Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Синоним сөз бит байт

№3 орта мектебі

Көңілді информатика

Өткізген: Л.Түсібекова

2011-2012 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Көңілді информатика
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,
тапқырлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Топпен жұмысты дағдылау,
қарым-қатынастың эмоциялық бағытын қалыптастыру, білімге талпынуын
дағдылау.
Кеш барысы: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге
құштар жас өрендер!
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туды адамға

«Көңілді информатика» сайысының жоспарымен таныс болайық.
І. Командалардың өзін-өзі таныстыруы. (Командалар өз атын, эмблема,
газеттерін таныстырады)
ІІ. «Кім жылдам» сайысы
ІІІ. «Жұмбақтар әлемі»
ІV. Капитандар сайысы
V. Информатика сабағында... Компьютер алдындағы оқушы. (юмор түрінде
көрсетеді)
VІ Синонимдер
VІІ. Қорытынды, марапаттау

Кешті ары қарай жүргізу үшін әділқазылар алқасы:
1. Б.Берниязова – информатика пәні мұғалімі
2. Н.Алматов – информатика пәні мұғалімі
3. К.Қазмағамбет – математика пәні мұғалімі

Жүргізуші:
Топ алдында шыққан басын иіп
Сәлемдесі парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер оқушыларымыз
Сәті келіп қалғандай танысатын – деп,
«Таныстыру» атты І турды бастаймыз.

ІІ. «Кім жылдам» сайысы. Сұрақтар қойылады.
1. «Адам қайраткерлігінің бұл саласы компьютер көмегімен ақпаратты
өңдеу үрдісімен байланысты» деген анықтама қандай ұғымға жатады?
(информатика)
2. Қандай құрылғы компьютердің миы деп аталады? (процессор)
3. Информацияның өлшем бірлігі (бит, байт)
4. Вирустың кері әсерін жоятын программа (антивирус)
5. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)
6. Сурет салуға арналған программа (графиктік редактор)
7. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)
8. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы? (модем)
9. Жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
10. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
11. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)
12. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)

ІІІ. «Жұмбақтар әлемі». Жұмбақтар шешу.
1. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады,
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын)

2. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана: F (эф) әрпімен басталады. (функционалдық пернелер)

3. Бұтақ орында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (катус)

4. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын сын жүз бір (пернелік)

ІV. Капитандар сайысы. Бір ақпаратты әртүрлі сигналдармен және әртүрлі
тәсілмен жіберуге болады. Бастысы, қай сигналдарды қалай түсінуге болатынын
алдын ала келісіп алу керек. Егер біз келіссек, онда код немесе шифр пайда
болады. Қазір команда капитандары 3 минутта кодталған сөздерді шешеді және
код тәсілін түсіндіреді.
Кодталған сөздерді шеш және код тәсілін түсіндір.
1. Коляманлядаляларля (әр буыннан кейін ля буыны жазылған -
командалар)
2. Акитамрофни (сөз керісінше жазылған - информатика)

V. Командалар «Компьютер алдындағы оқушы» юмор түрінде көрсетеді.

VІ. Синонимдер
Ғылымда асулар көп алатұғын,
Қанатын биіктерге қағатұғын.
Ұшқырлығын танытып қыран құстың,
Кез келді сәйкестігін табатұғын.

|Берілген сөз |Синоним сөз |
|8 бит |байт |
|Әліппе |Алфавит |
|белгі |Символ |
|Дисплей |Монитор |
|Винчестер |Қатты диск |
|Каталог |Папка |
|ЭЕМ |Дербес компьютер |

VІІ. Қорытындылау, марапаттау

Ұқсас жұмыстар
Word Pad мәтіндік редакторының батырмаларының қызметін жазыңдар
Сиқырлы пернелер кезеңі
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Компьютердің атасы кім
Компьютерлік графика туралы
Компьютерлік графика
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар
Тест. 5-сынып
Тест тапсырмасын орындау
Сайыстың шарты
Пәндер