10-11 сыныптар үшін Физика әлеміне саяхат: интеллектуалдық сайыс-сабақ

-1-

Тақырыбы: "Физика әлеміне саяхат"

(интеллектуалдық сайыс сабақ)

"Физика әлеміне саяхат" атты сайыс сабағын өткізу үшін 10-11 сынып

оқушыларынан 2топ құралады. Әр топтың аты болуы керек.

«Ойшылдар», «Алғырлар»

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл ойының, шығармашылығының

дамуына жағдай жасау

Тәрбиелік: Ойын барысында оқушылардың физикалық

терминдерді қолдану мәдениетін, сауаттылығын

қалыптастыру, олардың пәнге деген

қызығушылығын арттыру.

Сабақтың өту барысы: 1. Кіріспе бөлімі

2. Ойын кезеңдері

I кезең: Бәйге «Сұрақтар»

II кезең:"Жеті жұрттың тілін біл"

Сұрақтың жауабын үш тілде айту

III кезең:« Ғажайып алаң» Сұрақтарға жауап беру

IV кезең: "Жорға" Берілген уақытта дайындалған

сұрақтарға жауап беру

3. Қорытынды бөлім

Сабағымызды бастамас бұрын әділ-қазыларды сайлап аламыз.

-2-

1. Кіріспе бөлімі.

Таланттылар ойланып, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында жүлде алсын.

Көңілді тапқыштар, білгіштер,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, оқыған болса егер,

Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.

2. Ойын шартымен таныстырылады:

I кезең: Бәйге «Сұрақтар»

II кезең:"Жеті жұрттың тілін біл" Сұрақтың жауабын үш тілде айту

III кезең:" Ғажайып алаң" Сұрақтарға жауап беру

IV кезең: "Жорға" Берілген уақытта дайындалған сұрақтарға жауап беру

I кезең: Бәйге «Сұрақтар» 1. Физика сөзінің мағынасы

Жауабы: Табиғат

2. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

Жауабы: Уақыттың өтуімен дененің басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі

3. Жер төңкергіш ғалым

Жауабы: Архимед

4. "Физиканың оң қолы химия болса, математика оның көзі" деген ғалым

Жауабы: М. В. Ломоносов

5. Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астроном

Жауабы: Галилео Галилей

-3-

6. «Жердің дәл шар емес екенін далаға шықпай, үйде отырып-ақ қалам ұшымен дәлелдеген» ғалым

Жауабы: Исаак Ньютон

7. Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған ғалым кім?

Жауабы: Э. Резерфорд

8. Галилей 30 есе ұлғайтатын алғашқы телескопты қай жылы құрастырды?

Жауабы: 1609 жылы

II кезең"Жеті жұрттың тілін біл" Сұрақтың жауабын үш тілде айту

1. Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама

Жауабы: Энергия, energy

2. Әлемде не бар болса соның бәрі қалай аталады?

Жауабы: Материя, matter

3. Траекторияның ұзындығы не деп аталады?

Жауабы: Жол, дорого, road

4. Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

Жауабы. Күш, сила, strength

5. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары аралығына ену құбылысы

Жауабы: Диффузия, diffusion

6. Жердің жалғыз серігі

Жауабы. Ай, луна, moon

7. Зат бөлшектерінің табиғатынан бөлек табиғаты ерекше бөлшектер ағыны

Жауабы: Жарық. свет, Iight

8. Өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі

Жауабы: Күн. Солнце, sun

-4-

III кезең: Ғажайып алаң Сұрақтарға жауап беру

1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың.

Жауабы: Жол

2. Суы бар стаканға мұздың кішкентай кесегін тастап, жіп пен бір шымшым тұз арқылы мұзды қалай судан шығарып алады?

Жауабы: Диффузия құбылысына негіздеп айту

3. Физика табиғат туралы ғылым ретінде сөздің ғылыми мағнасын байытудатарихта "екінші ұстаз" атанған біздің ұлы бабамыз

Жауабы: Әбу насыр әл-Фараби

4. 1л су 100градуста қайнаса, 2л су неше градуста қайнайды?

Жауабы: Сондай градуста

5. Егер Жер тартылыс күшінен айрылса не болар еді?

Жауабы: Жер секундына 30км жылдамдықпен әлем кеңістігін шарлап өтер еді.

6. Жерді ортасынан қақ бөлсе не болады?

Жауабы: Екі жарты шар.

7. 5 жұмыртқа 4минудта піссе, 100 жұмыртқа неше минудта піседі.

Жауабы: Сондай

8. Бөлмеде отырып ауаның қысымын неге сезбейміз?

Жауабы: Сыртқы ауа мен адамның ішкі қысымдары тең

9. Мылтықтан атылған оқ піскен жұмыртқаны тесіп өтіп кетеді. Ал, шикі жұмыртқаға оқ тисе не себепті быт-шыт болып жарылып жан-жаққа ұшып кетеді?

-5-

Жауабы: Паскаль заңы орындалады

IV кезең: "Жорға" Берілген уақытта дайындалған сұрақтарға жауап беру

"Ойшылдар" тобына қойылатын сұрақтар:

1. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы: Телескоп

2. Молекула қандай бөлшек: Заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі

3. Температураның өзгеруіне байланысты зат неше түрлі күйде болады?: Үш түрлі күйде

4. Марс планетасының қазақша атауы: Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз

5. Жердің массасы қандай шамаға тең?: 6*10 24 кг-ға тең

6. Күш қандай шама: Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

7. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон

8. Қысым қандай бірлікпен өлшенеді?: Паскальмен

9. Қысым айырымын өлшеуге арналған аспап қалай аталады: Манометр

10. Су 100градуста қайнаса неше градуста мұзға айналады? 0 градуста

11. Ток күшін қандай әріппен белгілейді, оның бірлігі, өлшенетін аспабы: I, Ампер, Амперметр

12. Жарық бөлшектері қалай аталады?: Фотондар

13. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі қалай аталады?: Еркін түсу

14Күштің шамасын қандай құралдың көмегімен анықтайды?: Динамометр

15. Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні қандай? 7, 9км/с

16. Дене импульсінің өзгерісі неге тең?: Күш импульсіне тең

17 Период қандай шамаға кері: Жиілікке

18. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі қалай аталады: Шоқжұлдыз

-6-

19. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?: Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні

20. Айға адамзат ұрпағының табаны қай жылы тиді?: 1969жылы

«Алғырлар» тобына қойылатын сұрақтар

  1. Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі қалай аталады?. Біздің галактика
  2. Әр түрлі заттардан нелер құралады?Денелер
  3. Температураның өлшем бірлігі:Градус
  4. Меркурий планетасының қазақша атауы:Болпан немесе Кіші Шолпан
  5. Жердің радиусы қандай шамаға тең?6370км
  6. Бірліктердің Халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне не алынады?м/с
  7. Күш өлшейтін құрал қалай аталады?:Динамометр
  8. Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді?Джоуль
  9. Еркін түсу үдеуінің мәні:9, 8н/кг
  10. Қорғасын 327градуста балқыса неше градуста қатты күйге айналады?:327 градуста
  11. Кернеуді қандай әріппен белгілейді, оның бірлігі, өлшенетін аспабы? U; Вольт; Вольтметр
  12. Сұйық қайнайтын температура. Қайнау температурасы
  13. Қатынас ыдыстарды ата:Шайнек, құмған, кофе қайнатқыш т. б
  14. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?

Ұқсас жұмыстар
Биология әлеміне саяхат: 7-8 сыныптар арасындағы интеллектуалды сайыс
8-сынып физика пәні: Физика әлеміне саяхат білім сайыс сабағының үлгілік жоспары
Физика әлеміне саяхат: сыныптан тыс ойын-сабақ және пәнаралық сайыс
Информатика әлеміне саяхат: Алтын қақпа сабақтан тыс интеллектуалдық сайыс сценарийі
Сандар әлеміне саяхат: математикадан сайыс-сабақ
Физика әлеміне саяхат: 8 «А» сыныпқа арналған сыныптан тыс сайыс сабақ - жоспар және әдістемелік нұсқау
Физика әлеміне саяхат: мектепішілік интеллектуалды олимпиада бағдарламасы
Ғарыш әлеміне саяхат: Байқоңыр мен физика сабағы
Математика әлеміне саяхат: 6-10 сыныптарға арналған математикалық сайыс пен сабақ жоспарлары
8-сыныпқа арналған Геометрия әлеміне саяхат: математикалық сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz