Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ортаның тәрбиесі
Баланың дамуы және қоршаған ортаның ықпалы
(баяндама)
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебі,
Бастауыш сынып мұғалімі
ұзартылған күн тобы мұғалімі
Төлеуова Әлима Аманжолқызы
« Ортаның тәрбиесі»
Мемлекетіміз барлық күшін болашақтың адамын тәрбиелеудің, білім
берудің жолдарын, әр түрлі тәсілдерін, жаңа технологияларын, техникалық
ақпарат құралдарын, баспасөзін аямай отырғаны белгілі. Оқу тәрбиесінде
бірнеше реформалар жасалып жатыр. Талай оқыған зиялы,білімді адамдар ат
салысумен бірге бастарын ауыртуда...Күш жігер осы жолға бағытталуда....Мұны
бәрімізде біліп отырмыз....Десек те,білімді,білікті дегенміз – тәрбиесіз,
мейірімсіз, т.т болып шығып жатыр.
-Қатты сөйлеуден – әке-шеше,қорқатын.
-Қатты барудан, «2» қоюға мұғалім қорқатын кезеңге тап болдық.... Осыған
«Кім жауапты?» дегенде бір-бірімізге «жабатын» кезеңге келдік.
Айналып келгенде, барын салып отырған «қоғамды» екі жақтап кінәлай шыға
келеміз. Ал, тұрақты «кінәласу» мұғалімдер мен ата-аналар арасында жүріп
жатады. «Бала аппақ, оның кінәсі жоқ» деп, қайсысымызда ақталғымыз келеді.
Сонда осылай созыла бермек па? Қалай тәрбие бермекпіз? Тәрбиесіз алған
білім-білім емес»-деп Әл- Фараби айтқандай. Құр білім беріп отыра береміз.
Білім заңында бала тәрбиесінде ата-ананың міндеті айқын жазылған.
Жалғыз сіздерге «міндеттісіздер деп» артып салып отырған ешкім жоқ, бірақ
басты тұлға сіздерсіздер. Мектептегі алты алаштың көбісі «білім» алуға
кетеді. «енді не істейміз?» дегенге тірелгенде ата-баба тәрбиелік әдісін
қолданып көрсе қалай болар еді деген ойға келесің. «Сөз сүйектен өтеді»
дегендей сөзімен, ісімен, әдеп-ғұрпымен, қас-қабағымен тәрбиелей
білген.... Тәрбиелей отыра білім алуды да ұмытпаған. Бабаларымыз біреуге
баламды тәрбиелеп бер деп бермеген, өнер мен білім үйрет деп берген.
Ұстазға: «Сүйегі менікі,еті сенікі» деп берген. Бұл сөздрде үлкен мән
жатыр. Біздерге молданы жамандау үшін мұны теріс түсіндіріп келді. Олай
емес екен, аталарымыз:
-Мен пішінін жасадым, енді сен ішкі мазмұнын жаса-деген сөз.Білім
бер, рухани дүниесін жаңарт толтыр дегені екен. Ал,біз ше? Біздің
түсінігіміз бойынша баламызды қоғам не мектеп тәрбиелеп беру керек.
Баланың тәрбиесі азамат болуы-ең бірінші кімге керек?Соны неге ойламаймыз.
Әуелі ата-анаға, содан соң-қоғамға қажет. Сондықтан біреуге міндет артудың
қажетті бола қоймас.
Сөзімізді өткізе алмақ түгел,өзіміз қылмысқа итермелейміз.Ата-
бабамызда жоқ туған күнін өткіземіз,бос үйді бақылаусыз беріп қоямыз.Оны
мектептен,мұғалімдерден жасырамыз.Тіпті үй берген адамды емес сол вечерге-
мұғалімдер неге қатыспайды деп өздері теперіш көріп жүрген мұғалімдерге
әңгір-таяқ ойнатамыз. Ол туған күнде,не тетелесу мүмкін,жасырып ішімдік
ішіледі,төбелес болады,артық кетсе «зорлық»болады.Міне, қылмыс өзіміз жол
ашып отырған. Ал,атам қазақ туған күнін емес,мүшел жасын атап өткен. Мүшел
жас «қауіпті »деп білген. Содан аман-есен өткеніне қуанған.Елді қуантқан.
Қазіргі деректерге сүйенсек облысымыз бойынша І тоқсанда балалардың 1404
қылмысы тіркеліп, 376оқушы жауапкершілікке тартылған.110-ы анти қоғамдық
бағыттағы 42 топтың мүшесі екен.
Құдайға шүкір бізде жоқ деуге келмейді,қай нәрсенің де алдын алған
дұрыс.Жақында ғана Батыс Қазақстанда күзетшіні сыртынан бекітіп,сыммен
байлап,мектепке өрт қойған.Мұны ересек адамдар емес,жасап отыраған
жоқ.Соның кесірінен бірнеше кабинет жанып,бүкіл құжаттар жанып
кеткен.Мұндай оқушылардың бұзақылығы туралы мысалдарды көптеп келтіре
беруге болады.Ата-бабалардың оқу тәрбиелеу жүйесі болғаны анық.Ол мектептің
негізгі жүйесі-әдеп,әдет-ғұрып,ар-намыс,тыйым-наным т.б болған.Әр сатыдағы
оқу жүйесі ешнәрсені елеусіз қалдырмаған сияқты,олай болса ата-баба
мектебіне көз жүгертелік,мүмкін пайдасы тиер.
Ата-ананың міндеті тәрбиелеу және жақсылыққа үйрету.
Халқымыз әр жастағы адамдардың көңіл күйі,сезімдері,мінсіз
ерекшеліктері,түсінік талғамдары сенім,қызығулары,әдет дағдылары бірдей
болып келмейтіндері жөнінде де қызықты пікірлер айтқан.Сөз маржандарында
адамның жас өзгешеліктері негізінен балалық,жастық,кемелдік және кәрілік
шақ секілді басты-басты төрт кезеңнің тұрғысынан қаралатындығын байқауға
болады.Адамның моральдық бейнесі,психикасы оның іс-әрекеті үстінде
дамиды,ал іс-қимылдың алғашқы іргетасы балалық кезде қалыптасады.Халқымыз
өз ұрпағын жақсы қасиетке еңбексүйгіштік, тілалғыштық, имандылық т.б
баулуды үнемі негізі мәселе деп ойлап келген.
Бала біткеннің бәрі де ес білгеннен бастап білсем, көрсем,
естісем, ұстасам, алсам деп әрекет етуге ұмтылады.Ол өзін қоршаған
ортамен,басқа адамдармен қарым-қатынасқа қалайды. Бұл баланың өзін қоршаған
өмірді терең де толық білуге табиғи құштарлығы олар үшін жай нәрсенің өзі
жаналық.Бұлар әуесқой,тынымсыз зерттеуші көптеген мақал-мәтелдердің мән
мазмұнын осы айтылған идеяны да бейнелейді.
Ата-ана өз баласын өнегелі сөзбен,жеке басының үлгісімен
тәрбиелейді. Ойын баласында үлкендердің сөзіне, қылығына, іс-әрекетіне
еліктеушілік басым.Мақал-мәтелдер бұл жөнінде төмендегіше тұжырымдалған:
«Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»,«Баланың тентек болмағы үйінен»,
«Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, байқамай сөйлесең көрсетер бір
өнер», «Қызды асырай алмаған күң етеді,ұлды асырай алмаған құл етеді»,
«Ұлың өссе үлгілілермен ауылдас бол», «Анаға баланың алалығы жоқ» деп халық
бала тәрбиесін тек құрғақ,сылдыр сөзбен жүргізгеннен гөрі іс-әрекет,үлгі
өнеге арқылы жүргізудың пәлмендірек келмейтіндігін,сондай-ақ бала
тәрбиесіне оның құрбы-құрдастарының,жора-жолдастарының да ықпалы
болатындығын еске алып отырған.Сондай-ақ балаға жасалатын ерекше
мейірімділіктің де,керемет қаталдықтың да,баланы бір-бірінен алалап
қараудың да теріс нәрсе екенін, ол баланың жеке басын құрметтеп, елеу,оның
психологиясының дұрыс қалыптасуына жағдай жасайтынын нақыл сөздермен дұрыс
көрсеткен.
Халық ұғымында адамның негізгі өмір кезеңінің бірі-жастық кезең
бозбала шақ.
Жастық шақтың басты белгісі-адамның жаны мен тәнінің саналық,
сандық жағынан да бөлек елеулі өзгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның
қоғамдық белсенділігі артады,оның сана-сезімі өседі,психикасы шындала,
қатая түседі.Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады,өзін қоршаған ортаға сын
көзбен қарай бастайды. Бұл жас балалар да өзін-өзі бағалауға ынталану,
рухани өмірге қызығу, жеке басындағы ойлар, адамгершілік идеялар кемеліне
келе бастайды.Халық даналығы жастарға қызығы мол,қайтып оралмайтын, кейін
іздесеңде таптырмайтын адам өміріндегі ең қызықты бос өткізсең-оның орнын
ешуақытта толтыра алмайсың деп бұл кезде адамда ғылым-білімді, өнердің сан
алуан түрлерін меңгере алуға мүмкіндік мол болатынын,сол себепті көп
оқып,үйреніп, біле берудің керектігін әдемілеп ескермейді,оларды
еңбексүйгіш,көпшіл,белсенді,өнегелі болуға шақырады.Мәселен, «Жігіт адамға
жеті өнерде аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын», «Менмен жігіттің
соры,төменшік жігіттің қоры», «Кішіпейіл, кең жайлау жігіттің зоры», «Өзім
білем деген жігітің басына ойран салғаны,көп біледі деген жігіттің басына
қорған салғаны», «Селжең деген жігіттің серкесінің соры», «Жасында көргені
жоқ, өскенде айтары жоқ», «Жас лкүнінде еңбек қылсаң есейгенше жетілерсің»,
«Жұмыссыз жастың жүргені сөкет», -деген толғаулар біздің жоғарыда
айтқандарымызға жақсы дәлел.
Олай болса неге біздер балаларымызға «өнерді үйрен де жирен» деп
отырмасқа. Мектептегі үйірмелерге қатысуға кеңес бермеске.
Сондай-ақ ата-бабаларымыздың бала тәрибиесінде денсаулықты да назар
тыс қалдырмағаны байқалады. Қазіргі таңдағы бала денсаулығының психикалық
жағынан төмендігін сол кезде-ақ білгендей.
Сондықтан денсаулық мәселесіне қатысты ой-пікірлер де көптеп
кездеседі. Халық денсаулықтың өмір сүрудің негізгі шарты екендігін жақсы
түсініп кеңестерін алмаған.
«Он екі мүшең сау болса, жарлымын деме,жаныңдажарық болмаса, зарлымын деме»
деп денсаулық адамға өмірлік серік,жанның сау және ажарлы болуды тәнге
байланысты екендігін адам тәнінің байлығын ешнәрсемен түсіндіруге
болмайтынын дұрыс тұжырымдайды. «Тазалық-денсаулыққа кепіл», «Тазалық-
саулық негізі,саулық-байлық негізі», «Күтінгенге кәрілік жоқ» т.б толып
жатқан қағидалар әлі күнге дейін күшін жоймаған кеңестер. Олар өздерінің
көп жылғы тәжірибиелерінен қорыта келіп: салақтық, қомағайлық,
жалқаулық,еріншектік басты себебі екендігін айтқан. Қысқа ғана мақал-
мәтелдермен түгендеп бере білген. Мыс: «Тыймаған ауызда бәле бар», «Құныға
жеген құспай қоймас», «Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады», «Ауру
астан», «Ыңырсыған келіннің үйі ыбырсық», «Ластың дос-шыбын» т.б мақалдарда
жалқау, салдыр-салақ адамдардың ауруға бір табан жақын ұшырайтындығын,
әсіресе аурудың көзі-салақтықта екендігі дәлелді көрсетіліп миына құйып
отырған. Сау адам үнемі шат көңілді болса, ауру қандай нәрсеге болмасын
селсоқ, енжармен көңілмен қарайды. Сау адам мен науқастың өмірге көзқарасы
да, еңбекке қатысы да, тіпті сыртқы пішіндерінің өзінде де, айырмашылық
болатынын бажайлап білдіріп отыраған. Бұл сен аурудың қолына тап болмау
жағын қарастыр деген ескертпе. Бұл жөнінде де: «Жан ауырса, тән азады,
қайғы басса-жан азады», «Ауру адам аяншақ», «Аш кісі ұрысқақ, ауру кісі
тырысқақ»т.б көптеп келтіруге болады. Сондықтан балалардың денсаулығы үшін
дұрыстап тамақтанудың гигиеналық талаптарды дұрыс сақтау керектігін жиі
айтатынымыз сол. Мынадай «қой үстіне бозторғай жұмыртқалап отырған» кездің
өзінде балаларымыздың әр түрлі ауруы тиылмай отыр. Бұл жөнінде де халқымыз
былай дейді: «Денсаулық-зор байлық», «Тәні саудың жаны сау», «Әуелгі байлық-
денсаулық»т.б айта берсек толып жатыр. Көзге көрінбейтін, сыртқа
сезілмейтін балалардың психикалық ауруларының көбейіп бара жатқандығы
қорқытады.Сондықтан бала денсаулығын бақылап отыру
міндетіміз.Республикамызда 300мыңдай бала психикалық аурумен
ауырады.Халқымыз адам денсаулығы үшін аса қажетті факторлардың бірі ұйқы
екенін сездірген.Шаршаған организим қайтадан күш жинауы ұйқы арқылы жүзеге
асатынын білген.
«Үйде отыр,далада жүрген жоқ»деген көңілмен,тунгі ұйұы кезінде
баламызды бақыламай,таң атқанша түнгі 18каналдағы неше түрлі нәрселерді
көріп,ұйқыдан қалып,ертеңіне мең-зең күйде сабаққа келіп отырған оқушыдан
не білім,не денсаулық сұрайсыздар...Екі есті болып отырған оқушы мұғалім
сөзін көтере ала ма?Сөйтіп мұғалімді кінәлаймыз.Бұл жөнінде де мақалдар аз
айтылмаған: «Ұйқтамағанның ақылы қабағында», «Ұйқы-өліммен тең» т.б. Ұйқы
да жайлы болу керек.Жайсыз жату жақсы ұйқтауға мүмкіндік бермейді,сондықтан
баланың жатар төсегіне де көңіл бөлген дұрыс.Мерзімі мен ұйқтауын талап
ету қажет.Жатар алдында атыс-шабыс,қанға боялған кейіпкерлер т.б көріп
жатқан бала жақсы дем алады деп,қалттықсыз айта аласыз.Олай болса теледидар
көруді де шектеу керек,халқымыз саулығымен қатар,оның сұлу-әсемдігі де
қатты ойландырып келеді. «Он екі мүшеңсау болса,сәулет емей немене»,деп
тәні шыныққан адам басқалардан мықты,төзімді,әрі әдемі,сәулетті
келетіндіктен айтқан.Мұндай адамның ісі де өнімді,қиындықты жеңуге сенімі
де мол болады дейді.Ал,бізде ше?Аптасына үш-ақ рет болатын денешынықтыру
пәніне киімдерін әкелмей,қатысудан қашқақтап тұруға бейімділердің көбейіп
бара жатуы.Қалай қылсада «қимылдамау», «жүгірмеу» керек.Талап
етседе,кейдесе де мұғалім айыпты.Сонда кімге пайдалы,кімге зиян.Неге осыны
балаларымыздың санасына сіңіріп отырмасқа.
Атам қазақ тәні мен жаны үйлесімді дамымаған адамның яғни дене пішіні
сондай сұлу болмағанымен де,рухани үлгі аларлықтай жақсы қасиеттер табыла
қоймайды. «Түйедей бой бергенше,түймедей ой берсейші», «Ақымақтық ақылы
білігінде», «Бойының сорайғанынан не пайда,басың да ми аз болса» т.б деп
рухани жаны жұтаң,ақылы аз,құр кеуделерді әлжуа етеді.Мұнан шығар қорытынды
мәнді шыңдай отыра,рухани жаныңды дамыт деген сөз.Мектептегі кезеңде
кітап(көркем шығармалар оқымаған адам,есейген кезде мүлдем оқуға уақыт таба
алмайтынын неге біздер балаларымыздың миына құйып отырмасқа.Талап етпеске
оқығанын сұрап,пікір алмаспасқа.Неге тек қана мұғалімдер айтуға
тиісті.Ойланайық:Адам психологиясының қалыптасуында бірлескен еңбек
әрекетінің алатын орны да ерекше екенін халқымыз жақсы түсірген. «Жалғыздың
ісі өнбейді», «Көп еңбегі көлмен тең» т.б деп келетін мақал-мәелдерде
көппен қоян қолтық,бірлесе еткен еңбек қана адамға зор қуат
беріп,психикасын байытатынын айтып кеткен. «Еңбек-ең негізгі тәрбиеші»-
деген идия негізгі арқау.Мыс: «Еңбек ширатады», «Еңбек адамның екінші
анасы», «Еңбектің көзін тапқан байлықтың көзін табады», «Еңбек мұратқа
жеткізер» т.б халықтың басынан өткен, нәтижесі көрінген осындай мақал-
мәтелдерді балаларымыздың санасына сіңіріп, жиі неге отырмасқа.
Жекіргеннен, ұрып-соққаннан гөрі жағымды емес пе? Еңбек сабақ-да не істесе
де, шын пейілмен неге істемейді,біздің баламыз?Мұнда да еңбекке деген
ынтадан,салғырттық басым.... «Үстің бүлініп қалмасын»-деп ата-ана
қақылдаймыз. «Өнерді үйренде жирен» деудің орнына, инені де,жіпті де
жыртынды тауарда біреудің орнына «Қазына-байлығымыз»ортайып қалғандай
келістік білдіреміз.
Сонда қыз бала іс тігіуді, ер бала кәсіптік біліктілікті қайдан
алады. Ер жеткен соң оларға кім үйретіп отырады. «Сынық инені түрте
бермейтіндер»,жүген әкелдесең, арқан әкелетін бейбақтар осылардан шықпайма?
Сонда олар кімді кінәлар еді? Әрине, әке-шешесін....Сондықтан ойлануға
тұрарлық . Халықымыз ұрпағын ырым тиім сөздерді айтып отыра санасына
сіңіріп отырған. «Орында» деп бұйырмаған орындалатын нәрсе екенін
ұқтырған. Сан ғасырлар бойы ұмытылмай орындалып келе жатқан
қағидалар «Молаға қарай жүгірме», «Отқа су құйма», «Күн батарда
ұйықтама», «Бүйіріңді таян ба», «Үкіліме» т.б.Халқымыз, «Ар мен намысты
жоғары қойған», «Жарлы болсаң да-арлы бол», «Арыңа сал», т.б деп айта
отыра тәрбиелеген..Намысы жоқ адамды,адам қатарына санамаған.. «Ерді намыс
,қоянды қамыс өлтіреді», «Ерің намысы келсін,көлің құрақты келсін» т.б
айтта отыра қайратты,намысты болып өсуге бағытталып отыраған.
Қорытынды:
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні халқымыздың тәрбие құралдарының
мәйегі- мақал-мәтелдерден психологиялық мәнді деректердің көптеп
кездесетіні,олардың кейбірі осы күнгі ғылыми-психологиялық мәселелермен
сабақтасып жатқандығы,біразының мағынасы кеңейіп,кейіннен ғылыми тұжырымдар
дәрежесіне көтергендігі байқалады.Жеткіншек тәрбмесінде бұларды ата-
бабаларымыз тиімді пайдалана білгендігі көрініп тұр.
Қазіргі мына дүниеде бала тәрбиесіне ықпалы күшті-
«технология»күшейтіп тұрғанда, «оған қарсы тұрарлық»жол бар ма?-
дегенде,осылайша талай ғасыр күшін даймаған.Халқымыздың осы тәрбиелеу жолы
лайық-ау деген ойға келесің.Бұлардың жеткіншек психологиясының өзгеруіне
азды-көпті пайдасы тие ме деген ойдың жемісі еді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz