Құрақ түрлері

Құрақ түрлері
Бертлеуова Айнагүл Қансейітқызы
Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Құрақ түрлері (жұлдызша, сегізжапырақ, толық т. б. )
Сабақтың мақсаты:
- Құрақтың басқа түрлерімен таныстырмастан бұрын өздері білетін құрақтары туралы әңгімелету. Қол өнердің бірі құрақ құрау өнерінің қажеттілігін ұғындыру
- Ата-баба мұрасы, құрақ өнерін қолымен жасатып, іс-тәжірибе арқылы бойына қалыптастыру.
- Қазақ халқының өнеге өнер үлгілерін қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ жабдығы: құрақ түрлері, альбомдар, нұсқау карталар, дайын бұйымдар.
Сабақ типі: Іскерлік дағдыларды жетілдіру, өткенді қайталау
Сабақ түрі: Аралас
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.
Сабақтың барысы:
- Үй тапсырмасын тексеруҚұрақ дегеніміз не? (қол өнердің ежелгі мұрасы болып келген сәндік қолданбалы ұйымдардың бірі құрақ деп аталады) Құрақтың қандай мағынасы бар?Құрақ мата қиындыларынан жасалатын бұйымҚұрақ көл жағасында өсетін өсімдік. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер? (шаршы құрақ, ши, доп, мүйіз, сегіз жапырақ т. б. )
Жаңа сабақ:
- АктуалдауҚұрақ өнерінің қандай түрлерімен таныстық?Сол құрақтар қандай құрақтар еді?
Міне балалар, сіздер сәндік қолданбалы өнердің бірі құрақ құрау өнерімен танысып, бірнеше құрақ түрлерін құрап үйрендіңдер.
Сол құрақтың бірнеше түрін сіздерге тағы көрсеткелі отырмын.
- Сарамандық жұмыс:
- Құрақ түролері салынған парақшаларды, альбомдарды балаларға ұсыну.
- Дәптермен жұмыс. Қалаған құрақ түрлерін дәптерлеріне сызып, бояп салу.
- Оқушылар жұмысын тексеріп, талдау, оқушылар пікірін тыңдау.
- Құрақ бөліктерін біріктіру барысында «Қауіпсіздік ережесін еске түсіру».
Ине және қайшымен жұмыс жасау барысында
Дамтыу: Халықтың ұлт екенін айыратын негізгі өнер түрлері тіл өнері, қолөне және саз өнері. Құрақ әр түрлі геометриялық фигураладардан тұрады. Құрақ құрау эстетикалық талғамды қажет етеді. Міне құрақ құрау өнері бір-бірімен қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Өнерлінің өнерін үйрену үшін таудай талап, үлкен ізденіс қажет.
Бекіту: Аукйион ойыны арқылы. Аукйионға қойылатын заттар. Оқушылар (дайындап болған) құрап болған көрпешелер.
- Ши құрақ көрпеше. Сұрағы. Қазіргі кезде құрақ түрлерін қалай пайдаланамыз? (сәндік үшін жиһаздар бетіне жабу үшін, диван, орындық, кресло)
- Доп құрақ көрпеше: сұрағы. Құрақтан тағы қандай бұйымдар жасауға болады? (қолдорба, аяққап, сандық жапқыш)
- Құрақ өнерінен басқа, қазақ халқының қандай өнерін білесің? (кестелеу, моншақтау, ою-өрнек бастыру, киіз басу, алаша тоқу)
- «Құрақшы» деп кімдерді айтамыз?
Қорытынды: Міне балалар осы құрақ түрлерін құрай отырып, көңілдеріңізге қандай ой түйдік? (Халық өнеріне, салт-дәстүріне адал болу, қастерлеу, өнеге, үлгі тұту) . Адамның өзін-һзі тәрбиелеу мәселесінің бірі-мамандық таңдау. Апа-әжелеріміздің негізгі кәсібі құрақ құраумен айналысу. Құрақ көрпелер қыз жасауының ең сәндік\ бұйымы болған. Әжелеріміз айтып кеткендей «Қыз балаға жасауды алты жастан жинасаң-асады, жеті жастан жнасаң-жетеді» деген. Сондықтан балалар құрақ құрау өнерін ерінбей үреніңіздер. Құрақ құрау өзіндік сыры бар-үлкен өнер.
Халқымның мұрасы боп-құрақ құрау.
Ғасырлардан қалыспай бізге жеткен.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Жұмыстарын аяқтау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz