілер мен
тектілердің жойып жіберіп, ата-баба моласының үстінен тың игеріп, "мына
ауылдың болашағы жоқ",- деген желеумен айрандай ұйып отырған ауылдарды
таратып жіберіп, ауылға келген арақ – ұлттың сорына айналып, ауылдың
шаруасын шайқалтып, адамдардың жан-дүниесінің тұнығын майлап алғандығын бар
қазақ біледі.
Еліміздің тәуелсіздігін алғаннан бері ауылға көп көңіл бөлінуде.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» бағдарламасын құрып, 2003-2005-
ші жылдарды ауыл жылы етіп жариялап, ауыл шаруашылығына қаражат бөлініп,
мектептерді жаппай компьютерлендіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі сабағымызда Республикамыз 2030-шы жылы Азия барысына айналу
үшін ел экономикасында ауылдың алар орнын салған суреттерінен көрсетіп өз
ойларын айтады.
Ауылды бір сәт еске алып, көңілімізді сергітіп алайық.
Сергіту сұрақтары:
1. Төрт түлік малды атаңыздар: (түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкі)
2. Түйе малын қалай шақырады, түйе атасы қалай аталады? (ойсылқара, көс-
көс)
3. Жылқы малын қалай шақырады, жылқы атасы қалай аталады? (қамбар ата,
құрау-құрау)
4. Сиыр малын қалай шақырады, сиыр атасы қалай аталады? (зеңгі баба, ахау-
ахау)
5. Қой малын қалай шақырады, қой атасы қалай аталады? (шопан ата, пұшай-
пұшай)
6. Ешкі малын қалай шақырады, ешкі атасы қалай аталады? (сексек ата, шөре-
шөре)
Жұмбақтар:
1. Келеді бір жануар
Үстінде екі тауы бар (түйе)
2. Басында мүйізі бар
Үстінде киімі бар (сиыр)
3. Көкке шаншып құйрығын
Келеді шауып жүйрігім (жылқы)
4. Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар (қой)
Мұғалім: Қазіргі ауыл адамдарына, жастарға балаларға дүниетанымын кеңейту
үшін, сапалы білім алу үшін, жұмыспен қамтамасыз ету үшін қандай жағдайлар
жасалу керек екендігін, оқушылар салған суреттері бойынша айтып өту үшін,
суретшілерімізді ортаға шақырайық.
1. Мәдениет сарайы. Сматова Шиназ: - ауылда мәдениет сарайының алатын
орнын айтып береді.
2. Спорт кешені. Доскелді: Ауыл жастары мен оқушылардың салауатты өмір
салтын ұстану мен бос уақытын тиімді өткізу үшін қажет екендігі туралы
айтып өтеді.
3. Ауыл мектебі. Ғазиза: Типтік жобада салынған ауыл мектебінде
оқушылардың сапалы білім алуға мол мүмкіндіктің бар екендігі туралы
айтып береді.
4. Емхана. Жақсылық: Денсаулық – зор байлық! Түрлі аурулардың алдын алу
үшін ауыл адамдарының арманы екендігін сөз етеді.
5. Ипподром. Серікқали: Ауыл адамдары мен қонақтардың көңіл сергітетін,
ұлттық ойындарын асқақтатуда таптырмайтын орын екендігін айтады.
6. Мал және сүт өнеркәсібі. Олжас: Ауылшаруашылығындағы өнімдерінен
алынатын тағамдар экспортқа шығу арқылы ел экономикасын көтеруде
маңызды орын алатындығы туралы айтып өтеді.
7. Диірмен. Серікболсын: Ауыл адамдарының айналысатын шаруашылығының бірі
– егін шаруашылығы. «Нан болса - әнде болады» - деп, бидай өнімдерінің
сапасына көңіл бөліну туралы айтып береді.
Мұғалім. Стол үстінде бейнеленген қазақтың табиғаты тамаша кең байтақ
жерін «Болашақ» атты ауыл есімін беріп, осы ауылға оқушылар салған
суреттерін орналастыру арқылы "Болашақ" ауылының макетін жасайық.
Макет жасалынып болғанша көрермендер назарын Құдайдаров Ықылас күй
орындап береді.
Міне, құрастырылып біткен "Болашақ" ауылымыз осындай келбетте, 2030-шы
жылы ауыл жағдайын дәл осындай кейіпте көруімізге бүгінгі жастардың яғни,
оқушылар сіздердің қолыңызда екендігін тағы да айта кетіп, кезекті Ещанов
Ғарышбекке берейік.
Ғарышбек "Абзал адамдар ауылда" атты «А» әрпінен басталатын шығармасын
оқып береді.
Абзал адамдар ауылда.
Ауылымыздың аты – Арман.
Арман ауылында адамдар ақжарқын, аналар – ақ жаулықты, аталар –
ақсақалды.
Ауасы ап-ашық, ауласы алаулаған – астра.
Ауылдағылардың аңсағандары – амбулатория.
Адамдардың ауруларын алдын алу арманымыз.
Аналар ауладағы алашада ас арқатуда.
Ақнұр, Айгүл, Айзат, Алмагүлдер ауылдастар.
Арулардың арманы асқақ.
Абзал адамдар ауылда.
Армандағы ауылдың абыройын асқақтатуға арлы азаматтар ауылға асығыңыздар.
Мұғалім. Ауыл адамдары және жағадайы туралы Кубенова Ақмарал баяндама
оқып береді.
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебімен ауылы
Хор: Атамекен.
Бүгінгі кешімізге қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, келесі кездескенше
сау-саламат болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz