Жаңа сабақ Обьектілерді презентацияға қою

Тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасынң ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқау беру журналы.
Сабақ мақсаты: а) ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Б) Төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін үйрету. Көзді ьалдырмау жаттығуларын үйрету.
В) ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілкпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Сдайд шоу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.
Сабақ типі: Кіріспе сабақ
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Көзді талдырмау жаттығуларын жасауды үйрету.
Өртсөндіргіш құралдарын пайдалануді меңгерту.
ТҚ журналын толтыру.
Сабақты қорытындылау
Техникалық құралдармен жабдықталғандықтан және токпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланатындықттан кабинет - арнаулы кабинет болып саналады. Сондықтан, оқушылардың өмірін, денсаулықтарын сақтау мақсатында, мектептің дүние-мүліктерін бүлдірмей қолдану мақсатында арнайы ережелер қарастырылған. Бұл ережелермен оқушы жыл басында міндетті түрде тансуы керек. Оқушылармен осы ережелермен танысып, бұлжытпай орындауға міндетті. Мұғалім ережелерді таныстыру керек және олардың орындалуын қадағалау қажет. Компьютердің адамға тигізетін әсерлерін түсіндіру керек. Егер оқушылар зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі керек.
Қауіпсіздік техникасы ережелері.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
- Жалпы;
- ДК - де жұмыс істеу алдындағы;
- Жұмыс кезіндегі;
- Апатты жағдайдағы;
- Жұмыс аяқталғандағы:
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
- Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
- ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
- Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
- ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.
- Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.
- Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.
ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:
- Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.
- Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.
- Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.
ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық - 50 см.
- Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.
- Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.
- Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс.
- Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.
Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:
- ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.
- Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.
- Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.
- Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.
- Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.
ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:
- Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.
- Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
- Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.
- Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.
- Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
- Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.
Күйген кездегі көмек көрсету:
Адам күйікке шалынған жағдайда:
- Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.
- Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
- Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
- Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету:
Адам талып қалған жағдайда:
- Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.
- Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
- Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе - қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.
- Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
- Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:
Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
- Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға -оңға, төмен-жоғары.
- сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.
- Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1, 5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау жаттығулары:
- Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
- Басты кезекпен екі жаққа бұру.
- Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
- Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.
Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы.
Сынып журналында және еңбек қауіпсіздігі бойынша оқушылар нұсқамадан өткізу (инструктаж) журналында тиісті тіркеулер жасау қажет.
Техникалық қауіпсіздік және тәртіп сақтау ережелерімен оқушылар толық танысқаннан кейін, арнайы журналға қол қояды. Бұл оқушының ережелермен танысып, оларды бұлжытпай орындайтындарына кепіл болады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда оқушы жауапқа тартылады. Журналда әр оқушының олрындары (компьютер нөмірлері) де көрсетіледі.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: Қайталау. Microsoft Office пакеті.
Сабақ мақсаты: а) Оқушылардың өткен оқу жылы бойынша алған білімдерін пысықтау, еске түсіру.
Б) Microsoft Office пакетінің қолданылуын қайталау, құжат құру, безендіру жұмыстарын еске түсіру. Оқушылардың жадын жаңарту.
В) Құжатты безендіруде эстетикалық талғаммен жұмыстануға, компьютер мүмкіндіктерін максималды пайдалануға, Microsoft Office пакетінің барлық функцияларын қолдануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Практикалық жұмыс жазылған карточкалар
Сабақ түрі: Білімді тексеру сабағы.
Сабақ әдісі: Компьютерде қайталауға арналған практикалық жұмыс орындату
Сабақ типі: Қайталау сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Өткен жылғы тақырыптарға шолу
Компьютерде практикалық жұмыс орындату.
Оқушылардың жұмысын бағалау
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Өткен жылы Microsoft Office пакетінің құрамымен таныстық. Оның ішінде біз Microsoft Word мәтіндік редакторының және Microsoft Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін қарастырған болатынбыз. Атап айтқанда Microsoft Word мәтіндік редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді безендіру, беттерді форматтау т. с. с. жұмыстарды орындадық. Ал Microsoft Excel кестелік процессорында электрондық кестелермен жұмыс жасап, Microsoft Excel-дің қосымша мүмкіндіктерін, атап айтқанда графикалық мүмкіндіктерін, логикалық функцияларды қолданудағы артықшылықтарын қолдану тәсілдерін меңгердік. Алдағы уақытта Microsoft Office пакетінің презантациялар жасап, оны демонстрациялауға арналған қосымшасы Microsoft PowerPoint-пен танысатын боламыз. Бүгінгі сабақта өткен жылғы меңгерген білімдеріңді қайталау мақсатында Microsoft Excel мен Microsoft Word - ты қолданып орындайтын практикалық жұмыс беремін. Жұмыс сабақ соңында бағаланады.
Практикалық жұмыс.
Сабақ соңында оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады.
Үйге тапсырма Өткен жылғы лекцияларын қайталап келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: PowerPoint: қолданылуы, іске қосу, компоненттері.
Сабақ мақсаты: а) PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету.
Б) PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді үйрету.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Сабақ көрнекілігі: PowerPoint программасы терезесі
Сабақ түрі: Көрнекілікті түсіндірмелі баяндау сабағы
Сабақ әдісі: Көрсету арқылы түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматссыңдар ма?
Өткен сабақта біз 10-кластың материалы бойынша Microsoft Office тақырыбын қайталап өттік. Word-та, Excel-де берілген практикалық жұмысты орындадыңдар. Бүгін Microsoft Office пакетінің тағы бір программасы PowerPoint - пен танысатын боламыз. Сонымен бүгінгі тақырып PowerPoint: қолданылуы, іске қосу, компоненттері.
Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы - әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшліктің зеійінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.
PowerPoint программасы - электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Электрондық презентациялардан басқа проекторға арнап пленкалар шығаруға немесе оны қағаздық тасуышта да шығарып көрсетуге болады.
PowerPoint программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Презентация құру негізінен текст пен обьектілерді слайдта тиімді тәсілмен орналсатырудан тұрады.
PowerPoint-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:
- Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
- Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
- Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
- Презентацияларға обьектілер қосу.
- Презентациядағы ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
- Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
- Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
- Презентацияны демонстрациялау.
Ал PowerPoint программасын іске қосу үшін мынадай командалар орындалады:
Пуск-Программы- Microsoft PowerPoint
Осы команда орындалған соң экранға PowerPoint-тың диалог терезесі ашылады. Мұнда жаңа презентация құруды бастауға немесе бұрын сақталған презентацияны ашуға болады. PowerPoint-та презентация құруды алғаш үйренушілер жаттығу үшін Мастер автосодержания көмегімен презентация құруға болады.
(Програманы іске қосуды компьютерде демонстрациялап үйге программа терезесінің компонентерін түсіндіріп өтемін. )
Бекіту сұрақтары:
- Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
- Презентация неден құралады?
- Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
- PowerPoint қалай іске қосады?
- PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
Тақырыбы: Слайдтар. Слайдтардың ауысуын реттеу. Жүйелеу.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды слайдтармен әртүрлі режимдерде жұмыс істеуге үйрету
Б) Презентация құруда слайтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру. Жүйелі жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: PowerPoint программасы.
Сабақ түрі: Практикум элементтері бар, баяндап түсіндіру
Сабақ әдісі: Компьютерде көрсете түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақ бойынша мынадай қайталау сұрақтары?
- Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
- Презентация неден құралады?
- Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
- PowerPoint қалай іске қосады?
- PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
Бүгінгі сабағымызда слайдтармен жұмыс жасау тәсілдерін меңгереміз.
Алдымен түсіндіріп өтіп, сосын тақырыпты бекіту үшін компьютерде берілген жаттығуларды жасап жаттығасыңдар. Практикалық жұмыс келесі сабақта берілетін болады.
Сонымен, презентация жекелеген слайдтардан тұрады дедік. Яғни, презентациямен жұмыс слайдтармен жұмыс жасаудан тұрады. Слайдтарды қарап шығудың PowerPoint-та мынадай 5 режимі бар. Әрбір режимнің өзінің ерекшеліктері бар.
Обычный режимі .
Бұл режимде слайд оң жақта, текстері сол жақта, ал ескертпелер төменде орналасады. Мұнда тексті сол жақ панельде де, слайдтың өзінде де редакторлеуге болады.
Структура режимі .
Бұл режимде слайдты безендіру күрделі де, ал текстпен жұмыс керісінше оңай жасалады. Ескертпелерді де енгізуге болады.
Слайдтар режимі .
Жеке слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Басқа режимде тұрғанде слайдта маусты екі рет шертсе, слайдтар режиміне ауысуға болады.
Сортировщик слайдов режимі .
Экранда бірнеше слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Мұнда жаңа слайд қосуға, слайдтардың орнын ауыстыруға, т. б. әрекеттер жасауға болады. Ескерте кететін нәрсе, текст өңделмейді, обьект қойылмайды.
Показ слайдов режимі .
Слайдтарды толық экрандық күйде көру үшін қолданылады. Қарауды тоқтату үшін Esc пернесін басады.
Презентацияны жобалау.
Презентацияны құруда мынадай тәсілдер қолданылады.
- Безендіру стилі бар, дизайн шаблондарын пайдалану.
- Бұрын құрылған презентацияның дизайнын қолдану. (мысалы кейбір мекемелерде бір стиль қолданылады. Мұндай жағдайда қайта-қайта безендіру жұмысын жүргізбес үшін бұрынғы презентацияның безендірілуі қолданылады)
- Жаңадан бастау, алдымен текст енгізілдеі де, содан соң дизайнмен жұмыс жүргізіледі.
- Word документінң құрылымын импорттау арқылы.
Дизайн шаблондарын қолдану.
Презентация құрғанда дизайн шаблондарын қодану үшін, мына командалар орындалады: Файл-Создать командасын орындап, Создать презентацию терезесінде Шаблоны оформления бетін ашу керек. Қажет шаблонды таңдап, ОК батырмасын шерту керек. Таңдаған шаблон слайдқа қолданылады.
Ал Презентации бетінде әртүрлі дайын презентациялар бар. Мұнда тек өзіңнің деректеріңді енгізе қоюға болады.
Безендіру шаблоны мен презентация түрінің айырмашылығы мынада: шаблонда тек дизайн сақталады, Ал презентация түрінде деректерді орналастыру облыстары да сақталады, яғни құрылым қолданылады.
Егер презентация құру дизайн шаблонын қолдану немес бос презентация құрудан басталса, онда Создание слайда терезесі ашылады. Бұл терезеде жаңа слайдтың эскизін таңдауға болады. Таңдалған эскизді редакторлеу кезінде өзгертуге болады.
Бірінші слайдпен жұмысты аяқтаған соң, келесі слайд құру үшін құралдар тақтасындағы Создать слайд батырмасын шертеді. Создание слайда терезесі ашылады. Бұл терезеде алдымен слайдтың эскизін таңдау керек.
Дайын презентация дизайнын қолдану үшін слайдта маустың оң жағын шертіп, Применить шаблон оформления пунктін таңдау керек. Сол аттас терезе ашылады. Папка өрісінде презентация орналасқан папка атауын көрсетіп, Тип файла өрісінде Все файлы PowerPoint таңдап, документтер ішінен қажет презентацияны белгілеп, Применить батырмасын шертеді.
Презентацияға басқа презентация дизайнын қолданғанда оның мазмұны өзгермейді.
Қажет болғанда басқа слайдты презентацияға қоюға болады. Ол үшін Вставка-Слайдов из файла командасын орындайды. Обзор батырмасын шертіп, қажет слайд орналасқан файлды таңдайды. Слайдтарды көрсету үшін Показать батырмасын шертеді. Қажетті слайдты белгілеп, Вставить батырмасын шертеді. Немесе барлық сллайдты қою үшін, Вставить все батырмасын шертеді. Бұл жағдайда слайдта орналасқан текст, обьектілер түгелімен көшіріледі.
Тақырыпты меңгертуге арналған жаттығу.
Мастер автосодержанияны қолдану.
1. PowerPoint-тың диалог терезесінде Мастер автосодержания - ны таңдаңыз.
2. Мастер көмегімен бірінші қадамда презентация түрін, екінші қадамда ұсыну тәсілін, үшінші қадамда көрсету форматын, төртінші қадамда толықтыруларды енгізіп, Готово батрымасын шертіңіз.
3. Вид-Слайды командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим слайдов батырмасын шертіп, слайдты қараудың слайдтар режимін іске қосыңыз.
4. Вид-Структура командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим структуры батырмасын шертіп, слайдты қараудың структура режимін іске қосыңыз.
5. Вид-Сортировщик слайдов командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим с ортировщик слайдов батырмасын шертіп, слайдты қараудың сортировщик слайдов режимін іске қосыңыз.
6. Вид-Страницы заметок командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим страницы заметок батырмасын шертіп, слайдты қараудың страницы заметок режимін іске қосыңыз.
7. Вид-Показ слайдов командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим страницы заметок батырмасын шертіп, слайдты қараудың показ слайдов режимін іске қосыңыз. Слайдты қарауды уақытынан бұрын тоқттату үшін Esc пернесін қолданады.
Слайдтар режимінде жұмыс .
8. Режим слайдов батырмасын шертіп, слайдтар режиміне көш. Қажетті слайдқа көшу үшін айналдыру жолағын пайдаланып, слайдты тауып, слайдта маусты шерт.
9. Өңдейтін обьектіні таңдау үшін текстің немесе тақырыптың өрісінде шерт. Өріс ерекшеленеді, содан соң мұндағы тексті өзгертуге, редакторлеуге болады. Сонымен бірге, өрістің өлшемін маркерлерді қозғау арқылы өзгертуге болады. Өрісті жою үшін Delete пернесін бас. Айтылғандарды жасап көр.
10. Тексті Word-тағыдай тәсілмен форматтауға болады.
Сортировщик слайдов режимінде жұмыс.
11. Режим с ортировщик слайдов батырмасын шертіп, слайдты қараудың сортировщик слайдов режимін іске қос.
12. Слайдты таңдау үшін, сол слайдта бір рет шерт.
13. Бірнеше слайдты таңдау үшін, Ctrl пернесін басулы күйде ұстап, слайдтарды таңда.
14. Слайдты жою үшін, алдымен оны белгілеп, Delete пернесін бас.
15. Таңдалған слайдты басқа орынға маус арқылы тасымалдап, ауыстыруға болады.
16. Слайдтың көшірмесін алу үшін, орын ауыстыру кезінде Ctrl пернесін басулы күйде ұстау керек.
Слайдқа ескертпелер қосу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz