Demo Builder бағдарламасының шарт белгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

№6 КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ

Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы:

«DEMO BUILDER бағдарламасын қолдану негізінде оқу құралдарын жасау жолдары»

Сыздықова Айгүл Жаномқанқызы -

информатика пәнінің оқытушысы

Қызылорда қаласы

«Demo Builder бағдарламасын қолдану негізінде оқу құралдарын жасау жолдары»

«Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы»

А. Байтұрсынов

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізі белгісі - қоғамды ақпараттандыруға болатын жаңа кезеңіне енді. Елбасымыздың өткізген интерактивті сабағының өзі келешек ұрпақты ынталандырып, жігерлендіріп, еліміздегі жылдан-жылға жоғары қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, үздіксіз білім алу керек екендігіне көз жеткізді.

Кәсіптік лицейдің мақсаты - оқушының бойындағы қабілеттерін дамытып, рухани күшін нығайтып, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін тәжірибеде қолдана білуге баулу.

Оқушылардың өз мамандығына қызығушылығын арттыру басты назарда болуға тиіс. Осы мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - сабақта оқытудың жаңа технологияларын пайдалану.

Demo Builder бағдарламасы көмегімен жасалынған компьютерлік оқу құралы оқушылардың болашақ кәсіби әрекеті негізінде өзбетінше білім алу және жетілдіруден танымдық мақсаты болып табылады.

Жұмыстың міндеттері:

  • Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық, ақпараттық коммуникациялық технологиялардың оқушылардың өндірістік тәжірибеде қолданылу сапалылығына қол жеткізу;
  • Оқу-тәрбие үрдісінде электрондық оқулықтар мен- оқу бағдарламаларын тиімді қолдану негізінде компьютерлік мәдениеттілікті дамыту.

Ерекшеліктері:

-оқыту -бұл оқушының компьтермен қатынасы;

-оқушының жеке қасиеттеріне қарай компьтерге бейімдеу;

-оқытудың диалогтық сипаты;

-оқушының компьтермен жұмысы; субьект-обьект, обьект-субьект ретінде жүзеге асуы;

-жеке және топтық жұмысты оңтайлы реттеу;

-оқушының компьютермен жұмысқа, оның технологиялық жағынан бейімделуі.

Мазмұны:

-информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу;

-компьютерлік техниканың принциптерін, құрылымы мен атқаратын қызметінің мүмкіндіктерін білу;

-негізгі операциялар жүйесін білу және негізгі командаларын орындай білу;

-қазіргі заманғы бағдарламалармен жұмыс істей білу;

Әдістері:

-оқу үрдісін сынып, пән көлемінде ұйымдастыру;

-сыныпта белсенділік туғызу;

-оқушылармен жеке жұмыс істеу;

Оқу үдерісінде Demo Builder бағдарламасы көмегімен жасалынған компьютерлік оқу құралын пайдалану арқылы төменгі нәтижелерге жете аламыз:

  • Oқу үдерісін дифференциалау және өзбетінше жұмысты ұйымдастыру;
  • Оқу ақпаратын көрнекі түрінде қолдану;
  • Компьютермен орындалатын зертханалық жұмыстарды шынайы жағдайларға келтірген тәжірибе түрінде өткізу.
  • Арнайы ойлау қабілетін дамыту (мысалы, кейіптік-көрнекілік, теориялық) ;
  • Оқуға ынтасын арттыру (мысалы, көрнекілік жағдаяттар пайдалану арқылы) ;
  • Танымдық іс-әрекет мәдениетін қалыптастыру;

Demo Builder кәсіби және моделдеудің интерактивтік қосымшаларын, тұсаукесер рәсімдерін және оқу бағдарламаларын жасақтайтын құрал.

  • Бағдарламаның интерфейсі /сыртқы кейпі/ қолдануға жеңіл, және кәсіби білім мен дағдыларды қажет етпейді.
  • Бағдарлама редакторлық құралдардан, объектілерден, эффектілерден және аудиовизуалдық флешкинофильмдерді шығаратын графикалық түрінде Сіздің демонстрацияларыңызды, оқу бағдарламаларыңыз бен тұсау кесер рәсімдеріңізді жасайтын құралдардан тұрады.

Қосымшадағы барлық әрекеттерді автоматты түрде қамтиды, сонымен қатар роликтерді пішімдейді, аннотациялар қосып, кәсіби жоғары деңгейде тұсау кесу рәсімін жасақтайды.

  • Demo Builder жетік жетілген продукт.
  • Утилита роликтерді Flash форматында сақтайды.
  • Тұсау кесу рәсімдерін AVI форматына көшіреді.

Роликтерді жабыстыруға немесе көріністерді бөлуге және тағы да басқа іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндігі бар.

Demo Builder бағдарламасының шарт белгісі

Demo Builder жетік жетілдірген қолданатын продуктінің негізгі құралдары мен қызметтерін жеңілдететін интерфейспен мақтана алады. Әрбір ролик бейнематериалды жаңадан шығаратын және қайталап көре алатын "Play" "Replay" батырмаларымен қамтылған.

Zoom-n-Pan жаңа функциясы көрерменнің зейінін экранның керекті аймағын аударуына көмектеседі, ал Record Active Windows құралы белсенді терезедегі жағдайларды жазып алуға мүмкіндік береді.

Қолданушы флешвидео форматтың көмегін және көшудің жаңа эффектілер тұтас жиынтығын бағалайды және роликті көру барысындағы пайда болатын мәтіндік түсініктемелері бар. Мүмкіндіктері:

  • кинематографиялық сапалы бейнефильмді жазу
  • AVI және Flash форматтарға ауыстыру
  • көптеген көріністерді біріктіру
  • бір көріністі көп көрініске бояу
  • уақыттық автоматтық есептелуінің жасартылған алгоритмі
  • экранды тез түсіру
  • кеңейтілген аудиоқызметтері
  • All / Save экспорт функциялары бар.

Кез келген жас маман кәсіби білімінің негіздерін, біліктілігін және дағдыларын толық меңгеруге тиіс. Осы мақсатта болашақ маманға өзіндік кәсіби білім мен дағдыларын қалыптастырудағы өз бетінше жұмыс жасауда тәжірибенің алар орны зор. Кәсіптік білім берудегі оқу үдерісі нәтижесіне жаңа оқу ортасының және өзгеріліп тұратын оқу бағдарламасының талаптары арасындағы келіспеушіліктер әсерін тигізеді. Осы келіспеушілік оқушыларды жаңа көзқараспен өз бетінше жүйелі түрде жұмыс жасауына ынталандырады.

Қағаз түріндегі тасымалдаушылармен қатар оқу мультимедиалық бағдарламалар қолданылған жағдайда ғана оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысы толық нәтижесін береді. Оқу барысындағы жаңа ақпараттық құралдарды құрастыру мәселесі эргономика арқылы шешіледі. Оның мақсаты - ақпаратты толық және түсінікті жеткізу жолдарын жақсарту.

Қазіргі маман білу керек:


Ұқсас жұмыстар
Объектті - бағытталған программалаудың принциптері
Visual basic ортасында программа құру поцесінде шартты операторды пайдалану
Физикада инновациялық технологияны пайдалау
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Адамгершілік тәрбие
"Қазақстан тарихы пәнінен 5 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар"
Сыни тұрғысынан ойлау
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары
Ағымдағы терезеде таңбаша құру
Тармақталу алгоритмі. Шартты көшу операторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz