Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қабден ата ұмытылмас дарасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ.Ш.Шыңғысов атындағы № 5 қазақ орта мектебі

Тақырыбы : Ұстаз ұлағаты- мәңгілік

Дайындаған : 3 ә сынып
жетекшісі
Сыздыкова Орынбасар
Нұрмашқызы

Жезқазған қаласы
Тақырыбы : Ұстаздық ұлағаты- мәңгілік
Мақсаты : Қабден Шыңғысұлын еске алу, оның үлкен өмірін келер ұрпаққа
рухани мұра ретінде таныстыру, ұлтжандылыққа, еңбексүйгіштікке, адмгершілік
сезімдерге тәрбиелеу
Түрі : сыр-сұхбат
Көрнекілігі : Қ.Шыңғысовтың нақыл сөздері, суреттер, слайдтар, безендіру
құралдары

Барысы :
1-жүргізуші :
- Қай қоғамда болмасын адамзат үшін ең қажетті ең киелі екі мамандық иесі
бар: ол-дәрігер мен ұстаз. Білімді дәрігер- тәннің шипагері, білікті ұстаз-
ой-сананың бапкері. Алғашқысына кездессең, жаның қалады, соңғысына тап
болсаң, жолың болады. Тәлім- тәрбие ата-анадан, оқу- білім ұстаздан. Осы
екеуі сәйкес келсе, талай ұрпақтың жұлдызы жанып, мәртебесі биіктейді.
2-жүргізуші:
- Адам баласы «Ұстаз»
Дейтін ұлы ұғымды ұлықтамаса, тәлімсіз де тәрбиесіз, қағидасыз да қауқарсыз
ауа жайылып адамдық келбетін айқындай алмай, тығырыққа тірелер еді. Ұстаз
білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге. Талай ұрпақтың
санасында есімдері мәңгілікке жазылып қалған ұстаздар, абзал жүректі
ұалағат иелері Ұлытау, Жезқазған өңірінде де көп.
1- жүргізуші :
- Осындай ұлағатты жандарды еске алып, дәріптеп, мектеп тіршілігінде үнемі
әр түрлі іс-шаралар ұымдастырылып отырылады. Олардың ұрпақ тәрбиелеуде
атқарған ерен еңбектері жайлы жас шәкірттерді таныстыру- мектеп дәстүріне
арналған.
2-жүргізуші:
- Білім беру саласында өзіндік қолтаңбасы бар ардақты жанның бірі- Қабден
Шыңғысұлы. Қабден ағый ерен еңбегімен, кәсіби шеберлігімен, парасат –
пайымдылығымен , сөздің майын тамызған шешенділігімен, ұлтын сүйетін
ұлтжандылығымен биік бола білген.
1-жүргізуші:
- Ұстаздардың ұстазы, ҚР-ның білім үздігі, Жезқазған қаласының құрметті
азаматы Қабден шыңғысұлы 1930 жылы мамырдың 4- жұлдызында Ұлытау ауданының
Малшыбай ауылында дүниеге келген.Бұл кісінің ағарту саласындағы еңбегі тек
Қарағанды облысына ғана емес, Республика көлеміне танымал болған.
2-жүргізуші:
- Облыстық ,қалалық білім бөлімінің басшылығынан бастап білім беру
саласында еңбек еткен 50 жылдық педагогикалық еңбек жолының соңғы 10 жылын
осы мектепке арнады. Осы еңбегі бағаланып, №5 мектепке 203 жылы 30
мамырында Үкімет бұйрығымен есімі берілді.
1-жүргізуші:
-Жыл сайын 4-мамырда Қабден ағай туған күніне орай «Қалдырған ізің
мәңгілік»
атты кеш өтіледі. Оқушыларды ағай еңбегімен таныстырып, өлең –жырлар
оқылады.
2-жүргізуші:
-Бұл кісінің өзі ортамызда жоқ болғанымен «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
деген өсиетті өмірлік қағидаға айнаодырған осы мектеп ұжымы бүгінде Қабдан
шыңғысұлының жұбайы, өмірлік серігі болған құрметті ана, ұстаз Рухия
Досмағанбетқызы ортамызға сырласуға шақырып отырмыз. Қош келдіңіз!
демекпіз.

- Бишілердің орындауында «Қазақ биін» тамашалаңыздар.

1-оқушы : 2-оқушы :
Бұл орданың болашағын ойлаған, Асыл жанды бір қазақтың баласы,
Бар көңілден әрбір күнін арнаған. Қиындықты көріп келген санасы.
Білім беріп жалықпаған ешқашан, Болашақтың мақтанышы, данасы,
Көтерем деп жаңылмаған ақ жолдан. Қабден ата ұмытылмас дарасы.
3- оқущы :
Қалған біз артымызда мол мұраңыз
Той жасасақ, сізге арнап сөз құрамыз.
Рухыңыз бізге риза болса екен деп
Барлығымыз жиылып еске аламыз.
1-жүргізуші:
-Қабден ағайды еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
2-жүргізуші:
-Рухия Досмағанбетқызы атамыз жайлы бір үзік сырыңызды бізбен бөлісе
отырсаңыз. Қабден ағайды сіз өзіңізден де артық білетін шығарсыз.Ендеше сөз
кезегін құрметпен өзіңізге ұсынамыз.
1-жүргізуші:
-Сіз ұлтымыздың аяулы перзенті Қабден ағай өмірін ұрпаққа дәріптеп рухани
үн ретінде жеткізіп айттыңыз. Енді осы отырған шәкірт балаларыңыздың сізге
қояр сауалы бар шығар.
Сұрақтар :
-Балаларыңызды тәрбиелеуде қандай құпия сыпларыңыз , әдістеріңіз бар ?
-Қабден ағай үйде қандай еді ?
-Сіз мұғалім болып жүрген кездерде есіңізде қалған қызықты оқиғалар, қандай
шәкірттеріңіз есте қалды?
2-жүргізуші:
-Құрметті Рухия Досмағанбетқызы! Сіздің тәлімі мол, ғибратты сөздеріңізді-
біз шәкірттер санамызда сақатап жүреміз деп, сеніммен айта аламыз.
1-жүргізуші:
-Сізге үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, ән-шашуымызды арнаймыз.
Әдеби-монтаж:
- Атыңызды иеленген мектебіміз, Еңбегімен ел жұртын таң қалдырған
Білімменен сусындап біз келеміз. Өшпейтіндей артына із қалдырған.
Үлгі етер ұстаздардың ұстазы, Бар ғұмырын арнаған ұстаздыққа,
Әділдік еді Қабден ата ұстамы. Қабден ата тұр қарап тас
тұғырдан

-Ұстаздарға нақылшы, Қиындыққа бой бермей,
Балаларға ақылшы, Еңбек еттің ерінбей.
Отбасының тірегі Ұлы Қабден атамның
Бола білдің аташым. Қалмас аты еленбей.

Мектеп еске түскенде Ұлағатын ұстаздың ұғынамыз
Сіз тұрасыз көкейде Сусындаймыз қанамыз
сырына біз.
Сіз де оқып балалар Ширек ғасыр ұстаздық
еңбектерін
Мақтанады өскенде Жинақтап, талдау жасап,
табынамыз.
Нұр бейнеңнен айналаңды жылыттың
Келер ұрпақ ұлылардан сыр ұқсын.
Сендей болсын бар қазақтың баласы
Сені аңсайды Сарыарқаның даласы.
Ән: Ұстазым.
2-жүргізуші:
-Құрметті Рухия Досмағанбетқызы! Уақытыңызды бөліп келгеніңізге көп
рахметімізді айтамыз.
1-жүргізуші:
-Деніңіз сау болсын, ұзақ ғұмыр кешіңіз. Келесі кездескенше күн жақсы
болсын!
(гүл беру)

Ұқсас жұмыстар
Шөл зонасы. 7 сынып
Амангелді иманов
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер. 6 сынып
Шәкәрім құдайбердіұлы
Қожакент ауылы
Астана. брейн ринг
А.құнанбаев "құлақтан кіріп, бойды алар"өлеңі
Қош бол менің қасиетті ӘЛІППЕМ
Театырландырылған қойлымдар арқылы балалардың тілін дамыту
Жас ұлан әні
Пәндер