ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Семей қаласы №13 жалпы орта білім беретін мектеп
Камзина Гүлза Сайлауғалиқызы,
бастауыш сынып мұғалімі
Тлеубек Құндыз Тлеубекқызы,
ағылшын тілі пәні мұғалімі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін
ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - денсаулық
саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы
мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
Н. Ә. Назарбаев
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты - қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.
Салауатты өмір салты тұлғаның дамуы мен тәрбиесінде маңызды рөл атқара келе, қалыпты өмір салтының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан - 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік мыңызы бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген.
Салауаттылық ұғымы - қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда, өз ұлтының дінін ұстануға үйрету.
Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті, қарапайым түрде айтсақ, адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы сауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына, яғни, әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесіне жүктелген мыңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.
ҚР Конституциясының 29 бабында «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар» деп көрсетілген. Денсаулық дегеніміз - адамның ең ұзақ ғұмыры бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үрдісі. Ендеше, жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, одан соң білім нәрімен сусындыратын мектепке және қоршаған ортаға байланысты.
Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру - күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл күйі жоғары болады. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті - әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерін дамыту. Осы мәселені ескере отырып, оқушылармен тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, конференция, пікір-талас, сайыстар және ата-аналармен іс-шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, қалалық «Отбасындағы тәрбиенің күш-қуаты» атты дөңгелек үстел ата-аналар белсене қатысты. Сондай-ақ, «АҚТҚ және қоғам», «Нашақорлық - ғасыр дерті», «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» т. б. тәрбие сағаттарынан оқушылар көп мағлұматтар алды.
Егер мектеп жасындағы бала өз өмірінде кімнің жанында көп уақыт болатынына көңіл аударсақ, әрине ата-анасымен және мұғаліммен бірге болатыны баршаға аян. Сондықтан сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы мен өткізілуі мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етері сөзсіз.
Ауру - бұл медициналық категория. Ал денсаулық - генетикалық потенциалдарды іске асырудың өлшемі. Тәрбие үрдісінде келесі потенциалдар дамиды - психикалық, тәндік және рухани-құлықты. Адамның отбасында, мектептегі тәрбие барысында денсаулығы дамып, нығаяды немесе тозады. Бұл жағдайда оқушының шығармашылық қабілеті шектеліп қалуы мүмкін.
Оқушылардың денсаулығы қалыпты болуы үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:
- Дене еңбегі;
- Дұрыс тамақтану;
- Уақытты дұрыс пайддалану;
- Шынығу және демала білу;
- Бақытты өмір сүру;
- Гигиеналық талаптардың орындалуы;
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін мектеп пен ата-аналар бақылау жүргізу арқылы ұйымдастырады. Оларды зиянды әдеттерден аулақтату мақсатында іс-шаралар өткізіліп, төмендегі мағлұматтар берілді.
Зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізер әсері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz